Шығыс Қазақстан облысының 2008 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық даму



Дата08.07.2016
өлшемі94 Kb.
#185314


Шығыс Қазақстан облысының

2008 жылғы қаңтар-қазандағы

әлеуметтік-экономикалық даму

қорытындылары


Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 404,3 млрд. теңгені, табиғи көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне – 100,9% құрады, соның ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 107,7%, өңдеу өнеркәсібінде – 98,1%, электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен таратуда 96,8% болды.

Өсімді қамтамасыз ету

Төмендеу себептері

Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс өсімі алтыны бар кен өндіру 60,1%, мыс кенін өндіру 67,4%, көмір өндіру – 32,4% артуы есебінен болды.


Өңдеу өнеркәсібінде өндірістің құлдырауы тауар бетонын өндіруді 29,2%, автомобиль – 36,2%, силикат және қож кірпішін шығару – 29,5%, цемент өндіру – 4,3%, өңделмеген аршылған мырыш – 16,5%, қорғасын-мырыш кенін өндіру - 6% төмендеу есебінен болды.
Электр энергия, газ бен суды өндіру мен таратуда өндірістің құлдырауы электр энергиясының 6,2% төмендеу есебінен болды.

Электр энергия өндірісінің төмендеуі өзен ағысының өзгеруіне және Ертіс бассейн су шаруашылығы басқармасымен бекітілген су шығындарын төмендетуге байланысты болды. Сонымен бірге, «АЭС«Өскемен ЖЭО» АҚ істен шыққан жабдықтарды жөндеу бойынша жоспардан тыс жұмыстар жүргізілуде.


Облыста индустриалдық-инновациялық даму аясында инвестиция-лық жобаларды іске асыру жүзеге асырылуда:

Экономиканы модернизациялау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиямен Шығыс Қазақстаннан 5 серпінді жоба мақұлданды, соның ішінде:

«Казмырыш» АҚ – «Қуаты жылына 70 мың тонна катод мысын шығаратын мыс балқыту және электролиз зауытын салу». Жобаның құны – 336,9 млн. АҚШ доллары. Жоба бойынша игеру 223,9 млн. АҚШ долларын құрайды.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС – Аягөз ауданында қуаты жылына 60 млн. тоннадан астам Ақтоғай кен байыту комбинатын салу. Жобаның құны – 1,5 млрд. АҚШ доллары. Жоба бойынша игеру 213,7 млн. АҚШ долларын құрайды.

«ҮМЗ» АҚ – «Сыйымдылығы жоғары тантал өнімдерінің өндірісін құру». Жобаның құны – 8 млрд. теңге. Жоба бойынша игеру 5 млрд. теңге құрайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, оларды өңдеу және ішкі, сыртқы рыноктарда тарату бойынша тік біріктірілген құрылымды құру.

Жобаны іске асыру үшін Шығыс Қазақстан облысында «Raimbek Agro» ЖШС және «Восток-Молоко» ЖШС бірлесіп «Raimbek Vostok Agro» ЖШС кәсіпорны құрылды.

Өскемен қалалық сүт комбинатының өндіріс корпустарына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сүт комбинатын қалпына келтіруге салынған капиталдар 146 млн. теңгені құрады.

Экспорт инфрақұрылымын және жыл сайын аса сапалы 4,5 мың тонна сиыр еті және 440 тонна қой етін өндіріп, ірі ет-тауар фермаларын дамыта отырып, бордақылау алаңын құру. Жобаны іске асыру үшін Шығыс Қазақстан облысында «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ және «Восток-Молоко» ЖШС бірлесіп «Казагрофидлот-Восток» ЖШС кәсіпорны құрылды. ТЭН әзірленуде.

«Мал өнімдері корпорациясы» АҚ серіктестігін анықтау бойынша конкурсты ұйымдастырушының бастамасы бойынша жобаны іске асыру схемасы бірнеше рет өзгертілді, нәтижесінде алдын ала есептеулер бойынша 325 млн. теңгеге дейінгі қаражат айналымға кеміту көзделген, ал құрылыс құны 2 138 млн. теңгеге дейін ұлғайтылған. Сонымен қатар, құрылыстың сметалық құны есептеулерінен сою цехы, тазарту имараттары, шаруашылық көлігі, жабдықсыз салынатын барлық объектілер, құралдар құрылыс көлемінен алынып тасталған, белгіленген баға негізсіз шамадан тыс ұлғайтылған. Есептеулер бойынша бұрындар айналымға 1 млрд. теңге, құрылысқа 1,5 млрд. теңге бағыттау көзделген болатын. Сонымен, келешекте кәсіпорынның залалы байқалуда.

Осыған орай, «Восток-Молоко» ЖШС жобаны одан әрі іске асыруға қатысудан бас тартты.

«Мал өнімдері корпорациясы» АҚ жаңа серіктесті іріктеудің қайтара процедурасын өткізуді жоспарлап отыр. Осы уақытқа дейін жаңа серіктес іріктеу мәселесі шешілген жоқ.



Ауыл шаруашылығы. Орып-жинау және жем-шөп дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі былтырғы жылдың тиісті кезеңіне қарағанда қолданыстағы бағада 36,2% өсіммен 60,6 млрд. теңгеге жетті, табиғи көлем индексі – 103,2% құрады.




Өсімді қамтамасыз ету

Төмендеу себептері

Тірідей салмақта етінің өндірілуі 135,7 мың тонны (өсім – 4,9%) құрады, 598,8 мың тонна сүт (өсім – 1,0%), 264,0 млн. дана жұмыртқа (өткен жыл деңгейінде) өндірілді.

Қой мен ешкі саны 6,1%, жылқы саны 5,9% артты.




Облыста астық жинау жұмыстары аяқталды.

Облыс бойынша астықты жалпы жинау шанақ салмақта 208,2 мың тоннаны құрады, бұл былтырғы жылдың деңгейінен 3,6 есе кем. Төмендеу қолайсыз ауа райының салдарынан (құрғақшылық) болды.

Тұқымды себу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінде 73,5 мың тонна немесе сұранымға 71% дайындалды. Тапсырыс тиісінше 40 және 7 мың тонна кезінде облыстың тұрақтандыру қорына 22,5 мың тонна астық, мемлекеттік ресурстарға 6,0 мың тонна сатып алынды. Ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау мен дамытуға бөлінген субсидияларды игеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша 3,7 млрд. теңге (86,5%) жоспар кезінде 3,2 млрд. теңге субсидия игерілді.


Кәсіпкерлік. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар өндірген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) көлемі өткен жылдың тиісті кезеңіне 1,3 есе өсіммен 51,8 млрд. теңгені құрады.

Өсімді қамтамасыз ету

Тіркелген шағын бизнес (заңды тұлғалар) кәсіпорындарының саны өткен жылдың тиісті кезеңіне 0,4% артып, 11726 болды, соның ішінде жұмыс істейтіндері 0,7% артып, 7904 (67,4%) құрады.

2008 жылғы 1 қазандағы шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 13% өсіммен, 174,5 мың адамды құрады.

2008 жылғы қаңтар-қыркүйегінде екінші деңгейлі банктермен шағын бизнес субъектілеріне 31,7 млрд. теңге сомасына кредит (2007 жылғы қаңтар-қыркүйегінде – 82,3 млрд. теңге) берді. 2008 жылғы 1 қазандағы ауылдық несие серіктестіктерінің қарыз берешектерінің қалдығы 1,7 млрд. теңгені құрайды.

Негізгі капиталға инвестициялар. Кәсіпорындар және ұйымдармен облыстың экономикасына 106,6 млрд. теңге инвестициялар салынды, бұл 2007 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда индекс бағасы 18,1% жоғары екені ескерілді.

Игерілген қаражаттардың жалпы көлемінен былтырғы жылдың тиісті кезеңіне 14,9% өсіммен 82,3 млрд. теңге немесе 77,3% өндіріс саласына бағытталды.

Әлеуметтік салаға өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 30,7% өсіммен 22,7% инвестиция игерілген қаражат көлемінен 24,2 млрд. теңге салынды.Білім беру саласына жұмсалған қаражат 2,5 есе, денсаулық сақтауға 1,4 есе ұлғайып, тұрғын үй құрылысына жұмсалған қаражат 21,3% төмендеді

Инвестициялар құрылымында қаржыландыру көздеріне байланысты кәсіпорындардың меншік қаражаттары 59,6%-дан 66,7%-ға, жергілікті бюджет қаражаттары 5,5%-дан 7,8%-ға дейін ұлғайды, займ қаражаттары 19,7%-дан 8,8%-ға төмендеп, шет ел инвестицияларының көлемі 20,0%-дан 3,9%-ға артты.

Республикалық бюджеттің қомақты бөлігі (22,1%) білім беруге жұмсалды, жергілікті бюджеттің (22,1%) – мемлекеттік басқаруға, меншік қаражаттары (51,0%) мен шет ел капиталы (64,8%) - өңдеуші өнеркәсіпке, займ қаражаттары (49,8%) – көлік және байланыс саласына жұмсалды.

Есептік кезеңде пайдалануға тұрғын үй енгізу көлемі 18,2% ұлғайып, 149,7 мың шаршы метрді құрады.



Сыртқы сауда айналымы. Сыртқы сауда айналымы 2665 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 2,3% төмен, экспорт көлемі 10,4% төмендеумен 1445 млн. АҚШ долларын, импорт көлемі 9,4% өсіммен 1220 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорттың төмендеуі экспорт тауарының негізгі түрі – мырышқа әлемдік бағаның төмендеуімен байланысты болып отыр.

Сауда балансының сальдосы оңды болып, 225 млн. АҚШ доллары мөлшерінде бағаланып отыр, өткен жылдың деңгейінен 55% төмен.



Тұтыну бағасы. Тұтыну бағасының индексі 109,1% деңгейінде қалыптасты, бұл 2007 жылғы ұқсас көрсеткіштен 1,9 пайыздық тармаққа төмен. 2008 жылдың қазанында қыркүйек айымен салыстырғанда тұтыну тауарлары мен кызметтерінің бағасы 0,4% жоғарылады, ал республика бойынша 0,5%.

Өсу себептері:

Азық-түлік тауарлары тобы бойынша:

Қайнатылған сүт (5,9%), айран (2,2%), ет өнімдері (14,3%), қаймақ (0,9%), ірімшік (2,7%), балқытылған ірімшік (2,7%), нан және жарма өнімдері (1%) қымбаттады.

Жарма өнімдеріне бағаның артуы тауар жеткізушілер бағасы, көлік шығындарының ұлғаюымен байланысты болып отыр.

Сонымен қатар, көкөніс бағасы (2,3%) және тоң май (1,7%) арзандады.



Азық-түлік тауарлары қазанда орташа 0,6% арзан болды.

Азық-түлік емес тауарларына бағаның өсуі сұйытылған газ бағасы – 2,7%, жанармай – 5,6%, соның ішінде бензин – 4,9%, дизельді отын – 10,6%, жуу және тазалау құралдары – 3,1% артумен негізделеді.

Азық-түлік емес тауарлары қазанда орташа 0,4% қымбат болды.

Салықтар және бюджет. 2008 жылдың басынан мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсімі 97158,6 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 0,4% төмендеумен болжамға 97,1% құрады.

Республикалық бюджетке түсетін түсімдер болжамының орындалуы 61990,1 млн. теңге немесе 1,1% төмендеумен болжамға 96,2% құрады.

Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне 35168,5 млн. теңге немесе 0,7% өсіммен болжамға 98,7% түсті.

Әлеуметтік сала.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала:

2008 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша ресми тіркелген жұмыссыздардың саны өткен жылмен салыстырғанда 5,6% азайып, 8,4 мың адам болды. Экономикалық белсенді тұрғындар санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,1% құрады (2007ж. 01.11. – 1,2%).

Жұмыссыздар санының азаюы біріншіден 13,9 мың жаңа жұмыс орны ашылуы (Жұмыспен қамту бағдарламасының жылдық тапсырмасының 106,1%) есебінен болды.

Ағымдағы жылдың 10 айында жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру мәселесімен 21,2 мың адам келген, олардан 16,7 мың жұмыссыз адам жұмысқа орналастырылды. Өткен жылмен салыстырғанда облыста жұмысқа орналастыру деңгейі 78,2%-дан 78,7%-ға артты.

Қоғамдық жұмыстарға 9,5 мың жұмыссыз адам тартылды (жылдық тапсырманың 100,6%), кәсіптік оқытуға 2,2 мың адам жіберілді (жылдық тапсырманың 109%).

Аз қамтылған азаматтардың саны өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 11% төмендеді және 42877 адамды құрады.

2008 жылғы 10 айда жергілікті бюджет қаражаттарынан 415,5 млн. теңге (28,9 мың адам) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 182,3 млн. теңге (14601 отбасы) тұрғын үй көмегі, 482,8 млн. теңге балалар жәрдемақысы (52,8 мың бала үшін) төленді.

2008 жылы экономика салаларында жұмыс істейтіндер санының өсу қарқыны сақталуда. Қаңтар-қыркүйек ірі және орта кәсіпорындар бойынша олардың саны 302,2 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезең деңгейінен 1,6% жоғары.

Облыс бойынша жұмыссыздықтың жалпы деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 6,5% қарсы 6,2% құрады.



Орташа айлық еңбекақы төлеу 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,7% ұлғайып, 47652 теңгені құрады.

Денсаулық сақтау:

2008 жылға арналған денсаулық сақтау бюджеті 23,3 млрд. теңгені (2007 жылға өсім – 9,9%) құрады. 2008 жылдың 10 айында 19,5 млрд. теңге жоспар кезінде 19,1 млрд. теңге немесе 97,9% игерілді.

Сонымен қатар тұрғындардың санитарлы-эпидемиологиялық қамсыздандырылуына 2008 жылы 1,1 млрд. теңге қарастырылған (2007 жылға өсім – 27,6%). 2008 жылдың 10 айында 0,88 млрд. теңге жоспар кезінде 0,86 млрд. теңге немесе 97,5% игерілді.

2008 жылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қамсыздандыруға 2007 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 13,9% өсіммен 20,7 млрд. теңгені құрады, ағымдағы жылдың 9 айында өткен жылдың сәйкес кезеңіне 12,8% өсіммен игеру 17,3 млрд. теңгені құрады.

«100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру аясында 7 денсаулық сақтау объектісін салу көзделіп отыр, оның ішінде 2007 жылы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында 150 адам қабылдайтын емханасы бар 100 төсекке арналған орталық аудандық аурухана құрылысы басталды, 2008 жылы 2 объектінің құрылысы, соның ішінде Катонқарағай ауданы Катон ауылында 75 төсекке арналған аудандық аурухана, Өскемен қаласында облыстық қан орталығы (1 кезек) басталды. 200 төсекке арналған екі қалалық балалар ауруханасы, Өскемен және Семей қалаларында 300 төсекке арналған екі кең бейінді аурухана бойынша типтік жобаларды бекіту жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 10 айы бойынша 1,18 млрд. теңге игерілді.

Республикалық және жергілікті бюджеттен азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік қамсыздандыруға 1,6 млрд. теңге бөлінді және игерілді, бұл 2007 жылдың сәйкес кезеңінен 16,6% артық.

Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды. Денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруға республикалық және облыстық бюджеттен 1,0 млрд. теңге сомасында қаражаттар немесе 2007 жылдың деңгейіне 84,3% бағытталды.

Денсаулық сақтаудың 29 объектісіне күрделі жөндеуге 0,3 млрд. теңге қарастырылды. Жылу маусымына дайындық бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта барлық денсаулық сақтау объектілері жылумен жабдықтау жүйесіне қосылды.




Білім беру:

Білім беруді қаржыландыру серпіні сақталуда. Ағымдағы жылы білім саласына 36,6 млрд. теңге бөлінді, бұл 2008 жылға арналған шығындардың жалпы көлемінен 32,6% құрайды және былтырғы жылға қарағанда 29,3% артық. Есеп беру кезеңінде 2008 жылғы 1 қарашаға 31 млрд. теңге жоспар кезінде 30,6 млрд. теңге игерілді, 98,9% құрады.

2008-2009 оқу жылында бұрынғы ғимараттарды қалпына келтіру арқылы балалар мектеп алды ұйымдарының саны 8 бірлікке артты және 108 құрады, соның ішінде қаза тілінде оқытатын – 32 бірлікке. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды даярлығымен қамту 100% құрады.

«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасы шеңберінде облыста 7 мектептің құрылысы қарастырылды, оның Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылында 180 орындық мектеп 2008 жылдың 1 қыркүйегіне енгізілді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражатынан 2 мектеп енгізілді.

Ағымдағы жылдың аяғына дейін 5 мектепті енгізу жоспарланып отыр.

Республикалық бюджет қаражатынан 12 объекті құрылысына (оның 10-ы мектеп, 2-і балабақша) 2008 жылы 3,6 млрд. теңге, соның ішінде ағымдағы жылдың 1 қазанына 2,74 млрд. теңге бөлінді, игеру 100% құрады. Жергілікті бюджеттен 28 білім беру объектісінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға 2008 жылы 1,6 млрд. теңге қарастырылды.

2008 жылы білім беру объектілерін күрделі жөндеуге 813,1 млн. теңге, жарақтандыруға – 1238,5 млн. теңге бағытталды. 2008 жылдың 9 айында күрделу жөндеу бойынша 701,7 млн. теңге немесе жылдық көлемнен 86,3%, материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша 1013,5 млн. теңге (жылдық көлемнен 81,8%) Оқу жылының басына барлық білім мекемелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары орындалды. Барлық білім мекемелері жылу маусымына дайындалды.





2008 жылдың қаңтар-қазанындағы


Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтiк-

экономикалық жағдайын сипаттайтын маңызды индикаторлардың тізбесі

р/с

Көрсеткіштер

2007ж. қаңтар-қазан

2008ж. қаңтар-қазан

2008ж. 2007.

%

1.

Қолданыстағы бағалардағы өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыстар, қызметтер), млрд. теңге

392,0

404,3


ТКИ

100,9


2.

Ауыл шаруашылығы өнімі:

Тірідей салмақта мал мен құс, мың тонна

сүт, мың тонна

жұмыртқа, млн.дана


129,3


593,1

264,0

135,7

598,8


264,0

104,9


101,0

100,0


3.

Тұтыну бағаларының индексі, % (2007 жылдың желтоқсанына қарағанда)

111,0

109,1

117,3

4.

Мезгілінде төленбеген салық - барлығы, млн. теңге.

соның ішінде республикалық бюджетке жергілікті бюджетке


8049,4*


4257,1*

3792,3*

1680,5

1287,8


392,7

20,9


30,2

10,4


5.

Бюджеттің кіріс бөлігінің меншік табыстары бойынша орындалуы, %

млн.теңге


104,3


34910,7

98,7


35168,5

100,7


6.

2008 жылдың 1 шілдесіне ірі және орта кәсіпорындар бойынша дебиторлық берешектері барлығы, млн. теңге.

соның ішінде мерзімі өтіп кеткен, млн.теңге



207,7


7,8

291,2


6,2

140,2


79,6

7.

2008 жылдың 1 шілдесіне ірі және орта кәсіпорындар бойынша кредиттік берешектері барлығы, млн. теңге.

соның ішінде мерзімі өтіп кеткен, млн.теңге

- 2008 жылдың 1 қазанына бюджеттік ұйымдардың, млн.тенге


283,7


7,4
46,8*

434


8,5
0,02

153


114,3
-

8.

Зейнетақы төлеу бойынша

мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар

арнайы мемлекеттік жәрдемақылар

атаулы әлеуметтік көмек бойынша берешектер, млн. теңге



-

-

-



-

-

-

-



-

-

-

-



-

9.

2008 жылдың 1 шілдесіне ірі және орта кәсіпорындар бойынша еңбекақы бойынша берешектері барлығы, млрд. теңге

соның ішінде мерзімі өтіп кеткен, млн.теңге

- 2008 жылдың 1 қазанына бюджеттік ұйымдардың, млн.тенге


3,7


0,17
-

4,6


0,24
-

123,9


139







  • - 2008 ж. 1.01. мәліметтер



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет