«ҚТЖ»ҰК» АҚ клиенттері назарына ұсынамыз!



Дата23.02.2016
өлшемі48 Kb.
#10684
«ҚТЖ»ҰК» АҚ клиенттері назарына ұсынамыз!
Клиенттерге көрсетілетін қызметті жоғарылату мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ біртұтас жеке есеп шоты (бұдан әрі БЖЕШ) технологиясын қолдана отырып жүктерді тасымалдау және қосымша қызметтерді есептеуді жүргізуге көше бастады.

Есептеу процесіне қатысты жүк тасымалын есептейтін автоматты басқару жүйесіне (SAP) көшу үлкен жұмысты қажет етеді.

Жүк тасымалы және темір жол көлігінің қызметі төленіп отыратындай, барлық төлеушілерімен БЖЕШ игеру үшін есептеуді ұйымдастыру мақсатында келісімшартқа отыру жоспарлануда. Есептеуді ұйымдастыру келісімшарты барлық КЗХ жүйесі үшін үлгі болып табылады және барлық төлеушілерге қосымша ретінде жіберілетін болады.

Келісімшартта қаралғандай төлеушімен есептесу тәртібі – басқаларына үлгі болатындай Жүк және коммерциялық жұмыстар бойынша агенттің автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі ЖКЖА АЖО) бағдарламалық қамтамассыз ету талаптарын және ҚР салық кодексінің жүктерді тасымалдаумен байланысты жұмыс және қызмет салығын салу тәртібін ескере отырып жасалды.

БЖЕШ бойынша есептеу жоғары деңгейдегі жауапкершілікті және төлеушінің төлемақыны БЖЕШ дұрыстап аударып отыруын, уақытында жоспарланған жүк тасымалын және көрсетілген жұмыс көлеміне қатысты төленетін қаражатты бақылауды талап етеді. БЖЕШ қаражаттың болмауы жаңа құрылымның пайда болуын және дебиторлық қарызға қатысты қызметті ескермей - ақ, ЖКЖА АЖО түрлендiрiлген болжамдарындағы сол немесе басқада құжаттардың өнделуін болдырмайды.

БЖЕШ қолдануымен жасалған есептеуді қоса, төлеушіге еш кедергісіз ең тиімді өткiзушi ұйым – Тасымалдау құжаттарын өңдейтін техникалық орталық (бұдан әрі ТҚТех) немесе «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Тасымалдауды есептеу және процессинг дирекциясы» (ЦРасчет) анықтап тасымалдау есептеулерін және жасалған келісімшарт көлемінде барлық КЗХ жүйесінде көрсетілетін қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді (ЦРасчет).

БЖЕШ технологиясы келесі ұйымдастыру тәртібін және есептеулер жүргізілуін қарастырады:


  1. Төлеуші (жүк жөнелтуші, жүк алушы, экспедиторлық ұйым, ортақ қолданылмайтын жол иесі ) «ҚТЖ» ҰК» АҚ келісілген жалғыз келісімшарттың дербес қажет жерін (ТҚТех) есептеу ұйымымен (ары қарай мәтін бойынша – БЖЕШ келісімшартымен) байланысты анықтайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Тасымалдауды есептеу және процессинг дирекциясында» (ЦРасчет) ғана транзиттік тасымалды есептеуді ұйымдастыруға қатысты келісімшарт жасалады.

БЖЕШ жасалған келісімшарт төлеушіге көрсетілген қызметке немесе хабарламаға және т.б. байланыссыз, КЗХ аумағында қолданылатын БЖЕШ жеті сандық коды беріледі. БЖЕШ келісімшарты жасалғаннан кейін жеке шоттарды мұқият тексеру жүзеге асады. Тексеру қорытындысы бойынша қайталанған жеке шоттар жабылады.



  1. Физикалық қызмет көрсету «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалымен, құрылымдық бөлімдерімен отырғызылған сәйкесінше келісімшарттар негізінде жүргізіледі. Аталған келісімшарттардың «Есептеу тәртібі» бөлімінде келесі мазмұнды мәтін болуы тиіс : «Осы келісімшарт бойынша есептеулер «___» _____________ бастап №____-шы келісімшартымен іске асады». БЖЕШ коды – ХХХХХХХ.

  2. Жүктерді тасымалдау бойынша қызмет көрсету және көрсетілген қызметке қатысты ақша аударымы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ (ТҚТех немесе ЦРасчет) БЖЕШ келісімшартын жасасқан жаққа қарамастан, БЖЕШ коды бойынша барлық бөлімшелерімен жүзеге асады.

  3. Қаржыларды және аударымды есепке алу төлеушінің БЖЕШ жүргізіледі.

  4. Ақша аударымдары көрсетілген қызметтердің арнайы төлемдер шотына Төлеушінің төлеу амалдарымен жүзеге асады, мұнда «төлеуді тағайындау» өрісінде БЖЕШ жеті сандық код көрсетіледі. Қосымша, Төлеуші ТҚТех станциялар бойынша тасымалдау көлеміне сәйкес қаражаттың үлестірілімі туралы хабарлайды.

  5. Қызмет көрсету үшін бөлінген, Төлеушінің біртұтас жеке шотындағы қажет қаражат көлемін анықтау БЖЕШ қаражаттар қосындысынан станция резервін шегеру арқылы анықталады. БЖЕШ бойынша қарыз туындаса Төлеуші оны жоюы қажет.

  6. БЖЕШ келісімшарт орнатылған кезден бастап Төлеушіге орындалған іс-әрекет тізімі (бұдан әрі - тізім), есеп беру мерзiмі iшiнде аударылған қаражатқа қатысты счет-фактура беріліп отырады.

  7. Шығару және беру барлық қажеттi қаржылай - есеп құжаттамасын өткiзушi ұйыммен іске асады.

  8. Клиент орындалған іс-әрекет тізімін күн сайын «Жүк тасымалдайтын клиенттің жеке кабинетінен» ала алады. Төлеуші https://epay.railways.kz/LK сілтемесі арқылы өзін жеке кабинетке тіркеуі тиіс.

Сонымен қатар, есеп беру айының соңында Жеке кабинетте акт-сверкалар және счет-фактуралар қойылуы жоспарлануда.

Әр өткізуші ұйым бойынша басып шығарылған және қол қойылған счет-фактуралар Төлеушіге қалыптасқан режимде жіберіліп отырады.

БЖЕШ бойынша акт-сверкалар қалыптастырылады. Акт-сверканың «құжат №» өрісінде өткізуші ұйымның коды және тізім нөмері көрсетіледі.

Өткізуші ұйымның кодтары:

1401 –Алматы ТҚТех

1402 – Жамбыл ТҚТех

1403 – Ақтөбе ТҚТех

1404 – Павлодар ТҚТех

1405 – Қарағанды ТҚТех

1406 – Транзит (Црасчет)

Өткізуші ұйым кодынан кейін тізім нөмері көрсетіледі.

ЦРасчет бас есепшісі, меңгерушісі қол қойған және мөрмен расталған акт-сверкалар сұраным бойынша Төлеушіге беріледі.



  1. Көрсетілетін қызметке байланысты наразылық жұмысы, ақша аударымының дұрыстығына қатысты сұрақтардың қаралуы және көрсетілген қызметке қатысты төлемдердің алынуы өзгеріссіз ережеге сәйкес жүзеге асады.


«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ филиалы – «Тасымалдауды есептеу және процессинг дирекциясы».

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет