Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының



Дата13.06.2016
өлшемі139.34 Kb.
#131603
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Ғылым комитеті төрағасының

        1. 2012 ж. « 26 » сәуірдегі № 15-пр

бұйрығымен бекітілді

Технологиялық және әлеуметтік инновацияларға бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың өтінімдерін даярлауға арналған конкурстық құжаттама


  1. Жалпы ережелер

Осы конкурстық құжаттаманы ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) технологиялық және әлеуметтік инновацияларға бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру конкурсына қатысуға арналған өтінімдерді даярлау үшін 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына сәйкесәзірледі.

Технологиялық және әлеуметтік инновацияларға бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар (бұдан әрі - жобалар) мәлімделген жоба бағасының 80 проценті мемлекеттік бюджеттен және 20 проценті өтініш білдірушінің өз қаражатынан (немесе өтініш білдірушінің бизнес-әріптестерінің қаражатынан) қаржыланады. Бір өтінімді мемлекеттік қаржыландырудың жалпы сұратылған сомасы 300 млн. теңгеден аспауы тиіс.


  1. Ғылыми бағыттардың тақырыптарының атауы

Жобаның мазмұны ғылымды дамытудың басым бағыттарының біріне Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның 2011 жылғы 21 сәуірдегі №20-55/372 хаттамасы шешімімен анықталған энергетика, шикізат пен өнімді тереңнен өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, өмір туралы ғылым, сондай-ақ Ұлттық ғылыми кеңестің 2011 жылғы 3 тамыздағы №2 хаттамалық шешімімен қалыптасқан арнайы мамандандырылған ғылыми бағыттарға сәйкес келуі тиіс.


1.Энергетика

1.1 Жылу - және электроэнергетика

1.2 Ядролық және сутегі энергетикасы

1.3 жаңартылған энергия көздері (жел - және гидроэнергетика, биоотын және фотоэлектр)

1.4 қоршаған ортаға энергетикалық сектордың әсері


2. Шикізат пен өнімді тереңнен өңдеу

2.1 табиғи және техногендік шикізатты өңдеу технологиялары

2.2 Жаңа материалдарды алу технологиялары

2.3 Өнімді өңдеу технологиялары


3. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар

3.1 Ақпараттық технологиялар

3.2 Телекоммуникациялық жүйелер мен технологиялар

3.3 Зияткерлік роботты техника жүйесі

4.Өмір туралы ғылымдар

4.1 Медицина және денсаулықты көтеру саласындағы зерттеулер

4.2 Жаңа биопрепараттар

4.3 Сауда қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер




  1. Жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу шарттары

Конкурсқа ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ автономды білім беру ұйымдары осы конкурс құжаттамасының Қосымшаларына сәйкес төмендегі құжаттарды ұсына алады: ілеспе хат, жобаның қысқаша сипатамасы, жоба өтінімі, ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы уәкілетті органның куәлігінің көшірмесі немесе бұйрық көшірмесі, жобаны қаржыландыруға қатысу туралы ниет хаты немесе хаттамасы.


Жоба Қазақстан Республикасында іске асырылуы қажет.

Жеке тұлға 2-ден артық емес жобаға ғылыми жетекші бола алады.

Жобаларға қатысушылар конкурс шеңберінде бөлінген қаражаттарды тек өтінімде көрсетілген мақсатқа жұмсауы тиіс. Өтінім Жобадан күтілетін нәтижелерінің жетістіктері шарттарын бұрмалауға қабілеттенетін жүйелі және шартты мақсат мазмұнында бола алмайды.

Конкурс шеңберінде зерттеулердің қорытындысы бойынша құрылған ғылыми жобаны жариялау кезінде авторлар алған грантқа номерін көрсете отырып, сілтеу жасауы тиіс.

Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың орталығы (Сараптама орталығы) мақұлданған жобаның аннотацияларын және ғылыми есепті (баспа немесе электронды нұсқада) жариялау үшін авторлардың келісімі міндетті шарт болып табылады.
Конкурстық құжатама талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер төмендегі жағдайларда қабылдауға жатпайды:


  • жоба бір мезгілде әртүрлі басымдар мен (немесе) бір конкурстың шеңберіндегі арнайы ғылыми бағыттарға мәлімделсе;

  • жоба әртүрлі конкурстар шеңберінде өткізу уақытына сәйкестеніп берілсе;

  • жоба бұрын мемлекеттік бюджет қаражат есебінен қаржыландырылған болса немесе қаржыландырылса;

  • бір ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъекті өтінімінің мағыналы немесе ұқсас болуы.



  1. Жоба өтінімінің мазмұнына қойылатын талаптар

Жоба өтініміне қойылған талаптар төмендегідей толық және анық мәліметтерді қамтуы тиіс:



  1. Ғылыми зерттеулердің практикалық маңыздылығы;

  2. Ғылыми-өндірістік қордың болуы және өтініш берушінің құзыреттілігі;

  3. Ұсынылып отырған Жобаның негіздемесі, іске асыру жолдары;

  4. Инновациялылығы;

  5. Қажет етілетін қаражаттың негіздемесі.

Материалдардың қағаз және электронды нұсқалары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде мазмұны бойынша бірдей екі данада ұсынылуы қажет. Қағаз даналары нөмірленуі және тігілуі тиіс, соңғы бетіне қосымшасымен бірге жеке тұлға қол қояды, ал заңды тұлғалар үшін Басшылықтың қолы мөрмен расталады. Электронды жеткізгіштер тек үш папкадан (тиісінше қазақ, орыс және ағылшын нұсқалары үшін), олардың әрқайсысында DOC немесе DOCX форматындағы мынадай құжаттардың пакеті болуы тиіс:




  1. Ілеспе хат (DOC немесе DOCX форматта);

  2. Өтінімнің қысқаша сипаттамасы (DOC немесе DOCX форматта);

  3. Жобаның өтінімі (DOC немесе DOCX форматта);

  4. Ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің аккредиттелуі туралы куәліктің көшірмесі немесе уәкілетті органның бұйрығынан үзінді (PDF форматта);

  5. Жобаны қаржыландыруға қатысу туралы келісімнің хаттамасы (PDF форматта);

Құжаттардың әрбір данасы (қағаз және электронды) тек бір тілде ресімделеді. Электрондық жеткізгіштердегі файлдардың максималды көлемі 5 Мб аспауы тиіс. Өтінімнің көлемі А4 (Times New Roman, 12 шрифт, интервал 1) форматында 30 беттен аспауы тиіс.

Электрондық жеткізгіштегі материалдар (компакт-диск) ілеспе құжаттардан бөлек оралады және бір конвертке (пакет) салынады.



  1. Жобаны конкурстық іріктеу критерийлері

Жобаларды конкрстық іріктеу бойынша Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімі МҒТС-ке және төмендегі негізгі критерийлерге негізделеді:

- сараптамалық қорытындылардың жоғары және орта баллдары;
- ғылымды дамытудың басым бағыттарының біріне тиесілігі;
-күтілетін нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі;
- қажет етілетін қаражаттың негіздемелілігі;
- жетекші шетел ғалымдарының және инженерлерінің, сондай-ақ қазақстан ғалымдарының шетелдік тағылымдарға қатасуы;
- ғылыми-өндірістік базаның болуы.
Жобаны іске асыру келісім-шартын Ұлттық ғылыми кеңес шешімінің негізінде гранттық қаржыландыру конкурс ы жеңімпаздарымен ғылым саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Жобаны гранттық қаржыландыру конкурсы нәтижелері кезеңдік баспасөз басылымдарында және ғылым саласындағы уәкілетті органның интернет ресурсында www.scedu.kz жарияланады.

Технологиялық және әлеуметтік инновацияға

бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық

жобаларға өтінім даярлау үшін

конкурстық құжаттамаға



1 қосымша

ІЛЕСПЕ ХАТ
1. Жобаның тақырыптық атауы

2. Ғылыми зерттеу саласының атауы

3. Зерттеу түрі

Қолданбылы, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер және т.б.



4. Өтінім берілетін ғылымды дамытудың басым атауы.

5. Өтінім берілетін ғылымды дамытудың арнайы ғылыми бағытының атауы.

6. Өтнім берушінің дербес мәліметтері.

Жеке тұлғаның толық аты-жөні, заңды мекен-жайы, байланыс телефондары;

Заңды тұлғаның толық атауы, заңды мекен-жайы, байланыс телефондары

7. Зерттеу жүргізетін ұйым басшысының дербес мәліметтері.

Ұйым басшысының заңды мекен-жайы, байланыс телефондары



8. Бизнес-серіктестің (тердің) дербес мәліметтері

Жеке тұлғаның толық аты-жөні, заңды мекен-жайы, байланыс телефондары;

Заңды тұлғаның толық атауы, заңды тұлға басшысының толық аты-жөні, заңды мекен-жайы, байланыс телефондары

9. Жобаның ғылыми жетекшісі туралы мәліметтер

Аталған бөлімде төмендегі ақпарттар болу қажет:



  1. Жобаның ғылыми жетекшісінің дербес және кәсіби мәліметтері (заңды мекен-жайы, байланыс телефондары, ғылыми дәрежесі/атағы, лауазымы және жұмыс орны)

  2. Ғылыми жұмыстары (мұнда ұсынылған зерттеу бұрын орындалған жобаның ғылыми жетекшісінің жобасымен ғылыми зерттеу қалайша байланысты):

  • Жоба тақырыбына қатысты 5 негізгі басылым туралы мәліметтер, патенттер;

  • Жобаның ғылыми жетекшісі соңғы 3 жылда айналысқан жобалары туралы мәліметтер (зерттеу тақырыбы, зерттеудің жүргізілген уақыты мен орны, қаржыландыру көзі, жобаның аяқталу дәрежесі).

- жобаның ғылыми жетекшісінің аталған конкурс аясында берген екінші жобасы туралы мәліметтер (зерттеу тақырыбы, зерттеу жобаларының басым және арнайы ғылыми бағыттары, жобаны ұсынушы, аталған жобаның жүктеме пайызы). Ғылыми жетекшінің жүктемесінің жалпы пайызы 100%-дан аспау қажет;

- зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, жобада жұмыспен қамтылуы мерзімдері, көзқарасы, біліктілігі көрсету (ғылыми дәрежесі, негізгі басылымдары (10 дейін), патенттері, авторлық куәлігі), топ мүшелерінің жүктемелік пайызы;

- жобаның ғылыми жетекшілеріне зерттеулік топтың (негізгі дербес) жоспарланатын штатының 70 %-дан төмен емес дербес мәліметтері көрсетілуі қажет, штаттың басқа 30 %-ы жобаға грантты алғаннан кейін қабылдануы мүмкін (қосымша дербес).

- зерттеу тобы мүшелерінің әрқайсысының жеке жоспары (орындаушының қолымен);

10. Жобаның ғылыми жетекшісінің ұсынған материалдарының және ғылыми этика принциптері мен нормаларын сақтауды растау туралы өтініші

Өтініш төмендегі мазмұнда болу қажет: ғылыми жетекшінің ұсынылған жобасының теңдесіз және бұрын қаржыландырылмағанын растау; жоба ғылыми жетекшісінің ғылыми этика принциптерін сақтау туралы келісімі, атап айтқанда ғылыми мәліметтерді жалған жазу, бұрмалау, плагиат және жалған бірлескен авторлықтың болмауы.

Технологиялық және әлеуметтік инновацияға

бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық

жобаларға өтінім даярлау үшін

конкурстық құжаттамаға



2 қосымша
ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ


  1. Жобаның рефераты (абстракт).

Бөлімде жобаның қысқаша сипаттамасы (250 сөзден артық емес), жобаның мақсатыі, зерттеудің өзектілігі, қолданылған әдіснамалары, күтілетін нәтижелері мен оны әлеуеттік тұтынушылардың қолдануы, жоба нәтижесі кімнің қажетіне бағытталғаны көрсетілуі қажет.


  1. Басты сөз.

Бөлімде 5 (бес) басты сөзге дейін жобамен байланысы көрсетіледі.


  1. Зерттеу саласы

Бөлімде осы саладағы үш бағытқа дейінгі зерттеудің негізгі саласы анықталады.
* Аталған бөлім бір беттен аспау қажет.

Технологиялық және әлеуметтік инновацияға

Бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық

жобаларға өтінім даярлау үшін

конкурстық құжаттамаға

3 қосымша


Технологиялық және әлеуметтік инновацияға

бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар

ӨТІНІМІ



  1. Жалпы мәлімет

1. Жоба тақырыбы атауы

2.Жобаның ұзақтылығы

3.Жобаны іске асыру орны

4.Қажет етілетін гранттық қаражат көлемі (жобаны іске асырудың толық мерзімі, мың тг.)


  1. Жобаның сипаттамасы

1. Жобаның тәжірибелік маңыздылығы

Бөлімде төмендегі ақпарат болуы тиіс:

- зерттеудің ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы (функционалдық және техникалық шешімдердің жаңалығы), алынған нәтижелерден күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсері мен технологиялары, сондай-ақ оның ғылымның дамыуына ықпал етуі;

- ғылыми және технологиялық қажеттіліктерге қатысты (керек болса, әлеуметтік сұраныс пен экономикалық және индустриалдық қызығушылығын қосу), ұсынылған зерттеудің қажеттілігі мен маңыздылығын дәлелдеу үшін тиісті білім салаларының бағыттары қосылған мәселелері;

- әлемде бұрын өткізілген ғылыми зерттеулерге шолу, олардың зерттеуге жататын тақырыбының осы жобамен өзара байланысы.


Осы бөлімді сипаттаған кезде келесі айқындамаларға назар аударуды ұсынады:

  • жобаның идеясына қазіргі уақытта ұқсас қағидалық айырмашылыққа сипаттама беру қажет;

  • егер зерттеудің идеясы немесе нәтижесі әлемде бар болып, бірақ Қазақстанада болмаса, онда неге жобаның туындыгері (авторы) оны іске асыру үшін инвесторлар (мемлекет, бизнес-серіктестік) салымы пайдалы деп санайды?

  • егер жобаның соңғы нәтижесінде өнім болса, осы уақытта пайда болған техниканың деңгейін жобаның заттық саласында отандық және шетел өндірушілерінің жетістіктері туралы деректердің жұмылдыруын сипаттаңыз;

  • жоба негізіне салынған технология, бәсекелес немесе балама технологиялар бойынша зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы озық топтарды көрсетіңіз.



2) Жобаның мақсаты

Бөлімде ұсынылған жобаның мақсаты осы конкурс басымдарының біреуінің негіздемесіне сәйкестігі көрсетіледі.




3) Зерттеу әдістері мен этикалық мәселелер
Бөлімде төмендегі ақпарат ұсынылуы тиіс:

- зерттеу әдістерін сипаттау (қойылған мақсатқа жету жоба міндеттерін, тәсілдерін негіздеу үшін және жобаның гипотезасын растауға немесе таңдалған ғылыми көзқарасты негіздеу үшін);

- ғылыми этика қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету, басқарудың этикалық процедуралары, дәлірек, интеллектуалды адалдықтын жоғары стандарттарын қолдау және ғылыми деректерін өтірік жасауға, бұрмалауға, плагиатқа, жалған бірлескен авторлыққа, жеке қатысушылар, өзге қатысушылардың келісімсіз, бірлестік зерттеулерді, зерттеу барысында алынған деректер мен тұжырымдарды пайдалануға жол бермеу;

- зерттеу нәтижелеріне зияткерлік меншік құқықтарын бөлу мен рәсімдеу шарттары (өз зияткерлік меншігіңізді қорғау амалдарыңыз қандай екенін көрсету қажет);

- қауіп-қатерді басқару: сын нүктелері, жобаны іске асырудың балама жолдары.


4) Жобаны іске асыру

Бөлімде төмендегілерді ұсыну қажет:


  • кезеңдерді егжей-тегжейлі сипаттайтын, міндеттер мен жоспарланған жұмыс, сондай-ақ олардың маңыздылығын дәлелдейтін күнтізбелік жоспар;

  • әрбір шығын баптары бойынша жобаның міндетті мағынасын ашып, оның жалпы құнын дәлелдеу (мың теңге) ағылшын тілінде рәсімделген өтініштерде мақала шығыны доллар курсының теңгеге қатынасы (өтінім тапсырылған күнге ҚР Ұлттық банкі деректері) көрсетіліп, АҚШ долларымен көрсетілуі тиіс. Барлық бап шығындарының жалпы саны қаржыландыру үшін сұралған соманы көрсетеді. Бюджет жоспарланған жұмыс көлемі мен күнтізбелік жоспарға сәйкес берілуі тиіс. Ұлттық ғылыми кеңес шешімі негінде жобаға бюджетті таратуға өзгертулер енгізу мүмкіндігі бар.

Бюджеттің баптарына келесі шығындар кіреді:

1. Зерттеу тобы (белгіленген Қазақстан Республикасы заңнамасымен зерттеу жүргізген жоба қатысушыларының үстемақысын қоса енбегін төлеу)

2. Әлеуметтік салық пен әлеуметтік ақша аударымы;

3. Іс-сапарлар 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 ҚР Үкіметінің қаулысысымен, сондай-ақ 2008 жылғы 6 ақпандағы ҚР Үкіметі қаулысымен белгіленген нормалар бойынша немесе шет елге сапарларғы шығу жобаға қатысты конференциялар мен жиналыстарға қатысу шығындары).

4. Шеттегі ұйымдар қызметі (ұжымдық қолдану ұлттық зертханаларының қызметі, өзге де ұйымдар қызметі, орындау үшін қажетті зерттеулер)

5. Консультанттар қызметінің ақысы (шетел ғалымдары, инженерлер және т.б. мамандар көрсететін консультациялық қызметке жұмсалатын шығындар).

6. Жоба шеңберінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне жетуге қажетті құралдар (приборлар, жабдықтар, шығын материалдары, үлгілер және т.б.). Құрал сатып алуға өтініш-негіздеме қосу қажет, оны құны гранттық қаржыландырудан қажет етілетін қаражаттан 20% аспау қажет.

7. Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу шығындары (басылым, талдама, қорғау құжаттарын алу шығындары).

8. Жобаны іске асыруға қажетті бөлмелерді жалға алу төлемдері.

9. Үстеме шығындар (оргтехника қызметі, коммуналдық қызметтер, байланыс қызметі және интернет, кітапхана қызметі, нотариус қызметі төлемдері). Аталған жоба бойынша үстеме шығындардың жалпы сомасы 10% аспауы тиіс.




5) Зерттеушілер, зерттеу ортасы мен ұтқырлығы

Бөлімде төмендегілерді ұсыну қажет:

- зерттеу тобы құрамы (зерттеу тобы мүшелерінің дербес ақпараттары көрсетілмей, тек бағыттары мен зерттеуге қатысушылардың біліктілігіне талаптар көрсетіледі), жобада жұмыспен қамту мерзімдері, жұмыс көптілік пайызы;

- зерттеулер жүргізу үшін қолданыстағы жабдықтарды қоса отырып материалдық база туралы ақпараттар ұсыну қажет;

Сондай-ақ, бөлім жобаны жүзеге асыру үшін келесі тармақтардың маңыздылығын көрсету қажет:

- басты отандық және халықаралық байланыстар және жұмыстарды бөлу;

- отандық және халықаралық зерттеу инфрақұрылымын пайдалану (зертханалар), пайданы түсіндіру;

- ұтқырлық негіздемесі: жобаны жүзеге асыруға өзге орындарға келудің әсері және жұмыстардың кезеңі.


6. Ғылыми кадрларды әзірлеу

Бөлімде, жобаға жас ғалымдар, PhD докторанттардың қатысуы туралы ақпарат ұсынылуы қажет.


7. Күтілетін нәтижелер

Бөлімде келесі ақпарат көрсетіледі:

- жобадан күтілетін нәтижелер және әлеуметтік-экономикалық тиімділігі;

- ғылыми нәтижелердің қолданылуы;

- алынған нәтижелердің мақсатты тұтынушылары;

- жарияланымдарды жүзеге асыру, патенттерді алу.


8) Библиография

Бөлімде, жоба аясында жүргізілетін релеванттық (тиісті) зерттеулердің 10-ға дейін жарияланымдары көрсетілген. Әрбір жарияланым мақаланың барлық авторларының есімдерін, мақала мен журналдардың атауын, басылымның нөмірін, басылып шыққан жылдың мазмұнын қамту қажет.


Технологиялық және әлеуметтік инновацияға

бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық

жобаларға өтінім даярлау үшін

конкурстық құжаттамаға

4 қосымша
ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІСІН АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ КУӘЛІГІНІҢ КӨШІРМЕСІ НЕМЕСЕ БҰЙРЫҚ КӨШІРМЕСІ.

Технологиялық және әлеуметтік инновацияға

бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық

жобаларға өтінім даярлау үшін



конкурстық құжаттамаға

5 қосымша

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ИННОВАЦИЯҒА

БАҒЫТТАЛҒАН ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ

ЖОБАЛАРДЫ ҚОСА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НИЕТІ ТУРАЛЫ ХАТ НЕМЕСЕ ХАТТАМА



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет