Источник: ИС ПАРАГРАФ, 07.05.2010 15:38:17
Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 19 маусымдағы № 360 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабының 1-тармағының 3-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Е.Р. Толқымбеков):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а.
|
М. Оразаев
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
________ Ж.А. Досқалиев
2009 жылғы 30 маусым
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2009 жылғы 19 маусымдағы
№ 360 бұйрығымен бекітілді
Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесі
1. Жалпы талаптар
1. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдаланудың осы ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабының 1-тармағының 3-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасындағы сумен жабдықтау және су бұру (бұдан әрі - СЖ және СБ) объектілерін пайдалану жөніндегі техникалық талаптарды айқындайды.
2. СЖ және СБ жүйелері және құрылыстарын пайдалануды СЖ және СБ ұйымдары жүзеге асырады.
2. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалануды ұйымдастыру тәртібі
3. СЖ және СБ ұйымдарының барлық бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін үш деңгейдегі құжаттаманы қамтитын техникалық, пайдалану және атқарушы құжаттар қажет:
1) ауыз судың, тазартылған сарқынды судың сапасына қатысты ұйымның мақсаттары мен міндеттерін белгілейтін құжаттар;
2) дайын өнімнің сапасына тікелей жауапты және әсер ететін бөлімшелердің қызметтік міндеттерін сипаттайтын ережелер;
3) жұмыс нұсқаулықтары, технологиялық карталар, жадынамалар, жорналдар, тексеру хаттамалары және басқа да жұмыс құжаттары.
4. Барлық құжаттар қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты қайта қаралады, жаңартылады, олардың құрамына нақты бөлімшенің мақсаты мен қызмет саласын ескере отырып, сапалы ауыз суды, сарқынды суларды тазартуды қамтамасыз етуге бағытталған параметрлер енгізіледі.
5. Технологиялық кезеңдіктің барлық кезеңдерінде судың сапасын және сарқынды суларды тазартуды қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын орындау мониторингі СЖ және СБ ұйымдарында үнемі жүргізіледі.
6. СЖ және СБ ұйымдары:
1) қарамағындағы барлық бөлімшелер мен ұйымдарға әкімшілік-шаруашылық және техникалық жетекшілікті;
2) ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және олардың сенімділігін, үнемділігі мен көрсетілетін қызмет сапасын арттырудың орындалуына жүйелі бақылауды;
3) құрылыстарды, коммуникацияларды және жабдықтарды дұрыс қалпында ұстауды;
4) суды өңдеудің барлық негізгі кезеңдерінде бастапқы және тазартылған судың сапасына жүйелі бақылауды;
5) алынатын, пайдаланылатын және ағызылатын сулар мен олардағы ластаушы заттардың көлемін есепке алуды жүргізуді;
6) жұмыстағы авариялар мен ақаулықтарды ескерту, техника қауіпсіздігінің жағдайын жақсарту, санитарлық-эпидемиялогиялық ережелер мен нормалар талаптарын сақтау, кемшіліктер, жарақаттылық пен авариялар жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды;
7) күрделі және жоспарлы алдын алу жөніндегі жөндеулерді ұйымдастыруды;
8) бөлімшелерді жалпы нормативтік, арнайы техникалық және технологиялық, аспаптарды, механизмдері мен құрылыстарын және пайдалану нұсқаулықтарымен, жұмыс құжаттамасымен, еңбекті қорғау құжаттамасымен, сонымен қатар, қажетті материалдармен, қосалқы бөлшектермен, механизмдермен, арнайы киімдермен және құрал-саймандармен, ауыз сумен және тұрмыстық шарттармен қамтамасыз етуді;
9) жаңа және қайта құрылған құрылыстарды, коммуникациялар мен жабдықтарды пайдалануға қабылдауды және оларды салу мен қайта құруға техникалық қадағалау жүргізуді;
10) техникалық құжаттарды сақтауды (іздеу материалдарын, жобаларды, орындау сызбаларын);
11) құрылыстарды, коммуникацияларды және жабдықтарды паспорттауды және түгендеуді жүргізуді;
12) пайдалану және лауазымдық нұсқаулықтарды, басқару және диспетчерлендіру сұлбаларын құрастыруды;
13) абоненттердің елді мекендердің су бұру жүйелеріне қабылданатын сарқынды суларының құрамына және мөлшеріне бақылауды;
14) су қорын пайдалану және қорғау, СЖ және СБ саласындағы өңірлік органдармен келісілген нысан мен мерзімде су объектілерінен алынатын және оларға ағызылатын сулардың бастапқы есебін жүргізуді;
15) тиісті нысандағы есептік құжаттарды толтыру және жоғарғы мемлекеттік органдарға беруді;
16) СЖ және СБ жеке құрылыстары мен жабдықтары желілерінің сенімділік көрсеткіштерін бағалау мен бақылауды;
17) СЖ және СБ жүйелерін дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырады.
7. СЖ және СБ пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымында келесі құжаттар болуы тиіс:
1) техникалық, пайдалану және орындаушы құжаттары;
2) түгендеу және паспорттау материалдары;
3) объектілерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар;
4) ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, коммуникацияларды салуға (қайта құруға) арналған жұмыс сызбалары мен орындау құжаттары;
5) барлық қосымшалары бар СЖ және СБ жүйелерін салуға (қайта құруға) арналған бекітілген техникалық жобалардың толық топтамасы;
6) елді мекендерде СЖ және СБ жүйелерінің немесе оның ерекше аудандарының 1:2000-1:5000 масштабтағы барлық құрылыстарының, негізгі коммуникацияларының, реттеу, автоматтандыру және диспетчерлендіру құралдарының орналасуы көрсетілген жедел сұлбалары болады. Сұлбаға планшеттердің нөмірлері көрсетілген тор сызылады;
7) 1:2000 масштабтағы, өлшемі 50x50 см (1 км2) болатын геодезиялық негізде орындалған планшеттер. Планшеттерде барлық табиғи құрылымдар, жер асты коммуникациялары мен құрылыстары көрсетіледі. СЖ және СБ коммуникацияларын түсіру кезінде құбырлардың диаметрі, ұзындығы, материалы, құдықтардың жабдықтары (камералары), абоненттік қосылымдары көрсетіледі.
8. СЖ және СБ ұйымдарының құрылыстары мен жабдықтарын жоспарлы алдын ала жөндеу жүйелеріне құрылыстарды қадағалау мен күтіп ұстау және алдын ала жасалған жоспар бойынша кезеңімен жүзеге асырылатын жөндеулердің барлық түрлеріне қатысты ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары жатады.
9. Тазартқыш құрылыстарын сынама пайдалануға қосу алдында:
1) жабдықтардың, оның ішінде қорғаныш құралдарының, ауаландырғыштардың, материалдардың, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген реагенттер мен реактивтердің қажетті қорымен қамтамасыз ету;
2) барлық технологиялық телімдерді және құрылымдық бөлімшелерді олар туралы ережелермен, лауазымдық нұсқаулықтармен, техника қауіпсіздігі плакаттарымен, тазартқыш құрылыстарының пайдалану көрсеткіштерін тіркеу жорналдарымен қамтамасыз ету;
3) пайдалану қызметкерлерімен сынама пайдаланудың мақсаты мен міндеті және оны жүргізу барысындағы техника қауіпсіздігі туралы нұсқама жүргізу қажет.
10. Тазартқыш құрылыстарды сынама пайдалану жобасында қарастырылған пайдалану режимінде жүргізеді (өтімдер және өңдеу технологиясы бойынша). Сынама пайдалану үдерісінде барлық тазартқыш құрылыстардың, олардың элементтерінің, коммуникациялардың, тиек-үлестіргіш және бақылау-өлшеуіш құралдардың жұмысқа қабілеттігін тексереді.
11. Сынама пайдаланудың ұзақтығын ауыз судың сапасына және санитарлық-эпидемиялогиялық ережелер мен нормалардың талаптарын қанағаттандыратын сарқынды сулардың тазалау деңгейіне жеткен уақытпен анықтайды. Тұтынушыларға сынама пайдалану кезінде су құбырынан су беруге жол берілмейді.
12. Сынама пайдалану аяқталған соң тазартқыш құрылыстар мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келісіліп уақытша пайдалануға енгізіледі.
13. Ұйым уақытша пайдалану үдерісі кезінде:
1) тазартқыш құрылыстарды технологиялық жөнге келтіруді жүргізеді;
2) жобада белгіленген пайдалану режимдерін пысықтайды;
3) қолданылатын реагенттердің мөлшерін анықтайды;
4) құрылыстың жобалық өнімділігіне және көтеріңкі режимдеріне (авария болған жағдайда) сынақ жүргізеді.
5) тазартқыш құрылыстардың, коммуникациялардың, тиек-үлестіргіш жабдықтары мен бақылау және автоматтандыру құралдарының жұмысының кемшіліктерін анықтайды және жояды.
14. Сумен жабдықтаудың тазартқыш құрылыстарының жобалық өнімділігіне және жөнге келтірулерге сынақты жылдың барлық кезеңдерінде судың сапасының өзгеруі бойынша жүргізеді.
15. Тазартқыш құрылыстарға ағып келетін сулардың мөлшері жобада қарастырылғаннан аз болған жағдайда тазартқыш құрылыстарды секциялар бойынша жөнге келтіру және пайдалануға қосуға рұқсат етіледі.
16. Тұрақты пайдалану кезінде тазартқыш құрылыстардың жұмысын үнемі жүргізетін журналдардағы жазбаларда ескереді:
1) тазартылған судың және өңделген шөгінділердің мөлшерін; шығындалған реагенттер мен олардың мөлшер көлемін; өз қажеттіліктеріне жұмсалған судың мөлшерін; жұмыстағы, тазартылудағы, жөндеудегі кұрылыстардың, агрегаттардың және жабдықтардың атауларын күнделікті тіркеп отыратын техникалық пайдалану;
2) ағып келетін және тазартылған сулардың құрамын анықтау, сонымен қатар, суды тазалаудың жекелеген тазалау сатыларындағы шикізат пен өңделген шөгінділерді күнделікті талдау нәтижесінің мәліметтерін енгізу;
3) тазартқыш құрылыстардың қоймаларына реагенттер және басқа материалдардың келіп түскені және шығындалғаны, сақталынып жатқаны туралы жазбалар жүргізілетін қоймалық жорналдардағы жазбаларда ескеріледі.
3. Сумен жабдықтау жүйелері
17. Су шаруашылығы ұйымдары сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану кезінде:
1) сумен жабдықтау жүйелерінің барлық элементтерінің - су тарту құрылыстарының, тазартқыш құрылыстардың, су құбырлары желілерінің, резервуарлар мен тегеурінді су мұнараларының, сорғы стансаларының үздіксіз, сенімді және тиімді жұмыс істеуін;
2) санитарлық-эпидемиялогиялық нормалар мен ережелерге сәйкес сапалы ауыз суды өндіруді;
3) технологиялық кезеңдіктің барлық сатыларындағы судың сапасына өндірістік бақылауды жүзеге асыруды;
4) құрылысы аяқталған және қайта құрылған құрылыстарды пайдалануға қабылдауды;
5) құрылыстарды сынама және уақытша пайдалануды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
4. Су тарту құрылыстары
18. Су тарту құрылыстарын пайдалануға:
1) сумен жабдықтау көздерінің және құрылыстар мен жабдықтардың жұмыс жағдайын жүйелі бақылау, сонымен қатар бақыланатын көрсеткіштерді арнайы жорналдарда тіркеу арқылы есепке алу;
2) су көзінен алынатын судың мөлшерін және оның сапасын бақылайтын көрсеткішті есепке алу;
3) құрылыстар мен жабдықтарды жоспарлы қарауды және жөндеуді жүргізуді, бұзылулар және аварияларды уақытылы жою жатады.
19. Құрылыстардың жұмысына бақылауларды жүргізу үшін қызметкерлер қажетті бақылау-өлшеуіш аспаптармен, жабдықтармен, транспорттармен және жүзу құралдарымен қамтамасыз етіледі.
20. Пайдалану үдерісінде су тарту құрылыстарының техникалық құжаттарына жоспарлы тексерулердің, құрылыстың техникалық жағдайын куәландыру, құрылыс режимінің жұмысына бақылаулардың, суды талдау деректерін, сонымен қатар коммуникация сұлбасындағы барлық өзгерістер мен қайта құрулар, ауыстырылған жабдықтар және жүргізілген жөндеулер туралы мәліметтер енгізіледі.
21. Ұйым сумен жабдықтаудың жер үсті көздерінің (өзен арналарын, су қоймаларды) су тарту құрылыстарын пайдалану үдерісінде:
1) сумен жабдықтау көздерінің жағдайына жүйелі бақылау жүргізеді (су объектісіндегі судың сапасына және санитарлық-эпидемиялогиялық жағдайына, ондағы судың деңгейіне, фарватердің өзгеруіне, жағалардың жағдайына, тасындылар мен тұнбалардың қозғалысына, су объектісінің қысқы су режиміне - мұзқатқы, сең жүру, анжыр, су түбіндегі мұз, су өсімдіктерінің жағдайына);
2) су тарту құрылыстарының, су қабылдағыштардың, шөміш бөлігінің, балық-анжыр-тасындылардан қорғаныш құрылғылардың, өздігінен ағатын және сифондық сызықтардың, жағалық құдық пен оның элементтерінің, сорғы агрегаттарының, гидротехникалық құрылыстардың жұмысына тұрақты техникалық бақылауды жүзеге асырады;
3) құрылыстарды, жабдықтарды және коммуникацияларды тасындылардан және жүзінді заттардан, балдырлардан, мұздардан, анжырлардан ластануын шаюды және тазалауды уақытылы орындайды;
4) су қабылдағыштардың өздігінен ағатын және сифондық сызықтарының шыға берісіндегі су көздеріндегі және су қабылдағыш құдықтарындағы деңгейдің өзгеруіне жүйелі бақылау жүргізеді;
5) су басқан және жағалық су қабылдағыштардың торларын, ауларын, шығармалы көлемді сүзгілерін жүзінді заттардан, су өсімдіктерінің қалдықтарынан, мұздан, анжырдан ластанудан, ал өздігінен ағатын және сифондық су құбырларды, су қабылдағыш құдықты - шөгінділерден, онда орналасқан торды - ластанудан тазалайды;
6) су қабылдағыш шөміштерді, жағалық біріктірілген 1 көтеруші сорғы стансасының алдындағы түбін, айнала су басқан су қабылдағыштарды батпақты шөгінділерден, түптік тасындылардан тазартады;
7) әр түрлі конструкциялық су тарту құрылыстарының су қабылдағыш бетінен тиімді балық-анжыр-тасындыларын бұруды жүзеге асырады.
22. Сумен жабдықтаудың жер үсті көздеріндегі су деңгейін бақылау үшін су өлшеуіш бекеттер ұйымдастырылады.
23. Сумен жабдықтаудың жер асты көздерінің су тарту құрылыстарын пайдалану үдерісінде ұйым:
1) сумен жабдықтау көздерінің жағдайына жүйелі бақылау жүргізеді (режимдік желідегі бақылау ұңғымаларындағы су деңгейлерін және санитарлық қорғау аймағының бірінші белдеуінің шегіндегі жер асты суларының сапасына);
2) су тарту құрылыстары мен жабдықтарының жұмысына тұрақты бақылауды жүзеге асырады (пайдалану ұңғымаларының және олардан тартып шығарылатын судың сапасының дебитіне, су көтеру жабдықтарының жұмысы кезіндегі динамикалық деңгейіне және ұңғыманың тоқтауы кезіндегі шартты статистикалық деңгейіне);
3) пайдалану ұңғымалары және сорғы агрегаттарының берілген жұмыс режимін қамтамасыз етеді.
24. Жер асты суларын пайдалану кезінде тікелей қат-қабат темірсіздендірілетін ұңғымаға берілетін суды ауаландыру желісінің жағдайына, ауаландырылған суды беру режиміне, сорып төгу регламентіне және сорып төгілетін судың құрамындағы темірге тұрақты техникалық бақылау жүргізеді.
25. Ұңғымалар өнімділігінің төмендеуі немесе ондағы судың сапасының нашарлауы кезінде СЖ және СБ ұйымы ұңғымаларға арнайы зерттеулер жүргізеді және оларды жою жөніндегі шараларды қолданады. Оң нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда ұңғыма бітеледі.
5. Тазарту құрылыстары мен қондырғылары
26. Судың сапасының физика-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және органолептикалық көрсеткіштеріне бақылау су тарту жерлерінде, оны өңдеу үдерісінде, желіге түсуі алдында, сонымен қатар, бекітілген кесте бойынша желінің өзінде зертханаларда жүргізіледі.
27. СЖ және СБ ұйымдары дайын өнімнің белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сәйкестігін дәлелдеу мақсатында ауыз судың барлық соңғы бақылаулары мен зертханалық зерттеулерін жүргізеді.
28. Өндірістік бақылау суды өңдеудің барлық кезеңдерінде және сатыларында ұйымдастырылады. Жүргізілген өндірістік бақылаулардың жүйелі талдауларының нәтижелері суды тазалау технологиясындағы ақауларды уақытылы анықтауға, таза су резервуарларына өзінің көрсеткіштері санитарлық-эпидемиялогиялық ережелер мен нормативтердің талаптарына жауап бермейтін судың құйылуын ескертуге және жалпы су тазарту стансаларының жұмысын қарқындатуға бағытталған.
29. Тазартқыш құрылыстардың өнімділігіне және қолданылатын су өңдеу технологиясының күрделі дәрежесіне қарай өндірістік бақылау үшін физика-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық, гидробиологиялық, технологиялық және басқа да зертханалар, сонымен бірге аспаптарды бақылау-өлшеуіш және автоматтандыру бөлімі құрылады.
Өндірістік бақылауды ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда радиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеулер келісім-шарт негізінде аккредиттелген зертханаларда жүргізіледі.
30. Өндірістік бақылау жұмыстарының көлемі мен кестесі жергілікті жағдайларды ескере отырып анықталады және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының келісімімен СЖ және СБ ұйымдарының басшысымен бекітіледі.
31. Өнімділігі 5,0 мың м/тәу. су құбырларындағы зауыттық әзірленген су тазарту қондырғыларын пайдалану жеткізіп беру жиынтығына кіретін паспорттардың және нұсқаулықтардың негізінде жүзеге асырылады.
32. Тазартқыш құрылыстарды пайдалануға қосуға (су объектісіне су тастау арқылы) оның алдындағы сынама пайдалану себеп болады.
Биологиялық тазарту құрылыстары сарқынды сулардың кепілдендірілген 10-12 0С биологиялық үлдірді өсіру аяқталғаннан кейін немесе жобалық технологиялық режимін жүзеге асыру үшін қажетті мөлшердегі белсенді тұнба жиналғаннан кейін жылдың жылы мезгілінде сынама пайдалануға қосылады.
33. Өндірістік бақылау суды өңдеудің және құрылыс жұмысының сапалық және мөлшерлік көрсеткіштерін бағалау үшін шөгінділерді өңдеудің барлық кезеңдері мен сатыларында ұйымдастырылады.
34. Тазартқыш құрылыстарды пайдалану үдерісінде құрылыс жұмысының жоғары техника-экономикалық көрсеткіштерін, технологиялық үдерістерді жетілдіру, сарқынды суларды тазарту және шөгінділерді өңдеу үшін қолданылатын реагенттердің мөлшерін санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкестігін анықтауды қамтамасыз ету үшін өндірістік бақылаудың нәтижелері тұрақты талданады.
35. Технологиялық бақылау суды тазартудың және шөгінділерді өңдеудің талап етілетін дәрежесі бойынша тазартқыш құрылыстардың жұмысының технологиялық тиімділігін жан-жақты бағалауды қамтамасыз етеді.
36. Толық кешенге және әрбір құрылысқа техникалық деректері, құрылыстың жобалық және нақты өнімділігі көрсетілген жеке технологиялық паспорт толтырылады.
37. Жинақы құрылғылардың барлық түрін пайдалану әзірлеуші-зауыттың немесе жеткізіп беруші-фирманың нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Сутартқыштар және су құбыры желілері
38. Желіні техникалық пайдалану:
1) желінің, құрылыстардың, қондырғылардың және олардағы жабдықтардың жағдайы мен сақталуына техникалық қадағалау, желіні техникалық күтіп-ұстау;
2) СЖ және СБ ұйымдарының басқада бөлімшелерімен бірлесіп суды беру және тарату жүйелерін жетілдіру, сондай-ақ, авариялық жағдайлар кезінде қолайсыз орналасқан аудандар мен мөлтек аудандарға су берудегі үзілістерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды, нақты және оның алдағы уақыт кезеңіндегі болжамдық су пайдалану кезіндегі өзгерістер кезінде жүйе жұмысының тиімді режимін анықтау үшін диспетчердің нұсқауларына сәйкес желіні ауыстыруды орындауды, жүйенің қалыпты және авариялық жұмыс режимі кезіндегі желінің, сорғы стансаларының және реттеуіш сыйымдылықтардың техникалық жағдайы жөнінде ақпараттар әзірлеуді, судың шығыны мен қысымын табиғи өлшеуді, осы өлшеулерді желінің нақты техникалық жағдайының және табиғи өлшеулер жүргізілген кездегі нақты су пайдаланудың есептік сұлбасына сәйкестігін тексеруге арналған есептердің нәтижесімен теңестіруді;
3) желілердегі жоспарлы-алдын алу және күрделі жөндеу, апаттарды жоюды;
4) техникалық құжаттамалар мен есептілікті жүргізуді;
5) желі жұмысының шарттарына, оның жұмысының жүйесін және басқаруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге, құбыр конструкцияларының және құбыр арматурасының жаңа түрлерін қолдану, құбырларды қалпына келтірудің жаңа әдістері мен жөндеуін талдауды;
6) желідегі, ондағы құрылыстардағы барлық бүлінулер және авариялардың себептерін талдау жөніндегі деректерді, бағалау және сенімділік көрсеткіштерін бақылау мақсатында жинақтау, сақтау және жүйелеуді;
7) электроқорғаныш қондырғыларының тиімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
39. Су құбырының желісін пайдалануды желінің ұзындығына және жұмыс көлеміне қарай телімдер, басқарма, желі қызметтері, ал ірі қалалар үшін су құбыры желілерінің аудандық пайдалану телімдері бар дербес пайдалану-авариялық өндірістік басқарма қызметтері жүзеге асырады.
40. Су құбыры желісін тарату ауданның желі ұзындығы 300-350 км, ал желінің ең алыс нүктесіне дейінгі қашықтық 10 км аспайтындай есеппен жүргізіледі.
41. Желінің жағдайына техникалық бақылау құбырларды қарау және құрылыс пен желідегі жабдықтардың әрекетін тексеру арқылы жүзеге асырылады.
42. Жабдықтардың әрекетін қарау мен тексеру, оның сенімділік деңгейін бағалау негізінде желіні техникалық күтіп-ұстау, алдын алу, ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу іс-шаралары әзірленеді және орындалады.
43. Алдын алу қызмет көрсетуге желідегі қондырғылар және жабдықтарды қатудан сақтау жөніндегі іс-шаралар жатады (құбырларды қаптау және шешу, мұз қиыршықтарын түсіру).
44. құрылыстардың жағдайын, желідегі жабдықтар мен қондырғылардың әрекетін тексеру арқылы қарау және алдын алу қызметтерінің деректері ақаулық ведомосттарын толтыру кезінде жоба-сметалық құжаттама әзірлеу және жоспарлы-алдын алу және күрделі жөндеулерді жүргізу үшін пайдаланады.
45. Желідегі жоспарлы-алдын алу жөндеуге мыналар:
1) алдын алу іс-шаралары - желіні, мұз қиыршықтарын шаю және тазалау, құдықтар мен камераларды батпақтардан тазалау, суды сорып төгу;
2) жөндеу жұмыстары - люктерді, қапсырмаларды ауыстыру, құдықтың ернеуін жөндеу, люктерді көтеру және түсіру жатады.
46. Желідегі күрделі жөндеу жұмыстарына мыналар жатады:
1) құдықтарды (камераларды) жаңадан салу немесе толық немесе жартылай қайта құру;
2) толық немесе жартылай құбырларды ауыстыру арқылы желінің жеке телімдерін салу;
3) гидранттарды, су тарту шүмектерін, ысырмаларды, қайталама жапқыштарды, вантуздарды, басқа жабдықтарды немесе тозған бөлшектерді ауыстыру;
4) желідегі жекелеген құрылыстарды жөндеу, құрылғыларды және жабдықтарды тазалау және құбырлардың ішкі бетін қаптаудан сақтау;
5) желілерді тоттанудан және кезбе тоқтардың әсерінен электр тоттанудан сақтау;
6) дюкерлер мен жол асты өткелдерінің бұзылуын жою және басқалары.
7. Су беруді және сатуды есепке алу
47. СЖ және СБ ұйымы абоненттерді ең төмен еркін арында тұрғын үй қорында және басқа да абоненттер суды ұтымды сумен пайдалануды қамтамасыз ету үшін сумен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етеді, абоненттердің су шығынын жүйелі түрде бақылайды және үй ішіндегі сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын ұйымдардан судың жүйеде кемуін азайтуды және нақты су өтінімін бекітілген нормада ұстауды талап етеді.
48. Өлшеуге және есепке алуға жататын су өтінімі мен көлемі:
1) сумен жабдықтаудың табиғи көзінен немесе аудандық сумен жабдықтау жүйесінен алынатын;
2) екінші көтеру сорғы стансалары беретін;
3) кәсіпорындар мен ұйымдар тұтынатын;
4) тұрғын және қоғамдық ғимараттар тұтынатын.
Сонымен қатар, абоненттердің сарқынды су көлемі мен су айдындарына тасталатын сарқынды су көлемдері есепке алынады.
8. Су бұру желісі
49. СЖ және СБ ұйымының су бұру желісі (бұдан әрі - желі) елді мекендердің сарқынды суларын тазарту құрылыстарына және тазартып болғаннан кейін су объектісіне тастауды немесе одан әрі пайдалануды қамтамасыз етеді.
50. Желіні техникалық пайдалануға:
1) желінің жәй-күйіне және құрылғылары мен қондырғыларының сақталу кепілдігіне техникалық бақылау;
2) ластануды және жер бетіне сарқынды сулардың төгілуін жою;
3) болуы мүмкін авариялық жағдайлардың (шөгу, құбырлардың, құдықтардың, камералардың, бекіту - реттеу арматураларының және т.б зақымдануы) алдын алу және зардаптарын жою;
4) құбырларды, каналдарды қайта жаңғырту, алдын алу, ағымдағы және күрделі жөндеу;
5) келісім-шартқа сәйкес абоненттердің желілері мен құрылыстарын пайдалануға техникалық бақылау;
6) желілердің құрылысына, жаңа салынған және қайта құрылған желілерді пайдалануға техникалық бақылау;
7) есептік және техникалық құжаттарды жүргізу;
8) желінің жұмыс режимін зерделеу;
9) желіні дамытудың басымды жоспарын әзірлеу жатады.
51. Сырттай бақылау және техникалық қарау мәліметтері негізінде ақаулық ведомость жасайды, смета әзірлеп, ағымдағы және күрделі жөндеуді жүргізеді.
9. Суды зарасыздандыруға және тұнбаларды өңдеуге арналған құрылыстар мен қондырғылар
52. Ауыз су мен сарқынды суларды зарасыздандыру ауыз судың және сарқынды судың сапасының санитарлық-эпидемиялогиялық ережелер мен нормалардың талаптарын қанағаттандыратын микробиологиялық көрсеткіштерін қамтамасыз етеді.
53. Ауыз суды және шайынды суды зарасыздандыру жүйесін пайдалануда ұйым мынадай жұмыстарды атқарады:
1) негізгі және қосалқы қондырғылардың берілген режимде жұмыс істеуіне қолдау жасайды, олардың авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2) зарасыздандыру агентінің белгіленген су өтінімін сақтауын бақылау;
3) судағы (сарқынды судағы) хлор қалдығының белгіленген уақыт аралығындағы қоюлығын бақылау;
4) хлораторлар мен ілмек арматураларына тоқсанына 1 мәрте, (құрсалу майлығын алмастыру) екі хлоратор болған жағдайда екі жылда бір мәрте және хлораторлар көп болған жағдайда жыл сайын лай тосқыштарға тексеру жүргізеді;
5) кестеге сәйкес уақытылы қондырғыларға жоспарлы - алдын ала жөндеу жүргізу;
6) суды зарасыздандырғаннан кейін микробиологиялық сараптама жасау үшін жүйелі түрде сынақ алу;
7) бақылау - өлшеуіш құралдарының және автоматика құрылғыларының көрсетулеріне бақылау жасау;
8) қондырғылардың жұмысындағы ақауларды жоюға шара қолдану;
9) желдеткіш жүйесінің, оның ішінде авариялық жүйенің жұмысына бақылау жасау;
10) жұмыс аумағындағы ауаның хлор құрамын бақылайтын жүйеге бақылау жасау;
11) регенттердің және электроэнергияның шығындарына, зарасыздандыру қондырғыларының мұқтаждығына жұмсалатын су шығынына есеп жүргізу;
12) техникалық қауіпсіздік талаптарын орындайды.
54. Табиғи және сарқынды сулардың тұнбаларын өңдейтін құрылыстар мен қондырғылар жиналған тұнбаларды қабылдауды және оларды тұрақтандырып, одан әрі кәдеге жарату үшін, құрғатып және зарасыздандырып өңдеуді қамтамасыз етеді.
10. Сорғы стансалары
55. Су құбырларының сорғы стансалары су құбыры желісінің бақылау нүктелерінде нақты су тұтыну тәртібіне сәйкес және электр энергиясына кететін шығынды төмендете отырып, белгіленген арынды сақтаған жағдайда су тұтынушыға үздіксіз су беруді қамтамасыз етеді.
56. Су бұру сорғы стансалары су бұру тәртібіне сәйкес сарқынды суларды үздіксіз айдауды қамтамасыз етеді.
57. СЖ және СБ ұйымдары сорғы стансалары жұмысының пайдалану тәртібін белгілейді. Стансаның жұмыс тәртібін жедел басқаруды диспетчерлік қызмет атқарады.
Сорғы стансаларының жұмыс тәртібі басқа құрылыстардың жұмыс тәртібін ескере отырып, СЖ және СБ жұмыс тәртібімен өзара байланыстырылады: СЖ және СБ желілері, резервуарлары, тазарту құрылыстары.
11. Автоматтандыру құрылғылары және диспетчерлік басқару
58. СЖ және СБ автоматтандыру құрылғылары мен диспетчерлік бақылау мынаны қамтамасыз етеді:
1) негізгі және қосалқы жабдықтардың және коммуникациялардың белгіленген технологиялық тәртібі мен құрылыстарының нормативтік жағдайда жұмыс істеуін;
2) құрылыстардың, қондырғылардың, жабдықтардың және коммуникациялардың;
3) бақыланатын объектілерде авариялық жағдайлар туындаған кезде дабыл беруді, оның ішінде өрт пайда болуы кезінде;
4) берілген пайдалану шарттарынан ауытқулар мен бүлінулерді жедел жою мүмкіндігін;
5) аварияларды жедел оқшаулау және жою;
6) жүйелер мен құрылыстардың технологиялық және санитарлық сенімділігін арттыру.
59. Бақылау-өлшеуіш аспаптарын және автоматиканы пайдалану кезінде:
1) бақылау-өлшеуіш құралдарының, автоматика және телемеханика құрылғыларының, микропроцессорлар мен компьютерлердің жәй-күйлерін жүйелі тексеру арқылы нормативтік жағдайда жұмыс істеуіне, тетіктердің, қосалқы аспаптардың, қайта құрушылардың, бақылаушылардың жұмыс істеуін, көрсетілімдерінің дұрыстығына қолдау көрсету;
2) дабыл жүйелерінің, блоктау, автоматтық реттеу және басқару жүйелерінің жәй-күйін және жұмыс істеуін үнемі тексеру;
3) технологиялық процестерді автоматтандыру жүйесі элементтерінің жұмысынан ақау табылған жағдайда уақытылы резервтік элементтерге ауысуын немесе осы технологиялық процестерді алыстан, өз орнынан, қолмен басқаруға көшу;
4) жүйелерді, аспаптар мен автоматтандыру және диспетчерлендіру құралдарын, бақылау-өлшеуіш аспаптарының алдын алу және жөндеу жұмыстарын нұсқаулықтарда немесе бекітілген кесте бойынша белгіленген мерзімде жүргізіледі;
5) міндетті мемлекеттік тексеру талаптары бекітілген өлшеу, автоматтық бақылау, құрылыстар мен жабдықтарды реттеу және басқару құралдарына калибрлеу және тексеру жасалады.
60. СЖ және СБ ұйымдарының диспетчерлік қызметін пайдалануды жедел басқаруды қамтамасыз етеді, СЖ және СБ жүйелерінің пайдалану режимдерін әзірлеуге қатысады, толық жүйенің сондай-ақ, оның жекелеген объектілерінің жұмыс режимін оңтайландыру жөнінде ұсыныс әзірлейді.
61. Кезекші диспетчер жалпы техникалық және жедел басшылықты осы Ережеге, нұсқаулықтарға, нұсқамаларға және СЖ және СБ ұйымдарының өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
62. СЖ және СБ ұйымының басшылығы диспетчерлік пунктте кесте бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады. Тәулік бойы кезекшілік су бұру бойынша қызмет көрсету негізгі қызмет түрі болып табылмайтын ұйымдарға қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |