«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметі туралы Ереже



Дата09.06.2016
өлшемі141.19 Kb.
#125049
«KEGOC» АҚ Директорлар

кеңесінің шешімімен

БЕКІТІЛДІ

2009ж.11.12. №12 хаттама

(2010ж.29.12. №9 хаттамамен енгізілген өзгерістерімен)

(2013ж.27.02. №2 хаттамамен енгізілген өзгерістерімен)



«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметі туралы

Ереже


  1. Жалпы ережелер

  1. Осы Ішкі аудит қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – Қызмет) дәрежесін, Қызметтің функцияларын, құқықтары мен жауапкершілігін, Қызметтің құрылымына, оның қызметкерлерінің біліктілігіне, Қызметтің еңбеккерлеріне еңбекақы мен сыйлықақы төлеу шарттары мен мөлшеріне, оларға тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдауға қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ Қызмет басшысының уәкілеттіктерін және Қызметтің «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесімен, атқарушы органымен өзара іс-қимылын айқындайды.

  2. Қызметтің штаттық саны (сандық құрамы) мен штаттық кестесін Қоғамның Директорлар кеңесі (бұдан әрі – Директорлар кеңесі) бекітеді және Қоғамның штаттық кестесіне енеді.

  3. Қызметті басшы басқарады. Қызметтің өкілеттік мерзімін, оның басшысы мен қызметкерлерін тағайындауды, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуды, Қызмет басшысы мен қызметкерлеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеу шарттары мен мөлшерін Директорлар кеңесі айқындайды.

  4. Қызметтің еңбеккерлері үшін әлеуметтік қолдау, кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүргізу Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

  5. Қызметтің басшысымен және қызметкерлерімен еңбек шартын Директорлар кеңесінің шешімінің негізінде Қоғамның атқарушы органының (бұдан әрі – Атқарушы орган) басшысы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жасайды.

  6. Қызмет басшысы мен қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері, құқықтары мен жауапкершіліктері осы Ереженің, еңбек шарттарының, Қоғамның ішкі құжаттарының негізінде әзірленетін тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады және оны Директорлар кеңесінің төрағасы не болмаса оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі төрағасы бекітеді.

  7. Қызмет өз жұмысын жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қоғамның Жарғысын, Қоғамның органдарының шешімдерін, осы Ережені және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады. Сондай-ақ, Қызметтің жұмысы Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына негізделеді.




  1. Қызметтің мәртебесі

  1. Қызмет Қоғамда ішкі аудитті ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қоғамның органы болып табылады. Қызметтің жұмысын Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Аудит жөніндегі комитет) бағыттайды.

  2. Қызмет өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды тиянақты орындау және нақты да әділ пікірлерді қамтамасыз ету мақсатында оларды орындаған кезде қайсыбір тұлғаның ықпалына тәуелді болмауы тиіс.

  3. Шынайылық пен әділдік қағидаларын сақтау мақсатында Қызметтің еңбеккерлері өз функциясын орындау үдерісінде нәтижесінде ішкі аудитке ұшырайтын қызметтің қайсыбір түрлеріне қатыспауы және аудит жүргізілетін кезең ішінде олар жүзеге асыратын қызметтің немесе функциялардың аудитімен айналыспауы тиіс.

  4. Қызметтің жұмысын бағалауды Аудит жөніндегі комитеттің ұсынымы негізінде Директорлар кеңесі, сондай-ақ Қоғамның Жалғыз акционері (Акционерлердің жалпы жиналысы) және/немесе ішкі аудитор мен/немесе халықаралық рейтингтік агенттік жүргізеді. Қызмет жұмысының тиімділін сырттан бағалау үш жылда бір реттен сиретілмей жүргізіледі.

  5. Қызметтің еңбеккерлеріне Қызметтің дәрежесіне, Қоғамның Жарғысына және осы Ережеге сәйкес қолданыла алмайтын құжаттарды қоспағанда, Қоғамның ішкі құжаттарының ережелері тарайды.




  1. Миссиясы және мақсаттары

  1. Қызметтің миссиясы Директорлар кеңесі мен Атқарушы органға олардың Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі міндеттерді орындауына қажетті көмек көрсету болып табылады.

  2. Қызмет жұмысының негізгі мақсаты Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге жүйелі көзқарастар енгізу жолымен Қоғамды тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін арналған тәуелсіз де шынайы ақпаратты ұсыну болып табылады.

  1. Міндеттері мен функциялары

  1. Қызметтің негізгі функциялары мыналар:

1) ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау;

2) тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау;

3) бухгалтерлік есепке алу жүйесінің анықтығын, толықтығын, шынайылығын және қаржылық есептеменің сенімділігін бағалау;

4) Қоғамның Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтауын бағалау мен осы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін құрылған және қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің сәйкестігін бағалау (комплаенс-бақылау);

5) Қоғамның ресурстарын қолданудың ұтымдылығы мен тиімділігін және Қоғамның мүлкін сақтауды қамтамасыз етудің қолданылатын әдістерін (тәсілдерін) бағалау;

6) Қоғамда корпоративтік басқару процесін жетілдіруді бағалау;



7) Қоғамның еншілес/бағынысты ұйымдарының ішкі аудит қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету.

  1. Қызмет өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мына функцияларды орындайды:

  1. Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің барабарлығы мен тиімділігіне бағалау жүргізеді;

  2. Қоғамдағы тәуекелдерді басқару рәсімдері мен тәуекелдерді бағалау әдіснамасының тиімділігі мен толық қолданылуына бағалау жүргізеді;

  3. Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық келісімдердің, Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарының сақталуына, сондай-ақ уәкілетті және қадағалау органдары берген нұсқаулардың, Қоғамның органдары қабылдаған шешімдердің орындалуына тексеру жүргізеді және осы талаптарды сақтау мақсатында құрылған жүйелерді бағалайды;

  4. Қоғамның стратегиялық мақсаттары шеңберінде Қоғамның бөлімшелері өздерінің алдына қойылған мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қолданатын шаралардың сәйкестігіне бағалау жүргізеді;

  5. Қоғамда корпоративтік басқарудың қабылданған қағидаларын, тиісті этикалық стандарттар мен құндылықтарды ендіру мен сақтау бойынша бағалау жүргізеді;

  6. тәуекелдер мен ішкі бақылауға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты Қоғамның тиісті органдары мен бөлімшелерінің алу тиімділігіне бағалау жүргізеді;

  7. Қоғамның ішкі аудитор берген ұсынымдарды орындауына мониторинг жүргізеді;

  8. Қызмет белгіленген тәртіпте берген ұсынымдардың орындалуын бұдан әрі бақылауды жүзеге асырады;

  9. Қоғамның корпоративтік бақылауға, ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқаруға қатысты ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысады;

  10. Директорлар кеңесіне, Атқарушы органға, Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне және Қоғамның еншілес/бағынысты ұйымдарына ішкі бақылау және ішкі аудит жүйелерін ұйымдастыру мәселелері жөнінде кеңес береді;

  11. Қоғамның еншілес/бағынысты ұйымдарында директорлар кеңестері және/немесе аудит жөніндегі комитеттері болмаған жағдайда Қоғамның еншілес/бағынысты ұйымдарының ішкі аудит қызметінің жұмысына жетекшілік етеді және оның қызметін бағалауға қатысады;

  12. сыртқы аудитор өткізген Қоғамның аудитіне қатысады;

  13. еншілес/бағынысты ұйымдардағы ішкі аудит қызметінің еңбеккерлерін кәсіптік оқытуға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға ұсынымдар береді;

  14. ерекше жағдайдаларда, Қоғамның еншілес/бағынысты ұйымдарында ішкі аудит қызметі болмаған жағдайда, Директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша Қоғамның еншілес/бағанысты ұйымдарында ішкі аудит жүргізеді;

  15. өзінің құзыреті шегінде Қоғамға жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.




  1. Біліктілік талаптары

  1. Қызмет басшысының:

  1. жоғары кәсіби (қаржы-экономикалық) білімі мен қосымша арнаулы дайындығы;

  2. аудит және/немесе бухгалтерлік есепке алу, және/немесе қаржы саласындағы кем дегенде жеті жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

  3. басқарушы лауазымындағы кем дегенде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

  4. Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары мен қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарын білуі;

  5. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есепке алу, салық салу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.

Қоғам Қызметінің басшысына қосымша арнаулы дайындық бөлігінде мынадай ең аз деген талаптар қойылады: «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған «аудитор» біліктілік куәлігінің және/немесе CIA (Certified Internal Auditor) ішкі аудит саласындағы сертификатының және/немесе ACCA (Association of Certified Chartered Accountants) кәсіби бухгалтері сертификатының және/немесе DipIFR (рус) (Diploma in International Financial Reporting) дипломының және/немесе CIPA (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификатының міндетті түрде болуы тиіс.

Сондай-ақ мемлекеттік және шетел тілін(-дерін) меңгергені абзал.



  1. Қызметтің бас аудиторының:

  1. экономика және қаржы саласындағы және/немесе бухгалтерлік есепке алу және аудит және/немесе ақпараттық технология салаларында және/немесе техникалық салада және/немесе заң саласында жоғары кәсіптік білімінің болуы;

  2. аудит және/немесе бухгалтерлік есепке алу және/немесе қаржы және/немесе ақпараттық технологиялар саласында және/немесе техникалық салада және/немесе заң саласында кем дегенде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

  3. Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары мен қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарын білуі;

  4. ҚР нормативтік құқықтық актілерін, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есепке алу, салық салу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.

Сондай-ақ аудит және/немесе есепке алу мен қаржылық менеджмент саласындағы сертификатының болғаны, мемлекеттік және шетел тілін(-дерін) білуі абзал.

  1. Қызметтің аға аудиторының:

1) экономика және қаржы, және/немесе бухгалтерлік есепке алу және аудит және/немесе ақпараттық технологиялар саласында және/немесе техникалық салада және/немесе заң саласында жоғары кәсіптік білімінің болуы;

2) аудит және/немесе бухгалтерлік есепке алу және/немесе қаржы және/немесе ақпараттық технологиялар саласында және/немесе техникалық салада және/немесе заң саласында кем дегенде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары мен қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарын білуі;

4) ҚР нормативтік құқықтық актілерін, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есепке алу, салық салу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.

Сондай-ақ, аудит және/немесе есепке алу мен қаржылық менеджмент саласындағы сертификатының болғаны, мемлекеттік және шетел тілін(-дерін) білуі абзал.


  1. Қызмет аудиторының:

1) экономика және қаржы, және/немесе бухгалтерлік есепке алу мен аудит және/немесе ақпараттық технологиялар саласында және/немесе техникалық салада және/немесе заң саласында жоғары кәсіптік білімінің болуы;

2) Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары мен қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарын білуі;

3) ҚР нормативтік құқықтық актілерін, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есепке алу, салық салу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.

Сондай-ақ, аудит және/немесе есепке алу мен қаржылық менеджмент саласындағы сертификатының болғаны, мемлекеттік және шетел тілін(-дерін) білуі абзал.




  1. Қызметтің құқықтары

  1. Қызмет негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіпте:

1) ішкі аудитке байланысты сұратылған барлық құжаттарға және кез-келген басқа да ақпаратқа, соның ішінде Қоғамның коммерциялық және қызметтік құпияларынан тұратын ақпарат пен мәліметтерге қол жеткізуге;

2) пассивтік режимде тұрақты негізде, яғни енгізу мен түзету құқығынсыз есепке алынған деректердің ақпараттық базасына (бухгалтерлік есепке алудың компьютерлік бағдарламасы мен т.б.) қол жеткізуге;

3) Жалғыз акционердің (Акционерлердің жалпы жиналысы), Директорлар кеңесінің, Қоғамның Атқарушы органының бекітуіне шығарылатын материалдарды, сондай-ақ құжаттардың жобасын сұрату мен алуға және Қоғамның көрсетілген органдарының барлық бұйрықтарын/ хаттамаларын сұратуға және алуға;

4) Қоғамның Директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша Қызметтің жоспарлы іс-шараларын әзірлеу және жекелеген тапсырмаларды орындау үшін Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін, сондай-ақ Қоғамның еншілес/бағынысты ұйымдарын қоса алғанда, өзге де заңды тұлғалардың мамандарын тартуға;

5) Қоғамның Жалғыз акционерімен, Қоғамның еншілес/бағынысты ұйымдарымен, Қоғамның басқа да ұйымдарымен және құрылымдық бөлімшелерімен Қызметтің құзырына жататын мәселелер жөнінде консультация жүргізуге;

6) Директорлар кеңесіне ішкі аудиттің рәсімдері мен әдістерін жетілдіру, Қоғамның ішкі бақылау жүйесі мен басқару саясатын өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізуге;

7) Қызметтің жұмыс бағыттары бойынша Қоғамның жобалары мен бағдарламаларын дайындау мен іске асыруға қатысуға;

9) Қоғамның қызметкерлерін оқытуға, қайта даярлауға, біліктіліктерін арттыруға бағытталған бағдарламаларға және ішкі аудиторлардың бағдарламаларына қатысуға;



10) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына, осы Ережеге және Қоғамның ішкі құжаттарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.


  1. Қызметтің жауапкершілігі

  1. Қызмет өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуы үшін жауапкершілікке ие болады.

  2. Қызметтің басшысы белгіленген тәртіпте қызметке жүктелген функциялар мен міндеттердің сапалы да уақтылы орындалуына осы Ережеге, Қазақстан Республикасының заңнамасына, еңбек шарттарына, лауазымдық нұсқаулықтарға Қоғамның басқа да ішкі құжаттарына сәйкес жауапкершілікке ие болады.

  3. Қызметтің еңбеккерлері белгіленген тәртіпте өзіне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуы үшін лауазымдық нұсқаулықтарға, еңбек шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес жауапкершілікке ие болады.




  1. Қызмет басшысының уәкілеттіктері

  1. Қызмет басшысының лауазымдық міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі лауазымдық нұсқаулықпен белгіленеді. Қызмет басшысының уәкілеттіктеріне міндетті түрде мыналар кіреді:

  1. Қызметтің жылдық аудиторлық жоспарын жасау мен оның орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

  2. Қоғамның ішкі құжаттары мен ішкі аудит жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды және Қызметтің жұмысына қатысты басқа да құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;

  3. Қызметтің жұмысында Қоғамның Жалғыз акционері (Акционерлердің жалпы жиналысы) бекіткен (ұсынған) ішкі аудиттің бірыңғай базалық қағидалары мен рәсімдерінің қолданылуын қамтамасыз ету;

  4. Директорлар кеңесіне Қызметтің жұмысы туралы есептер беруді қамтамасыз ету;

  5. Қызметтің мақсаттарына қол жеткізу үшін оның міндеттері мен функцияларының актуалділігін мерзімді бағалау;

  6. Директорлар кеңесіне қызметтің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, Қызметтің еңбеккерлерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, қызметтің жұмыс тәртібі, қызметкерлерге еңбек ақы мен сыйлықақы төлеу және Қызметті ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

  7. Қызметтің еңбеккерлерінің кәсіби даярлығының деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылдау;

  8. мерзімді түрде немесе мақсатқа лайықтығына қарай мүдде қайшылықтарының туындауына жол бермеу, сондай-ақ жұмыс бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету мақсатында Қызметтің еңбеккерлерінің міндеттерін алмастыру;

  9. Директорлар кеңесінің және/немесе Аудит жөніндегі комитеттің Қызметтің құзырына енетін мәселелер жөніндегі отырысын шақыруға бастама жасау;

  10. Қызметтің құзырына енетін барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.

  1. Жаза қолдану

  1. Еңбек тәртібін бұзғаны, өзіне жүктелген еңбек міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Қызмет басышы мен еңбеккерлеріне белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар қолданылады.

  2. Қызмет басшысы мен еңбеккерлерінің материалдық жауапкершілігі және олар келтірген залалдың орнын толтыру тәртібі (егер болған болса), сондай-ақ тәртіптік жаза қолдану рәсімдері Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Директорлар кеңесіне ақпарат беру

  1. Қызмет Аудит жөніндегі комитетке Қызметтің жұмысы туралы есепті алдын ала қарау үшін мынадай мерзімдерде тапсырады:

1) тоқсандық – есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-іне қарай;

2) жылдық – есептік жылдан кейінгі екінші айдың 5-іне қарай.

Қызмет Директорлар кеңесіне Аудит жөніндегі комитет алдын ала қараған Қызметтің жұмысы туралы есепті мынадай мерзімдерде тапсырады:

1) тоқсандық – есептік тоқсаннан кейінгі айдың 30-ына қарай;

2) жылдық – есептік жылдан кейінгі екінші айдың 20-сына қарай.

Қызмет басшысы Директорлар кеңесін төрағасының немесе Аудит жөніндегі комитет төрағасының сұрау салуы бойынша ай сайын Қызмет жұмысы туралы қысқаша есеп тапсырады.



  1. Қызмет аудиторлық тапсырмалардың нәтижелері бойынша жасаған және Қоғам қызметкерлері заңсыз әрекет еткен (әрекетсіздігі) жағдайды көрсететін есептер оларды жүргізгеннен кейін бірден Директорлар кеңесіне ұсынылуы тиіс.

  2. Қызмет басшысы Директорлар кеңесіне және аудит жөніндегі комитетке ұсынылған ақпараттың толымдығы мен дәлдігі нысанына талдауды қамтамасыз етуі тиіс.

  3. Қызметтің жұмысы туралы есепке мыналар кіруі тиіс:

1) Қызметтің аудиторлық жоспарына сәйкес, берілген ұсынымдарды көрсетумен (қажет болған жағдайда тиісті материалдарды қоса берумен) жүргізілген аудиторлық тапсырмалардың нәтижелері жөнінде қысқаша қорытындылар;

2) Қызмет есептік кезең ішінде жүргізген басқа да іс-шаралар туралы ақпарат (жоспардан тыс аудиторлық тапсырмалар мен сыртқы аудиторлар жасаған ұсынымдар мониторингінің, жеке өз ұсынымдарының нәтижелері, тренингтерге қатысу туралы ақпарат және т.б.);

3) есептік кезеңдегі аудиторлық қызмет нәтижелерін жалпылайтын, алдыға қойылған мақсаттар мен аудит қамтитын салаға қатысты аудиторлық қызметтің нәтижелері жөніндегі қорытынды.


  1. Директорлар кеңесі Қызметтің жұмысы туралы есептерді қарайды және Директорлар кеңесінің белгіленген жұмыс регламентіне сәйкес шешім қабылдайды.

  2. Қызмет басшысы Директорлар кеңесін басқа да бақылау және басқару функцияларын (тәуекел-менеджмент, ішкі бақылау, қауіпсіздік, бизнестің үздіксіздігі, сыртқы аудит және т.б.) қадағалау мен үйлестіруді Атқарушы органның жүзеге асыруына қатысты ақпаратпен тұрақты түрде қамтамасыз етуі тиіс.



  1. Қызметтің Атқарушы органмен өзара іс-қимылы

  1. Қызметтің Атқарушы органмен қарым-қатынасы тәуелсіздік қағидасына сүйене отырып құрылуы тиіс, себебі қызметтің ұйымдастыру және функционалдық тәуелсіздік деңгейі ішкі аудиторлардың шынайылығына тікелей әсер етеді.

  2. Қызмет, Атқарушы органға өз қызметінің нәтижелері бойынша Қоғамның әр түрлі деңгейдегі басшыларының қабылданған басқарушылық шешімдерді орындау сапасының бағасын ұсынады.

  3. Атқарушы органмен өзара іс-қимылы шеңберінде қызмет:

1) хабардар ету мақсатында Атқарушы органға Директорлар кеңесі бекіткен жылдық аудиторлық жоспарды ұсынады;

2) Атқарушы органға аудиторлық тапсырмалардың нәтижелері бойынша жасалған аудиторлық есепті/қорытындыны ұсынады.



  1. Атқарушы орган:

1) Қоғамда бақылаудың тиімді ортасын құруға көмектесуі;

2) белгіленген тәртіпте Қоғамның бюджетіне Аудит жөніндегі комитет мақұлдаған бағдарлы бағдарламалар мен тақырыптар бойынша тренингтерге және оқытуға байланысты шығындарды енгізуді қамтамасыз етуі;

3) Директорлар кеңесінің шешімі бойынша белгіленген тәртіпте ішкі аудит саласында кез-келген қызмет аудсорсингінің/ко-сорсингінің қолданылуын қамтамасыз етуі;

4) Қызметті әкімшілік (ұйымдастыру-техникалық) жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыруы тиіс.



  1. Қызметтің жұмысына Атқарушы органның араласуына рұқсат етілмейді.




  1. Қорытынды қағидаттар

  1. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Директорлар кеңесінің шешімімен, соның ішінде Қоғамның Жалғыз акционерінің (Акционерлердің жалпы жиналысының) бастамасы бойынша енгізілуі мүмкін.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет