Сауалнама
-
Интернет ақпаратты толық алуға мүмкіндік бере ме?
-
иә
-
жоқ
-
интернетті қолданбаймын
-
Ақрататты қандай ақпарат көзінен алған дұрыс деп?
-
интернет
-
кітапхана
-
екеуін де қолданбаймын
3.Интернеттен қандай ғылымдарға байланысты мәлімет алдыңыз:
-
қазақ тілі
-
орыс тілі
-
ағылшын
-
математика
-
информатика
-
тарих
-
биология
-
география
-
химия
-
физика
4. Интернеттен алған мәліметті кітаптардан алған мәліметтермен байланыстырып, толықтырасыз ба?
-
иә
-
жоқ
5. “Уақытты үнемдеу үшін ғана ақпарат алуда интернет-тиімді ақпарат алу көзі” дегенге келісесіз бе?
-
иә
-
жоқ
5 оқушыдан интерьвю алу (Бейнефильм жасау)
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.
1 сұрақ. Интернеттің сіз үшін маңыздылығы не?
2 сұрақ. Интернет-залға қарағанда кітапханада болған дұрыс деп санайсыз ба?
3 сұрақ. Кітап туралы не айтасыз?
4 сұрақ. “Интернет керек емес, маған кітаптан білім алған жеткілікті” дегенге қалай қарайсыз?
5 сұрақ. Ақпаратты алудың қандай жолдарын білесіз?
1 жүргізуші
Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.
2 жүргізуші
Осы мәселеге сәйкес «XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» атты дөңгелек үстелімізіді мына бейне көріністерден бастауды жөн көрдік. (көрініс)
Көш бастау қиын емес,
Қонатын жерде су бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын,
Шешуін таппас дау бар.
Осы көрсетілген көріністер бойынша сіздердің пікірлеріңізді тыңдасақ:
(пікірлеседі). Осы пікірлерге сәйкес сарапшыларымыздың ойын тыңдасақ.
1 жүргізуші
«Өнер алды-интернет». Келесі кезекте біздің ортамыздағы жас зерттеушілердің жұмыстарын тамашалайық:
1. Жүнісова Мадина. 9а сынып оқушысы- оқушылардың кіші ғылым академиясының облыстық және республикалық конференциясының, дарын орталығының облыстық конференциясының екінші дәрежелі диплом иегері.
2 жүргізуші
2. Тілегенова Баян. 10б сынып оқушысы- екінші мектепішілік ғылыми практикалық конференциясының бірінші орын иегері, Менің мектебім сайтының авторы.
1 жүргізуші
3. Машенов Айбат. 10а сынып оқушысы- оқу озаты, мектебіміздің мақтанышы Менің әуестігім- интеллектуалдық ойындар-дың авторы.
2 жүргізуші
4. Досжанов Бауырлан. 9а сынып оқушысы- «Инернет- бизнесте» тақырыбында ойын ортаға салады.
1 жүргізуші
Осы оқушыларға «өнерлерің өрге жүзсін, шығармашылық жұмыстарың өмірде өз орындарын таба берсін» демекпіз.
2 жүргізуші
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін.
Біздің ортамызда қосымша деректерді іздеуде, тек қана интернет желісін ғана пайдаланып, баспа беттерін: газет-журнал, әдеби кітаптарды қолданбайтын оқушыларымыз бар. Неліктен? Сіздердің пікірлеріңізді тыңдасақ.
(пікірлеседі). Осы пікірлерге сәйкес сарапшыларымыздың ойын тыңдасақ.
1 жүргізуші
“Шешендіктің күші-шындықта”- дегендей шынында мектебіміздің кітапханасында бізге қажетті кітаптар табылмайды.
Сондықтан, іздеген мәліметті интернет желісінен алған орынды әдіс деп айтсақ та, “Жаманды көрсең қаша жүр, қаша жүрсең амансың”, дегендей интернет желесінің кемшіліктерін де айта кеткен жөн.
(көрініс) Сіздердің пікірлеріңізді тыңдасақ.
(пікірлеседі). Осы пікірлерге сәйкес сарапшыларымыздың ойын тыңдасақ.
2 жүргізуші
Кітап - өмірдегі ақпарат алатын негізгі көздің бірі. Кітапты теледидармен, интернетпен байланыстыруға болмайды. Кітапта біздің салт-дәстүріміз, біздің тарихымыз бар. Кітап оқу арқылы адам жазуды үйренеді. Кітап-ақпаратты болашаққа қалдырудағы негізгі құрал. Бұл құралды ертеден біздің ата-бабаларымыз қалдырған. “Оқыған-қара суға жүзер” дегендей біз жеткілікті түрде кітап оқуымыз керек. “Кітап оқу - біздің парызымыз”. Десек те,
Заман талай-талай өзгереді,
Оқымағанға өкінетін кез келеді.
Нұрқанат пен Гүлім
Диаграмма көрсеткіштері:
1. Оқушылардың ақпарат алу көздерін қолдану көрсеткіші
- интернетті
- кітапты
- интернет желісін де, баспа беттерін пайдалану
2. Оқушылардың интернетті ғылым салаларына қолданылуы
- пәндер бойынша қолданылу көрсеткіші
Нұрқанат пен Гүлім айтып бітеді
1 жүргізуші
Ақпарат алу көздерінің әр қайсысының өзіндік маңызы зор екенін бүгінгі дөңгелек үстелімізде білістік. Олай болса,
«Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл»
дегендей білімімізді жетілдіруде ақпарат көздерін тең пайдаланғанымыз жөн. Осы жерде Досбол шешеннің сөзін еске салайық:
Көлде жүрген қоңыр қаз
Шөл қадірін не білсін
Шөлде жүрген дуадақ
Көл қадірін не білсін.
деп бүгінде ақпараттандыру заманында пайдасын ескере отырып, кітапты да, интернетті де тең пайдалана білейік.
2 жүргізуші
Тоқсан ауыз сөздің
Тобықтай түйіні бар.
дегендей бүгінгі күнгі ортаға салған ұшқыр ойларыңызды, әсерлеріңізді қағаз бетіне бейнелеулеріңіз сұралады.
(қорғайды)
Бүгінгі біздің ақпараттандыру бойынша өткен дөңгелек үстелімізге келіп пікір ортақтасқандарыңызға үлкен рахмет. Талқыланған тақырып көңілдеріңізден шықты деген үміттеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |