Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме



Дата14.07.2016
өлшемі35.27 Kb.
#197866


Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

_________жылғы жағдай бойынша ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген кредиттер туралы қарыз алушылар, сенім білдірілгендер (агенттер), түпкі қарыз алушылар ұсынатын ақпарат
1. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме _________жылғы жағдай бойынша ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген кредиттер туралы қарыз алушылар, сенім білдірілгендер (агенттер), түпкі қарыз алушылар ұсынатын ақпарат нысанын (бұдан әрі – Есеп нысаны) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды анықтайды.

2. Есеп нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3. Есеп нысаны бастапқы есепке алу деректерінің негізінде толтырылады және жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10-ыншы қаңтарына дейін, ай сайын есепті кезеңінен кейінгі 10-ы күніне дейін ұсынылады.

4. Есеп нысанына бірінші басшы, бас бухгалтер қол қояды және мөрмен бекітіледі.


2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме


  1. Есеп нысанының 1-бағанында реттік нөмірлері көрсетіледі.

  2. 2-бағанда қарыз алушының атауы көрсетіледі.

  3. Есеп нысанының 3-бағанында кредиттік келісімнің күні және нөмірі көрсетіледі.

  4. Есеп нысанының 4-бағанында кредит сомасы көрсетіледі.

  5. 5-бағанда жыл басындағы борыш қалдығының барлығы көрсетіледі.

  6. 6-бағанда жылдың басындағы негізгі борыш бойынша борыштың қалдығы көрсетіледі.

  7. 7-бағанда жылдың басындағы сыйақы бойынша борыштың қалдығы көрсетіледі.

  8. 8-бағанда жылдың басындағы өзге төлемдер бойынша борыштың қалдығы көрсетіледі.

  9. 9-бағанда есепті кезеңнің басындағы мерзімі өткен берешектің барлығы көрсетіледі.

  10. 10-бағанда есепті кезеңнің басындағы негізгі борыш бойынша мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

  11. 11-бағанда есепті кезеңнің басындағы сыйақылар бойынша мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

  12. 12-бағанда есепті кезеңнің басындағы өзге төлемдер бойынша мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

  13. Есеп нысанының 13-бағанында есепті кезеңде республикалық бюджеттен кредиттерді беру күні көрсетіледі.

  14. 14-бағанда есепті кезеңде республикалық бюджеттен кредиттерді беру сомасы көрсетіледі.

  15. 15-бағанда есепті кезеңде өтелуі тиіс негізгі борыш сомасы көрсетіледі.

  16. 16-бағанда есепті кезеңде төленуі тиіс сыйақы сомасы көрсетіледі.

  17. 17-бағанда есепті кезеңде өтелуі тиіс өзге сома көрсетіледі.

  18. Есеп нысанының 18-бағанында есепті кезеңде қарыз алушының сенім білдірілген агентке өтеу күні көрсетіледі.

  19. 19-бағанда қарыз алушының сенім білдірілген агентке негізгі борыш бойынша есепті кезеңдегі өтеуі көрсетіледі.

  20. 20-бағанда есепті кезеңдегі сыйақы бойынша қарыз алушының сенім білдірілген агентке төлемдерінің сомасы көрсетіледі.

  21. 21-бағанда есепті кезеңдегі өзге төлемдер бойынша қарыз алушының сенім білдірілген агентке өтеу сомасы көрсетіледі.

  22. Есеп нысанының 22-бағанында қарыз алушының/сенім білдірілген агенттің есепті кезеңдегі республикалық бюджетке өтеулерінің күні көрсетіледі.

  23. 23-бағанда есепті кезеңде республикалық бюджетке қарыз алушының/сенім білдірілген агенттің негізгі борыш бойынша өтеу сомасы көрсетіледі.

  24. 24-бағанда есепті кезеңде республикалық бюджетке қарыз алушының/сенім білдірілген агенттің негізгі борыш бойынша жүргізген өтеуі жөнінде бюджеттік сыныптама коды көрсетіледі.

  25. 25-бағанда есепті кезеңде республикалық бюджетке қарыз алушының/сенім білдірілген агенттің сыйақы бойынша төлемдерінің сомасы көрсетіледі.

  26. 26-бағанда есепті кезеңде республикалық бюджетке қарыз алушының/сенім білдірілген агенттің сыйақы бойынша жүргізген төлемдері жөнінде бюджеттік сыныптама коды көрсетіледі.

  27. 27-бағанда есепті кезеңде республикалық бюджетке қарыз алушының/сенім білдірілген агенттің өзге төлемдер бойынша өтеу сомасы көрсетіледі.

  28. 28-бағанда есепті кезеңде республикалық бюджетке қарыз алушының/сенім білдірілген агенттің өзге төлемдер бойынша жүргізген төлемі жөнінде бюджеттік сыныптама коды көрсетіледі.

  29. 29-бағанда есепті кезеңнің соңындағы борыш қалдығы көрсетіледі.

  30. 30-бағанда есепті кезеңнің соңына мерзімі өткен берешектің барлығы көрсетіледі.

  31. 31-бағанда есепті кезеңнің соңына негізгі борыш бойынша мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

  32. 32-бағанда есепті кезеңнің соңына сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

  33. 33-бағанда есепті кезеңнің соңына өзге төлемдер бойынша мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

  34. 34-бағанда ескерту көрсетіледі.

______________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет