Электронды оқыту құралдарын арнайы пәндерді
оқытуда қолдану тиімділігі
Ардашева Д. Е.
КМҚК «Аягөз қаласының
политехникалық колледжі»
Аягөз қаласы
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.
Аягөз қаласының политехникалық колледжінің басты мәселесі болып, білім алушылардың оқу түріне қарамастан барлығына бірдей білім беру ресурстарының қол жетімді болуын қамтамасыз ету және сапасын арттыру қажеттілігі болып отыр.
Бырыңғай ақпараттық оқыту ортасын (АОО) құру «есептеуіш техника мен бағдарламамен қамтамасыз ету» саласында жүзеге асыру үшін политехникалық колледждің білім беру ресурстарына электрондық оқыту ресурстарын (ЭОР) құру және ендіру басты міндетке қойылуы қажет.
Электронды оқыту ресурстарының анализі
Оқыту құралдары педагогтың түсіндіруімен қатар білім беру процессінің негізгі компоненті және кез-келген білім беру мекемесінің оқу-материалдық базасының элементі болып табылады
Оқыту құралдары оқу-тәрбиелік процесстің компоненті бола отырып,оның басқа компоненттеріне – мақсаты, мазмұны, әдісі, формасы үлкен әсерін тигізеді.
Білім алушыларға қазіргі заманғы аудиовизуальды және мультимелиялық оқыту құралдары эффективті әсер тигізеді. Осындай құралдардың бірі ретінде электронды оқыту ресурстары болып табылады.
Электронды оқыту ресурсы – бұл мультимедиялық технология элементтерін қолдана отырып, жүйеленген теоретикалық және/немесе практикалық және/немесе бақылау материалдарынан тұратын, комплексті мақсатта қолданылатын жеке интерактивті электронды баспа.
Қазіргі таңда білім беру процессінің эффективтілігін арттыруға мүмкіндік беретін ЭОР-ы көп таралған. ЭОР құру құралдарының арнайы білімді қажеттілік етпейтіндерін анықтау үшін программалық құралдар мен оқу процессінде қолданылатын ақпаратты ұсыну форматтары бойынша салыстырмалы анализ жасалды.
Барлық қарастырылып отырған құралдар келесі критерийлер бойынша бағаланды:
Оқыту мүмкіндігінің болуы;
Осы өнімнің көмегімен дәріс материалдарын, тірек конспектілерін, теориялық және нормативті-анықтамалық мәліметтер және т.б. студенттердің оқып-зерттеуіне мүмкіндігінің болуы;
Тестілеу мүмкіндігінің болуы;
Осы құралдың көмегімен тесттердің әртүрлі типтерін жүзеге асыру, толтыруды автоматтандыру мүмкіндігі;
Өзін-өзі тексеру аяқталғаннан кейін студенттерге нәтижесін шығарып беру мүмкіндігі;
Мәліметтерді статистикалық өңдеу мүмкіндігі;
Рұқсатсыз кіруден сақталуы;
Дайын ЭОР-ды өзгертуден және бұзудан сақтануы;
Материалды қосу және енгізудің ыңғайлылығы;
ЭОР-ды құру үшін программалық өнімді қолданудың артықшылықтары;
ЭОР-ды құру үшін программалық өнімді қолданудың кемшіліктері;
ЭОР-ды жүзеге асыру құралдарымен жұмыс істеуде арнайы білімнің қажеттілігі;
ЭОР-ды құратын адамнан ЭОР-ды дайындайтын құрал арқылы қандай да бір функцияларды жүзеге асыру барысында арнайы білім қажеттілігі (мысалы, бақылау түрлерін жүргізу үшін және тестілеудің нәтижесін автоматты түрде өңдеуді жүзеге асыру үшін программалау тілдерін білуі).
Біз ЭОР құруды қолдайтын келесі программалық құралдарды қарастырдық: «Білім тексеру жүйелері», «Тестер», «Test Office Pro», «Portable Document Format (PDF)» , «Microsoft PowerPoint», «HyperText Markup Language», «ActivInspire».
Алдыңғы үш программалық өнім білім берудің бақылаушылық функциясын жүзеге асырады және кез-келген пән бойынша тестілеу жүргізуде қолданылады. Бұл программалармен жұмыс істеу барысында оқытушыға сұрақтары мен жауаптарынан тұратын мәліметтер базасын құру және толтыру қажет. ЭОР құрушыдан бұл құралдармен жұмыс істеуді ді арнайы білім қажет етілмейді.
ЭОР құруда қолданылатын құралдар келесі құралдар универсалды және теоретикалық-практикалық, сондай-ақ бақылаушы материалдарды құруды қолдайтын, яғни дидактикалық процесстердің оқыту және бақылаушы функцияларын жүзеге асыратын болып табылады.
SunRavBookOffice – ЭОР-ды (электронды кітаптар мен оқулықтарды) құруға және көруге арналған программалар пакеті . Пакет екі программадан тұрады: SunRavBookEditor (кітаптар мен оқулықтарды редакторлеу мен құруға арналған программа, кітаптың кез-келген жерінен осы кітаптың басқа бөлімдеріне және басқа да көздерде сілтеме жасауға мүмкіндік береді, қазіргі заманғы мультимедиялық технологиялардың барлық мүмкіндігін пайдаланады және SunRav BookReader (кітаптар мен оқулықтарды көруге арналған программа).
Білім беру ресурстарына қойылатын дидактикалық талаптар. Техникалық құралдарды білім беру барысына енгізу басты мақсат емес. Олардың қолданылуы тек білім беру сапасы, оқытушы мен білім алушылардың күші мен уақыты, қаржылай шығындары деген сияқты критерийлердің тым болмағанда біреуі бойынша оқу процессінің эффективтілігін арттыратын болған жағдайда ғана ақталады. Білім беру сапасы – оқыту процессінің эффективтілігінің негізгі критерий.
Колледжде білім берудің негізгі мақсаты студенттердің білім мен біліктіліктің және жауапкершіліктің қажеттілігін терең түсінуін қалыптастыру. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін оқыту процессі мына принциптерге негізделеді: мақсаттылық, ғылымилық, жүйелілік және деңгейлеп оқыту; оқушылардың ынтасы мен белсенділігі; көрнектілік; нақтылық; жеткізу, түсінікті болу; оқыту кезінде білім алушылардың жекелеген және жасына қарай ерекшеліктерін есепке алу; ұжымдық оқыту; оқыту әдістерімен жолдарының оптималды формаларын таңдау. Электронды білім беру ресурстары тек қана стандартты дидактикалық талаптарға, ұсынылып отырған оқулықтарға ғана бағытталмай, сонымен қатар спецификалық талаптарға да жауап беру керек. Дидактикалық талаптар оқыту процессінің шарттарымен заңдылықтарын көрсетеді.
Ең әуелі ЭОР-дың құрылымын анықтау кезінде, білім ресурстарының типтік анықтамасы болу керек. Білім ресурстарының жергілікті ақпараттық орталығы ЭОР-дың келесі типтерімен ерекшеленеді:
Компьютерлік оқыту жүйесі;
Білімді компьютерлік бақылау жүйесі;
Компьютерлік оқыту ойындары;
Компьютерлік тапсырма (есеп);
Компьютерлік лабораториялық практика;
Компьютерлік сөздік;
Компьютерлік энциклопедия;
Компьютерлік жаттықтырушы (тренажер);
Компьютерлік оқулық;
Таныстыру, көрсету;
Оқу құралы;
Оқыту-әдістемелік құралы және басқалары;
Әрине АКТ құралдарын қолдану, әрине, оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі.
Қорыта айтқанда, электрондық оқыту – кешенді емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік, интерактивті бағдарламалық жүйе және ол оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады әрі мультимедианың соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін толықтырады. Бұл жерде оқытудың түсінікті, кең көлемде қарастырылған материалы қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |