10. Жартылай өткізгіш диод.
Жартылай өткізгіш диод- бұл екі шығысы бар сызықты емес электронды аспап.Ішкі құрылымға,диодтың ішкі элементтерінің қоспалау түріне,саны мен деңгейіне және ток-кернеу сипаттамасына байланысты жартылай өткізгіш диодтардың қасиеттері әр түрлі болады.
Тікелей бағытта диодты токтың шамасы үлкен. Кері ығысуда диод тоқтың шамасы шамалы. Тепе -теңдік күйінде электрондар мен тесіктердің диффузиялық және дрейфтік токтар әсерінен болатын жалпы ток нөлге тең.
P-n-ауысуға негізделген жартылай өткізгіш диодтың негізгі қасиеттерінің бірі - ток кернеуінің сипаттамасының күрт асимметриясы: алға ығысу кезінде жоғары өткізгіштік, ал кері бағытта төмен. Бұл диодтың қасиеті түзеткіш диодтарда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |