Сабақтың тақырыбы: Жасанды интеллект жүйесін қолданатын салалар



Дата09.08.2022
өлшемі427.72 Kb.
#459912
түріСабақ
11 сынып Инф 2


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Жасанды интеллект

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Жасанды интеллект жүйесін қолданатын салалар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



11.3.4.2 - жасанды интеллектіні өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда
қолдану салаларын сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

ЖИ-ді қолдану саласын біледі.

Көптеген оқушылар:

ЖИ-ді әртүрлі салаларда қолдануға мысалдар келтіре алады .

Кейбір оқушылар:

Өзінің жеке зерттеуінің негізінде ЖИ қолданудағы артықшылықтар мен кемшіліктерді бағалай
біледі.



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.

ҚБ: жұлдыз / 2 балл/





1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
5.Бағалайды.

Жұлдыз
2 балл



Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

Оқулықпен жұмыс


Білу және түсіну
Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы
белгі қойып отырады:
+ - мұны білемін;
– - мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты;
v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;
? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.
Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен
сөйлеседі. Мәтіннің түсініксіз жерлерін түсіндіреді.
Жұптық жұмыс
Сұрақтарды талқылау:
1. Жасанды интеллектіні қолданатын қандай салаларды атай аласыңдар?
2. Білім беру саласында жасанды интеллекті пайдаланылса, қандай
мәселелерді шешуге болады деп ойлайсыңдар?
3. Жасанды интеллект ойынға не үшін керек?
4. Жасанды интеллектіні экономикада қолданудың қандай артықшылықтары
бар деп ойлайсыңдар?
5. Интеллектуалды жүйелер дамыған жағдайда қандай маман иелері жұмыссыз
қалуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
ДК-мен практикалық жұмыс
1. а) Мәтінді орыс тіліне өздерің аударыңдар.
ә) Мәтінді мәшинелік аударманың көмегімен аударыңдар.
б) Аудармаларды салыстырып, қорытынды жасаңдар.
2. Жасанды интеллекті қолданылатын саланы таңдап, оның сол салада
қолданылу артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалаңдар. Кестені толтырыңдар.
3. Интернеттің іздеу жүйелерін қолданып, өз қызметінде жасанды интеллектіні
белсенді түрде қолданатын 10 компанияның тізімін жасаңдар.
4. Интернеттің іздеу жүйелерін қолданып, жасанды интеллектіні қолдану
қаншалықты жақсы болса да, оны өз қызметінде қолданудан қасақана бас тартып
отырған 10 компанияның тізімін жасаңдар.
Топтық жұмыс
2-3 топқа бөлініп, берілген сұрақты талқылайды.
- Интеллектуалды жүйелер дамыған жағдайда қандай маман иелері жұмыссыз
қалуы мүмкін?
№1 тапсырма: Жасанды интеллектіні білім беру мен оқыту түрлеріне
қолданудың сипаттамасын салыстыр.

Түйін сөздер:
1. Оқушылардың қалауын ескере отырып оқу материалдарын таңдау,
сұрыптау.
2. Оқушының қалауы мен қызығушылығын ескере отырып оқу жоспарын құру.
3. Оқытатын материалдарды қадағалау және жақсы меңгеруі үшін
қайталауды ұсыну.
4. Оқушының қашықтан емтихан тапсыру кезіндегі әрекетін бақылау.
5. Оқытатын материал оқушының білім деңгейін, тәжірибесін, қабілетін
ескепке ала отырып беріледі. Чат-боттарды пайдалану.
№2 тапсырма: Кестені қалпына келтір.

Түйін сөздер:
- Виртуалды әлемдегі өзгеріс.
- Мінез-құлық реакциясы.
- Ойынщшының әрекеті.
-Шешім қабылдау.
- Қозғалу.
- Нысандарды анимациялару.
№3 тапсырма: Дұрыс жауаптарды белгіле.

Жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындату
Тапсырмаларды орындату арқылы жаңа сабақ тақырыбы бекітіледі.
1. Жасанды интеллектіні экономикада пайдаланудың қандай артықшылықтары
бар?
2. Деңгейлік тапсырмаларды орында.
А деңгейі. Интернеттің іздеу жүйелерін пайдаланып, өз қызметінде жасанды
интеллектіні белсенді түрде пайдаланатын 10 компанияның тізімін жаса.
В деңгейі. Жасанды интеллект пайдаланылатын саланы таңдап, оның сол салада
қолданылу артықшылықтары мен кемшіліктерін бағала. Кестені толтыр.
С деңгейі. Интернеттің іздеу жүйелерін пайдаланып, жасанды интеллектіні
пайдалану қаншалықты жақсы болса да, оны өз қызметінде пайдаланудан түрлі
себептермен бас тартып отырған 10 компанияның тізімін жаса.

Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды


2- тапсырманы орындайды


3-тапсырманы орындайды


4-тапсырманы орындайды




Жұмыс дәптері





Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «Смайлик»
барлығын түсіндім
менде сұрақтар қалды

Өзін-өзі бағалау.





Үй тапсырмасы

Үйге тапсырма (таңдауына қарай)
1. Параграфта көрсетілмеген жасанды интеллектіні қолдану саласын іздеп тап.
2. Google және Yandex компанияларында жасанды интеллектісінің
пайдаланылуына салыстырмалы талдау жаса.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет