Әймен орта мектебі
Тақырыбы: «Біз терроризмге қарсымыз»
Дайындаған: Азамат А.
Утепова А.
Тақырыбы: «Біз терроризмге қарсымыз»
Мақсаты: А) Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Өтілу түрі: ойталқы, пікірталас.
Көрнекілігі: слайдтар.
Тәрбие сағатының жүрісі:
Жоспары:
1. Терроризм ұғымына, түрлеріне, қай уақытта пайда болғанына түсінік беру.
2. Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен? (Пікірталас)
3. Террористік ұйымдар мен діни секталардың таралуы.
Мұғалім сөзі:
- Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген тұлғалардың анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымында джихадты, муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік алатын боламыз.
І. Ой қозғау.
- Оқушылар, «терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді?
- Террорлық іс - әрекеттерден зардап шегетін кім?
( Ойларын дәптерге жазады)
ІІ. Мағынаны тану.
1. Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды.
2. Пікірталас. «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?»
А) Бұл іске қандай адамдар барады?
Ә) Террористік іс - әрекеттер тек ер адамдарға қатысты ма?
Оқушылар өз ойларын айтады:
- Діни секталардың таралуы;
- Ашық дипломатиялық саясатымызды пайдаланып, заңсыз секталардың енуі;
- 18 - 30 жас аралығындағы ешқандай діни, саяси, қоғамдық пікірі қалыптаспаған, имандылық, патриоттық сезімдері жетілмеген жастар барады.
- Террористік іс - әрекетке тек ер адамдар емес, әйел адамдар да барады. Қазіргі кезде жанкешті - мерген әйел адамдардың көбеюі байқалады.
Еліміз өзінің алдына қойған мақсатына үшін дүние жүзіндегі дамушы мемлекеттер қатарына жету жолына нық қадам басуда. Дүние жүзілік аренада еліміздің айрықша орын алуына көз тігуші мемлекеттер қатары көбеймесе азаймағанын бәріміз білеміз. Міне осындай елімізді әлсірету үшін көптеген себептер баршылық. Солардың бірі көпшіліктің санасына әсер ету. Елімізге 90 жылдардың бас кезінде бізге жат "Терроризм, экстремизм" деген сөздер ене бастады. Бұл сөздердің мағынасы қандай, неге елімізге енді? Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы қоғам ретінде өзіне тән саяси - әлеуметтік, экономикалық және рухани жүйелерден тұрады. Еліміздегі діни ахуалдың күрделі сипат алып тұрғаны соңғы уақыттағы зерттеулерден белгілі болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалды, Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әр - түрлі діни идеялар толтыруға тырысып бағуда.
Қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі, ең әлсіз тұсы дін дейтін болсақ, оның себептері, алдын алу шаралары, қолданылып жатқан заңдар жайлы бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастай отырып, өзіндік пікірлерін қорытып, тақырыпты меңгеруге тырысады.
Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым - қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған.
Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылады.
Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде.
Соңғы кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.
Шындығында, дін зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады.
Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр. Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.
Қазіргі кезде ҚР көптеген діни экстремистік ұйымдарға тиым салды.
Сонымен қатар оқушылардың есінде сақтап жүру үшін мына ережені ұсынғым кеп отыр.
Мұны білу өте маңызды!
1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!
2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.
3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.
6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.
7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.
8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?
9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
10. Есіңде болсын! Есте сақта!
Құдайға сену, яки сенбеу - өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан!
Қорытынды сөз
Бүгінгі «Дін тәрбие діңгегі» атты тәрбие сағатымызды Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым кеп отыр.
«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |