таңдай алмасаң да, жұмысты таңдайтын өзің. Кім бола-
тыныңды өзің шешесің. Тағдырыңды қолмен жасайсың.
Сен өз өміріңнің бағбанысың.
Осы QR кодты сканерлеп, Алан де Боттонның
дәрісін көре аласың
Self help кітаптардың бәрінің айтқысы келетіні де осы.
Алан де Боттон
65
, өзінің алты миллион рет қаралған Жеңіс
туралы тед дәрісінде (A kindler, gentler philosophy of Suc-
cess, https://wwwted.com/talks/alain de_botton_a kinder
gentler philosophy _of_success/upnext?language=en)
мына-
ны айтады. Осыдан төрт жүз жыл бұрын кедей адамды
unfortunate дейтін. Яғни, жолы болмаған, Құдайлар, не
әйтеуір бір жоғары күштердің бұйрығымен кедейлік-
ті арқалап жүруге мәжбүр жандар. Қазір кедей адамды
loser деп атайды, демек, жоғалтқан,
қолында барынан
айырылып қалған. Және осы екі сөздің арасындағы ай-
ырмашылық адам психологиясының төрт жүз жылдық
даму эволюциясын көрсетеді. Біздің жеңіске жеткен
жетпегенімізге бұрын Құдай жауапты деп ойласақ, қазір
өзіміз жауаптымыз деген тоқтамға келдік.
Бір орнында тұрған көліктің кілтін бұрап, газды бас-
саң, ол орнынан жылжиды. Дәл
солай сенің өмірің де өз
әрекетіңді күтеді. Кез келген мақсат жауапкершіліктен
басталады. Бұл менің өмірім, оны қалай сүретінім өзіме
байланысты, мынау менің мақсатым, оған жетуім өзімнің
қолымда.
Адам осылай, өз өмірі үшін жауапкершілік
алуы керек.
____________
65
Алан де Боттон – британдық жазушы, философ.
198
Өзің ойлашы, мемлекетті сынағаннан, билікті жаман-
дағаннан тұрмысы түзелетін болса, осы уақытқа дейін
қазақтардың бәрі баяғыда миллионер болатын еді ғой?
Аяқты аспанға асып қойып, тағдырға шағым айтып жата
беруге болады, одан не өзгереді?
Достарыңызбен бөлісу: