ТАҚЫРЫП: Фармацевтикалық тәжірибиеде қолданылатын консервация, стерилизация, дезинфекция, антисептика, асептика
Магистр, лектор Хандилла З.М
Консервация-бұл дайын дәрі-дәрмектердегі микроорганизмдердің тіршілік әрекетін басуға және/немесе жоюға бағытталған шаралар кешені
1.криоконсервация- төменгі температурда сақтау. Әдетте −196 °C температурада сақтайды
2. суық тізбек - қажетті температуралық режимді сақтауға мүмкіндік беретін жағдайлар жиынтығы (биологиялық субстанциялар үшін -70, сондай-ақ +2 - +8 – дайын формалар үшін).
3.лиофилизация (кептіру) - төменатмосфералық қысым мен температурада микробтық жасушалар мен жануарлар тіндерінен сұйықтықтың булануына негізделген (–50°С және одан төмен, содан кейін арнайы вакуумдық аппараттарда кристалданған суды баяу шығарады).
4.химиялық таза антисептиктер мен антибиотиктерді қосу арқылы сақтау;
5.жоғары температураны және т. б. қолдана отырып, герметикалық контейнерде консервілеу
Консервация тәсілдері:
Фармацевтикалық практикада қолданылатын негізгі консерванттар:
Фармацевтикалық практикада қолданылатын негізгі консерванттар:
альдегидтер (парентеральді және дерматологиялық дәрілерге арналған формальдегид; парентеральді дәрілерге арналған ронгалит);
гуанидин туындылары (жақпа майларға, көзге, мұрынға және құлаққа арналған хлоргексидин диацетаты; көзге және мұрынға арналған ДИГИДРОХЛОРИД);
бейорганикалық қышқылдар және олардың тұздары (көз және мұрын тамшыларына арналған бор қышқылы; парентеральді дәрілерге арналған натрий метабисульфиті, натрий сульфиті);
органикалық қышқылдар және олардың натрий тұздары (оральді ДЗ үшін бензой қышқылы; көз және мұрын тамшыларына арналған дегидроацетон қышқылы, инъекциялық ДЗ; сыртқы әсер ететін ДЗ үшін салицил қышқылы);
сынаптың органикалық қосылыстары (иммунобиологиялық препараттар, көз, мұрын, құлақ, инъекциялық дәрілер үшін мертиолат).