Экология және тұРАҚты даму



Дата30.06.2016
өлшемі359.35 Kb.
#169067


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ

5В072900 – құрылыс, 5В074500 – транспорттық құрылыс, 5В080700 – орман ресурстары мен орман шаруашылығы, 5В070200 – автоматтандыру және басқару мамандықтарының сырттай оқитын студенттеріне жұмыс бағдарламасы, бақылау жұмысына тапсырма және әдістемелік нұсқаулар

Өскемен

2013

УДК 502

Букунова А.Ш. Экология және тұрақты даму: 5В072900 – Құрылыс, 5В074500 – Транспорттық құрылыс, 5В080700 – Орман ресурстары мен орман шаруашылығы, 5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандықтарының сырттай оқитын студенттеріне жұмыс бағдарламасы, бақылау жұмысына тапсырма және әдістемелік нұсқаулар /ШҚМТУ – Өскемен, 2013. – 22 бет.



Тау – кен металлургиялық факультетінің оқу – әдістемелік кеңесінде бекітілген.

Хаттама № 2013 ж.

© Д. Серікбаев атындағы

Шығыс Қазақстан

Мемлекеттік техникалық

университеті, 2013

МАЗМҰНЫ
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері ………………………………………………….4

1.1 Пәнді оқудың мақсаты.........…………………………………………………….4

1.2 Пәнді оқудың міндеті..............…………………………………………………..4
2 Жалпы әдістемелік нұсқаулар..…………………………………………………...4
3 Жұмыс бағдарламасы……………………………………………………………...4

3.1 Кіріспе...............................................................................………………………..4

3.2 Ағзалар мен орта қарым-қатынасының заңдылықтары..……………………...5

3.3 Популяциялар мен бірлестіктер экологиясы. Биогеоценоз,

экология, экожүйе.................................................................................................5

3.4 В.И. Вернадскийдің биосфера және биосфералық-ноосфералық

концепсиясы...........................................................................................………...5

3.5 Өркениет мәселелері және ғаламдық экологиялық мәселелер............……….6

3.6 Қоршаған орта және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану....……………..6

3.7 Су қорларын қорғау...............................................………………………………6

3.8 Атмосфералық ауаны қорғау....................………………………………………6

3.9 Жер ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану ……………..…………….7

3.10 Мониторингті ұйымдастыру және қоршаған орта жағдайын қадағалау …..7

3.11 Көліктік экология.. …………………………………………………………….7

3.12 Радиациялық экология................................................................………………7

3.13 Энергетика және қоршаған орта ……………………………………………...7

3.14 Әлеуметтік – экономикалық дағдарыс және тұрақты даму........................…7

3.15 Экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық негіздері..............................................8


4 Лекциялар мен тәжірибелік дәрістер тақырыптары, олардың мазмұны,

сағат көлемі және өздік жұмыс...........................................………………………8

4.1 Сессия уақытындағы лекциялар..………………………………………………8

4.2 Тәжірибелік сабақтар.…………………………………………………………...8

4.3 Өздік жұмыс....................………………………………………………………...8
5 Бақылау жұмысы....………………………………………………………………..9

5.1 Бақылау жұмысына тапсырма және әдістемелік нұсқаулар ...................…….9

5.2 Бақылау жұмысының есептері...………………………………………………10

5.2.1 1а,1б есептері..………………………………………………………………..10

5.2.2 2а,2б есептері..………………………………………………………………..15

5.3 Бақылау жұмысының сұрақтары...…………………………………………….19


Әдебиеттер.............…………………………………………………………………22

1 ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


1.1 «Экология» пәнін оқудың мақсаты

  • тірі ағзалар мен олардың тіршілік ететін орталарының арасындағы ара қатынастың ортақ заңдылықтарын ашу;

  • антропогендік әрекеттің табиғатқа кері әсерін азайтудағы тәжірибелік тапсырмаларды шешу үшін адам мен қоршаған орта ара қатынасының негізгі заңдылықтарын зерттеу

1.2 Пәнді оқудағы міндет - болашақ маманды үйрету:



  • қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің мәселелерін талдау;

  • экологиялық қауіпсіздік мәселелерінде шаруашылық жұмысты болжау;

  • қоршаған ортаға шаруашылықтың әсерін бағалау;

  • қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану элементтері бойынша нақты мақсаттарды қарастыру.

2 ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


Студенттердің өз бетімен курспен жұмыс істеуі ұсынылған оқу әдебиетін жүйелі меңгеру, тәжірибелік жұмыстардың есебі мен амалдарды және бақылау тапсырмасын орындауға негізделген. Курстың тақырыптарын келесі ретпен оқу ұсынылады: оқылатын тақырыпқа байланысты әдебиеттегі деректі зейінмен оқып шығып, оқылған деректі қысқаша баяндамалау.

Курстағы материалмен танысқаннан кейін студент бақылау тапсырмасының сынақ кітапшасының соңғы екі санына сай келетін нұсқасын орындап, тексеруге жіберуі керек. Бақылау тапсырмасынан жақсы баға алған жағдайда студент тәжірибелік сабақ пен сынаққа жіберіледі. Оқу жылы бойы және емтихандық сессия кезінде курстың негізгі тараулары бойынша шолу лекциялары оқылады. Сол уақытта топтық және жекелеген сабақтар, қосымша және тәжірибелік жұмыстар орындалады.

Бақылау тапсырмасы орындалып, қорғалса, тәжірибелік сабақта қарастырылған тапсырма орындалған жағдайда ғана емтихан алынады. Емтиханда студенттерге жұмыстық бағдарламаға сай келетін, оқылған тақырыптар көлемінде ғана талаптар қойылады.
3 ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
3.1 Кіріспе
«Экология» пәні, анықтамасы, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Экологияның дамуының қысқаша тарихы. Экология бөлімдері: аутэкология, синэкология, демэкология. Экология пәнінің қазіргі таңдағы жіктелуі. Экология тарихындағы К. Рулье, Ч. Дарвин, Э. Геккель жұмыстарының маңызы. Ғалымдардың биоценоз, экожүйе, сукцессия және биосфера туралы ілімдердің қалыптасуына қосқан үлесі. Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесі. Қазіргі заманғы экологияның міндеттері. Қазіргі экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі экологияның орны мен рөлі.
3.2 Ағзалар мен орта қарым-қатынасының заңдылықтары
«Орта» концепциясы және оның ағзалармен байланысы. Анықтамасы, жіктелуі. «Экологиялық фактор» түсінігі. Экологиялық фактор әсерінің принципі. Ағзалардың экологиялық факторлар әсеріне кеңістікте және уақытта жауабы. Экологиялық факторлардың жіктелуі.

Экологиялық факторлардың ағзаларға әсерінің деңгейі: экожүйелердің түрлік, популяциялық деңгейі. Бейімделу. Экологиялық факторлардың қарым-қатынасы. Шектеуші факторлар, анықтамасы және жіктелуі, Ю. Либих заңы, В. Шелфордтың толеранттық заңы.

Экотоп, экотип, биотоп, экологиялық мекен орны. Анықтамасы және қысқаша сипаттамасы.

Қоршаған орта факторларының биологиялық алуан түрлілікке әсері. Климаттық аймақтар және биологиялық алуан түрлілік.


3.3 Популяциялар мен бірлестіктер экологиясы. Биогеоценоз, экология, экожүйе
3.3.1 Популяция ұғымы, негізгі қасиеттері: тығыздық, туылу, өлім. Популяция құрылымы және типтері. Топ эффектісі, түрішілік бәсекелестік.

Популяциялар қарым-қатынасы. «Бірлестік» түсінігі. Биоценоз. Қоректік байланыстар (продуценттер, консументтер, редуценттер). Түр аралық байланыстар мен олардың жіктелуі (бәсекелестік, комменсализм, амменсализм және т.б.).

3.3.2 Экожүйенің құрылымдық ұйымдастырылуы және жіктелуі. Экожүйе түсінігі, ондағы энергияның алмасуы. Биогеоценоз ұғымы. Экожүйенің қоректік құрылымы, уақыт бойынша дамуы (сукцессиялар, климакс концепсиясы). Жер бетінің және су экожүйелері.
3.4 В.И. Вернадскийдің биосфера және биосфералық-ноосфералық концепсиясы
«Биосфера» түсінігінің тарихы. В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі. Биосфераның құрылымы және аймақтарға бөлінуі. Биосфераның маңызды қасиеттері. Ағзалардың биосферадағы рөлі. Негізгі химиялық элементтердің биогеохимиялық айналымы: су, көміртегі, азот, оттегі, фосфор.

Биотехносфера және ноосфера. Адамның биосфераға әсері. Қоршаған ортаның өзгеруінің тенденциясы, биотехносфера ресурстары. Биосферадағы адам. Адамның қоршаған ортаға әсері. Қоршаған ортаның антропогендік ластануы және оның экологиялық мағынасы.


3.5 Өркениет мәселелері және ғаламдық экологиялық мәселелер
Экологиялық дағдарыстар. Ғылыми – техникалық прогресс және ғаламдық экологиялық мәселелер. «Парник эффектісінің» пайда болуының, қышқылды жаңбырлар және озон қабатының жұқаруының себептері.

Ядролық апаттар қауіптілігі. Осы мәселелерден туындаған процесстердің алдын алуға бағытталған шаралар. Табиғи экожүйелерді және биологиялық алуан түрлілікті сақтау.


3.6 Қоршаған орта және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Табиғи ресурстар және олардың маңызы. Табиғи қорлардың жіктелуі. Табиғи қорлар және олардың қоғамның қажеттілігіне байланысты ұтымды пайдаланудың шегі. Табиғи потенциал. Қазіргі таңда Қазақстан мен шетелдерде қоршаған ортаны қорғау жұмыстары және табиғи қорларды ұтымды пайдалану шараларының жаңа деңгейлері. Қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру және басқару принциптері.
3.7 Су қорларын қорғау
Су қорлары, маңызы. Су және өндіріс орны, сумен жабдықтау және суды тұтыну, жіктелуі, түрлері. Судың ластану көздері мен себептері. Зиянды заттардың су қоймаларындағы шектік рұқсат концентрациясы. Өнеркәсіптік және тұрмыстық ағызынды сулардың сипаттамасы және жіктелуі. Олардың қоршаған ортаға, адамға әсері және тасталатын ағызынды суларға қойылатын талаптар, тазарту әдістері. Жер асты сулары, маңызы және оларды қорғау. Суларды ластанудан және су қорларын сарқылудан сақтау шаралары. Суды тазарту әдістері.
3.8 Атмосфералық ауаны қорғау
Атмосфераның газдық құрамы. Ауаның ластану көздері және олардың табиғи қоршаған ортаға әсері. Әртүрлі көздерден шыққан шығарылымдардың жіктелуі мен сипаттамасы. Қоршаған орта сапасының нормативтері, олардың жіктелуі. Ластағыш заттардың атмосферадағы шектік рұқсат концентрациясы (ШРК), шектік рұқсат шығарылымдар (ШРШ). Өндіріс орнының санитарлық қорғау аймағы (СҚА). Шығарылымдарды шаң мен зиянды газдардан тазартру әдістері. Тазалағыш қондырғылар түрлері, сипаттамасы мен тиімділігі. Атмосфера ауасын қорғаудың құқықтық негіздері. Атмосфераның ластануының зиянды әсері, ғаламдық салдары.


3.9 Жер ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану
Қазақстан Республикасындағы жер ресурстарының экологиялық жағдайы. Жер ресурстарының сарқылуы мен ластануының көздері және себептері. Жерлерді қорғауға бағытталған іс шаралар. Жерлерді қайта қалпына келтіру және оның әдістері. Топырақ эрозиясы. Тұрмыстық және өндірістік қалдықтар. Қалдықтарды көму және жою.
3.10 Мониторингті ұйымдастыру және қоршаған орта жағдайын қадағалау
Мониторинг анықтамасы, міндеттері. Мониторингтің барлық түрлерін ұйымдастырудың негізгі жолдары мен принциптері (ғаламдық, аймақтық, фондық, табиғи – шаруашылықтық, биоэкологиялық, геоэкологиялық, санитарлық - гигиеналық). Табиғи ресурстарды ақпараттық бақылаудың кадастрлік жүйесі. Табиғи орта жағдайын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі.
3.11 Көліктік экология
Жалпы түсінік, міндеті мен мазмұны. Көліктік қызметтің мәні. Экологияның көлікке қатысты жаңа мәселелері. Өндірістік және көліктік объектілердің қысқаша сипаттамасы.

3.12 Радиациялық экология
Тұрғындардың сәуле алуының негізгі көздері мен салдары. Құрылыс материалдарындағы табиғи радионуклидтер құрамы және бөлмелердегі радиациялық фон. Тұрғын бөлмелердегі радиациялық фрнды төмендету әдістері мен құралдары. Радиобелсенділікті өлшеуге арналған әдістемелер мен аспаптар.
3.13 Энергетика және қоршаған орта
Жылу энергетикасы. Гидроэнергетика. Атомдық энергетика. Жылу энергетикалық қорларын және альтернативті энергия көздерін ұтымды пайдалану.
3.14 Әлеуметтік – экономикалық дағдарыс және тұрақты даму
Экономика дамуының техногендік типі және экологиялық шиеленістің артуы. Қоршаған ортаны қорғау концепциясы. Тұрақты экономикалық даму, анықтамасы мен мүмкіндіктері. БҰҰ – ның Қоршаған орта бағдарламасы. Қазақстан Республикасында тұрақты дамуды жоспарлау. Өндіріс орындарының шығарылымдары мен тастандыларын төмендету бағыттары, жаңа энергия көздерін енгізу, өндірістің аз және қалдықсыз технологияларын дайындау.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық байланыстар (конвенциялар, келісімдер, келісім шарттар). Қазақстанның халықаралық ұйымдармен байланысы.


3.15 Экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық аспектілері. Экологиялық құқықтың көзі – Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Экологиялық заң шығару жүйесі, көздері және жіктелуі. Экологиялық кодекс, атмосфера ауасын қорғау туралы заң, экологиялық сараптама туралы заң, су кодексі, жер кодексі. Президенттің заң күші бар жарлықтары: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Мұнай туралы».


4 ЛЕКЦИЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІСТЕР ТАҚЫРЫПТАРЫ,

ОЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ, САҒАТТЫҚ КӨЛЕМІ ЖӘНЕ ӨЗДІК ЖҰМЫС


4.1 Сессия уақытындағы лекциялар
4.2.1 Қоршаған орта элементтерінің ластануын бақылау әдістері (2 сағат).

4.2.2 Экономикалық шығынды болжау және сандық бағалауы (2 сағат).

4.2.3 Қоршаған ортаны қорғау шараларының экономикалық тиімділігі (2 сағат).

4.2.4 Табиғи қорларды пайдаланудың төлем ақысы (2 сағат).


4.3 Тәжірибелік сабақтар

4.3.1. Зиянды заттың жекеленген көзден таралу есебі (2 сағат).
4.3.2. Санитарлық қорғау аймағына дейінгі қашықтықты есептеу (2 сағат).

4.3.3 Жер беті суларының жылумен ластануының төлем ақысын анықтау (2 сағат).
4.4 Өздік жұмыс
Студент оқу уақытында өз бетінше жұмыс бағдарламасында көрсетілген оқу материалын меңгеруі және бақылау жұмысын орындауы қажет. Оқу барысында ұсынылған әдебиетпен немесе берілген сұрақтар қарастырылған басқа кітаптарды қолдануға болады. Шетел не ТМД – да шығарылған әдебиеттерді қолдану студенттің экология аймағындағы білімін көп мөлшерде байытады.

5 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ


5.1. Бақылау жұмысын орындауға тапсырма және әдістемелік нұсқаулар
Сырттай оқитын студент бақылау жұмысын орындағанда үш сұраққа жауап беріп және екі есеп шығаруы керек. Бақылау жұмысының нұсқасы төменде көрсетілген 1 кесте бойынша студенттің сынақ кітапшасының соңғы екі санмен байланысты анықталып орындалады.

Пайдаланған әдебиеттер көрсетіліп, барлық жауаптар жеткілікті толық болуы қажет. Анықтама (энциклопедия) көлеміндегі бірыңғай жауаптар есептелмейді.

Бақылау жұмысы анық және айқын сиямен жазылуы тиіс. Эскиз сызбалары қарындашпен орындалады. Сұраққа жауаптар эскиздерді көрсету, техникалық сызу және сурет ережелеріне сәйкес орындалады. Кітаптардан, журналдардан, басқа да әдебиет көздерінен қиып алған кесінділер есепке алынбайды және жұмысты аяғына дейін орындау үшін кері қайтарылады.

Студент бақылау жұмысының соңында пайдаланған әдебиеттерді көрсетеді, шифрын, күнін, қолын қояды.


Кесте 1 – Есептер мен сұрақтар нөмірлері


Сынақ кітапшасы нөмірінің соңғы саны

Сынақ кітапшасы нөмірінің соңғысының алдындағы саны

1; 8

2; 6

3; 7

0; 4

5; 9

сұрақ нөмірлері

1

1,26,51

2,28,52

3,46,53

4,47,15

5,48,70

2

6,27,42

7,30,21

8,44,67

9,45,54

10,49,3

3

11,29,47

12,31,43

13,39,23

14,40,24

15,43,55

4

16,32,48

17,33,61

18,36,44

19,38,52

20,42,62

5

21,34,56

22,11,51

23,35,49

24,37,45

25,41,2

6

26,9,49

27,10,48

28,19,66

29,20,50

30,25,46

7

31,7,50

32,8,57

33,17,5

34,18,58

35,24,51

8

36,5,59

37,6,64

38,15,52

39,16,63

40,23,31

9

41,3,60

42,4,13

43,6,69

44,14,59

45,22,65

0

46,1,68

47,2,30

48,11,7

49,12,3

50,21,60

тапсырмалар нөмірлері




1а, 2а

1б, 2б

1а, 2б

1б, 2а

1а, 2а

Толық орындалған жұмыс тексерілгеннен кейін «Қорғауға» не «Толықтыруға» деген жазбалардың бірімен қайтарылады. Әр студент қорғауға арналған бақылау жұмысын өзі емтихандық сессия уақытында қорғайды. Сынақтан өткен бақылау жұмысы студентке қайтарылмайды.



5.2 Бақылау жұмысына арналған тапсырмалар
5.2.1. Тапсырма 1а,1б

Жекеленген көзден шыққан зиянды заттардың ең көп концентрациясын анықтау. Шығарылым нормативінің түрін белгілеу: шекті рұқсат (ШРШ) немесе уақытша келісілген шығарылым (УКШ).

Нұсқаны сынақ кітапшасының соңғы санымен қабылдаңыз.

Тапсырманы орындау үшін кестеде келтірілген және барлық нұсқаға ортақ мәндерді қолданыңыз:

Ауа температурасы Та= 24,6 °C (сағат 13-тегі ең ыстық айдағы ауаның орташа температурасы)

Жер бедерінің коэффициенті η =1 (барлық нұсқаларға – жергілік біркелкі деп қабылданады)

Қалдық түрі – газ тәрізді зиянды зат (газдардың аттары шартты түрде көрсетілмеген, олардың тек ШРК – сының мәні берілген (мг/м3 ).

F=1 – атмосферадағы зиянды заттардың тұну жылдамдығын көрсететін өлшеусіз коэфициент (газдар үшін).



Кесте 2 – 1а тапсырмасын орындау үшін есептің берілгендері


Берілгендер

Нұсқалар нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

Н, м

10

15

20

25

40

40

45

50

55

60

Д, м

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

М, г/с

0,2

0,6

0,55

0,6

30

30

20

25

4

2,9

Тг, С

50

60

70

80

100

100

90

80

80

75

ШРК, мг/м3

0,2

0,6

0,1

0,2

1,5

3,0

5,0

5,0

1,0

0,005

Сф,мг/м3

0,05

0,15

0,02

0,05

0,5

0,8

0,9

0,9

0,2

0,01

0, м/c

1,0

1,0

1,0

1,0

0,7

0,7

0,7

0,5

0,5

0,5

Кесте 3 – 1б тапсырмасын орындау үшін есептің берілгендері




Берілгендер

Нұсқалар нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

Н, м

70

75

80

85

90

95

100

10

20

30

Д, м

0,5

0,5

0,5

0,5

0,4

0,4

0,4

0,4

0,3

0,3

М, г/с

0,28

10

2,5

1,5

1,0

0,95

0,8

0,08

0,07

0,5

Тг, С

75

75

75

80

85

95

100

25

26

27

ШРК, мг/м3

0,01

0,2

0,05

0,03

0,05

0,008

0,085

0,01

200

60

Сф, мг/м3

0,005

0,05

0,01

0,01

0,01

0,002

0,03

0,005

50

20

0, м/c

0,7

0,7

0,7

0,7

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

5.2.1.1 Есептеу тәртібі

1) Көздің түрін анықтайтын (суытылған не қыздырылған) f коэффициенті анықталады

f < 100 болғанда көз қыздырылған болып саналады,

f > 100 болғанда – суытылған көз.

, (1)
мұндағы - құбыр аузынан газдың шығу жылдамдығы, м/c;

D – құбыр диаметрі, м;

Н – құбыр биіктігі, м;

Т – шығарылатын газдар мен ауа температураларының айырмасы, 0С.


∆Т = ТГ – ТА (2)

мұндағы ТГгаз температурасы, 0С;

ТА – ауа температурасы, 0С.

Ауа температурасына ең ыстық айдың орташа максималдық ауа температурасы қабылданады. Бұл температураның мәні СНИП 2.01.01-82 “Строительная климатология и геофизика” әдебиетінен алынады.


2) Vm, Vm1 коэффициенттері келесі өрнектермен анықталады:

қыздырылған көздер үшін:


(3)
суытылған көздер үшін:
, (4)
мұндағы V1 – көзден (құбырдан) шығатын газдардың көлемдік жылдамдығы,

м3/c.


Егер құбыр аузы дөңгелек болса, онда көлемдік жылдамдық былай анықталады:
(5)
3) fe коэффициентін анықтаймыз:
(6)
4) Өлшеусіз m коэффициентін анықтаймыз:
, (7)

(8)
мұнда болғанда m коэффициенті (7), (8) өрнек бойынша жағдайда анықталады.
5) Өлшеусіз n коэффициенті келесі шарттармен анықталады:
, (9)

, (10)

болғанда n = 1 (11)
6) Шығарылым түріне байланысты (қыздырылған не суытылған) жерге жақын қабаттағы максималдық шоғырлануы келесі өрнектермен анықталады:

болғанда не , :
(12)
болғанда:
, (13)
мұндағы А – атмосфераның температуралық стратификациясына байланысты коэффициент (Қазақстан үшін А = 200);

М – зиянды заттың массалық шығарылым мәні, г/с;

F – өлшеусіз коэффициент, газдар мен ұсақ дисперсті аэрозольдар үшін мәні F = 1, орташа дисперсті аэрозольдар үшін F = 2-3;

– жер бедерінің коэффициенті, біркелкі жергілік үшін 1-ге тең деп қабылданады;

V1 – шығарылу көзінен шыққан газдың көлемдік жылдамдығы, м3/с;

К – келесі өрнекпен анықталатын коэффициент:
(14)
7) Фондық шоғырлануды есепке ала отырып жерге жақын қабаттағы максималдық щоғырлануды табамыз:
, (15)
мұндағы Сф – фондық шоғырлану, мг/м3.
8) Анықталған зиянды заттың максималдық шоғырлануы рұқсат етілген концентрация мәнімен салыстырылып, берілген заттың шығарылымы нормативтің қай түріне (ШРШ не УКШ) жататыны туралы қорытынды жасалады. Сm > ШРК болса, шығарылым рұқсат етілмеген болып саналады да УКШ нормативіне жатқызылады. Сm < ШРК жерге жақын қабаттағы максималдық шоғырлану келісілген болып саналады да шығарылым ШРШ – ға жатады.
9) Егер шығаралым УКШ нормативіне жатса, онда шекті рұқсат етілген шығарылым мәні төмендегі өрнектермен анықталады:

болғанда:

(16)
f < 100 болғанда:

(17)
5.2.1.2 Есептеу мысалы

Ацетонның жерге жақын қабаттағы максималдық шоғырлануын есептеп, шығарылым нормативінің түрін анықтаңыз.

Зиянды затты шығару көзінің сипаттамасы:

құбыр биіктігі Н = 30 м;

құбыр диаметрі Д = 1 м;

шығарылатын газдар температурасы Тг = 900С;

газдың құбырдан шығу жылдамдығы 0 = 0,7 м/с.

Зиянды заттың сипаттамасы:

массалық шығарылым М = 0,3 г/с;

ШРК = 0,35 мг/м3;

жерге жақын қабаттағы фондық шоғырлану Сф = 0,1 мг/м3;

F коэффициенті газдар үшін 1 –ге тең деп қабылданады.

Жер бедерінің коэффициентін 1 – ге тең деп, Өскеменде шілде айының ең жоғарғы орташа температурасы 24,60С, Қазақстан үшін атмосфераның стратификациялық дәрежесін сипаттайтын коэффициент А = 200.

1) (1) бойынша f коэффициентін анықтаймыз:


= 0,0083
f < 100,болғандықтан көз қыздырылған болады.
2) Шығатын газдардың көлемдік жылдамдығын V1 (5) өрнекпен анықтаймыз:
= 0,549 м3
Vm параметрі (3) өрнекпен анықталады:
= 0,65 = 0,69
3) m коэффициентін анықтаймыз. f – тің fe – ден кіші екені белгілі болғандықтан (7) коэффициент өрнекпен анықталады:
= = 1,337
4) 0,5 Vm 2 болғандықтан , (10) өрнекпен n коэффициентін анықтаймыз:
0,532∙0,692 – 2,13∙0,69 + 3,13 = 1,914
5) f < 100 болғандықтан ацетонның жерге жақын қабаттағы максималдық шоғырлануын (13) өрнекпен анықтаймыз:
= 0,052 мг/м3
6) Фондық шоғырлануды есепке ала отырып ацетонның жерге жақын қабаттағы максималдық шрғырлануын (16) өрнекпен анықтаймыз:
= 0,052+ 0,1 = 0,152 мг/м3
7) Қорытынды: ацетонның фондықты есепке алғандағы жерге жақын қабаттағы максималдық шоғырлануы, 0,152 мг/м3, 0,35 мг/м3 – тең шекті рұқсат етілген шоғырланудан кіші болғандықтан берілген шығарылымды ШРШ – ға жатқызуға болады.

5.2.2 2а, 2б есептері

Автомобиль кәсіпорнының жылдық шығарылымынан келетін шығынның экономикалық бағалауын жүргізу.

Нұсқаны сынақ кітапшасы нөмірінің соңғы санымен қабылдаңыз.


Кесте 4 – 2а есебінің берілгендері


Нұсқа №


Автомобильдер саны

Аймақтар түрі



Жылдық жүріс мың.км.

Бензинді

Дизель

Бензинді

Дизель

1

2

3

4

5

6

1

20

40

қорық

35

12

2

40

30

өндірістік кәсіпорын айм.

70,3

98,4

3

32

24

өндірістік кәсіпорын айм.

30,8

70,4

4

60

15

жайылым

22,5

35,5

5

17

19

өндірістік кәсіпорын айм.

83

49

6

12

10

өндірістік кәсіпорын айм.

14

20

7

18

22

егістік

30,6

50,8

8

24

32

өндірістік кәсіпорын айм.

17

33

9

15

39

өндірістік кәсіпорын айм.

49

26

10

30

42

шабындықтар

40

18

Кесте 5 – 2б есебінің берілгендері


Нұсқа №


Автомобильдер саны

Аймақтар түрі



Жылдық жүріс мың.км.

Бензинді

Дизель

Бензинді

Дизель

1

2

3

4

5

6

1

15

40

қорықтар

10

7

2

22

35

өндірістік кәсіпорын айм.

78

84

3

17

25

өндірістік кәсіпорын айм.

34

43

4

55

20

жайылымды аймақтар

18

24

5

25

15

өндірістік кәсіпорын айм.

33

40

6

8

19

өндірістік кәсіпорын айм.

28,4

38

7

15

23

өндірістік кәсіпорын айм.

17,4

40,4

8

12

8

егістіктер

40,2

30,2

9

24

35

өндірістік кәсіпорын айм.

45

25

10

32

28

шабындықтар

37

19

5.2.2.1 Есептеу тәртібі

1) Кәсіпорынның автомобильді көліктерінің жылдық шығарылымынан келетін шығын мына өрнекпен анықталады:
(1),
мұндағы У – шығын, теңге/жыл;

– көбейткіш, сандық мәні 2,4 тенге/шарт. жыл;

σ – мәні 6 кестемен анықталатын шама;

f – коэффициент, АТС үшін мәні 10-ға тең;

М – пкөзден шыққан ластанулардың жылдық шығарылымның келтірілген массасы, шамасын (2) өрнекпен анықтайды


2) Жылдық шығарылымның келтірілген массасын анықтау:
(2),
мұндағы М­­i – атмосфераға шығарылатын i – ші түрлі қоспаның жылдық

шығарылым массасы, т/жыл;

Аi – қоспаның i-ші затының салыстырмалы агрессивтілік көрсеткіші

шартты түрде т/т (7 кесте);

N – атмосфераға шығарылатын қоспалардың жалпы саны;

Мi – автокөлікті пайдалану кезіндегі зиянды қоспаның i-ші түрінің жылдық

шығарылым массасы (3) өрнекпен анықталады:
3) Зиянды қоспаның i-ші түрінің жылдық шығарылым массасын анықтау:
Mi = Mi мен * Lжыл * К1 * К2 * К3 * 10-6 (3),
мұндағы Мi уд – автомобильдің 1 км жүрісінен i-ші түрлі қоспаларының

меншікті шығарылымы (8 кесте);

К1, К2, К3 – сәйкесінше автомобиль паркінің орташа жасының, техникалық

күйі деңгейінің, табиғи – климаттық жағдайлардың әсер ету

коэффициенттері 9 кестеде көрсетілген;

Lжыл – автомобильдің жылдық жүрісі, км (4 өрнек бойынша анықталады).


4) Автомобильдердің жылдық жүрісі мына өрнекпен анықталады:
Lжыл = Li  n, (4)
мұндағы Li – бір автомобильдің жылдық жүрісі, км;

n – автомобильдер саны, шт.


5) Суарылатын егіндік жерлер, бақтар, жүзімдіктер, шабындықтар үшін 6 кестеде көрсетілген мәндерді 2 – ге көбейту керек.
Кесте 6 – Ластанулар түрлерінің мәні


Ластанулар түрі

мәні

Курорттар, санаторийлер, қорықтар, бақтар

10

Қала маңындағы демалыс аймақтары, бақтар

8

Елді мекендер

4

Өндірістік кәсіпорындар

0,2

Егістіктер

0,25

Бақтар, жүзімдіктер

0,5

Жайылымдар, егістіктер

0,05

Кесте 7 – Атмосфераға шығарылатын СО, NOх, СН үшін Аi шамасының мәні (шартты т/жыл)




Көмір қышқыл газы, СО

1

Азот қышқылы, NOx

41,1

Көмірсутектері, СН

1,5

Кесте 8 – 1 км жүрістегі СО, NOх, СН қышқылдары шығарылымы, граммен

i мен)


Автомобильдер топтары

СО

СН

NOx

Бензинді двигательдермен (жүк, арнаулы)

1,5

13,3

8

Дизельді двигательдермен (жүк, арнаулы)

15

6,4

8,5

Кесте 9 – К1, К2, К3 әсер ету коэффициенттерінің мәні




Автомобильдер топтары

Шығарылым

К1

К2

К3

Бензинді двигательмен жүк және арнаулы

СО

СН

NOx



1,38

1,2


1,0

1,69

1,86


0,8

1

1

1



Дизельді двигательмен жүк және арнаулы

СО

СН

NOx



1,0

1,0


1,0

1,8

1,0


1,0

1

1

1



5.2.2.2 Есептеу мысалы

Автокөліктер шығарылымынан келетін жылдық экономикалық шығынды есептек керек, егер курорт аймағы бойынша карбюраторлы автокөлік құралдарының жылдық жүрісі 22 мың км, дизельдік автокөліктердікі – 13,4 мың км екені белгілі болса. Бензинді двигательмен жүретін автомобильдер саны – 15, дизельді двигательмен – 10.

1) Бензинді двигательмен жүретін автомобильдердің жылдық жүрісін 4 өрнекпен табамыз:

L= 22000  15 = 330000 км

2) Дизельді двигательмен жүретін автомобильдердің жылдық жүрісін 4 өрнекпен анықтаймыз:

L = 13400  10 = 134000 км

3) Бензинді двигательдер үшін 3 өрнекпен жылдық шығарылым массасын анықтаймыз:
МСО = 1,5  330000  1,38  1,69  1,2  10-6 = 1,39 т/жыл

МСН = 13,3  330000 1,2  1,86  1,2 10-6 = 11,76 т/жыл

МNОх =8  330000  1  0,8  1,2  10-6 = 2,53 т/жыл
4) Дизельді двигательдер үшін 3 өрнекпен жылдық шығарылымның массасын анықтаймыз:
МСО = 15  134000  1  1,8  1,2  10-6 = 4,34 т/жыл

МСН = 6,4  134000 1  1  1,2 10-6 = 1,03 т/жыл

МNОх =8,5  134000  1  1  1,2  10-6 = 1,37 т/жыл
5) Автокөліктен болатын атмосфераны ластаушы заттардың жылдық шығарылымының келтірілген массасын 2 өрнек бойынша анықтаймыз:
М = (1,39 + 4,34) 1 + (11,76 + 1,03) 1,5 + (2,53 + 1,37)  41,1 =

= 5,73 + 19,18 + 160,29 = 185,2 т/жыл


6) 1 өрнек бойынша экономикалық шығынды анықтаймыз:
У = 2,4  10  10  185,2 = 44448 тенге
7) Қорытынды: автокөліктен шығатын атмосфераны ластаушы заттардың жылдық экономикалық шығыны 44448 теңгені құрайды.

5.3 Бақылау жұмысына арналған сұрақтар
1 Қалпына келетін және қалпына келмейтін табиғи ресурстар туралы түсінік

2 Биотикалық және абиотикалық мекен ету орталары туралы түсінік. Тірі ағзаларға абиотикалық фактордың әсер етуі.

3 Аутоэкология туралы түсінік (жеке ағзалар экологиясы).

4 Демэкология туралы түсінік (популяциялар экологиясы).

5 Синэкология туралы түсінік (бірлестіктер экологиясы).

6 В.И.Вернадскийдің биосфера жайлы оқытуы.

7 Биосфераның қазіргі кездегі экологиялық күйі.

8 Экожүйе туралы түсінік.

9 Адамның өндірістік әрекетінің (абиотикалық фактор ретінде) биосфераға әсері.

10 Ғылыми – техникалық прогресс және биосфера болашағы.

11 Атмосфераның өнеркәсіптік ластануының салдары.

12 Гидросфераның өнеркәсіптік ластануының салдары.

13 Литосфераның өнеркәсіптік ластануының салдары.

14 Атмосфераның өндірістік кәсіпорындар шығарылымымен ластануы.

15 Атмосфераның энергетикалық қондырғылар шығарылымымен ластануы.

16 Түсті металлургия кәсіпорындарының ағын суларының құрамы.

17 Өндірістік кәсіпорындар қалдықтарымен литосфераның ластануы.

18 Өндірістік кәсіпорындар шулары көздерінің сипаттамасы.

19 Өндірістік кәсіпорындар дірілдері көздерінің сипаттамасы.

20 Электрлі магнитті өрістер көздерінің сипаттамасы.

21 Иондалған сәулелер көздерінің сипаттамасы.

22 Қалдықсыз және аз қалдықсыз технологиялар.

23 Өндіріс қалдықтарын екінші рет пайдалану.

24 Қоршаған ортаның өндірістік ластануының экономикалық шығыны.

25 Шаңдалған ауаны циклондарда тазалау. Жұмыс істеу шартының сипаттамасы. Жетістіктері мен кемшілігі.

26 Ротациялық шаң ұстағыштар. Құрылғысының ерекшеліктері. Жетістігі мен кемшілігі

27 Құйынды шаң ұстағыштар. Құрылғысының ерекшеліктері. Жұмыс істеу принципі.

28 Ылғалды шаң ұстағыштар. Жұмыс істеу шартының сипаттамасы (мысалға Вентури құбыры мен форсункалы скрубберлер туралы).

29 Ылғалды шаң ұстағыштар. Жұмыс істеу шартының сипаттамасы (мысалға ылғалды қабықты циклондар мен барботажды скрубберлер туралы).

30 Электрлі сүзгілер көмегімен шаңдалған ауаны тазалау. Қызметінің принципі. 31 Шаңдалған ауаны сүзгілерде тазалау. Жетістігі мен кемшілігі.

32 Шаңдалған ауаны жеңді сүзгілерде тазалау, жетістігі мен кемшілігі.

33 Ауаны тұман ұстағыштарда тазалау. Қызметінің принципі, жетістігі мен кемшілігі.

34 Ауаны газ тәрізді күйдегі зиянды заттардан абсорбция әдісімен тазалау. Жұмысының принципі. Жетістігі мен кемшілігі.

35 Ауаны газ тәрізді күйдегі зиянды заттардан хемосорбция әдісімен тазалау.

36 Ауаны газ тәрізді күйдегі зиянды заттардан адсорбция әдісімен тазалау. Жұмысының принципі. Жетістігі мен кемшілігі.

37 Газды ауалы ағынды зиянды заттардан каталитикалық әдіспен тазалау.

38 Өндірістік кәсіпорындар шығарылымдарындағы зиянды қоспаларды жылулық әдісімен бейтараптау.

39 Атмосферада өндірістік кәсіпорындар шығарылымының таралуы. Фондық және шекті рұқсат етілген концентрацияла (шоғырлану). Атмосфераға шығарылымдардың нормалары.

40 Санитарлық қорғау аймағы – атмосфераға өндірістік кәсіпорындар шығарылымынан қорғау элементі ретінде. Санитарлық қорғау аймағына қойылатын жоспарлық талаптар.

41 Атмосфералық ауадағы газ және бу тәрізді қоспалардың шоғырлануын бақылау әдістері мен сипаттамалары.

42 Лас суларды керегелер мен құм ұстағыштарда механикалық тазалау. Пайдалану кезіндегі жұмыс істеу принципі.

43 Тұндырғыштар – өндірістік кәсіпорындар лас суларын механикалық тазалау элементі.

44 Гидроциклондарда механикалық қоспаларды тазалау. Жұмыс істеу принципі мен қондырғылар.

45 Лас сулар сорбциясы (сүзгілеу). Тағайындалуы мен қызметінің принципі.

46 Лас суларды майлы қоспалардан флотациямен тазалау.

47 Лас суларды металлдар мен тұздардан ион алмасу әдісімен тазалау.

48 Лас суларды бейтараптау.

49 Лас суларды еритін қоспалардан бейтараптау әдісімен тазалау.

50 Лас суларды озондау.

51 Лас суларды органикалық қоспалардан тазалау.

52 Кәсіпорынды қайтармалы сумен жабдықтау.

53 Кәсіпорынның лас суларын жете тазарту тазалау ғимараттарының қажетті элементі

54 Лас суларды су қоймаларына тастау. Концентрациясы мен сұйытылу көлемі бойынша есептеу принципі.

55 Өндірістік кәсіпорындар лас суларының тұнбаларын жою мен утилизациялау

56 Электрлі магниттік өрістерден қорғау.

57 Иондалған сәулелерден қорғау.

58 Инфра дыбыс пен дірілден қорғау.

59 Шуларды нормалау.

60 Радиациялық ластанулар түрлері. Радиоактивтік қалдықтар мәселесі.

61 Экологиялық – экономикалық жүйе құрылымы.

62 Экологиялық нормалау. Зиянды заттардың ШРК, ШРТ; ШРД түсініктері.

63 Экологиялық мониторинг. Құрылымы мен түрлері.

64 Экологиялық аттестация и құжаттау.

65 Экологиялық экспертиза.

66 Экологиялық салық салу жүйесі.

67 Табиғатты пайдалануды басқару жүйесінің құрамы.

68 Табиғи ресурстарды пайдалану төлемі.

69 Қоршаған ортаны ластау төлемі.

70 Экологиялық аудит түсінігі, мақсаты, міндеті, әдістері.

ӘДЕБИЕТТЕР


1 Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» кодексі – Астана: 2006.

2 Бейсенова А.С., Шилдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология. – Алматы: «Ғылым», 2001

3 Саданов А.К., Сванбаева З.С. Экология. – Алматы: «Агроуниверситет», 1990

4 Акимова Т.А., Кузьмин А.П., Хаскин В.В. – Экология /Учебник для технических вузов – С.Пб.: ЮНИТИ - Дана, 2001-343с.

5 Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. экологиядан оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: Экономика, 2000. – 136 бет

6 Иванов Б.А. Инженерная экология. - Л.: ЛГУ, 1989 – 152с. Т2-376с.

7 Охрана окружающей среды / под ред. С.В. Белова – М.: Транспорт, 1991 – 139с.

8 Экология. Учебное пособие. Под общей редакцией С.А. Богомолова. – М.: Знание, 1999 – 288 с.

9 Сагимбаев Г.К. Экология и экономика. - Алматы.: Қаржи-Қаражат, 1997 – 141с.

10 Тонкопий М.С. Экономическая оценка минеральных и земельных ресурсов. – Алматы.: Экономика, 1999 – 215с.

11 Тонкопий М.С. Экономическая оценка водных ресурсов и ущербов от загрязнения водной среды. – Алматы.: Экономика, 1999 – 217с.

12 Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Учебник для вузов. – Алматы: Анатілі, 1991. – 137 с.

13 Макар С.В. Основы экономики природопользования. – М.: Институт международного права и экономики им. А.С. Грибоедова, 1998 – 192с.

14 Стадницкий Г.В., Радионов А.И. Экология. - М.: Высшая школа, 1988

15 Экология Восточного Казахстана. Проблемы и решения. Справочно- информационный вестник. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 1999 - 2001

16 Панин В.Ф., Сенин А.И., Федорова В.Д. Экология для инженера – М. "Ноосфера", 2001



17 Инженерная экология и экологический менеджмент /Под редакцией Н.И. Иванова, И.М. Федина. – М.: Логос, 2002 – 527 с.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет