1. Ішкі аудит қызметінің басшысы (D-3 санаты, 1 бірлік) Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 123257 теңгеден 166564 теңгеге дейін. Негізгі функционалдық міндеттері



Дата17.07.2016
өлшемі165.87 Kb.
#205317
түріКонкурс



«Астана қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 431 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-64-31, 8 (7172) 55-64-32, факс 8 (7172) 55-73-12 office_akimat@astana.kz «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

    1. Ішкі аудит қызметінің басшысы (D-3 санаты, 1 бірлік) Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 123257 теңгеден 166564 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Жүктелген міндеттердің орындалуын және функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі комиссия құрамына қатысу. Астана қаласы әкімі аппараты қызметінің сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру, бюджеттік бағдарламалары іс-шараларына бақылау жүргізу



Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

Білім; техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; гуманитарлық ғылымдар, құқық салаларында. Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
      5) ғылыми дәрежесінің болуы.

2. Ішкі аудит қызметінің бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік) Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 93276 теңгеден 125756 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Астана қаласының мемлекеттік органдарының бюджеттік және ҚР басқа да заңнамаларын сақтауларын тексеруді жүзеге асыру. Жергілікті бюджет қаражатын пайдалану кезінде тәртіптік бұзушылықты анықтау және алдын алу жөнінде шаралар қабылдау. Ішкі аудит жөніндегі ұсыныстар, есептер, тексерістердің нәтижелері бойынша уәкілетті органға қолданылған шаралар туралы есеп беру. Міндетті түрде орындалатын ұйғарымдардың орындалуына мониторинг жасау



Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

Білім; техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; гуманитарлық ғылымдар, құқық салаларындағы жоғары білім

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

          1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

      2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;


      5) ғылыми дәрежесінің болуы.

     3. Ішкі аудит қызметінің бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 93276 теңгеден 125756 теңгеге дейін:



Негізгі функционалдық міндеттері:

Астана қаласының мемлекеттік органдарын және олардың ведомстволарына бағынысты ұйымдарында тексеріс жүргізуді жоспарлау. Астана қаласының мемлекеттік органдарының ҚР бюджеттік және басқа да заңнамаларды сақтауларын тексеруді жүзеге асыру. Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеспен өзара байланыста болу, оның ұсынымдарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Бөлімде іс қағаздарын, қызметшілердің жұмыс уақытының табелін жүргізу.



Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

Білім; техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; гуманитарлық ғылымдар, құқық салаларындағы жоғары білім

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

      2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
      5) ғылыми дәрежесінің болуы.

4. Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 93276 теңгеден 125756 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Астана қаласы әкімдігінің құқықтық актілерін дайындау кезінде құқықтық сараптама жүргізуін сақтауды бақылау, нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу, әділет органдарына жиынтық ақпарат ұсынуды дайындау. Қала әкімдігінің және әкімнің нормативтік құқықтық актілерін есепке алу, тіркеу және мониторинг жүргізу.



Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

Құқық саласындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

      2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
      5) ғылыми дәрежесінің болуы.

5. Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 93276 теңгеден 125756 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Қаланың құқық қорғау органдарымен байланыс жасау, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі қалалық бағдарламалардың іске асырылуын бақылау; жетекшілік ететін сала жұмысы туралы ақпараттық-талдамалық материалдарды әзірлеу; қала әкімдігінің жоғарыда көрсетілген мәселелері бойынша нормативтік құқықтық құжаттардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асыру.



Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

Құқық саласындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

      2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
      5) ғылыми дәрежесінің болуы.

6. Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 93276 теңгеден 125756 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Адами, көлік және басқа да ресурстардың есебін ұйымдастыруға қатысу, олардың аумақтық қорғаныс құрамаларына тіркеуін жүргізу, олардың уақытылы хабарландыруын, жиналуын, тіркелуін және жұмылдыру бойынша немесе оқу жиындарына жеткізілуін қамтамасыз ету; әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, оларды әскери қызметке, әскери жиынға шақыруды және жұмылдыру бойынша шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; аумақтық қорғаныс бригадасын шаруашылық субъектілерінің автомобиль және арнайы техникасымен жинақтауына қатысу, оларға азық-түлік, киім-кешек және медициналық мүлкінің қажетті қорын, басқа да материалдық-техникалық құралдарының қорын жасау; тіркеуді ұйымдастыру және жұмылдыру ресурстарын дайындау; аппарат басшысына және Астана қаласы әкімінің жетекші орынбасарына шақыру қорытындылары бойынша ақпарат дайындау; аса маңызды азаматтық өнiмдерге арналған құжаттамаларды, сондай-ақ қатерлiлiгi жоғары объектiлерге, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйелерi мен ұлттық игiлiк болып табылатын объектiлерге арналған жобалық құжаттамаларды сақтандыру қорын жасау және сақтау; төтенше жағдайларды жою мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету; төтенше жағдайлардың туындауына сеп болған аварияларды, апаттарды және алапаттарды тергеуге қатысу; азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру; медициналық және шақыру комиссияларына қатысу Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

Әскери іс және қауіпсіздік; техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық салаларындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

      2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
      5) ғылыми дәрежесінің болуы.

7. Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 93276 теңгеден 125756 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Активтердің және басқа да құндылықтардың сақталуына материалдық жауапкершілік, канцелярлық тауарларды, активтерді және басқа да құндылықтарды есептен шыгару, аппарат және ведомствоға бағынысты мекемелердің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу мен бекіту, уәкілетті органдардан түскен кіріс хаттарына тапсырмалар мен басшылықтың хаттамалық тапсырмаларын уақытылы бақылау мен оларға жауап дайындауын қамтамасыз ету, автокөлік және полиграфиялық қызметтердің есебін жүргізу.



Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

Білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық салаларындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

      2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

      4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
      5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

8. Экономикалық талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 93276 теңгеден 125756 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Жетекшілік ететін мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметтері туралы талдамалық анықтамалар, ақпараттар, қызметтік жазбалар, статистикалық деректер мен басқа да ақпараттар дайындау. Қала әкімінің аппараты пен бөлімнің жұмыс жоспарларына сәйкес Астана қаласы әлеуметтік-экономикалық дамытуды талдау бойынша тиісті жұмыстарды жүзеге асырады, қажеттілікке қарай қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту болжамына ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің жиналыстары хаттамалары мен тапсырмаларының уақтылы орындалуына мониторинг жүргізу. Астана қаласы әкімі орынбасарының поштасымен жұмыс жасау.



Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

Білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық салаларындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

      2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

      4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
      5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет icтepi министрлігі Астана қаласы бойынша департаментінің интернет-ресурсында соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде (010000 Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 431 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

 Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде (010000 Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 11үй) өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл министрлігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.



D-3 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ); Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.
D-4 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ); Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

D-3 cанаты үшін жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу:     бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

D-3 cанаты үшін жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу:  бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер.


________________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет