Экономикалық әлеуеті
төмен және жоғары
ауылдық елді мекендерді
анықтауға арналған өлшемдерге
Қосымша
Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары
ауылдық елді мекендерді анықтау бойынша
нұсқаулықтар
-
Жалпы ережелер
1. Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары ауылдық елді мекендерді (бұдан әрі – АЕМ) анықтау бойынша нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) әзірленді және АЕМ әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін кешенді бағалауды жүзеге асыруға, тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында әлеуетті айқындауға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтардың елді мекендерін бұдан әрі дамыту мәселесі бойынша басқарушылық шешімдерді дайындау кезінде пайдалануға арналған.
-
Ақпарат көздері
2. Қазақстан Республикасының АЕМ әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне кешенді бағалау жүргізуге арналған ақпарат көздері:
1) Қазақстан Республикасы статистика агенттігі, облыстардың статистика департаменттері, аудандардың статистика басқармаларының статистикалық есептілігі;
2) жергілікті атқарушы органдардан, министрліктерден, агенттіктер мен ведомстволардан алынған ақпараттар;
3) ведомстволық статистикалық байқаулар деректері;
4) әлеуметтік сұраулардың нәтижелері болып табылады.
3. Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары
ауылдық елді мекендерді анықтау өлшемдері
3. АЕМ экономикалық әлеуетін және олардың перспективасын бағалайтын маңызды сыныпталған факторлар ретінде 21 жиынтық көрсеткіштерді қамтитын өлшемдердің 4 тобы: экономикалық, сондай-ақ экономикалық өлшемдерді толықтыратын инженерлік-инфрақұрылымдық, әлеуметтік және экологиялық өлшемдер айқындалған.
4. АЕМ әлеуетін бағалау кезінде экономикалық дамудың басымдылықтарын ескере отырып, көрсеткіштердің әрқайсысына балдардың жиынтық саны сомасында олардың маңыздылығын сипаттайтын салмақ белгіленді. Ең үлкен салмақ экономикалық блокқа келеді – ең үлкен жиынтық балы 60, инженерлік-инфрақұрылымдық блоктың көрсеткіштері 30-дан аспайды, әлеуметтік блоктың сипаттамалары 10 балға дейінгі салмаққа ие. АЕМ-нің даму деңгейіне экологиялық блоктың әсері түзету коэффициенттері арқылы бағаланады, оларға алғашқы үш блок бойынша алынған балдар көбейтіледі.
5. Экономикалық блоктың сыныпталған факторлары:
1) «Топырақтың құнарлығы» – 12 балл. Топырақтың сапасы мен әлеуетті құнарлығы топырақтың бірқатар сипаттамаларын ескеретін 1-ден 100-ге дейінгі мәні болуы мүмкін баға балдарында көрініс табатын егістікті бағалау сипаттайды. Көрсеткіштің бастапқы мәндері топырақ қабатының сапасын 10 балдық қадаммен, «15 балдан төмен» көрсеткішінен республикадағы ең үлкен көрсеткішке дейінгі «45 балдан жоғары», ретпен орналасуын көздейтін Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің деректеріне сәйкес белгіленген;
2) «Өткізу нарықтарының жырақтық дәрежесі» – 9 балл. АЕМ-нен аудан орталығына, темір жол бекетіне, қалаға дейінгі ара қашықтықты өткізу нарықтарының қол жетімділігі көрсеткіші үшін негіз ретінде пайдалануға болады. Төменгі мән ретінде 20 км-ге тең және одан төменірек, 9 балға бағаланған арақашықтық қабылданған. Қадамның мөлшері 40 км құрайды, ал көрсеткіштің ең төмен бастапқы мәні ретінде 100 және одан көбірек км-ге тең қашықтық қабылданған;
3) «Кәсіпкерлік белсенділік» - 5 балл, нақты ауыл аумағындағы халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейін айқындайды, шаруашылық жүргізуші субъектілер санын 100 тұрғынға арақатынасымен есептеледі. Осы көрсеткіштің бастапқы мәндерінің қадамдық түрленуі 1-ден 5-ке дейін және одан да көпке ауытқиды;
4) «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту» - 5 балл. Тиісті аумақта қосылған құнның өсу мүмкіндіктерін сипаттайды, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу объектілерінің болуымен айқындалады. Көрсеткіштің бастапқы мәндері бір АЕМ-де 0-ден 4-тен асатын қайта өңдеуші цехқа дейін өзгермелі болады;
5) «Ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілу» - 8 балл, 100 га егістікке келетін тракторлардың санымен 100 га егістікке келетін комбайндардың саны екі көрстекішке бөлінеді. Бастапқы мәндердің шамасы га/1 трактор – 200 және га/1 комбайн – 300 нормативтік жүктемеден ауытқулармен айқындалған;
6) «Суландыру жүйелерін пайдалану». Суармалы егіншілікті дамыту жөніндегі мүмкіндіктер суландыру жүйелерінің болуы мен пайдаланылуын бейнелейді. Суарылатын жерлер телімі жайылымдарға қарағанда ауыл халқының едәуір көп мөлшеріне табысты қамтамасыз ете алады. Суландыру жүйелері бар және пайдаланылатын аумақтар 7 балмен, ал жоқтары – 0 балмен бағаланады;
7) «Егістік» - 7 балл, егіншілікті дамыту мүмкіндіктерін айқындайды. Бастапқы мәндер бір ауыл тұрғынына келетін егістік шамасының осы көрсеткіштің республика бойынша орташа шамасынан – 1 ауыл тұрғынына 5 гектарға тең – ауытқуымен айқындалады;
8) «Жайылымдар» - 7 балл. Жемшөппен іс жүзіндегі қамтамасыз етілуді сипаттайды және жайылымдардың нормативтік толтырылуының негізінде есептеледі – 1 гектарға 3-4 ірі қара мал басы. Негізгі мәндер ретінде нормативтік көрсеткіштен ауытқулар қабылданған.
6. Инженерлік-инфрақұрылымдық блоктың сыныпталған факторлары:
1) «Сумен қамту» - 5 балл. Сумен қамту жүйесінің жай-күйін бағалау халықт тұтыну үшін судың қандай көздерден алынатындығы бойынша жүргізіледі. Сумен қамту жүйесі бойынша мәндердің шамасы су құбыры бар АЕМ-де 5 балдан тасып әкелінетін суды пайдаланатын АЕМ-де 0 балға дейін;
2) « Су құбырын баланста ұстаушы» - 2 балл.АЕМ-гі су құбырының желісіне қызмет көрсету сапасын айқындайды. Мәндердің шамасы АЕМ-гі қолданыстағы кәсіпорынның болуымен айқындалады – 2 бал, ауылдық округтың балансында – 0 бал.
3) «Жол» - 7 балл. Жол инфрақұрылымын бағалау үшін АЕМ-нен аудан орталығына дейінгі қатты жабынды автокөлік жолдардың проценті алынды. Мәндердің шамасы 100% қатты жабынды болып айқындалады, одан әрі 25% бойынша қадамдық мән.
4) «Газбен қамту» - 3 балл. Бастапқы мәндер АЕМ-де газдандырудың болумен немесе жоқтығымен айқындалады (газдандырылған АЕМ- 3 балл, газдандырылмаған – 0);
5) «Электр энергиясы» - 7 балл, халықтың тұрмыс деңгейінің және аумақтың экономикалық белсенділігін аса маңызды көрсеткіші. Бастапқы мәндер АЕМ-нің электр энергиясымен қамтамасыз етілгендігімен немесе қамтамасыз етілмегендігімен айқындалады;
6) «Байланыс» (телефондық) – 6 балл. АЕМ-нің телефондандырылу деңгейімен айқындалады. Көрсеткіштің шекті мәні абоненттік желінің тығыздығымен айқындалады, 2 балдық қадаммен: АТБ – 6 балл, 1-ден 5-ке дейін нөмірлер – 4 балл 1 нөмір – 2 балл және байланыстың болмауы – 0 балл.
7. Әлеуметтік блоктың сыныпталған факторлары:
1) «Білім беру» - 3 балл. «Білім беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiктi мемлекеттiк нормативi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысымен ауылдық білім беруді дамыту жөнiндегi мемлекеттiк нормативтер мен стандарттар бекiтiлген.
Бiлiм берудi дамыту көрсеткiшiн бағалау бiлiм беру объектiлерiнiң белгiленген нормаларға сәйкестігі немесе сәйкес еместiгi, олардың нақты елдi мекенде бар болуы мен бiлiм беру ұйымдарының мектеп жасындағы оқушылар тұрақты тұратын АЕМ-нен 3 км астам қашықтығы бойынша жүзеге асырылады;
2) «Денсаулық сақтау» - 3 балл. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына сәйкес.
Ауылдық денсаулық сақтау жүйесiн бағалау денсаулық сақтау объектілерінің белгіленген нормаларға сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi және олардың АЕМ-де бар болуы негізінде жүргізіледі;
3) «Еңбекпен қамту» - 3 балл, АЕМ-де еңбекпен қамтылғандардың санының экономикалық белсенді халықтың 100 адамға арақатынасын сипаттайды және сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi жөніндегі орташа облыстық көрсеткішпен салыстырылады.
4) «Кедейлiк» - 1 балл, ауылдың 100 тұрғынына шаққанда атаулы әлеуметтiк көмек aлатындардың арақатынасын сипаттайды және сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi жөніндегі орташа облыстық көрсеткішпен салыстырылады.
8. Экологиялық блок мынадай көрсеткiштер бойынша бөлiнген:
1) «Радиациялық ая». Өлшем бірлігі - мкР/сағ. Елді мекендердiң аумағындағы радиациялық аяның жай-күйiн сипаттайтын көрсеткіш сыртқы гамма-сәуленiң экспозициялық дозасының қуаты (ЭДҚ) болып табылады, ол 0,3 МкЗв/сағ аспауы керек.
0,3 МкЗв/сағ асатын радиациялық ая деңгейi бар АЕМ-дер, басқа көрсеткіштер бойынша олардың осындай (радиациялық) әлеуетi барларға жататындығына қарамастан, ерекше қолайсыз экологиялық жағдайлы елдi мекендер тобына ауыстырылады;
2) «Топырақтың тұзданусы». Жерді бағалау көрсеткіштерінің бірі топырақтағы тұздың қоспасымен өлшенетін топырақтың тұздануы болып табылады. Деңгейлік көрсеткіштері 0,25 коэффицент қадамымен белгіленген: әлсіз тұзданған - 1 балл, орташа тұзданған - 0,75 балл, қатты сортаңданған - 0,25, аса қатты тұзданған – 0 балл.
3) «Судың сапасы». Судың сапасы мен оның тұтынуға жарамдылығын сипаттау үшiн оны минералдандыру деңгейі алынады. Ауыз судағы минералдық тұздардың (құрғақ қалдықтың) шектi жол берiлетін жинақталуы (ШЖЖ) 1 (1,5) г/л құрайды.
9. Барлық жiктеу факторлары бойынша көрсеткiштер әрбір АЕМ бөлінісінде балмен айқындалады.
10. Өлшемдердiң үш блогы бойынша алынған АЕМ балдарының жиынтық сомасы экологиялық блок бойынша түзету коэффициентiне көбейтіледі және ауылдық елді мекеннің экономикалық әлеуетін сипаттайтын жиынтық балды айқындайды.
11. Балдардың жиынтық сомасының негізінде АЕМ-дер үш санатқа (типке) бөлінеді:
1) Экономикалық даму әлеуетi жоғары AEM - 70 баллдан астам;
2) Экономикалық даму әлеуетi орташа AEM - 70 баллдан астам;
3) Экономикалық даму әлеуетi төмен АЕМ - 1-34 балл.
Достарыңызбен бөлісу: |