- Әдістеме – бұл қоғам мен процесстерді іздену арқылы талқылап белгілі ғылым мақсатына жету жолы.
- Экономикалық талдаудың әдістемесі – бұл теоретикоалық-жаңалықтар категорияларының жүйесі, экономикалық тұлғалардың іздену процесстерінің принципі және ғылыми құралы.
- Талдау әдістемесінің 6 түрі:
- Горизонтальдық (кезең);
- Вертикальдық, тік (құрылымы);
- Трендтік;
- Салыстыру;
- Факторлық;
- Қаржы коэффициентері әдістемесі
Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері - Көлденең (уақыт бойынша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсольюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
- Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері - Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
- Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позицисын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |