СЫЛТАУ
Өмірде ұстанатын қағидаларымның бірі – сыл-
тау айтпа. Бір іс қолымыздан келіп жаста,
«мен істедім», «мен мықтымын» деу, ал болмай жатса,
оны жұрттан көру біздің қоғамға тән. Орынды-орын-
сыз екеніне қарамастан, әркім өте көп сылтау айтады.
«ата-анам бай емес», «көшеде пробка», «ұйықтап қал-
дым», тағы да басқа.
Осы сылтауға қатысты бір мысал келтірейін. «MEGA
Silk Way» орталығында үлкен «Rumi» мейрамханасын
аштық. Сол жердегі галереямен өтіп келе жатқанда, қарсы
жағымызда орналасқан кофеханада адам өте көп көрін-
ді, ал бізде адам аз секілді.
Операциялық директорымыз
Қарақат ханымнан: «Неге оларда адам көп, ал бізде аз?»
деп сұрадым. Қарақат ханым болса: «Олардың мейрамха-
налары кішкентай, сондықтан адам көп секілді көрінеді.
Ал біздің мейрамхананың аумағы үлкен. Негізінде адам
саны бірдей сияқты» деп сылтау айта бастады. Мен біздің
және қарамағымыздағы жаңағы мейрамхананың адамда-
рын санап шығуға ұсыныс жасадым. Сөйтсек біздің
«Rumi»-де отыз сегіз, ал елу оларда адам отыр екен. Сол
кезде «неге оларда адам көп?» емес, «бізде де адамдар
дың санын қалайша көбейтуге болады?» деген сұрақ
туындады. Әріптесім Айдос мырза кез келген сұрақтың
жауабын таба алатын адам. «Неге оларда адам көп,
біліп
келіңізші, Айдос аға» деп, сол кофеханаға оны жібердім.
Бұл жағдайда, менің «Несіне уайымдаймын? Олардың
кофеханасы 50 адамға арналса, біздің «Rumi» 150 адамға
арналған» деп өзімді ақтап алуыма болатын еді. Негізі
36
бұнда ешқандай «проблема» жоқ,
бірақ мен оны өзіме-
өзім жасап алдым. Айдос мырза 27 минуттан соң қай
тып келді. «Қуаныш, біріншіден олардың қызметкерлері
баяу жұмыс жасайды, сол үшін 20 минутта шығып кетем
деген адам 40 минуттай отырады. Бірақ, ол жер жарық
екен, сонысы жақсы» деді. Өзіміздің мейрамханаға қа-
радық, шынында да оларға қарағанда қараңғылау. Сыл-
тау айтқан жоқпыз, мәселені шешуге кірістік. Сол күні
Қарақат ханым мамандарды шақырып,
қалай болу керек
деп сұрап, қажетті жарықты қосты да, барлығын тәртіп,
яғни заң бойынша жасады. Келесі күні саудамыз өсті.
Сылтау айтудың қажеті жоқ. Жалпы, ешқашан сылтау
айтпаймын, сені де соған шақырамын.
Бұнда мен сылтау
туралы үлкен трактат немесе сылтау айтпаудың жолда-
рын жазбаймын. Тек бір мәселені түсінуге және қабыл-
дауға, өмірде қолдануға шақырамын, ол – сылтау айтпау.