Әкімшілік мәжбүрлеу
Әкімшілік мәжбүрлеу-арнайы өкілетті субьектінің қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белгіленген процессуалдық нысандарда қолданатын, әкімшілік құқықтың нормаларына негізделген психикалық, физикалық, материалдық немесе ұйымдастырушылық ықпал жасаудың құралы ьолып табылады.
Әкішілік мәжбүрлдеудің бірнеше белгілері болады:
-Мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі.
-Әкімшілік құқықтың нормаларымен регламенттелген.
-Сыртқы психикалық, физикалық, материалдық немесе ұйымдастырушылық ықпал ету актісі.
-Ықпал жасау тиісті шаралар арқылы жүзеге асырылады.
-Жағымсыз сипаттағы құқық шектеу.
-Арнайы уәкілдік берілген субьект.
-Қолданудың негіздемесі-құқық бұзушылық немесе басқадай құқық мазмұны бар ауытқулықтар жасау.
-Белгілі бір мақсаттарға жеткізу.
-Қорғаушылық түрдегі құқықтық қатынастардың шеңберінде.
Осы белгілерден кейін, әкімшілік мәжбүрлеу шараларын атап өтуге болады.Құқық шектеулердің сипаты мен ерекшелігі бойынша бірнеше түрлерге бөлуге болады: а)психикалық б)физикалық в)материалдық г)ұйымдастырушылық.
Қолдану субьектісі бойынша жеке даралық және ұжымдық болып бөлінеді.Ал қолдану тәртібі бойынша сот тәртібімен,әкімшілік тәртібімен,заңдар болады.Нормативтік негіздемелеріне байланысты заңдар,заңға тәуелді актілер болып қаралады.
Әкімшілік алдын алу шаралары-азаматтардың қоғамдық және жеке басының қауіпсіздігіне қауіп-қатер туғызатын құқық бұзушылықтар мен жағдайлардың алдын алу мақсатында арнайы уәкілдік берілген субьектілердің қолданатын әкімшілік мәжбірлеу шараларының бір түрі болып табылады.
Әкімшілік тоқтатудың шаралары-құқыққа қарсы жағдайды тоқтату,зиянды салдарларды болдырмау,әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкілдік берілген субьектілердің қолданатын әкімшілік мәжбүрлеу шараларының түрі.
Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолданудың тәртібі-мәжбірлеу шараларын қолданудың кезеңдері:
-Нақты жағдайды талдау.
-Мәжбүрлеу шарасын таңдап алу.
-Таңдап алынған шараның әсерлігін тексеру
-Мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы шешім қабылдау.
-Нақты қолдану.
-Қолданылған шараның тиімділігін талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |