Әке шаңырықтың тірегі
Әке туралы ойды айтып жеткізу мүмкін емес. Әке осы өмірдегі асық адамдардың бірі. Әке - Асқар тау ол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеріп, отбасыны асырап, бізге тәлім тәрбие беруге тырысады. Әкеден алған тәрбие әрқашан салиқалы. Әке – нұрға бөлінген мейірім де, мейірімді, тірек болар, пана болар, жол көрсетер шың. Әкенің мінез - құлқы адамдармен қарым - қатынасы, өнері мен білімі - баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін басты нысанасы.
Отбасының берекесі ынтымағы үшін әкенің тәрбиелік рөлі зор. Әке, қаласа да қаламаса да ұлы үшін, қызы үшін нағыз ер жігіт, адалдық пен шындық өнегесінің үлгісі болып табылады. Әке - әркімнің сүйенер тіреуі. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Мен әкемнің бойынан - күш жігерін, батырлығын, қайсарлығын көремін. Әкем өте жақсы адам әкем менің бетімнен қақпай осылай тәрбиелеп өсірді.
Қорыта келгенде Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбеккерлігінің бала тәрбиесіне ықпалы көп.
Тіл қатынас құралы
Тіл- қарым қатынас құралы. Өмірде біз адамдармен сөйлесу арқылы байланыс жасаймыз, бұл әдеттегі нәрсе. Сөйлесу, сұрау, айту үшін, қарым қатынасты ұлғайту үшін де тіл қажет. Тілдің атқаратын қызметі мен түрі өте көп, алуан түрлі. Сонымен қатар тіл елдер арасындағы ынтымақтастықты жақсартуға, оны күшейтуге де ықпал етеді.
Тіл әр елде, халықта да әртүрлі келеді. Мысалы, қазақ тілі, Қазақстанымыздың мемлекеттік тілі, қазақ тілі сөзге бай, терең мағыналы, астарлы, әрі қасиетті тілдердің бірі. Бұл жерде сөйлеу тілі деген тіркесті ерекше бөліп айтуға тура келеді. Өйткені ол ауызекі сөйлеу деген мағынаны емес, жалпы адамзатгың сөйлесу құралы, сөйлеу құралдарының қызметі, адамның тілі, адамның тілдік қатынас құралы деген қоғамдық-әлеуметтік мәні бар ұғымды жеткізуі тиіс.
Қорыта келгенде тілдік қатынас - ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі құбылыс.
Қазақ халқының салт дәстүрлері
Салт-дәстүр дегеніміз-халықтың ұстанымдарының жиынтығы.Салт-дәстүрлер халықтың өмір-тұрмысын,дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс.Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде қалыптасып,халықтың ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді.Қазақ әдет-ғұрыптарын отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады.Отбасылық ғұрыптарға сәбидің дүниеге келуі,ержетуі,келін түсіруі,қыз ұзатуы жатады.
Қазақ халқының салт – дәстүрлері осы ұлттың мінез – құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып, келеді. Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты ұрпақтан – ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай жаңадан еніп те жатыр.
Қорыты келгенде Уақыт өте келе ұлттық сипатқа айналған қазақтардың негізгі дәстүрі қонақжайлылық болып табылады. Қазақтардың қанына ана сүтімен даритын қазақ ұлтына ғана тән асыл қасиет. Сондықтан да қонақты сыйлау, құрметтеу, қонаққа деген ілтипат көрсету бала кезден қалыптасады.
Бос уақыты тиімді пайдалану
Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе - ол уақыт. Адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың адамға бағынбайтын өз заңдылығы бар. Қазақта уақытқа қатысты "қас қағым сәт", "көзді ашып-жұмғанша", "қамшының сабындай қысқа ғұмыр" тәрізді сөз тіркестері бағзы заманнан қалыптасқан.
Уақыт - емші, уақыт - төреші деген де бар. Ата-бабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадір-қасиетін ұрпақтарына жеткізуді қалаған. Әркім өз уақытын барынша тиімді әрі пайдалы істерге жұмсау керек. Өзіне ұнайтын іспен айналысу, жоспар құру, күнделікті атқарған істерге талдау жасау, жұмыстарды кейінге қалдырмау, жұмысты толық істеу үшін өзіңізге көбірек көңіл бөлу керек. Бұл келтірілген әдістер уақытты тиімді пайдалану жолдарының тек қана бір бөлігі. Әрбір адам өзінің уақытын қалай өткізетіндерін бақылап, зерттеуі керек.
Қорыта келгенде Уақытты тиімді пайдалана білу үшін, адам ең алдымен оның маңыздылығын түсініп, әр іске шыдамдылық пен табандылықпен қарауы қажет. Өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ, сондықтан уақытты ұтымды жұмсай алатын әр адам үлкен жетістіктерге жете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |