Экономика,басқару жән құқық факультеті



Дата29.11.2023
өлшемі35.15 Kb.
#484803
ордабек нұрболат


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Экономика,басқару жән құқық факультеті
Менеджмент және туризм кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Туроператорлардың өнім стратегиялары.

Орындаған:Ордабек Нұрболат


Тобы: ЭСТ-111
Қабылдаған:Маг.оқ. Мөлдір Жәмшидқызы

Түркістан-2023


Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстандық және шетел асып азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті тұрарлық туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық жоспарын әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең айтулы мәселелердің бірі болып табылады.


Отандық туристік қызметтер нарығының әрі қарайғы дамуы мен бәсекеге қабілетті туристік өнім өндіруі үшін әртүрлі бағыттар мен тәсілдерді қолдану қажет. Осындай бағыттардың бірі – туристік агенттіктер мен турфирмалар қызметінде маркетингті дұрыс жолға қойып, тиімді түрде қолдану болып табылады.
Туристік маркетинг – бұл фирманың маркетингтік қызметінің маңызды аспектісі туристік қызметке баға қалыптастыру болып табылады.
Туризм саласында маркетингті қолдану туристік қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерінің келісілгендігіне мүмкіндік береді. Туристік фирма қызметінің масштабы, турфирма дамуының жалпы стратегиясы мен қызметкерлердің кәсіби мамандану деңгейіне байланысты маркетингті қолдану бағыттары да әртүрлі болуы мүмкін.
Маркетингтің мақсаты – фирма ұсынатын қызметтерге нақты және жасырын сұранысты анықтап, фирманың бар ынтасын осы қызметтерді өндіру, қайта бөлу, өткізу және жылжытуға бағыттау. Яғни, туристік маркетинг турфирманың туристік өнімдері мен қызметін өткізу нарығын кеңейту мақсатында турфирма әкімшілігімен жүзеге асырылатын функциялардың жиынтығы болып табылады.
Туризмдегі маркетинг коммерциялық мақсаттағы тұтынушылардың туристік қызметтерге сұранысын, қажеттіліктерін анықтау бойынша стратегиясын қалыптастырады. Сонымен қоса, туристік маркетинг турфирмалар қызметін, туризм саласындағы аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейдегі мемлекет саясатын ұйымдастырады.
Маркетинг үрдісі – бұл нарықты зерттеу арқылы сұраныс пен потенциалды тұтынушыларды анықтау, қажетті қызметтерді қалыптастыру, өндіру, қайта бөлу және тұтынушыларға өткізу сияқты бір – бірімен байланысқан іс - әрекеттер жүйесі. Маркетинг үрдісін жүзеге асыру үшін маркетингтік технологиялар қолданылады – сұранысты анықтау, қызметтерді өндіруді жоспарлау, баға белгілеу, тауарлар мен қызметтерді жылжыту және өткізуде қолданылатын әдістер.
Туризмдегі маркетинг аса маңызды болып табылады, себебі туристік қызметтерге сұраныс өте икемді болып келген және «қанығу феномені» деп аталатын маусымдық ауытқулармен ерекшеленеді.
Әлемдік туристік ұйым туристік маркетингтегі негізгі 3 міндетті бөліп көрсеткен:
тұтынушылармен байланыс орнатып, ұсынылып отырған демалыс орны олардың талаптарына сай келетіндігіне сендіру;
туристік өнімді өткізуге мүмкідік туғызатын жаңалықтарды ендіру;
қызметтерді нарықта жылжыту шаралары қорытындыларын талдау және осы қорытындылар туризм саласындағы мүмкіндіктерді қаншалықты қолданғандығын көрсететіндігін бағалау.
Туристік бизнестегі маркетингтің алар орны ерекше және ол сұранысты мақсатты түрде басқару үшін қолданылатын құралдардың байланысқан жүйесі болып табылады.
Туризмнің әрі қарайғы дамуында маркетингтік қызметтің әсері зор. Өкінішке орай, туризмдегі маркетингке қажетті мән берілмейді. Туристік маркетинг белгілі бір міндеттерді шешу үшін қолданатын әдістердің жүйесі болып табылады. Ол психологиялық және әлеуметтік факторлар тұрғысынан қарағанда тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырып,туристік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағынан тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Туристік нарық субъектілерінің қызметінде маркетингті қолданудың мәні - тұтынушылар және сыртқы ортамен (демографиялық, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік – мәдени, саяси, ғылыми - техникалық) тиімді байланыс орнату арқылы нарықта тұрақты қызмет ету жолдары мен әдістерін іздестіру болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет