Эссе
Тақырыбы «Үздік басшы қандай болу керек?»
Білікті басшы-ұжым жетістігінің кепілі...
Мектеп ісінің алға басуы ең алдымен басшыға байланысты екені белгілі. Білім ордасына рухани демеу беріп, бағыт сілтеп, өз ғұмырын бала тәрбиесіне арнап келе жатқан аталмыш білім ошағының бірінші тұлғасы туралы ризашылықпен айтуға болады.Жалпы, мектеп басшысы болу үнемі ізденісті, тынымсыз еңбекқорлықты қажет етеді.
Оның үстіне шәкірт жүрегіне жол табумен қатар, ұжыммен тіл табысып кету үшін де адамның бойында ерекше қасиет болу керегі анық.»Бірлік болмай тірлік болмас»дегендей әрқашанда бірігіп, ынтымақпен жасалған жұмыс орынды болады. Осы ретте ұжымды айрандай ұйытып, ынтымақтысқа бастай білген білікті директор алдымен мектептегі кадр мәселесінің тұрақталуына, педагогтардың қазіргі жаңа талапқа сай әлеуетінің көтерілуіне, білім мекемесінің заман талабына сай жұмыстануына қолдан келгенше мүмкіндік жасап, ұстаздарды әріптес ретінде де қолдап келеді.. Соның ішінде мектепті басқару – өте үлкен парасаттылықты, мəдениеттілікті, сауаттылықты талап етеді. Шəкіртін аялап, əріптесін сыйлай білген адам ғана басшы бола алады.Мектеп басшысы және мектептегі мұғалім көшбасшылары үшін ең күрделі мәселе: ол- қағидатты тәжірибеге көшіру, абстрактілі негіз құрып, ынтаны тәжірибеге айналдыру болып табылады. Осының салдарынан, мектеп басшысы ретінде ынта мен тәжірибенің барынша сәйкес келу мүмкіндігін арттыру мақсатында бірқатар стратегияларды қолдау қажет . Яғни, басымдықтарды белгілейді, ресурстарға көңіл бөледі. Қызметті күшейтіп, қызметкерлерді ортақ мақсат үшін жұмыс істеуге жұмылдырып, күтілетін нәтижелер мен қорытындылар жайында келісіп, әлемдегі өзгерістерге сәйкес, мекеменің бағыттарын бағалап, өзгерту жолдарын тиімді стратегия арқылы мектептің дамуына өз үлесін қосады деген ойдамын.
Қазіргі күні мектеп мұғалімдері мен оқушылардың бойындағы өзгерістерді байқауға болады. Мектептегі және оның материалдық базасын дамытуға арналған нақты жоспар мен тұжырымдаманы жасап, енгізу үшін басқалармен, яғни көшбасшы мұғалімдермен бірлесіп жұмыс істеу. Тиімді және қауіпсіз оқу ортасын құру және ресурстарды оңтайлы пайдалану мақсатында мектептің қызметкерлері әдістерді тиімді пайдалануына мүмкіндік жасау. Мектеп ұжымымен, ата-аналармен және басқалармен тиімді ынтымақтастық орнату арқылы табысты орта құруға ұмтылу .
Көшбасшы адамдарды бір мақсаттың төңірегінде біріктіріп, үлкен жетістіктерге жетуге итермелейді. Мұндай адамның мінезі мықты болады. Ол өмір қиындықтарынан қорықпайды және соңынан ерген адамдардың проблемаларын шешуге көмектеседі. Қазіргі қоғам бұл адамдарсыз өмір сүре алмайды. Өйткені, ең маңызды шешімдерді солар қабылдайды. Менің ойымша басшы болу үшін мынадай қасиеттер қажет: ынта, тіл тапқыштық, ұйымдастырушылық және талапкерлік. Жақсы басшы – бұл жан-жақты дамыған тұлға. Ол бос уақытын өзін-өзі жетілдіруге жұмсайды. Көпшілік алдында жақсы сөйлей біледі. Өз күшіне деген сенімділікті жоғалтпайды, эмоцияға берілмейді және төтенше жағдайларда тез шешім қабылдауды біледі.
Ал мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық бұл- мектепті жетілдіру мен өзгертудің кепілі. Жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа технологияларды орынды пайдалануға, жұмыста шығармашылық танытуға ықпал ету мақсатында курста үйренгендерді іс-әрекетімен дәлелдеу керек. Курста мектепті басқару стильдерін меңгеруі, басқару дағдыларын қалыптастыруына көмектесу. Қорыта келгенде, менің ойымша бүгінгі мектептің басты міндеті - өзіндік ой-көзқарасын ашық айта алатын, өмірде өз білімін қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |