ҚБЕО жүйелерінде куәландырушы орталықтың қызметтерін ұсыну туралы
ШАРТ
Алматы қ. 20 ___ ж. «___» _______________
Осы Шарт «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны куәландырушы орталықтың (бұдан әрі-Куәландырушы орталық) ҚБЕО жүйелеріне қатысушыларға (банкілік хабарламалармен алмасу жүйесі/ақша аударудың банкаралық жүйесі/банкаралық клиринг/ Авангард Plat бөлшектеп төлеу жүйесі/ көпшілік электронды төлем жүйесі/ФАСТИ/ SWIFT сервистік бюросы/ электронды ақша жүйесі) бұдан әрі-Пайдаланушыға қызметтерді ұсыну түрлері мен тәртібін анықтайды. Пайдаланушының осы Шарт бойынша қызметтерді қабылдау келісімі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын (Шарттың №1 Қосымшасы) Пайдаланушының осы Шартқа қосылу туралы өтінішінде анықталады.
Куәландырушы орталық мәлімдейді және кепілдік береді:
1) ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға бола отырып, осы Шартты өз атынан жасауға құқылы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қажет рұқсаттары және лицензиялары бар, куәланырушы орталықтардың іс-әрекетіне қойылатын барлық біліктілік талаптарына сай;
3) осы Шарт осы Шартта баяндалған талаптарға сәйкес орындалуы тиіс Куәландырушы орталықтың нақты және заңдық күші бар міндеттемелерін білдіреді;
4) осы Шарттың мазмұны және оның шарттарының тиісті түрде орындалуы Қазақстан Республикасының заңнамасының және Куәландырушы орталықтың Жарғысының талаптарының бұзылуына себеп болмайды;
5) осы Шарттың талаптарына сәйкес Куәландырушы орталықтың Пайдаланушыға берген электронды сандық қолтаңба құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасында құрылған тәртіпте сертификатталған;
6) осы Шартта қолданылатын түсініктер Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 7 қаңтарындағы № 370-ІІ «Электронды құжат және электронды сандық қолтаңба туралы» заңында белгіленген.
-
ШАРТТЫҢ МӘНІ
-
Куәландырушы орталық Пайдаланушыға мынадай қызметтер көрсетеді:
-
электрондық сандық қолтаңбаның кілтін құрады және ҚБЕО жүйелеріне кіру үшін автоматтандырылған жұмыс орындарында немесе Пайдаланушының ПИН-коды бар ПИН-конверт және Пайдаланушының кілттерді дербес қалыптастыру немесе серверлерінде пайдалану және қондыру мақсатында (банкілік хабарламалармен алмасу жүйесі/ақша аударудың банкаралық жүйесі/банкаралық клиринг/ / көпшілік электронды төлем жүйесі/ Авангард Plat бөлшектеп төлеу жүйесі/ ФАСТИ// SWIFT сервистік бюросы/ электронды ақша жүйесі), жабық кілтіне заңсыз кіруден қорғау үшін шараларды қабылдай отырып электрондық сандық қолтаңба кілттерін және шифрлауды (бастапқы инициализация) құрады, бұдан әрі-ҚБЕО жүйелері.
-
тіркеу куәлігін береді, тіркейді, қайтарып алады, сақтайды, сонымен қатар тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізеді.
-
қолданыстағы және қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің есебін жүргізеді.
-
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, Куәландырушы орталықта тіркелген тәртіпте Пайдаланушының ашық кілтінің тіркеу куәлігінің тиесілі және күші бар екенін растайды.
-
Куәландырушы орталық Пайдаланушыға Астана қаласының уақыт белдеуін ескере отырып, осы Шарт бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
-
ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
-
Куәландырушы орталық құқылы:
-
Пайдаланушыға берген тіркеу куәлігін мынадай жағдайларда қайтарып алуға:
-
Пайдаланушының немесе оның уәкілетті өкілінің талабы бойынша;
-
Пайдаланушының іс-әрекет жасауы тоқтаған жағдайда;
-
заңды күшіне енген сот шешімі бойынша.
-
қажетті тіркеу құжаттары дұрыс рәсімделмеген жағдайда Куәлдандырушы орталықта Пайдаланушыны, атап айтқанда ҚБЕО Жүйесінде пайдаланушының қажетті тіркеу құжаттарын тіркеуді қабыл алмауға.
-
тіркеу куәлігінің белгіленген әрекет мерзімі біткен жағдайда Пайдаланушының тіркеу куәлігінің әрекетін қайтарып алуын қабыл алмауға.
-
әрекеті тоқтатылған тіркеу куәлігінің иесіне Куаландырушы орталықта тіркелген электронды пошта мекен жайына нақты уақыт тәртібінде міндетті хабарлай отырып, Куәландырушы орталықтың Пайдаланушысының ашық кілтінің тіркеу куәлігінің әрекетін біржақты тәртіпте тоқтата тұруға.
-
Пайдаланушы құқылы:
-
егер Пайдаланушы, Куәландырушы орталықтың Пайдаланушыға берген тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін электронды сандық қолтаңбаның жабық кілтіне кіру режимі бұзылған деп санаса, Куәландырушы орталықтан тіркеу куәлігін қайтарып алуды талап етуге, не болмаса тіркеу куәлігін дербес шақырып алуға. Қосымша, тіркеу куәлігін қайтарып алу үшін Куәландырушы орталықтың https://ca.kisc.kz интернет-ресурсын пайдалануға (бұдан әрі-Куәландырушы орталықтың сайты).
-
Куәландырушы орталық дайындаған ашық кілттің тіркеу куәлігіндегі электронды сандық қолтаңбаның шынайылығын растауы үшін оған жүгінуге.
-
электронды сандық қолтаңбаның жабық және ашық кілттерін дербес құруға.
-
Қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімін алуға және төлем жүйелерін Пайдаланушыларының тіркеу куәліктерінің мәртебесін тексеру үшін аталған тізімді пайдалануға.
-
Астана уақытымен жұмыс күндері 08 сағат 40 минуттан 17 сағат 40 минутқа дейін, Куәландырушы орталықтың қызметкерлерінен Куәландырушы орталықтың жұмысына байланысты сұрақтар бойынша кеңес алуға.
-
осы Шарт бойынша Куәландырушы орталықтан міндеттемелерін тиісті және толық орындауын талап етуге.
-
Куәландырушы орталықтың ашық кілтінің тіркеу куәлігін алуға.
-
Куәландырушы орталықпен дайындалған, ашық кілттің тіркеу куәліктеріндегі электронды сандық қолтаңбасын тексеру үшін Куәландырушы орталықтың ашық кілтінің тіркеу куәлігін қолдануға.
-
тіркеу куәлігіндегі ашық кілтке сәйкес келетін электронды сандық қолтаңбаның және шифрлаудың өзіндегі жабық кілтін Пайдаланушының тіркеу куәлігін тіркеу және/немесе тіркеу куәлігін және кілттерді дайындау өтінішінде көрсетілген қолдану аясына сай тіркеу куәлігіндегі ашық кілттерге сәйкес қолдануға.
-
Куәландырушы орталық міндетті:
-
осы Шарттың 3.1. тармағына сәйкес құжаттарды әкелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Пайдаланушыға Пайдаланушының ПИН-коды бар ПИН-конверт, немесе электрондық сандық қолтаңба және шифрлау (бастапқы инициализация) және төменде көрсетілген мәліметтері бар тиісті тіркеу куәлігін беруге:
-
тіркеу куәлігінің нөмірі және оның әрекет ету мерзімі;
-
Пайдаланушыны тіркеу куәлігінің иесі ретінде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер;
-
ашық кілті;
-
тиісті жабық кілтін жасауға пайдаланылатын ақпараттың криптографиялық қорғау құралдары туралы мәліметтер;
-
тіркеу куәлігін қолдану және қолдануды шектеу аялары туралы ақпараттар;
-
Куәландырушы орталықтың деректемелері.
-
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тіркеу куәліктерінің көшірмесін сақтауға.
-
ашық және жабық кілттерді құру үшін және Куәландырушы орталыққа тіркеу куәлігіне электрондық сұрау жіберу үшін Пайдаланушыға бағдарламалық құралдарды және (қондыру, орнату және пайдалану бойынша) тиісті құжаттамаларды ұсынуға.
-
егер Пайдаланушы тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін электронды сандық қолтаңбаның жабық кілтіне кіру режимі бұзылған деп санап, Куәландырушы орталықтың тіркеу орталығана немесе уәкілетті өкіліне электронды тәсілмен талап жасаса немесе өтініш берсе, жедел түрде Пайдаланушының тіркеу куәлігін қайтарып алуға.
-
ҚБЕО Жүйелерін Пайдаланушылар жүгінген кезде Куәландырушы орталықпен тіркелген мәліметтерді онымен берілген ашық кілттерінің тіркеу куәліктерін тиесілі болуы мен ақиқаттығын растауға.
-
санкцияланбаған қол жетімділікті, резервтік көшірмені және электрондық сандық қолтаңбаны алдын алудың техникалық құралдарын пайдалану, Пайдаланушының ашық кілттерінің тіркеу куәліктерінің жоғалуының, жаңартылуының және көшірмесінің жасалуының алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға.
-
өзі жасап жатқан тіркеу куәліктерінің сериялық нөмірлерінің бірегейлігін және жасалған тіркеу куәліктеріндегі ашық кілттердің мәнінің бірегейлігін қамтамасыз етуге.
-
тіркеу куәліктерінің тіркелімінде барлық жасалған тіркеу куәліктері туралы мәліметтерді уақтылы жариялауға.
-
Куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерінің тіркеліміне Пайдаланушының кіруін қамтамасыз етуге.
-
тіркеу куәлігін қайтарып алған (жойған) сәттен бір сағаттан кешіктірмей http://ca.kisc.kz/cgi/RevListGOST.crl мекен-жайы бойынша Куәландырушы орталықтың интернет-ресурсында орналасқан қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізіміне өзгертулер енгізуге және Куәландырушы орталықта тіркелген электронды пошта мекен жайына нақты уақыт тәртібінде Пайдаланушыға хабарлауға.
-
Шарттың мерзімі ішінде осы Шарт бойынша, профилактикалық жұмыстар уақытын санамағанда, тәулік бойы қызмет көрсетуге.
-
жалпы ұзақтығы жылына 7 (жеті) тәуліктен аспайтын профилактикалық жұмыстарды тек жексенбі күндері (демалыс күндері) немесе түнгі уақытта істеуге, Пайдаланушыға алдын ала Куәландырушы орталықта тіркелген электронды пошта мекен жайына жұмыстың басталу уақыты жобаланғанға дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы хабарлауға.
-
дайындалып жатқан тіркеу куәліктеріне енгізілетін ақпараттарды санамағанда осы Шарт бойынша кез келген ақпаратты жарияламауға міндеттенеді.
-
Пайдаланушы міндетті:
-
http://www.kisc.kz/ca/doc/PolicyKISC.pdf және http://www.kisc.kz/ca/doc/StatementKISC.pdf мекен-жайлары бойынша Куәландырушы орталықтың интернет-ресурсында орналасқан осы Шарт талаптарын, Тіркеу куәліктерін пайдалану ережелері және Тіркеу куәліктерін пайдалану бойынша Нұсқауды орындауға.
-
Куәландырушы орталыққа осы Шарттың 3.1. тармақтарына сәйкес құжаттар өткізуге.
-
осы Шартқа сәйкес алынған ашық кілттің тіркеу куәлігін, тек қана тіркеу куәлігінің саясатына сәйкес ҚБЕО Жүйелерінде жұмыс жасаған кезде қолдануға (http://www.kisc.kz/ca/policy.html).
-
Пайдаланушының тіркеу куәлігінде көрсетілген электронды сандық қолтаңбаның және шифрлаудың ашық кілтіне сәйкес келетін электронды сандық қолтаңбаның және шифрлаудың тек қолданыстағы жабық кілтін Пайдаланушының тіркелген тіркеу куәлігінің және/немесе тіркеу куәлігін және кілттерді дайындау өтінішінде белгіленген қолдану аясында қолдануға.
-
өзінің жабық кілті туралы ақпараттың заңсыз жариялануына жол бермеуге.
-
жабық кілтін құпия сақтауға, оның жоғалуының, белгілі болуының, өзгеруінің және заңсыз пайдалануының алдын алу үшін барлық мүмкін шараларды қолдануға.
-
жабық кілт жоғалған, басқаларға белгілі болған, өзгерген немесе оны басқа тұлғалар пайдаланған жағдайда, жедел түрде Куәландырушы орталыққа өтініш жазып (Шарттың №3 Қосымшасы) немесе Куәландырушы орталықтың сайты арқылы электронды тәсілмен өзінің электронды сандық қолтаңбаның тіркеу куәлігін қайтарып алуға жүгінуге;
-
тіркеу куәлігінің күші бітуіне 7 (жеті) жұмыс күні қалғанға дейінгі мерзімнен кешіктірмей тиісті жаңа тіркеу куәлігін шығару туралы электронды түрде тапсырыс жіберуге. Қосымша, электронды сұратуды жолдау үшін Куаландырушы орталықтың Сайтын пайдалануы мүмкін.
-
Куәландырушы орталыққа берілген құжаттарға жасалған өзгертулер туралы, өзгерту болған сәттен 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Куәландырушы орталыққа хабарлауға.
-
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ
-
Тіркеу үшін қажет құжаттар тізімі:
-
Куәландырушы орталықтың Қызметін ұсыну туралы Шартқа қосылу туралы өтініштің түпнұсқасы (Шарттың № 1 Қосымшасы);
-
кілттер және тіркеу куәліктерін жасау және/немесе тіркеу куәлігін тіркету үшін жазылған Өтініштің түпнұсқасы (Шарттың № 2 Қосымшасы);
-
Куәландырушы орталықтың тіркеу орталығына сәйкесінше құжаттарды ұсыну құқығын Пайдаланушының уәкілетті өкілінің атына сенімхат (Шарттың № 4 Қосымшасы), мүддесін ұсыну және сенімхатсыз қол қою құқығы бар ұйымның бірінші басшысының тікелей жүгіну жағдайын қоспағанда.
-
Шарттың 3.1. тармағында көрсетілген құжаттар жинағын қабылдау Куәландырушы орталықта үзеге асырылуы мүмкін. Қағаз тасымалдағыштарында рәсімделген Куәландырушы орталықтың Қызметтерін ұсыну туралы Шартқа қосылу туралы өтініштегі мәліметтер, кілттерді және тіркеу куәліктерін және/немесе тіркеу куәліктерінің тіркелімін дайындау бойынша өтініштегі және тіркеу куәліктерін қайтарып алу (жою) бойынша өтініштегі мәліметтер құжаттармен расталады (жеке бас куәлігі/төлқұжат).
-
Пайдаланушыны тіркеу Алматы қ., Көктем-3, 21 үй, бірінші кіреберістегі мекен жайы бойынша орналасқан Куәландырушы орталықтың тіркеу орталығында жүзеге асырылады.
-
Шарттың 3.1. тармағында көрсетілген құжаттарды өткізгеннен кейін Пайдаланушы Куәландырушы орталықтан Пайдаланушының (ID) және ПИН-код идентификаторы болатын ПИН-конверт немесе келесі құжаттардың жиынын алады:
-
электрондық құжат нысанында электрондық сандық қолтаңбаның бастапқы инициялизацияның тіркеу куәлігін;
-
қағаз тасымалдағышында электрондық сандық қолтаңбаның бастапқы инициялизацияның тіркеу куәлігін;
-
электронды құжат нысанында куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігін;
-
электрондық сандық қолтаңбаның және шифрлаудың немесе бастапқы инициялизацияның криптографиялық кілттерін.
3.5. Пайдаланушы бастапқы инициализацияның кілттері мен тіркеу куәлігін алғаннан кейін ары қарай жұмыс істеу үшін оларды Куәландырушы орталықта электронды тәсілмен, Пайдаланушының тіркелген тіркеу куәлігінің және/немесе тіркеу куәлігін және кілттерді дайындау өтінішінде белгіленген қолдану аясына сәйкес, криптографиялық кілттерге және электронды куәліктерге алмастыруы қажет. Кілттерді және тіркеу куәлігін алмастыру Куәландырушы орталыққа электронды нысанда сұратуды беру арқылы жүзеге асырылады. Сұрату бастапқы инициализациялаудың қолданыстағы кілтінде электронды сандық қолтаңбамен расталады. Қосымша, кілттерді және тіркеу куәліктерін Куәландырушы орталықтың Сайтын пайдалану арқылы ауыстыруы мүмкін.
3.6. Пайдаланушы ПИН-конвертті алып, кілттерге генерация жасауға және Куәландырушы орталыққа сұратуды жолдауға міндетті. Кілтті және тіркеу куәлігін ауыстыру Куәландырушы орталыққа электронды нысанда сұратуды беру арқылы жүзеге асырылады.
3.7. Шарт бойынша қызметтердің құны жасалған шарттарға сәйкес ҚБЕО Жүйелерінің қызметтерін пайдалану кезінде Пайдаланушымен төленетін тарифтерге қосылады.
-
ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
-
Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.
-
Куәландырушы орталық Пайдаланушының жұмыс орнындағы кідіріске жауапкершілікті көтермейді, сондай-ақ Пайдаланушының жұмыс орнын қалпына келтіруді жүзеге асырмайды.
-
Куәландырушы орталық телекоммуникациялық провайдерлердің кінәсі бойынша байланыстың болмағаны үшін жауапкершілікті көтермейді.
-
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
-
Пайдаланушының ашық кілтінің тіркеу куәліктеріне сәйкес келетін Пайдаланушының электронды сандық қолтаңбасының жабық кілттері, шифрлау және бастапқы инициализациясы, ПИН-код Пайдаланушының құпия ақпараты болып саналады.
-
Ашық кілттердің тіркеу куәлігіне енгізілетін ақпарат және Куәландырушы орталық басып шығаратын қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі құпия болып саналмайды.
-
Шарт бойынша Тараптардың әрқайсысы әр Тараптың құпия ақпаратқа деген тиісті режимін сақтайды және аталған ақпаратты паш етілуден қорғауға барлық қажет шараларды жасайды.
-
Куәландырушы орталық тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді және оларды тек Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көрсетілген жағдайда ғана хабарлайды.
-
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
-
Өкілетті органдар растаған, Тараптар алдын ала болжай алмаған және Шарттың орындалуына әсер еткен еңсерілмейтін күштердің салдарынан: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, блокада, ереуіл, әскери қимылдар, террористік актілер және тағы басқа жағдайларда, Шартты орындамағаны немесе лайықты орындамағаны үшін Тараптар жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күштер жағдайына ұшыраған Тараптың міндеттемелерін орындау мерзімі, сондай жағдай болған мерзім көлеміне ұзартылады.
-
Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмайтын жағдайға дұшар болған Тарап, Шарттың 6.1. тармағында көрсетілген жағдайдың басталғаны және біткені туралы 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей, қарсы Тарапқа хабарлауы тиіс.
-
Шарттың 6.1. тармағында көрсетілген жағдайлар 1 (бір) айдан астам уақыт жалғасса, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан бас тартуға құқылы және Тараптардың ешбірі қарсы Тараптан қандайда-бір шығынын өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
-
ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
-
Даулар туындаған жағдайда, Куәландырушы орталық пен Шартқа қол қойған Тарап Даудағы Тараптар болып саналады.
-
Шарттың талаптарын орындау кезінде қайшылықтар туған жағдайда, оларды Тараптар өзара мүдделерін ескере отырып, келіссөздер жүргізу жолымен шешуге тырысады. Тараптар ол қайшылықтарды соттан тыс тәртіпте шешуге барлық қажетті шараларды қолданады.
-
Тараптар ортақ келісімге келмеген жағдайда, талас Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот арқылы шешіледі.
-
БАСҚА ТАЛАПТАР
-
Шарт Куәландырушы орталық Пайдаланушымен қол қойылған осы Шартқа қосылу туралы өтінішін алған күннен бастап өз күшіне енеді және тіркеу куәлігінің әрекет етуі мерзімі ағымында қолданыста болады. Пайдаланушының жаңа тіркеу куәлігі шығарылған жағдайда Шарт автоматты түрде жаңа тіркеу куәлігінің әрекет ету мезіміне ұзартылады. Ұзарту бірнеше рет қайталануы мүмкін. Тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін не болмаса Пайдаланушымен қайтарылып алған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ағымында жаңа кілттерді және тіркеу куәлігін дайындауға және/немесе тіркеу куәлігін тіркеуге өтініш берілмеген жағдайда (Шарттың № 2 Қосымшасы) Шарт автоматты түрде өз күшін жояды.
-
Әрбір Тарап, Шартты белгіленген бұзу мезгілінен 30 (отыз) күн бұрын бұл туралы қарсы Тарап жазбаша ескерте отырып Шартты бұзуға құқылы. Сонымен қатар, Тараптар барлық қажетті өзара есеп айырысуларды жүргізуі тиіс, егер Тараптардың бірі көрсетілген мерзімнің аяқталуына дейін талап етпесе хабарламада көрсетілген күннен бастап бұзылды деп есептеледі.
-
Шарттың барлық Қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып саналады.
-
Тараптардың бірі қайта құрылған жағдайда, Шарт бойынша оның құқықтары мен міндеттері тоқтатылмайды және олардың мирасқорларына көшеді.
-
Іс-әрекеті тоқтаған жағдайда, Куәландырушы орталық өзінің іс-әрекетінің тоқтауынан 30 (отыз) жұмыс күні бұрын Пайдаланушыға жазбаша түрде хабарлауы тиіс.
-
Куәландырушы орталықтың іс-әрекеті тоқтаған жағдайда, ол берген тіркеу куәліктер, тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтер, Пайдаланушымен жасалған қосымша, жазбаша келісім бойынша басқа куәландырушы орталықтарға беріледі. Шарттың 8.5. тармағында көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін басқа куәландырушы орталықтарға берілмеген тіркеу куәліктері өз күштерін жояды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталады.
-
Шартқа, оның қосымшаларын қоса алғанда өзгерістер мен толықтыруларды енгізу Куәландырушы орталықпен бір жақты тәртіпте жүргізіледі.
-
Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәлімдеме http://www.kisc.kz/ca/doc/dogovorca.rtf мекен-жайы бойынша Куәландырушы орталықтың сайтында көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды Куәландырушы орталықпен орналастыру арқылы Пайдаланушыға нақты уақыт тәртібінде Куәландырушы орталықта тіркелген электронды пошта мекен-жайына хабарлай отырып жүзеге асырылады.
-
Шарттағы кез-келген өзгерістер мен толықтырулар Куәландырушы орталықтың http://www.kisc.kz/ca/doc/dogovorcaps.rtf сайтында орналасқан күннен бастап күшіне енеді және Шартқа қосылған барлық тұлғаларға, оның ішінде өзегрістер мен толықтырулар мерізімінен бұрын Шартқа қосылған тұлғаларға да таралады.
-
Пайдаланушының сертификаты қайтарып алынған сертификаттардың Тізіміне енгізгеннен кейін ғана қайтарып алынды деп есептеледі.
-
ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК деректемелері: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ш/а, 21-үй, БСН 960440000151, СТН 600400060664, экономика секторы 5, резиденттік белгісі 1., «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» ММ-гі ЖСК KZ54125KZT1002300104, БСК NBRKKZKX.
ҚБЕО жүйелерінде куәландырушы орталықтың
қызметін ұсыну туралы Шартқа
№ 1 Қосымша
ҚБЕО жүйелерінде куәландырушы орталықтың қызметін ұсыну туралы Шартына
ҚОСЫЛУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ
(заңды тұлғалар үшін)
Бұдан әрі «Пайдаланушы» деп аталушы ___________________ ________________________________ (заңды тұлғаның атауы), заңды мекен-жайы _____________________________________, тіркеу туралы куәлігінің № ___________________________ «____» _____________ ________ж. берілді ________________________________ негізінде іс-әрекет ететін ______________________________________________________,
___________________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның СТН-і, БСН, резиденттік белгілері, экономика секторы)
_______________________________________________ атынан,
бұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталушы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен ҚБЕО жүйелеріндегі Куәландырушы орталықтың қызметін ұсыну туралы Шартына (бұдан әрі Шарт) оның барлық қосымшаларына қосылады, және Пайдаланушы ретінде барлық құқықтар мен міндеттерді өз мойынына алады.
Осы өтінішке қол қоя отырып, Пайдаланушы барлық талаптарға қандай да бір қарсылықсыз және ескертусіз келісе отырып Шарттың барлық талаптарымен таныс екендігін растайды.
|