Жанысбай С.
Әлемді таңқалдырған «Байқоңыр»:Е.А.Бөкетов атындағы
ҚарМУ-де «Байқоңыр кешені қызметінің экологиялық
мэселелері жэне оны шешудің жолдары» деген тақырыпта
Халықаралық ғылыми-тэжірибелік конференцияның
материалдары/С.Жанысбай // Орталық Қазақстан.-2001.-24 қантар
Газетімізде бү_рын хабарланғанындай, ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ү_йымдастыруымен Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де «Байқоңыр» кешені қызметінің экологиялық мәселелері және оны шешудің жолдары» деген тақырыпта Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция Ресей мен Қазақстанның мүдделі министрліктері мен ведомстволары, ғалымдары мен дәрігерлері және экологтары арасында қызығушылық тудырып, онда ғарыш аппаратының айналадағы ортаны ластандыруы және оны зерттеп, ластандырудың алдын алу жөніндегі шаралары жан-жақты еңгіме болды.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары -энергетика және минералдық ресурстар министрі В.ШКОЛЬНИК:
«Ешбір теңдесі жоқ кешен»
Бүл Халықаралық конференцияньң Қарағанды облысында өтуінің маңызы аса зор. Өйткені 1999 жылы «Протон» зымырантасығышы осы облыс жерінде екі рет апатқа үшырап, бүкіл республикамызды қатты алаңдатты.
Кейінгі кездері элемдік ғарыш өндірісінде ғарышты игерумен байланысты халықаралық ынтымақтастық ауқымының ұлғаюына байланысты үлкен өзгерістер болды. Көптеген елдер ғарыштағы геосаяси мүдденің маңыздылығын түсініп отыр.
Қазіргі кезде «Байқоңыр» ғарыш кешені элемдегі теңдесі жоқ ірі космодром екенін көрсетті жэне ол бірлескен жобаларды жүзеге асырумсн байланысты үлкен халықаралық маңызға ие болды. 1999 жылғы Қазақстан-Ресей-Американ үкіметаралық келісімі сондай үлкен ынтымақтастықтың бір мысалы.
Ғарыш айлағын тиімді пайдалануға Ресей мен Қазақстан аса мүдделі. Сондықтан да болар, экологиялык, мэселелерге баса назар аударъп отыр. Өткен жылы жаз айында Ресей мен Қазақстан арасындағы «Байқоңыр» кешенін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты одан эрі дамытуға арналған меморандумға қол қойылды. Онда Ресей мен Қазақстан үкіметі ал-дына көптеген міндеттер қойылып, экологиялық қауіпсіздік жөніндегі мэселелер басым орын алды.
Қазақстанның аумағы аса үлкен, оның табиғи ресурстары өте бай болғанымен, экологиялық мэселелері аса қиын. Сондықтан да алдымызда ғарыш айлағымен байланысты экологиялық мэселелерді одан эрі зерттеу
мшдеттері түр.
«Росавиакосмос» агенттігінің бас директоры, РҒА-ның академигі Ю.Коптев:
Бүгінгі күні бүкіл адамзаттың ғарыштық қызметін кеңейте түсу үшін аса ауқымды процесс жүріп жатыр. Қазір зымыран үшыру мен басқарудың инфрақүрылымынан бастап техникалық кешенге дейінгі барлық технологиялық циклін жасап, 24 ел ғарыш қызметімен белсенді айналысу үстінде. Олар өз елінің жэне басқалардың түбегейлі міндеттерін шешуге арналған техниканы жобалауға жэне оны пайдалануға мүмкіндігі бар тиісті ғылыми-техникалық мектептер ашуда.
Егер халықаралық ғарыштық байланыс кенеттен жоғалып кетті дейік, сонда не боларын ойлап көріңіздерші. Біз онда телекоммуникацияның ауқымды бүкілелемдік байланысынан айырылар едік. Онда метеорологиялық ауа райын болжа-уды да жоғалтамыз. Ғалымдар кеңістік элемінің даму механизмін түсінуге бағытталған көптеген зерттеулерді жүргізу мүмкіндігін тоқтатар еді, астрофизиктер де солай. Осындай зерттеулер қатарын жалғастыра беруге болады.
Алғашқы жер серігі Қазақстаннан 1957 жылдың 4 қазанында үшырылды. Ал қазір түрақты негіздегі 650-ден астам орбиталық ғарыш аппараты пайдаланылуда. Осы түрғыдан алып қарағанда «Байқоңыр» кешенінің маңызына баға жетпейді. Өйткені, алғашқы жер серігі мен ең бірінші адам ғарышқа осы жерден аттанды. Бүған қоса осы ғарыш айлағынан басталған баға жетпес зерттеулер мен жобалар толып жатыр.
Бүл ғарыш айлағының бүкіл Кеңес Одағы халқының күшімен салынғанын біз мақтан етеміз. Мақтам ете отырып, Қазақстан Республикасының басшылығына, Назарбаев мырзаның жеке өзіне түсіністікпен қарағаны үшін, біздің республикаларымыз қалыптасып келе жатқан осы он жыл ішінде тэуелсіздік пен үлттық мүддені қорғай отырып, терең ғүламалық танытқаны үшін үлкен алғыс сезімімізді білдіреміз. Міне, осы ғарыш айлағында ғарыш қызметінің түбегейлі эскери міндеттері шешілген болатын. Енді қазір ғарыш жүйесінсіз қандай да болмасын белсенді қызмет, элемдік даму жүзеге аспайтын сияқты дэрежеге жетті. Біз мүның тэжірибесін Парсы шығанағы мен Косоводан байқадық. Яғни, болашақ қуатты ақпараттық жүйенікі. Ал, ол болса тек ғарыш қүралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Соған қарамастан адам өміріндегі кез келген қызметке технологиялық эсер күші ықлал етпей қоймайды. Ғарыштық қызмет те сол сияқты. Біз көріп, сезіп отырған оң жэне прогрессивті, өзгерткіш эсерлерімен бірге оның кері эсер ететін кездері де бар.
Ендігі біздің міндетіміз — осы кері эсерді барынша азайту мақсатында техникаға деген талапты, оны пайдалану мен қолдануға деген жағдайды -өзгертіп, шығынды барынша азайту жағын ойластыру. Ол екі ел арасындағы аділетті қарым-қатынастан, болмаса ғарыш қызметін алмасудан, болмаса қаржы қарым-қатынасынан, болмаса жалпы мемлекеттік жэне мемлекетаралық қарым-қатынастар шеңберінде көрінуге тиіс. Мүндай
шығындардың есесі толады жэне екі ел арасындағы қарым-қатынас қү_рылымы осы бірегей кешенді одан эрі зерттеуге жағдай туғызады.
Бір кезде қиын жағдайды басынан өткергеніне қарамастан аса ірі ғарыш айлағы ретінде сақталып қалған, болашағы аса зор жэне халықаралық ғарыш станциясы сияқты елемдік аса ірі жобаға ие «Байқоңыр» космодромының қазіргі жағдайы туралы біз ауыз толтыра айта аламыз.
Ғарыш қызметінің оң жэне кері эсерлеріне қатысты эр түрлі көзқарастар, эр түрлі пікірлер бойынша бэрлық мэселеде ресейлік ғалымдар мен ресейлік мамандар пікір таластыруға эзір. Бізбен бірге көптеген жетекші мамандар үшып келді. Бүлар медицина қызметкерлері мен конструкторлар, жаңа ғарыш жүйесін жасаушылар. Олар қазіргі күнде космодромды пайдаланумен айналысып, сол ғарыш айлағының өзінде жэне сынықтар қүлайтын аудандарда тікелей жүмыс істеп жатқан. адамдар. Бүлар барлық мүмкіндігінше ғарышты пайдалану мен мүдделер шеңберінде ғарыш техникасын енгізумен айналысып жүрген біздің үйымның өкілдері.
Қазақстан үлттық ғарыш агенттігімен арамызда тамаша қарым-қатынас қалыптасқан. Біз екі мемлекет президенттері жария еткен қүжаттармен жүмыс істейміз. Қазіргі күнде біздің халықаралық жэне үлттық бағдарлама бойынша үшқыш басқаратын ғарыш кемелерінде Қазақстан Республикасының өкілдерін үшыру мэселесі шешіліп жатыр.
Біз экология, ресурстар, кен орындарын алудың болашағы туралы білетінімізді одан эрі кеңейтуге бағытталған қолданбалы жобалар жасау жөніндегі жүмыстармен айналысудамыз. Осы күрделі техника саласына мамандар даярлаумен де айналысамыз. Біраз уақыт өткен соң Қазақстанның техникалық зиялы қауымының мүддесі космодромда тоғысарына дау жоқ. Келешекте Қазақстанның үлттык, өнеркэсібі мен үлттық ғылымы одан эрі дамып, біздің ғарыш пен зымыран техникасы бойынша мүддеміз ортақтасады.
Бізде «Байқоңыр» космодромы бойынша арнайы төменгі комиссия, Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясы түрақты негізде жүмыс істеп келеді. Не десек те, бізде қазір қуатты қүқықтық келісім жасалған деп айтуға эбден болады. Әрине, өмірдің өзгеріп отыруына байланысты оның да белгілі бір дэрежеде жаңартылып отырылуы табиғи нэрсе. 1994 жылы бірінші президенттердің алғашқы келісімдері ізгі ниеттен, ізгі ерік-жігерден туындағаны жасырын емес. Біз бүл келісімді алдағы уақытта да өзара тиімді ете аламыз. Ең соңында - біздің бүл жүмыстарымыз осы екі ел үшін ғана жасалмауға тиіс. Ол ғарыш техникасын жетілдіріп, оны іске қосуға, халықаралық ауқымды жобаларды жүзеге асыруға мүдделі болып отырған басқа елдер үшін де жасалуға тиіс деп ойлаймыз.
Қорытындылай келе айтарым — мүндай халықаралық шаралар, осындай кездесулер жиі өткізіліп түруға тиіс. Оған қатысушылардың ауқымы да мол болуы қажет. Өйткені оның немен байланысты екенін түбегейлі білмей түрып, элеуметтік, медициналық жэне басқа да қорғау түрлерінің қажетті шараларын жасауға, түрғындарды, көпшілік қауымды ол туралы ақпараттандыруға мүмкіндік болмай түрып, мүндай қызметпен айналысуға
болмайды. Мүндай жріысқа бір кезде жол берілген де шығар. Енді қазіргі егеменді екі елдің қарым-қатынас шеңберінде олай ету аса тиімсіз. Сондықтан да мүндай шараларды кейде кездесіп қалатын саясаттандырылған көзқарас түрінде емес, ғылымға негізделген білім алмасу, тэжірибе, көзқарас алмасу түрінде өткені дү_рыс деп ойлаймын. Ең бастысы — ғарыш қызметі Қазақстан мен Ресей арасындағы халықтар достығын нығайтуға ықпал етеді.
Облыс әкімі орынбасарының міндетін атқарушы П.ИЛЬНИЦКИЙ:
Біздің облыстың түрғындары өз жерін ғарыш айлағы ретінде мақтан түтады. Өйткені көптеген батыр-ғарышкерлер біздің жерімізге келіп қонды. Олардың арасынан Николаев, Терешкова, Әубэріков жэне басқа ғарышкерлерді атауға болады.
Аэроғарыш қызметі біздің қазіргі қоғамымызға өте қажет. Бүған қоса, басқа да кез келген техногендік өндіріс орны сияқты оның айналадағы ортаға тигізер кері эсерінің мол екендігін де түсінеміз. Өйкені «Байқоңыр" космодромынан үшырылған зымырантасығыштардың алғашқы сатысының сынықтары біздің облыстың жеріне қүлайды. Соған орай жанбай қалған зымыран отыны қүрамындағы кейбір заттардың адам денсаулығына жэне табиғи ортаға эсер ететіндігі белгілі.
Бүрнағы жылғы болған «Протон» зымырантасығышының екі апаты біздің облыс жерінде үлкен алаңдаушылық туғызды. Оны түсінуге де болады. Содан барып түрғындар арасында ғарыш қызметіне қарсы көңіл-күй пайда болды. Өйткені халыққа істің нағыз шын жағдайы туралы толық ақпарат жеткізілген жоқ.
Кейінгі кездері Ресей мен Қазақстан арасындағы ғылыми-техникалық бағдарламаға сэйкес осы кешеннің түрғындар денсаулығына жэне айналадағы ортаға кері эсерін зергтеу жөнінде белгілі жүмыстар жургізіліп жатыр. Ол элі де жүргізіле береді. Оған біздің облыстың мамандары да белсене араласуда.
Үкіметаралық комиссияның мэжілісінде жэне осы конференцияда «Байқоңыр» ғарыш айлағыньң қызметінен туындаған экологиялық, элеуметтік-экономикалық, медициналык, санитарлық-гигиеналық актуальды мэселелер жан-жақты талқыланып, тиісті нүсқаулар қабылданады деген ойдамыз. Мүның өзі халықтың шын жэне жалған алаңдаушылығына жол бермес еді.
ҚММА-ның доценті Б.Қ¥ЛТАНОВ:
«Белсіздік белең алуда»
Біздің медициналық-биологиялық іргелі зерттеулеріміздің ішінде элеуметтік-гигиеналық жэне экологиялық факторлардың Орталық Қазақстан аймағында түратын ерлердің денсаулығына ықпалын зерттеу басым орын алады.
Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайы белгілі бір шегіне жеткенде науқасқа үрындыруы жэне патологиялық бүлінуге экеліп соқтыруы эбден мүмкін. Жазылған материалдарға қарап отырсақ, экологиялық жағдайға қатысты
науқастардың зерттелуіне қарамастан, олардың элі де түсініксіз жақтары бар екен. Бүл эсіресе «Байқоңыр» ғарыш кешенімен жапсарлас аймақтарға тікелей қатысты. Осыған байланысты экологиялық қолайсыз аймақтарда түратын адамдардың үрықтары мен жыныстық ауруларын зерттеудің маңызы зор.
Осындай мақсатпен біздің академияның ғылыми-зерттеу орталығының лабораториясында «Протон» зымырантасығышының бөлшектері түсетін аймақтарда түратын 87 ер адам тексерілді. Олардың жасы мен сол аймақта тү_ру мерзімі де ескерілді. Зерттеудің биоматериалы болып олардың жыныстық клеткалары (сперматозоидтар) алынды.
Зерттеудің қорытындысында олардың жыныс клеткаларында белсіздікке үрындыратын морфологиялық-физиологиялық өзгешеліктер бар деп таптық. Сондықтан да, біздің ойымызша, осы аймақтарда түратын ер адамдарға медициналық тексеруді одан эрі жалғастыру қажет.
ҚММА кафедра меңгерушісі, доцент И.ПАК:
«Әйелдер аурулары да жиіледі»
«Протон» зымырантасығышының бөлшектері бөлініп түсетін аудандарда түратындардың денсаулығын зерттеу бағдарламасы бойынша ¥лытау ауданындағы бала туатын жас-тағы (20 жастан 40 жасқа дейін) 287 эйел тексерілді. Бүлардың арасында 86 эйелдің жатыр қынабында эртүрлі аурулар бар болып шықты. Мүнымен қоса бүл эйелдердің иммундық жүйелерінің бүзылуы да зерттелді. Қан алынып, қүрамына сарап жасалды. Мүның өзі жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік тудырды.
Бүл эйелдердің қан қүрамында да өзгерістер бар. Әсіресе ол ¥лытау поселкесінде түратын эйелдер арасында көбірек (60 %) кездесті. Сол сияқты олардың арасында гинекологиялық күрделі наукастарға жататындары да бар болып шықты. Әрине мүндайда, барлық негізгі жүйелердің жүмыс белсенділігі төмендеп, лимфа бездерінің үлғаятындығы белгілі. Медициналық эдебиеттерде жатыр қынабының қабынуы гинекологиялық аурулар түріне жатқызылады. Әдетте бүл гинеколог-дэрігердің көмегі керек болған эйелдердің 10-15 пайызында кездеседі екен. Ал орташа статистикалық деректермен салыстырғанда жатыр қынабы ауыратын эйелдер саны екі есе көп екеңдігін көрсетеді. Сөйтіп, бүл мысал экологиялық қолайсыздықтың эйелдер арасындағы жыныстық ауруларға да эсері бар екендігін дэлелдей түседі.
Ресей Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «Медбиоэкстрем» федералдық басқармасының бастығы В.ФИЛИППОВ:
«Кешенді бағдарлама қажет»
Медициналық-экологиялық зерттеудің мақсаты — жаңа технологияны игеру, қазір бар өнеркэсіптік жэне ауыл шаруашылығы аймақтарын дамыту барысында кездесетін қолайсыз жағдайлардан түрғындарға келетін жалпы жэне психикалық эсерлерді білу болып табылады. Әсіресе халыққа келетін психикалық жэне денсаулыққа эсерінің, оның элеуметтік-экономикалық
ықпалының өтемақысы жөніндеп заңдар мен нормативтік актілердщ арнайы ғылыми негізін жасаудың маңызы зор. Экологиялық медицинаның түжырымдамасы жүйелі көзқарасты қажет етеді. Ол адам ағзасына тигізетін радиациялық, химиялық, психологиялық жэне басқа да эсерлерден қорғану жэне үзақ уақыттан соң барып эсер етудің (генетикалық, иммунологиялық, психологиялық жэне т.б.) алдын алу, емдеу жэне мүлде айықтыру болып табылады. Мү_ндай түжырымдаманың маңызды бағыттары:
- халық денсаулығына медициналық-экологиялық зерттеу жүргізудің
теориялық жэне эдістемелік негізін жасау;
- медициналық-экологиялық басым болжамдарды ескере отырып алдын алу
шараларын жоспарлаудың нүсқауларын жасау;
- өсіп-өну жағдайын жақсарту мақсатында психикалық жэне жалпы
денсаулықты басқару жөніндегі нүсқаулардын ғылыми негіздерін жасап,
жүзеге асыру;
- экологиялық қолайсыз аймақтардың түрғындарында психикалық жэне
жалпы денсаулығына алғашқы эсер байқалған уақытта медициналық-
экологиялық зерттеудің перспекивалық ғылыми негізін жасау.
Ресей Федерациясы Биофизика институтының директоры, медицина ғылымының кандидаты В.КУШНЕВА:
«Гептил әлі де зерттелуде»
НДМГ (несимметричный диметилгидразин) немесе гептил алпысыншы жылдардың басынан бері зерттеле бастады. Қазір оның уландырып, лоқсытатын қасиеті толық зерттеліп болды дей аламыз. Гептилдің организмнің түріне жынысына жэне жасына қарай эртүрлі эсер ететіндігі анықталып отыр.
Гептилдің қалай эсер ететіндігін анықтау жөніндегі эксперименталдық зерттеудің маңызына ерекше көңіл бөліп отырмыз. Бүл зерттеу тек гептилмен жүмыс істеген (немесе уланған) адамдарды ғана емес, олардың үрпақтарын қорғауды да талап етеді.
Токсикологиялық зерттеудің нэтижесі адам ағзасына гептилдің (НДМГ) кері ықпалын болдырмауға бағытталған көптеген ережелерге негіз болды.
Айналадағы орта объектілерінің бір мезгілде ластанатын аймақтарының пайда болуы біздің токсикологтар алдына жаңа міндеттер қойды. Ол адам денсаулығына НДМГ эсерін болдырмауды мақсат етеді.
Осыған байланысты Ресей МҒА нақты экологиялық токсиканттар үшін гигиеналық бірыңғай норма бойынша зерттеудің жаңа басым бағыттарын үсынып отыр. Сол бойынша НДМГ-нің эрбір ағзаға нақты химиялық эсерінің ролін анықтау қажет. Сөйтіп, біздің алдағы жоспарымызда НДМГ кинетикалық жэне биологиялық орта мен айналадағы ортаға тарау ерекшелігін нақтылаумен байланысты патогенезді зерттеп, онымен уланғандарды, ағзаға оның алғашқы эсерін емдеу мэселесі ерекше орын алады.
М.В.Хруничев атындағы РФ Мемлекеттік конструкторлық ғылыми-өндірістік орталығы Бас конструкторының бірінші орынбасары В.КАРРАСК:
«Экологиялық зиянын азайтамыз"
Зымырантасығыштың жанбаған отыны 15-20 секунд ішінде 43-60 км. биіктікте алғашқы сатысы бөлінген кезде ауаға тарайды.
Алғашқы саты бөлініп түсетін аймақта ауа мен топырақтың қүрамындағы зымыран отыны қанша болатындығы зерттеліп, бак пен двигатель қондырғысының бөлшектері тексерілді. Алынған сараптың қорытындысы жүргізілген техникалық шаралардың тиімді екендігін көрсетті. Сол арқылы алғашқы саты бөлшектері қүлайтын аймақтардағы су мен топырақтың зымыран отынымен ластандыру дэрежесі біршама төмендетілді. Сонымен қоса осы отынның жерге түсу аумағы да азаятын болды.
Зерттеуді одан эрі жүргізу барысында осындай жетілдіру жүмыстарын екінші сатыға да жүргізу үсынылды. Ол «Протонның» атмосфераның тығыз қабатына ену кезінде болады. Бүл кезде екінші сатының отыны жанып бітеді де, багы жарылып, төмен қүлайды. Мүнда да оның бөлшектерінің шашырап қүлау ауданын азайту көзделген. Екінші саты 130-140 км. биіктікте бөлініп қалады. Сөйтіп, ол қүлап келе жатып, бүрынғыдай 25-50 км. биіктікте емес, 100 км. шамасында жарылуға тиіс. Мүның өзі жер бетінен алшақ болғандықтан зиянды отын атмосфераның арғы қабатына тарайды де ген сөз.
Облыстық қоршаған ортаны қорғау аймақтық басқармасы бастығының орынбасары Қ.АЙТУҒАНОВ:
«Зымыран отыны сан алуан»
Біз қазір тек гептил туралы ғана жиі айтып жүрміз. Ал зымыран отынының компоненттері (КРТ) сан алуан. Солардың ішінде аса улы жэне өте жылдам түтанғыш несимметричный диметилгидразин (НДМГ) немесе гептил. Бүдан соң басты айналдырып, жүректі айнытатын нитрозодиметиламин (НДМА) жэне тетраметилтетразен (ТМТ), сол сияқты жүректі айнытуы бірмаша төмен, қауіптілігі 4-ші сыныпқа жататын формальдегид дегендер бар.
Бүл заттар ағзаға тыныс жолдары, тері жэне асқазан арқылы түскенде адамды уландырады. НДМГ тыныс жолдарын, асқазан-ішек жолдарын қабындырады. Бүйректің жүмысын, қан қүрамын бүзады. Қимыл-эрекеттерге, аяқ-қолдың сіңірінің тартылуына эсерін тигізеді.
Зымыран отыны ретінде керосин де пайдаланылады. Қауіптілігі төртінші сыныпқа жатқызылғанымен онымен уланған адамның тэбеті жоғалады, басы ауырады, ас қорыту ағзасының жүмысы бүзылады, ентігу пайда болады, жүрек түсы ауырады. Сол сияқты сутегі тотығы да қолқа мен өкпе жолдарын қабындырады.
Зымырантасығыштың алғашқы сатысы бөлініп қалғанда оның сынықтарымен қоса осы отындардың жанбай қалған біршама бөлегі қайтсе ауаға тарап, жерге түсетіні сөзсіз. Сонда ол айналаға эсер етпей қоймайды.
Қарағанды медицина академиясының ректоры, Қазақстан ҮҒА-ның корреспондент-мүшесі М.ӘЛИАКПАРОВ:
«Зымыранның денсаулыққа әсері бар»
Ауыл шаруашылығында жэне өнеркэсіпте, зымыран отыны ретінде (оның ішінде гептил), ал медицинада дэрі-дэрмек ретінде қолданылатын гидразиннің тышқандарға, су тышқандары мен атжалмандарға эсерін зерттеген кезде оның қанцерогендік эсері бар екендігін жэне ол денедегі ісіктерді одан сайын өршітетіндігін анықтадық.
«Байқоңыр» ғарыш айлағының эсері бар аймақта үзақ уақыт түратын адамдардың тітіркенгіш болуы, психикасының бүзылуы байқалып жүр.
Адамның қалыпты өмір сүруі үшін барлық негізгі реттеуші жүйелер, бірінші кезекте орталық жүйке жүйесі, иммундық жэне жүрек-қан тамыры жүйесі қалыпты жүмыс істеуі керек. Ал химиялық заттармен ластанған ортада мүндай жүйелер дүрыс жүмыс істей алмайды. Оларда қайткен күнде ауытқу болады. Өйткені ортаның қолайсыз жағдайы бүл жүйелерге бірден эсер етеді.
Соңғы оншақты жылдағы зерттеулердің нэтижесіне қарағанда техногендік ластану, сондай қолайсыз жағдайдағы түрақты белсенді еңбек, элеуметтік оқшаулану, электромагнитті өріс пен тербеліс, тағы басқалар эр адамға эртүрлі эсер етіп, адам ағзасының негізгі басқару жүйелерінің жүмысын тежейтіндігін анықтадық. Мүның өзі орталық жүйке, жүрек жэне қан тамыры жүйелері мен басқа да органдардағы іс-эрекеттің бүзылуын үлғайта түседі. Мэселен, иммундық жүйенің бүзылуы патологиялық процесті күрделендіріп, ескі ауруларды асқындырып, ауырлатады. Ондай патологиялық реакцияның эр адамдағы өту ауырлығы мен жиілігі өзіндік жеке сипат алып, эр адамның ағзасының сол ортаға көндігу дэрежесіне қарай болады.
«Протон» зымырантасығышының соңғы екі апатынан кейін сол аймақтарда түратын халық денсаулығына зерттеу жүргізген Ресей-Қазақстан медициналық комиссиясының жасаған қорытындысына қарағанда түрғындардың көпшілігінде психо-эмоциялық сипаттағы өзгерістер байқалған. Мүның өзі ағзаның көндігу процесіне эртүрлі эсер етіп, ауру-сырқаудың көбейіп, халықтың өлім-жітімінің артуына экеліп соқтыруы мүмкін.
Зымырантасығыштардың алғашқы сатысы қүлайтын аумақта түратын түрғындар арасында медициналық мониторинг жүргізіп, аталған факторлар байқалмаған аумақтармен салыстыра зерттелді. Бүған қоса ондай өзгерістер мен ауытқулар бойынша нақты шаралар белгіленіп, эр адаммен жекелей жүмыс жүргізу талап етілді.
Жүрек жэне қан тамыры, иммундық жүйелерде, басқа да жүйелерге жаппай зерттеу жүргізген кезде ешқандай ауру-сырқауы жоқ адамдардың өздерінің арасында жүйке ауруына шалдығу қаупі бар көптеген деректер анықталды. Әрине, оңдай науқастар адамның ағзасының барлық басқару жүйесінің өз ерекшелігіне қарай эртүрлі болып келеді.
Түтастай алғанда аталған аймақтарда түратын елдің денсаулығын кешенді
түрде зерттеу бағдарламасын жасау керек. Ересектер мен балалар арасындағы денсаулық жағдайын анықтау қажет. Бұ_л «Байқоңыр» ғарыш кешенімен байланысты экологиялық қолайсыз аумақтарда түратындар арасында медициналык жүмыстар жүргізуге, науқастың алдын алуға мүмкіндік беретін мэселе.
Достарыңызбен бөлісу: |