№
|
НҚА атауы
|
Параграф, бап және басқалар.
|
Қорғау субъектісі
(кім қорғалады)
|
Норма талабы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Сыйақы мөлшерлемелері мен депозиттер бойынша талаптар
|
1
|
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім)
|
760-баптың 2-тармағы
|
екiншi деңгейдегi банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – БОЖТЖАҰ) салымшылары (депозиторлары)
|
банктік салым шартында көзделген салым мерзімін ұзарту жағдайларын қоспағанда, салым бойынша сыйақы мөлшерін біржақты тәртіппен өзгертуге тыйым салу
|
2
|
«Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
17, 18-баптар
|
ЕДБ салымшылары (депозиторлары) – жеке тұлғалар
|
банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиторларға депозиттiң қалдығы сомасында депозитке есептелген сыйақысыз, бiрақ бес миллион теңгеден аспайтын өтем төленедi
|
Клиенттермен жұмыс істеу тәртібі
|
3
|
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
31-баптың 1-тармағы
|
ЕДБ клиенттері
|
банктер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы
|
31-баптың 2-тармағы
|
ЕДБ клиенттері
|
Операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттары туралы қағидаларда банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібін қамтуға тиіс
|
32-баптың 2-тармағы
|
ЕДБ клиенттері
|
банктердің клиенттiң бiрiншi талап етуi бойынша Операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттары туралы қағидаларды беру мiндетi
|
32-баптың 3-тармағы
|
ЕДБ клиенттері
|
сұрату бойынша банктің клиентке операцияны жүргiзуге байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ақпаратты беру міндеті
|
39-баптың 4-тармағы
|
ЕДБ клиенттері
|
ЕДБ-нің интернет-ресурсте жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін банктік және өзге де қызметтер үшін мөлшерлемелер мен тарифтер туралы ақпаратты орналастыру міндеті. Мөлшерлемелер мен тарифтер туралы ақпарат қолданыстағы мөлшерлемелер мен тарифтерге өзгерістердің енгізілу күні туралы мәліметтер, ішкі құжаттың нөмірі және осы өзгерісті қабылдаған орган көрсетіліп, өзекті режимде сақталып тұруға тиіс.
|
4
|
ҚР ҚҚА Басқармасының «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 19 қаулысы
|
2-тарау (8, 9-тармақтар), 3 және 5-тараулар
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ клиенттері
|
мыналарға:
- жарнамаға;
- банктік қызмет көрсету барысында туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібіне;
- банктік қызметтерді көрсету туралы шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда клиенттің жауапкершілігі және ықтимал тәуекелдері туралы ақпаратты қоса алғанда, көрсетілетін банктік қызметтер туралы ақпаратты жария етуге;
- клиенттерге консультация беруге;
- банктік қызметтерді көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
|
13-тармақ
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ клиенттері
|
клиенттің өтініші бойынша сұрату алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің оған жазбаша нысанда мыналар туралы мәліметтерді беру міндеті:
1) банкке төленген ақша сомасы;
2) мерзімі өткен берешектің мөлшері (бар болған кезде);
3) борыш қалдықтары;
4) кезектегі төлемдердің мөлшері мен мерзімдері;
5) кредиттеу лимиті (бар болған кезде).
|
14-тармақ
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ клиенттері
|
клиенттің өтініші бойынша банктің 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде айына бір реттен жиі емес банктік қарыз шарты (бұдан әрі – БҚШ) бойынша берешекті өтеу есебіне келіп түсетін клиенттің (қарыз алушының) ақшасын бөлу туралы ақпаратты өтеусіз беру міндеті
|
15-тармақ
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ клиенттері
|
клиенттің ақшаны ішінара немесе толығымен мерзімінен бұрын қайтару туралы өтініші бойынша банктің және БОЖТЖАҰ-ның оған 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтарылуға тиіс соманың мөлшері туралы жазбаша нысанда өтеусіз хабарлау міндеті
|
29-тармақ
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ клиенттері
|
банктің уәкілетті адамдарының орталық офисте және филиалдарда банк Басқармасының Төрағасы, филиалдың директоры (филиалда) бекіткен қабылдау кестесіне сәйкес кем дегенде айына бір рет жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізу міндеті
|
БҚШ талаптарының тізбесі және оларды өзгерту тәртібі
|
5
|
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім)
|
719-баптың 2-тармағы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары
|
егер заңнамалық актілерде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, қарыз алушының шартта белгіленген қарызды беру мерзіміне дейін бұл туралы қарыз берушіні хабардар ете отырып, қарыз нысанасын толығымен немесе ішінара алудан бас тарту құқығы.
|
6
|
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім)
|
728-баптың 4) тармақшасы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары
|
ҚР заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, БҚШ-тың талаптарын біржақты өзгертуге тыыйым салу
|
7
|
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
34-баптың 2-тармағы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары
|
Банктік қарыз шартының (БҚШ) міндетті талаптарының тізбесі ҚР ҚҚА Басқармасының «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы №18 қаулысымен айқындалады
|
34-баптың 3-тармағы
|
ЕДБ қарыз алушылары
|
банк және БОЖТЖАҰ БҚШ-тың талаптарын оларды қарыз алушы үшін жақсарту жағына қарай біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы
|
34-баптың 6-тармағы
|
ЕДБ қарыз алушылары
|
банктерге және БОЖТЖАҰ-ға Заңмен белгіленген жағдайларды қоспағанда, жасалған БҚШ шеңберінде жаңа қарыздар беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға тыйым салу
|
34-баптың 7-тармағы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары
|
БҚШ жасасқан кезден бастап күнтізбелік 14 күн ішінде кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген қарызды қарыз берілген күннен бастап банк есептеген сыйақыларды төлей отырып, айыппұлсыз қайтару құқығы белгіленген
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ-ның айыппұлдарды, өсімпұлды (тұрақсыздық айыбын) алуы
|
8
|
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
35-баптың 2-тармағы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары - жеке тұлғалар
|
жеке тұлғамен жасалған БҚШ бойынша, оның ішінде ипотекалық қарыз шарты бойынша борышты өтеудің мерзімін өткізгені үшін өсімпұлдың мөлшерін шектеу (әрбір мерзімі өткен күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5%-нан аспауға, бірақ БҚШ қолданылатын әрбір жылға берілген қарыз сомасының 10%-нан артық болмауға тиіс).
|
9
|
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
39-баптың 5-тармағы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары
|
қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеу немесе толығымен мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда, қарыздарды мерзімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін алуға тыйым салу.
|
Сыйақы мөлшерлемелері және БҚШ бойынша өтеу әдістері жөніндегі талаптар
|
10
|
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
39-баптың 2-тармағы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары - жеке тұлғалар
|
тараптардың келісімі бойынша азаю жағына қарай не өзгермелі мөлшерлемеге және тараптардың келісімі бойынша ұлғаю жағына қарай, бірақ алдыңғы мөлшерлеменің қолданылу мерзімінен бастап үш жылдан ерте емес өзгертуді қоспағанда, сыйақының тіркелген мөлшерлемесін біржақты ұлғайтуға тыйым салу
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ-ның жеке тұлғалармен жасалатын БҚШ-та, оның ішінде ипотекалық қарыз шарттарында сыйақының тіркелген не құбылмалы мөлшерлемесін және қарыз алушының таңдауы бойынша БҚШ жасасқан күнгі банк ұсынған қарызды өтеу әдісін көрсету міндеті.
|
39-баптың 3-тармағы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары
|
қарыз беруге байланысты алынуға тиіс комиссиялардың толық тізбесін және олардың мөлшерін көрсету міндеті, БҚШ шеңберінде біржақты тәртіппен комиссиялардың жаңа түрлерін енгізуге тыйым салу
|
ҚР ҚҚА Басқармасының «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы №18 қаулысы
|
8-тармақ
|
|
ипотекалық тұрғын үй қарызы шартын және жеке тұлғамен шартты жасасқанға дейін банк міндетті түрде қарыз алушыға (тең қарыз алушыға) қарызды өтеу әдісін таңдау үшін танысуға бір кезеңділікпен, сараланған төлемдер тәсілімен және аннуитеттік төлемдер тәсілімен есептелген қарызды өтеу кестелерінің жобаларын береді, бұл ретте банк банктің ішкі ережелеріне сәйкес сол кезеңділікпен, тәсілдермен есептелген қарызды өтеу кестесінің қосымша жобаларын ұсынады
|
11
|
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
39-баптың 6-тармағы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары - заңды тұлғалар
|
қарыз алушы өз міндеттемелерін бұзған, банктің және БОЖТЖАҰ-ның міндеттемелердің мерзімінен бұрын орындалуын талап ету құқығы туындаған және т.б. жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалардың қарыздары бойынша сыйақының мөлшерлемесін ұлғайтуға тыйым салу.
|
12
|
ҚР ҚҚА Басқармасының «Банктік заем шарты бойынша өзгермелі сыйақы ставкасын есептеу, қолдану талаптарының ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы№ 216 қаулысы
|
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары - жеке тұлғалар
|
банк пен БОЖТЖАҰ үш жылда бір реттен жиі емес, бірақ шартта көрсетілген осындай ұлғайтуды шектеуден көп емес қайта қарауы мүмкін базалық көрсеткіш және пайыздық спрэд ретінде ҚР ҰБ қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесінің сомасы/айырмасы ретінде сыйақының өзгермелі мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
|
БҚШ бойынша индекстеу
|
13
|
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
34-баптың 4-тармағы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары
|
кез келген валютаның баламасына таңылып, теңгемен берілген қарыз бойынша міндеттемені және төлемдерді индекстеуге тыйым салу
|
Кепілді шығарып алу
|
14
|
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім)
|
322-баптың 3-тармағы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары
|
Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердiң орындалуы салдарынан не кепiл берушiнiң талабы бойынша кепiл тоқтатылған кезде (осы Кодекстiң 312-бабының 3-тармағы) кепiл ұстаушы өзiнде кепiлде болған мүлiктi кепiл берушiге дереу қайтаруға мiндеттi.
|
15
|
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
35-баптың 4-тармағы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары
|
егер бағалаушы айқындаған кепіл нысаналарының нарықтық құны қарыз алушы/кепіл беруші кепілдік қамтамасыз етуді азайту туралы талаппен өтініш жасаған кезде қарыз алушы міндеттемелерінің орындалмаған бөлігінің сомасынан асатын болса, банктер қарыз алушы, кепіл беруші өтініш жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарыз алушы міндеттемелерінің мөлшерінен асып кеткен бөлігінде бір немесе бірнеше кепіл нысанасының кепілі туралы шартты (шарттарды) бұзу (өзгерту) жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
|
Сақтандырушы мен бағалаушының таңдау
|
16
|
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
34-баптың 11-тармағы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары
|
қарыз алушының, кепіл берушінің сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдау құқығына шек қоюға тыйым салу
|
ҚБШ-мен қарыз алушыға өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндетін жүктеуге тыйым салу
|
Қарыздар мен депозиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі
|
17
|
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
39-баптың 7-тармағы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары/салымшылары
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ клиенттермен жасалатын шарттарда, сондай-ақ қарыздар мен салымдар (банкаралықты қоспағанда) бойынша сыйақы шамасы туралы ақпаратты таратқанда, оның ішінде оны жариялағанда дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесін (нақты құнын) (бұдан әрі – ЖТСМ) көрсетуге міндетті.
|
18
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысы
|
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары/салымшылары
|
қарыз/салым шарттарында ЖТСМ есептеу тәртібі белгіленген
|
19
|
«Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
4-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы
|
микроқаржы ұйымының (бұдан әрі – МҚҰ) қарыз алушылары
|
МҚҰ-ға қойылатын микрокредит беру туралы шарттарда ЖТСМ-ды есептеу және көрсету талаптары
|
20
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 378 қаулысы
|
|
МҚҰ-ның қарыз алушылары
|
микрокредит беру туралы шарттарда ЖТСМ-ды есептеу тәртібі белгіленген
|
21
|
«Кредиттік серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
20-1-баптың 2-тармағы статьи
|
кредиттік серіктестіктің (бұдан әрі – КС) қарыз алушылары
|
КС ЖТСМ-ды кредиттік шарттың сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері көрсетілетін тармағында көрсетеді
|
22
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 377 қаулысы
|
|
ЕДБ, БОЖТЖАҰ, МҚҰ мен КС қарыз алушылары
|
қарыздар бойынша 56% деңгейде шекті деңгей белгіленген
|
Төлеуге қабілетсіз қарыз алушылармен жұмыс істеу
|
23
|
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
36-бап
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары
|
БҚШ бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі басталған кезде банктің және БОЖТЖАҰ-ның қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген әдіспен банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді төлеу қажеттігі туралы және қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауының салдарлары туралы хабардар етуге міндетті.
|
36-баптың 2) тармақшасы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары - жеке тұлғалар
|
уәкілетті органның НҚА-да белгіленген тәртіппен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банк шоттарындағы және қарыз алушы мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылары мен әлеуметтік төлемдер түрінде алатын ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуға тыйым салу
|
24
|
ҚР ҚҚА Басқармасының «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 19 қаулысы
|
21-тармақ
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары
|
банктердің БҚШ бойынша берешекті өндіріп алу туралы хабарламада берешектің мөлшері туралы (негізгі борыш, сыйақы, комиссиялық ақы, тұрақсыздық айыбы және айыппұл санкцияларының өзге түрлерінің сомасын, сондай-ақ төлеуге жататын басқа сомаларды да көрсетумен) қысқаша ақпаратты көрсету міндеті
|
22-тармақ
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары
|
клиентке, сондай-ақ кепіл берушіге, кепілгерге, кепілдік берушіге және қарызды қамтамасыз ету шартының тарабы болып табылатын өзге тұлғаға да жергілікті уақыт бойынша сағат 21-00-ден 9-00-ге дейін банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге байланысты хабарламаларды беруге және ескертуді жүзеге асыруға (телефон шалуға) тыйым салу
|
25
|
|
24-тармақ
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ қарыз алушылары
|
егер БҚШ-та банктің БҚШ бойынша құқығын (талап ету) үшінші тұлғаларға беру құқығы (талап етуді беру) көзделген жағдайда, банк құқығын (талап етуді) берген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде ол туралы борышкерді (оның уәкілетті өкілін) тапсырылған құқықтарының (талап етудің) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялық ақының, тұрақсыздық айыбының, айыппұлдардың және мерзімі өткен және ағымдағы сомаларын және төленуі тиіс басқа сомаларының қалдықтарын және қарызды өтеу бойынша бұдан кейінгі төлемдердің мақсатын - банкке немесе құқықтары (талап ету) берілген тұлғаға екенін көрсете отырып, жазбаша хабардар ету міндеті
|
Кепіл мүлкін соттан тыс сату
|
26
|
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі
|
34-баптың 3-тармағы
|
ипотекалық қарыз алушылар
|
ерлi-зайыптылардың бiреуi ортақ мүлікке иелік ету жөнінде мәміле жасасуы үшiн екінші жұбайдың нотариатта куәландырылған келiсiмiнің болуы
|
27
|
«Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
22-бап
|
ипотекалық қарыз алушылар (кепіл берушілер)
|
кепіл мүлкін сот тәртібінен тыс сату кезінде борышкер - жеке тұлғаның және (немесе) кепiл берушiнің кепіл ұстаушыға кепіл нысанасын сатып алу бағасы кепіл ұстаушының талаптарын жабатын сатып алушының кандидатурасын ұсыну құқығы белгіленген. Бұл жағдайда кепіл ұстаушы кепіл нысанасын сатудан бас тартпауға тиіс
|
24-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы
|
ипотекалық қарыз алушылар (кепіл берушілер)
|
кепiл берушi - жеке тұлғаның тиісті жазбаша бас тартуы болғанда ипотеканы сот тәртібінен тыс сатуға тыйым салу
|
24-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы
|
МҚҰ мен КС-тің ипотекалық қарыз алушылары - жеке тұлғалар
|
микрокредит (кредит) беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын тұрғын үй және (немесе) қарыз шарты бойынша тұрғын үй орналасқан жер учаскесі түріндегі кепіл мүлкін сот тәртібінен тыс сатуға тыйым салу
|
28
|
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
6-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы
|
ипотекалық қарыз алушылар
|
кепіл мүлкін сату қажет болғанда оны міндетті тәуелсіз бағалау
|
Банктік омбудсман
|
29
|
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
40-1 - 40-4-баптар
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ-ның ипотекалық қарыз алушылары
|
ипотекалық қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша банктік омбудсманға өтініш жасау құқығы белгіленген
|
Клиенттердің өтініштерін қарау тәртібі
|
30
|
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
1-баптың 5) тармақшасы
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ-ның клиенттері
|
осы заң талаптарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша оларға тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) жеткізуге (орындауға, көрсетуге) шарт жасасқан ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын қаржы ұйымдарына қолданылуы
|
31
|
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексі
|
158-5-бап
|
ЕДБ мен БОЖТЖАҰ-ның клиенттері
|
жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша оларға тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) жеткізуге (орындауға, көрсетуге) шарт жасасқан ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын банктің және БОЖТЖАҰ-ның Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртiбi туралы заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртiбi мен мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген
|