Ххі ғасырдың заманауи педагогі



Дата22.02.2024
өлшемі15.56 Kb.
#492938
21 ғасыр заманауи ұстазы





ХХІ ғасырдың заманауи педагогі











Бейсембай Қуаныш Талдыбайұлы
Маралды ЖОББМ тарих пәні мұғалімі




ХХІ ғасырдың заманауи педагогі
Адамзаттың дамуындағы қайнар көз ол білім. Ал білімді беруші ол – педагог маман. Барлығымыз білетіндей ХХІ ғасыр ол жылдам ақпарат пен жоғарғы технологиялар дәуірі болып есептеледі. Бұл дәуірде кез-келген маман иесі бір ғана саламен шектеліп қалмау керек. Себебі жаңа буын мен жас дәуірдің ұрпақтары көпсалалықты қолдайды. «Осындай кезеңде ғасырлар бойы өлмес мамандық болған, қаншама ғалым мен қайраткерлерді баптап шығаратын мұғалім қандай болу керек?» және «қалай осы мамандықты модернге енгізіуіміз керек?», «ХХІ ғасыр мұғалімінің бойында нендей қасиеттер болу керек?» осы сұрақтарды барынша ашуға тырысайық.
Ең әуелі тәуекелшіл қасиет болу керек деп ойлаймын. Себебі бүгінгі ақпарат пен технология заманында әрбір жаңашылдықтан қорықпай, жаңа асулар мен өзгерістерге қадам басып талпынатын маман кез-келген биіктікті бағындыра алады. Бүгінгі жас буынның кумирлері ол өз өмірін өзгертуден қорықпаған, жаңа қадамнан қорықпай қадам басқан адамдар. Тура сол секілді мұғалімніңде бойынан сол қасиеттер табылса бала психологиясынан қызығушылық оянып білімге деген үлгерімім өсері сөзсіз. Одан кейінгі керек қасиеттің бірі бала психологиясын біліп түсіну. Бұл жағдайға байланысты бүгінгі күнде саралап оқыту әдістемелері бар. Оқушыға қандай жағынан жұмыс жасаған ыңғайлы және онымен түсінісіп, оның қызығушылығын оята білу керек. Бүгінгі жас буын психологиясы бойынша адамдар тобы жас ерекшелігіне қарап бөлінбейді. Олар адамның сыртқы аурасына қарап ерекшелейді. Яғни ХХІ ғасыр ұстазы өз оқушыларымен бір толқында болса балаларға педагогпен тілдесу, оның берген ақпараттарын тыңдау қызығырақ болады.
Әлемдік социологтар адамдарды жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі буындарға бөлген. Сол буындардың ішінде бүгінгі ХХІ ғасырдың инновациялық білімін қажет ететін буын «Z буыны» деп аталады. Бұл буынның өзіндік ерекшелігі жылдам ақпаратты тез қабылдай алуында. Ал бүгінгі технологиялар мен әлеуметтік желілерді қарасақ барлығы дерлік тез ақпаратқа бейімделіп бағытталған. Бұл дегеніміз жаңашыл педагог жаңа технологияларды игере білу керек. Бүгінгі таңда көптеген технологиялармен, сан түрлі пайдалы сайттар бар. Жас буынның назарын кітаптан қарағанда, экран дисплейі көбірек қызықтырады. Бұл жағдайда бізде АКТ қолдану, жәнеде әлеуметтік желілердегі бейнероликтер арқылы қызығушылын арттырып маңызды ақпарат беруімізге болады.
ХХІ ғасыр мұғалімінің бойында әмбебаптық болуы қажет. Мұғалім тек білім беу процессін жүргізіп қана қоймай, баламен менталды байланыста бола білу керек. Адам өзіндік социумдағы орнын, әдет-ғұрып мәнерлерін бала кезінде алады ал оған басты жол сарып беретін ата-анасымен, мұғалім. Сондықтанда жаңашыл ұстаздың өзін ұстай білуі, сөйлеу мәнері, ойын жеткізе білуі, киіну стилі барлығыда тиянақты болуы қажет.
Қорытындылай келе айтатыным ХХІ ғасыр педагогінің бойында жан-жақтылық пен өзіндік майталмандылық байқау керек. Ертедегі ұлы сөздердің бірі «Заманың түлкі болса, тазыдай шап» демекші, жаңа заман педагогі әрдайым ізденіс үстінде болуы керек. Осындай қасиеттерді игере алған ұстаз болашақ ұрпақты сапалы да, саналы білім беріп, үлкен азаматтар шығаратынына кәміл сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет