Екіншіден, жер табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған



бет1/94
Дата02.01.2022
өлшемі147.21 Kb.
#454359
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
узр все


Жер – барлық адамзат баласының өмір сүруінің негізі болып табылатын негізгі табиғи объект. 2003 жылы 20 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 12-бабы 7- тармағына сəйкес, жер – Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы жəне кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі

Біріншіден, жер құнарлыққа ие. Құнарлық табиғи жəне жасанды (экономикалық) болуы мүмкін. Табиғи құнарлық – ұзақ мерзім ішінде құнарлану процесінің нəтижесі. Бұл топырақта құнарлы заттардың болуымен жəне өсімдіктер əлемі үшін қол жетімдікпен анықталады.

Табиғи құнарлық мелиорация жəне агротехника арқылы адамның топырақтың химиялық, биологиялық жəне физикалық қасиетіне əсер етуі арқылы жасандыға ауысады.

Екіншіден, жер – табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған.

Үшіншіден, жер айырбасталмайды. Өндіріс құралдарынан айырмашылығы оның еш нəрсемен айырбасталмайтындығы.

Төртіншіден, жерді пайдалану жердің тұрақтылығымен ерекшеленеді. Жерді өзге өндіріс құралдары сияқты басқа бір жерге ауыстырып, қолдануға болмайды.



Бесіншіден, жер беті шектеулі. Жерді өзге өндіріс құралы сияқты сандық жағынан ұлғайтуға болмайды.

  • Жер-Табиғи ресурс, Кеңістіктік базисі, Өндіріс құралы, Еңбек құралы, Нарықтық қатынастар элементі (жылжымайтын мүлік

  • Жер қоры – шаруашылық жүргізу, жекеменшік иелену және пайдалану нысаны болып табылатын белгілі бір аумақтың көлеміндегі бүкіл жер.

  • Жер ресурстары – қоғамның материалдық, мәдени және басқада қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзгеде қызмет процесінде пайдаланылатын немесе пайдалануы мүмкін жер.

  • Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі. Басқару теориясын белгілі бір ереже- лерге сүйенген қисынды реттелген принциптер, әдістер және өңделген ақпарат негізінде эмпирикалық жолмен немесе бірқатар нақтылы ғылымдардан алынған басқару технологиялары жүйесі ретінде қарастыруға болады.

  • Меншік түрінің көп болған жағдайында жерді тиімді пайдалану негізі болып, жер ресурстарын мемлекеттік баскару механизмін атауға болады.

  • Жер ресурстарын басқару дегеніміз - жер қорын тиімді пайдалануға бағытгалған заңдык, ұйымдастырулық, техникалық, жоспарлы-экономикалық мемлекеттік шаралар жүйесі.





  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет