Экстремизм дегеніміз: Француз extremisme, латын тілінде extremus



Дата26.09.2023
өлшемі21.7 Kb.
#478735
10 А Экстремизм және терроризм қәуіпі


Қазіргі гүлденген Қазақстан елінде - тұрақты экономикалық өсімі бар, саяси жағдайы қалыптасқан көп ұлтты және конфессиялы ел болып табылады. Еліміз өзінің алдына қойған мақсаты үшін дүние жүзіндегі дамушы мемлекеттер қатарына жету жолына нық қадам басуда. Дүние жүзілік аренада еліміздің айрықша орын алуына көз тігуші мемлекеттер қатары көбеймесе азаймағаны айдан анық. Буған елімізді әлсірету үшін көптеген себептер баршылық. Солардың бірі көпшіліктің санасына әсер ету. Елімізге 90 жылдардың бас кезінде бізге жат "Терроризм, экстремизм" деген сөздер ене бастады. Бұл сөздердің мағынасы қандай, неге елімізге енді? Еліміздегі діни ахуалдың күрделі сипат алып тұрғаны соңғы уақыттағы зерттеулерден белгілі болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалды, Лаңкестік әрекеттерді қазіргі уақытта Еуропадан да, Азиядан да, АҚШ-тан да кез келген аймақтан көре отырып, оның құрлық таңдамайтын тажал екенін түсінудеміз. Күні кеше ғана Мысыр елінде мешіт ішінде орын алған жарылыс салдарынан үш жүзден астам жазықсыз жанның өмірі қиыл­ғаны лаңкестердің ештеңені қасиет тұтпайтын, өте қатыгез екенін көрсетті


Экстремизм дегеніміз: Француз - extremisme, латын тілінде – extremus
Яғни «шеттеу» орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасайтын тулғаны білдіреді.


Діни экстремизм: Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен
адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын.

Дін түсінігіндегі экстремизмді дінге сыймайтын шектен тыс көзқарастар мен іс-әрекет­тер құрайды. Мұндай экстремизм­нің соңы зорлық-зомбылыққа, агрессияға апарады.


Терроризм
-[ лат. terror -қорқыныш, үрей]- саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану;
Бұл ұғым XVIII ғасырдың соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар
жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. “Террор” ұғымы
қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз
азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын
сипаттауда қолданылады.



Терроризм - бұл ұйымдасқан топ. Діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін
күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық ірі мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу сияқты және өзге де әрекеттерге барады.



Терроризмнің мақсаты- мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілікпен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Сонымен бірге қоғамда дүрбелен тудырып, көшеде, жұмыс және дем алатын
жерлерде, халықтың көп шоғырланған орындарында, сауда саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез келген уақытта
бүлік шығарып, үрей тудыру.

Елімізде діни экстремизм және терроризмге қарсы ел­дегі билік органдарын тегіс жұмыл­дыра отырып, мемлекеттік дең­­гейде күрес жүргізілуде. Мә­­селен, 1999 жылдың 13 шіл­­де­­сінде «Терроризмге қар­сы іс-қимыл» туралы заң қабыл­­данды. 2005 жылдың 18 ақ­па­нын­да «Экстремизмге қарсы іс-қи­мыл» туралы заң қабыл­данып, сол бағытта жұмыстар жүргізілуде.


Ақтөбедегі террорлық әрекет
Маусым айының 5-і күні Ақтөбеде сағат 14:28-де діни радикалдар тобының қару-жарақты иемдену үшін “Паллада” қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабарланды. Бұлар жеңілдікпен беріле қоймайды
Бүгінгі таңда барлық кәсіпорындар, мекемелер мен компаниялар өз
қызметкерлерінің терроризм мен экстремизмге қарсы сауатын арттырып
жатыр. Әрбір министрлік аталған тақырыпқа қатысты жоспар құрады.
Мұсылмандар діни басқармасы да мешіттерде діни экстремизмнің
алдын-алу жұмыстарын жүргізіп жатыр

Терроризм мен экстремизм – адамзаттың қас жауы!
Оны елге кіргізетін болсақ жазықсыз жандар – балалар, аналар мен қарттар шейіт болады.Терроризм, экстремизм сияқты қауіпқатерге төтеп беріп, тиімді қарсы тұрудың ең басты шарты - ол қоғам мен биліктің өзара келісімі, ұлттық бірлік. Біз осыны ұғынуымыз керек. Қорыта келгенде, бүгінде ел­де­гі тұрақтылық пен тыныштық – бар­шаға ортақ құндылық. Оны қорғау тек мемлекеттік ор­ган­­дардың міндеті болмауы тиіс, оған әрбір Қазақстан аза­маты өзінің жауапкершілігін терең се­зініп, экстремизмге жол бермеуі тиіс.

Сұрақтар:

  1. Терроризм дегеніміз не? 2.Экстремизм дегеніміз не?
    Терроризге қарсы қандай іс-шараларды білесіз?


Сабақ тақырыбы: экстремизм және терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке тигізетін салдары: Және олардың түрлері.

Сабақ мақсатары:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет