Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу-әдістемелік семинар отырысында талқыланды



бет3/4
Дата03.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#174388
1   2   3   4

Тапсырма

1. Соңғы 5 жылдағы ҚР экспорты мен импорты бойынша трендтарды құрыңдар және талдаңдар.

2. ҚР экспорт пен импорттың тауарлық құрылымына статистикалық мәліметтер жүргізіңдер. Қорытынды жасаңыздар.

7. Кіші елді оптимальды тарифі:

а) жағымды және үлкен елге қарағанда тарифі төмен;

б) жағымды және үлкен елге қарағанда тарифі жоғары;

в) нөлге тең;

г) жағымсыз?


Тест
1. Еркін сыртқы саудадан жоғары пайдаға ие болатындар:

а) импортпен бәсекелесетін салалар

b) тұтынушылар

c) дамушы елдер

d) жас өндіріс салалары

e) өндірушілер


2. Егер мемлекет тауарды елге енгізу немесе одан шығаруға рұқсат берсе, онда бұл ненің берілуін білдіреді:

а) квотаның

b) лицензияның

c) тыйым салудың

d) құқықтың

e) экспортты-импортты операцияларды басқаруды


3. Көрсетілген баждардың ішінде преференциалды бажды көрсетіңіз:

а) тауар импортын шектейтін баж

b) өндіріс бағаларын теңестіру мақсатымен импорттық тауарға салынатын қосымша баж

c) бір немесе бірнеше дамушы елдер үшін төменгі көлемде енгізілетін жеңілдікті баж

d) мемлекеттік биліктің бір жақты шешімдері негізінде енгізілетін баж

e) жауаптардың барлығы дұрыс


4. Адвалорлық кедендік тариф:

а) тауардың кедендік құнына қатысты пайызбен есептеледі

b) тауардың салмағы, көлемі немесе өзге өлшем бірлігіне енгізіледі

c) тұрақты ставка бойынша есептеледі

d) бірнеше ставкалар бойынша есептеледі

e) ауыспалы ставкалар бойынша есептеледі


5. Баждардың фискалдық қызметі неден тұрады:

а) мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін орнатудан

b) тауардың қалаусыз экспортының алдын алудан

c) жергілікті өндірушілерді қорғаудан

d) экспортты ынталандырудан

e) тауардың қалаусыз импортының алдын алудан


6. Тарифті енгізуден:

а) өндірушілер табыстары тұтынушылар шығындарынан басым түседі

b) өндірушілер табыстары тұтынушылар шығындарынан басым түспейді

c) мемлекет кірістері тұтынушылар шығындарынан басым түседі

d) өндірушілер мен мемлекет бірігіп алатын кіріске қарағанда тұтынушылар шығындары жоғары болады

e) өндірушілердің кірістері мемлекет кірістерінен басым түседі


Әдістемелік нұсқама. Семинар сабағына дайындық барысында берілген әдебиеттерді оқу керек. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік және тарифтік емес әдісінің негізгі түрлерін айтыңдар. Тарифтік емес әдістің экономикалық зардаптарын талдаңдар. Глосарийдегі терминдерді жаттаңдар.
8 тақырып. Халықаралық капитал қозғалысы және халықаралық несиелеу
СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Келесі тақырыптарға рефераттар жазыңдар: «ҚР инвестициялық климаты», «ҚР біріккен кәсіпкерлік: проблемалары және даму перспективасы»


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Халықаралық капитал қозғалысына анықтама беріңіз.

  2. Қай уақытта экспорт капитал тауар эусполртының көлемін ұлғайтады?

  3. Экспорт капиталы мен импорт капиталы немен ерекшеленеді?

  4. Халықаралық капитал миграциясына түсініктеме беріңіз.

  5. Экспорттың ссудалы капиталы мен экспорттың кәсіпкерлік капиталынан қандай айырмашылығы бар?

  6. Неліктен экспорт жеке кәсіпкерлік және мемлекеттік ссудалы капиталдың мінездемесі болады?

  7. Халықаралық бірлік кәсіпорын мен 100% шетел капиталы бар кәсіпорынды салыстырып, талдау жасаңыз.

  8. Экспорттаушы және импорттаушы мемлекеттер көзқарасы тұрғысынан капиталды шығарудың оң және кері әсеріне анықтама беріңіз..

  9. Халықаралық капитал қозғалысының факторы мен мақсатын атаңыз.


Талқылауға арналған сұрақтар
1. Жеке инвестор тұрғысынан шет елдегі инвестициялардың бірнеше формаларына сипаттама беріңіздер.

2. Төмендегілер арасындағы қатынастар қандай



  1. Уақытаралық сауда;

  2. Халықаралық ұсыным мен капитал қарызы;

  3. Ағымдық шот балансы.

3. Тікелей шетелдік инвестцииялар мен көпұлттық фирма арасындағы байланыстар қандай?

4. Қазақстандық экономиканы қадағалаушы Қазақстандағы ағымдық шот тапшылығын анықтап, жағдайға мәз болмас еді. Ол бұл – экономикалық мәселелердің белгісі деген болжам жасар еді, себебі қазақстандық тауарлар қалған әлемде қажетті сұранысқа ие емес. Осы талқылаудың дұрыстығына көз жеткізіңіздер, егер олай болмаса, онда қандай жағдайларда ол шынайылыққа жанасатын болады.

5. Кәсіподақ көшбасшысының цитатасы: «Шетел капиталының ағыны біз сияқты жұмыскерлер үшін жағымсыз салдарларға әкеледі. Бұл шығындаға әкелетін болады, себебі болашақта біздің жұмысты машиналар атқаратын болады». Осы бағдарға баға беріңіздер.

6. «Шетелге инвестиция құю экономика үшін жағымды емес, себебі ол өндіріс көлемдерін төмендетеді». Осы бағдарға сипаттама беріңіздер.


Тест
1. Қоржындық шетелдік инвестицияларға жатқызылады:

а) кәсіпорын іс-әрекетін бақылау мүмкіндігін беретін капиталды салу

b) кәсіпорын іс-әрекетін бақылау мүмкіндігін бермейтін капиталды салу

c) шетелдік әріптеске несие ұсыну

d) кәсіпорын акцияларының пакетін сатып алу

e) дұрыс жауабы жоқ

2. Ел импортының құны активтерді таза шетелдік сату мен экспорт құнының сомасына және олар бойынша проценттерге тең. Бұл

а) Вальрас ережесі

b) Кез-келген формаларда активтерді сату

c) Компанияладың шетелге меншік капиталын салуы

d) Пайданы қайта инвестициялау

e) Ішкі корпорациялық аударымдар


3. Төмендегілердің қайсысы инвестициялаудың негізгі формаларына жатқызылмайды

а) тікелей шетелдік инвестициялар

b) қоржынды инвестициялар

c) халықаралық займдар

d) бақылау құқығынсыз акцияларды сатып алу

e) қызмет көрсету


4. Фельдштейн-Хориокидің жұмбағы келесімен байланысты

а) капиталдың жетілмеген мобильділігінің себептерімен

b) капиталдың халықаралық қозғалысымен

c) халықаралық қарыз алумен

d) халықаралық инвестициялаумен

e) капиталмен


5. ТШИ жобасына қатысушы ретінде қарастырыла алатын кейбір фирмалар тұрғысынан мотивтерге жатқызылады:

а) ресурстар, нарықтар, тиімділік

b) ресурстар, өткізу, тұрақтылық

c) пайыз, нарықтар, пайдалылық

d) капитал, еңбек, жер

e) пайда, қабілеттілік, өсім


Әдістемелік нұсқама. Семинар сабаққа дайындалу үшін берілген әдебиеттерден оқу керек. Бірінші кезекте халықаралық өндіріс факторлар мобильділіктің теориясын түсініп оқыңдар. Халықаралық капитал қозғалысының формасын оқыңдар. ҚР шетел капитал қызығушылық облысындағы саясатты басқа елдермен салыстырыңдар.

9 тақырып. Халықаралық жұмыс күші миграциясы
СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. «Мемлекеттік миграциялық саясат» атты тақырыпқа жеке проект дайындау.

6. Келесі тақырыптарға рефераттар жазыңдар: «Дамушы елдердегі жұмысшы күші миграциясын мемлекеттік реттеу», «Қазақстан Республиканың миграциялық саясаты»

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар және тапсырмалар


  1. Миграциядан болатын түрлі табыстардың түрлерін атап, орындылығын талқылаңыздар.




  1. Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан кейін таза эмиграция байқалған болатын. Себептерін талқылап, осы жерде экономикалық факторлардың қаншалықты орын алғанын түсіндіріңіздер.




  1. Аталмыш бөлім халықаралық факторлық мобильділікке, осылайша халықаралық миграцияға арналған болса да, жұмыскерлер де ел шеңберінде мобильді бола алады – мысал ретінде Алматы мен Астана арасында. Неге ұлтішілік миграция адам үшін халықаралық миграцияға қарағанда тартымдырақ болады?




  1. 7.3 тарауында миграцияға қатысты кейбір фактілер Равенштейн «заңдары» деп аталған.

(a) «Заң» деген сөз үшін неліктен тырнақшаларды қолданған жөн?

(b) Экономикаға қатысты өзге де заңдарды атап, осы шарттың орындылығын түсіндіріңіздер.


Тест
1. Еңбекке қабілетті халықтың экономикалық сипаттағы себептерге байланысты туындаған, бір жылдан астам мерзімге жұмыс іздеу мақсатында бір мемлкеттен екінші мемлекетке орын ауыстыруын білдіреді

а) халықаралық еңбектің көші- қоны процесі

b) жұмыс күшінің халықаралық қозғалысы

c) ұлттық еңбек нарығының жағдайы

d) ғылыми- техникалық процестің дамуы

e) халықаралық еңбек бөлінісі


2.Эмиграция – ол...

а) шетелге кету

b) шетелден кету

c) капиталды сыртқа шығару

d) дамушы елдер арасында жұмыс күшінің қозғалысы

e) көп пайда табу


3. Эмиграция және иммиграция айырмасы не?

а) эмиграциондық квота

b) имиграциондық квота

c) миграциялық сальдо

d) иммиграциялық сальдо

e) орын ауыстыру


4. Мемлекеттік миграциялық саясат нені білдіреді?

а) мемлекеттердің заңдарымен халықаралық құқықтық актілермен реттелуі

b) жұмыс күшінің экспорттық және импорттық процестерінің басқарудағы мемлекеттің нысанында қызмет жұмысы

c) мемлекеттің экономикалық дамуына жағымды әсерін тигізе алатын, жеке кәсіпкерлікті жүргізу тәжірбие болу ерекше қабілет

d) жұмыс берушінің жұмысқа шығаруы бойынша миграция

e) жоғары білікті жұмыс күшінің өнеркәсіптік дамыған елдерден дамушы елдерге көшуі


5. Жаңа индустриалды елдер мен дамушы елдер арасындағы жұмыс күші миграциясы негізінен немен анықталады:

а) Дәстүрлермен

b) Экономикалық себептермен

c) Мәдени әдет-ғұрыптармен

d) Діни себептермен

e) Тұрғылықты себептермен


6. Иммиграциялық саясат тікелей мыналар арқылы жүзеге асырылады:

а) ұлттық иммиграция қызметі

b) консулдықтар

c) елшіліктер

d) ішкі істер министрлігі

e) сыртқы істер министрлігі


Әдістемелік нұсқама. Семинар сабағына дайындалу барысында берілген әдебиеттерден тақырып бойынша іздені керек. Жұмыс күші, миграция, иммиграция, эмиграция категорияларын мәнің оқыңдар. Елдер арасындағы миграция түрлерін қарастырыңыздар. ҚР миграциялық процестерін реттеу саясатын басқа елдермен салыстыру жүргізіңіздер. Миграциялық процестерде болатын проблемаларды қарастырыңыз.
10 тақырып. Халықаралық технологияны беру
СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Келесі тақырыпқа реферат жазыңдар: «Лицензияларды сатудағы халықаралық реттеу»


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар және тапсырмалар


  1. Технология деген не?

  2. Технологияны берудің қандай арналары әрекет етеді?

  3. Коммерциялық және коммерциялық емес негізде технология беруге мысал келтіріңдер?

  4. Патенттің лицензиядан айырмашылығы қандай?

  5. Лицензиарға сыйақы қалай жүзеге асырылуы мүмкін?

  6. Қазақстандағы франчайзингке мысал келтіріңдер

  7. Инжинирингтің мәнін ашыңдар

  8. «Кілт асты» шарттарының артықшылықтары мен кемшіліктерін ата.

  9. Халықаралық технологиялық ынтымақтастық қалайша жүзеге асырылады?

  10. Технологияның берілуін мемлекеттік реттеу не үшін қажет?


Тест


  1. Технология деген не?

а) еңбек өнімділігінің артуы

b) дербес өндіріс факторы

c) тауарды құру тәсілі

d) тәжірибелік мақсаттарға қол жеткізудің ғылыми әдісі

e) коммерциялық және ақысыз негізде ғылыми-техникалық жетістіктерді мемлекетаралық ауыстыру
2. Заттанбаған формадағы интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне не жатпайды

а) білім


b) жабдықтар

c) ноу-хау

d) технологиялық құжаттама

e) тәжірибе




  1. Жоғары технологиялар орын ауыстырады

а) дамушы елдерден дамыған елдерге

b) дамыған елдерден дамушы елдерге

c) дамыған елдерден өтпелі елдерге

d) дамушы елдерден дамушы елдерге

e) дамыған елдер шеңберінде
4. Лицензиялық келісіммен сатып алушы мен сатушыға ұсынылатын құқықтар көлемі шеңберінде лицензиялар жіктеледі

а) қарапайым, шекті және толық

b) қарапайым және күрделі

c) жартылай және толық

d) толық және толық емес

e) монополиялық және шекті


5. Нақты алынған пайда немесе лицензияны коммерциялық пайдалану барысындағы сатылым көлемінен пайыз түрінде орнатылған кезеңдік аударымдар

а) роялти

b) паушальды төлем

c) патент

d) франшиза

e) инжиниринг


Әдістемелік нұсқама. Семинар сабағына дайындалу барысында берілген әдебиетерден қысқаша конспект жасау керек. Технология, технологияның өмірлік циклі, франчайзинг, инжиниринг, НИОКР категорияларына анықтама беріңіз. Технология үшін төлем формасын талдаңдар. ҚР технологияны беру облысындағы саясатты әлемдегі басқа елдермен салыстырыңдар.

11 ТАҚЫРЫП. Халықаралық экономикалық интеграция, регионализация және глобализация
СӨЖ тапсырмасы

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Презентацияларды дайындау:

«АСЕАН және АТЭС аймақтық интеграция»

«Оңтүстік Америкадағы интеграциялық процестер»

«Африкадағы интеграциялық процестер».

6. «ҚР бәсекеқабілетті экономикасының глобализация процестеріне әсер етуі» атты тақырыпты талдауға дайындалу.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар және тапсырмалар
1. Экономикалық интеграция дегеніміз не?

2. Елдер өзара не үшін бірігеді?

3. Интреграциялық процестің кезеңдерін атаңдар?

4. Елдер дамуының бірдей деңгейі интеграция үшін міндетті шарт па, неге?

5. Табысты интеграциялық топтамаларға мысал келтіріңдер

6. Қазақстан қандай интеграциялық бірлестіктің мүшесі болып табылады?

7. Елдер неге саяси одақ сияқты интеграциялық процестің алтыншы кезеңіне қол жеткізуді мақсат етпейді?

8. Экономикалық интеграция, регионализация мен глобализация терминдерінің өзара байланысын түсіндіріңдер.


Тест
1. Интеграция – бұл...

а) мемлекетаралық келісімдер формасын алатын шаруашылық механизмдерді жақындатуға әкелмейтін елдердің өзара ықпал ету процесі

b) ұлттық шаруашылықтағы еңбек бөлінісі мен тұрақты экономикалық байланыстарды дамытатын объективті процесс

c) мемлекетаралық халықаралық саудаға аралысу масштабының байланысы

d) мемлекеттер өзара жақындасуыдың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда бағдарламасы

e) нақтылы тарифтік қорғану саясаты


2. Төмендегілердің қайсысы еркін сауда зонасының мазмұнын сипаттамайды:

а) интеграциялық процестің екінші деңгейі

b) тауарлармен сауда жасауға кедергі болатын факторлар жойылған

c) тараптар үшінші елдерге қатысты өзінің меншік саясатын жүзеге асырады

d) еңбек ресурстарының қозғалысына кедергі болатын факторлар жойылған

e) мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейді


3. НАФТА-ң ассиметриялық сипатын не бейнелейді?

а) келісімге АҚШ пен Канадының қатысуы

b) келісімге АҚШ пен ЕО қатысуы

c) келісімге Мексиканың қатысуы

d) келісімге дамыған державалар (АҚШ, Канада) мен дамушы мемлекеттің (Мексика) отыруы

e) бірегей кедендік тарифті енгізу


4. Үшінші елдерге қатысты ортақ сыртқы кедендік тарифті орнатумен еркін сауда жөніндегі келісімге отырған тәуелсіз мемлекеттердің бірлестігі - бұл:

а) еркін сауда зонасы

b) еркін экономикалық зона

c) кедендік одақ

d) интеграциялық топ

e) кедендік зона


5. Интеграциялық процестің қай кезеңі қатысушы елдердің дамуы үшін қалаулы емес

а) Еркін сауда аймағы

b) Саяси одақ

c) Кедендік одақ

d) Экономикалық одақ
Әдістемелік нұсқама. Дайындыққа берілген әдебиеттерден бастау керек. Экономикалық интеграцияның алдын-алу шарттары мен мақсаттарын оқыңдар. Интеграциялық бірлестіктің типтерін қарастырыңыздар. Глобализация процесі даму деңгейіне байланысты елдердің экономикасына әсерін талдау.
12 ТАҚЫРЫП. Халықаралық валюталық-қаржы жүйе
СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Келесі тақырыптарға рефераттар жазыңдар: «ҚР ұлттық валюта жүйеснің құрылуы және проблемалары», «Халықаралық қаржы ұйымына Қазақстанның қатысуы», «Валюталық тәуекелділік және сақтандырудың негізгі әдістері»

6. Тақырып бойынша глосарий құру.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. Халықаралық экономикадағы валюта-қаржы жүйесіне анықтама беріңдер.

  2. Валюта және оның түрлерін сипаттама беріңдер.

  3. Әлемдік валюта жүйесінің даму кезендерін айтыңыздар.

  4. Генуэзск, Бреттон-Вуд және Ямайка шеңберінде болған конференциядағы сұрақтарды сипаттаңдар.

  5. Қалқымалы валюталық курстың жүйесінің артықшылығын айтыңыздар.


Тапсырмалар


  1. Халықаралық экономиканың дамуындағы халықаралық валюта-қаржылық жүйенің рөлін сипаттаңдар

  2. Валюталық жүйенің элементтері қандай?

  3. Қаржылық жүйенің қандай элементтері бар?

  4. Халықаралық есеп-айырысулар деген не?

  5. Еркін айналысқа түсу нені білдіреді?

  6. Халықаралық валюталық жүйенің соңғы мақсаты деген не?

  7. Өз дамуындағы халықаралық валюта-қаржылық жүйе қандай кезеңдерден өтті?


Тест

1. Елдер төлем балансының теріс сальдосын жабу үшін пайдаланатын өздерінің өтімді халықаралық резервтік активтерін ұстайтын валюта.

а) ұлттық валюта

b) шетелдік валюта

c) резервтік валюта

d) еркін пайдаланылатын валюта

e) қатты валюта
2. Резиденттер мен бейрезиденттердің еш кедергісіз ұлттық валютаны шетелдік валютаға айырбастап, шетелдік валюталарды нақты қаржылық активтермен жасалатын мәмілелерде пайдалану қабілеттігі.

а) валютаның еркін айналысқа түсуі

b) валютаның айырбасталуы

c) еркін пайдаланылатын валюта

d) шетелдік валюта

e) валютаға қатысты икемді сұраныс


3. Халықаралық валюталық жүйенің қызмет ету мақсаты:

а) өндірісті, сыртқыэкономикалық байланыстарды, ақша айналысын реттеу

b) тауарлар және қызметтердің халықаралық саудасының тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сыртқыэкономикалық іс-әрекет қатысушыларының өзара тиімділігіне қол жеткізу

c) төлем баланстары мен халықаралық есеп-айырысуды реттеу

d) валюталық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі

e) валюта айырбастау үшін тосқауылдарды жою


4.Алтын паритет валюталық курстарды қалыптастыру негізі ретінде мына кезде әрекет етті

а) Париждік валюталық жүйе барысында

b) Бреттон-вудтық жүйе барысында

c) Ямайкалық валюталық жүйе барысында

d) Еуропалық валюталық жүйе барысында

e) Генуялық валюталық жүйе барысында


5. Өзге ұлттық валюталардың белгілі жиынына қатысты ұжымдық валютаның орташа өлшенген курсын өлшеу әдісі.

а) демонетизация

b) валюталық корзина

c) валюталық паритет

d) алтын паритет

e) қарыз алудың арнайы құқықтары


Әдістемелік нұсқама. Семинарлық сабаққа берілген әдебиеттерден оқу керек. Берлген тақырыпқа көп өзіндік жұмыс жасау керек. Халықаралық валюта-қаржы жүйесін негізі құрауыштарын оқыңдар. Содан кейін әлемдік валюта жүйесін қарастырыңдар. Тіркелген және қалқымалы валюта курстарын салыстырыңыздар.
13 ТАҚЫРЫП. ВАЛЮТАЛЫҚ КУРС ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ.
СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Келесі тақырыпқа мини-презентация дайындау: «Валюталық курс»

6. Келесі тақырыптарға рефераттар дайындау: «ҚР валюталық саясаты», «Әлемдік резервтік валюталар»

7. Тақырып бойынша глосарий құру.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар және тапсырмалар
1. Еуропадағы Сіздің досыңыз турист ретінде Қазақстанға келуді қалайды. Ол саяхаттың қымбат тұратынына дайын болуы керек пе деген Сізге сұрақ қояды. Сіздің досыңызға қандай ақпаратты беру қажет және сұрағына жауап алу үшін аталмыш ақпаратты қалайша пайдаланады? Осы сұрақ бойынша өз пайымдауларыңызда нақты валюталық курс түсініктерімен байланыстырыңыз.

2. Өз сөзіңізбен валюталық нарықтағы шеңберлі айырбастың бизнес-идесын сипаттаңыз.

3. Арбитраж өзін өзі нейтралдайды (жояды) дегенді қалай түсіндіресіз?

5. Аталмыш бөлімнің осы жағдайды ешбір талқыламағанына қарамастан, бекітілген айырбас курсы режимін қолдау және қарсы болу аргументтерінің тізімін келтіріңіз. Қазақстанның неліктен қандай да бір өзге валютаға қатысты теңгенің валюталық курсын бекіту міндеттемесін қабылдағасы келмейтіні жайлы ойланыңыз (мысалы, рубльге, АҚШ доллары мен еуроға).


Тест
1. Нақты валюталық курс –

а) екі түрлі ұлттық валюталармен саду жүретін арақатынас

b) жекелеген елдердің валюталарының арасындағы арақатынас немесе басқа елдің валютасымен өрнектелген белгілі бір ел валютасының бағасы

c) екі ел тауарларының салыстырмалы бағасы

d) шығарушыға елдер территориясындағы заңды төлем құралы

e) алтын құймалы айырбас құралы


2. Қалқымалы курс барысында тепе – тең бағаның төмендеуі –

а) хеджирлеу

b) девальвация

c) ревальвация

d) валюталық спекуляция

e) арбитраж


3. Шетел валютасына деген сұраныс қандай негізгі факторлардың ықпалымен қалыптасады

а) өндірілген тауардың артық бірлігінің берілуі

b) валютаның қымбаттауы немесе арзандауы

c) тауарлар, қызметтер және өндіріс факторлары импортына деген қажеттілік

d) жалпы сұраныс пен жалпы ұсыныстың еркін ауытқуы

e) инвестицияның шетелдегі құндылығы


4. Бұл валюта нарығының сегментінде сатып алулар мен сатулар дереу жүзеге асырылады

а) Форвардтық мәмілелер «аутрайт».

b) Опцион колл

c) Форексті своптар

d) Опцион пут

e) Ағымдық (спот) мәмілелер


5. Арбитраж дегеніміз

а) бір нәрсеге бағалардағы айырмашылықты пайдалану

b) түрлі нарықтар арасында байқалады

c) валютамен ойнау

d) валюталық нарықтағы құбылыстар

e) валюталық спекуляция


Іскерлік ойын «Валюталық арбитраж»
Шеңберлі айырбас. Валюталық нарықтарды пайдаланудың келесі тәсілі – түрлі нарықтардағы валюталар арасындағы өте кішкене айырмашылықтарды пайдалану талабы. Егер екі бірдей валютаға қатысты болса, онда арбитраждың осы типі айтарлықтай қарапайым. Дегенмен де, валюталық нарықтар түрлі валюталармен шеңберлі айырбастың бірқатар неғұрлым қарапайым мүмкіндіктерін ұсынады. Түрлі валюталар арасындағы кросс-курстардың келесі кестесіне назар аударайық.

Кесте http://www.ft.com/marketdata/crossrates интернет-парағынан алынған. Мұндағы мәліметтер 2007 жылдың маусымындағы мәліметтер.

«Кросс-курс» дегеніміз түрлі валюталар арасындағы айырбас курстар (маклерлер тілінде – долларлы емес).


Кесте: Валюталық нарықтың кросс-курстары.

Кестедегі валюталық курстар былайша көрсетілген: кестедегі әрбір жекелеген жазу сәйкес жолдағы бір валюта бірлігін сатып алу үшін қажетті бағандағы валюта бірлігінің санын көрсетеді. Мысалы, бірінші бағандағы соңғы сан 1,062 Канада доллары бір долларды сатып алу үшін қажет екендігін көрсетеді.

Енді, айталық, сізде 1 млн. АҚШ доллары мен арзан күйде валюталық операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

Онда сіз келесі мәмілелер сериялары туралы ойлануыңызға болады:



  1. Алдымен сіз өз долларларыңызды евро үшін 0,743 евро/доллар курсына айырбастай отырып, 743 000 евроға ие боласыз.

  2. Содан кейін сіз евроны швейцарлық франкке 1,654 франк/евро курсы бойынша сатуды ойластырасыз, нәтижесінде сіз 1 228 922, 00 франкке ие боласыз.

  3. Соңында сіз швейцарлық франкті АҚШ доллары үшін 0,814 доллар/франк курсы бойынша сатып, 1 000 342,51 доллар сомасымен қаласыз.

Осылайша, сіз 342,51 долларға тең пайдаға ие боласыз!
Трансакциялардың аталмыш сериясы валюталық нарықтың арбитражы деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет