Әл-фараби атындағЫ Қазақ Ұлттық



бет4/7
Дата03.03.2024
өлшемі98.67 Kb.
#494052
1   2   3   4   5   6   7
СӨЖ. философия (3) (1)

Төртінші бөлімде адам еске алынады.
Алдымен онда (адамда) табиғи болып табылатын нәрселердің жік­темесі беріледі, адамның жаны (нәпсі), жан қуаттарының саны, олардың әр­қайсысының әрекеті не екендігі және бірі-бірлерінен мәртебелері не болатындығы осыған жатады.
Содан кейін оның барлық дене мү­шелері мен олардың мәртебелерінің жіктемесі келеді, жан қуаттарының қай­сысы қай мүшеде екендігі, қайсы қуаттардың басқарушы қуат екендігі әрі олардың басқарудағы мәртебелері не екендігі, олардың қайсысы қызмет ат­қарушы екендігі және қызметтегі мәр­тебелері не болатындығы, адамның адам­­нан қалай пайда болатындығы, ер деген не, әйел деген не, ол екеуінің әр­қай­сысының бір-бірінен мәртебесі және әрқайсысының қуаттары не екендігі, ол екеуінен бала қалай туылатындығы, ер­кектің баладағы үлесі, сондай-ақ әйел­дің баладағы үлесі қандай болмақ екен­дігі, ең алдымен қайсы мүше, сосын қай мүше пайда болатындығы, адам­да ақылдың (зерде) қалай пайда бо­лат­ындығы, әрекетшіл ақылдың ес айма­ғына (ойлау бөлімі) қалай ықпал ете­тіні, алғашқы ақылмен пайымдалатын мәндердің қанша түрі болатындығы, адамда өз қалауынсыз алғашқы ақылмен пайымдалатын мәндердің әрекетшіл ақылдан қалай пайда болғандығы жө­нінде.
Содан кейін, қалаудың мағынасы не екендігі, таңдаудың мағынасының не екендігі, ол екеуінің арасындағы парық не, адам болмысы тән болатын түпкілікті бақыт деген не, бақыт жолынан тайғанда адам баласына келетін азап жайында, шын мәнінде, адам ол екеуіне өз қалауы және өз таң­дауы арқылы келетіндігі және қалай келетіндігі, көркем, ізгілікті іс-әрекеттер дегеннің мағынасы не, жаман қылықтар мен ерсі әрекеттер дегеннің мағынасы не екендігі жөнінде.
Содан кейін, түс көру мен елестетудің түрлері еске алындады, олардың жан бөлімдерінің қай бөліміне жататындығы, шынайы елестету деген не және жан қуаттарынан қай қуатты алатындығы, шынайылығы қалай дәлелденетіндігі, қалай және қай жағынан дәлелденетіндігі, елестету сөзіне апаратын әдіс не, алда болатыннан ескертетін және айтқандары тура келетін қауымның қалай пайда болатындығы жөнінде.
Содан кейін, уахи (аян) қалай болатыны, өзіне уахи келген адамның оны қандай қуатпен қабылдайтыны және Алла тағала қай періште арқылы өзіне уахи берілуі тиіс адамға уахи ететіндігі жөнінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет