Электрлік жиіліктік сүзгілер және олардың түрлері. Төменгі және жоғарғы жиілікті сүзгілер



бет1/4
Дата26.02.2022
өлшемі2.5 Mb.
#455774
  1   2   3   4
ТОЭ2-3каз


Электрлік жиіліктік сүзгілер және олардың түрлері. Төменгі және жоғарғы жиілікті сүзгілер.
Электрлік сүзгілер деп конденсатор мен индуктивтілік орамадан тұратын, қоректендіргіштің белгілі бір жиіліктік спектріндегі немесе бірнеше жиіліктік диапазондағы сигналдарын қабылдағышқа қарай өткізетін төртұштықты айтады.
Электрлік сүзгілер байланыста, радиотехникада телевидениеде және үлкен токтар техникасында кеңінен қолданады. Олардың жұмыс істеу принципі, біріншіден, индуктивті кедергінің ХL жиілікке тура пропорционал, сыйымдылық кедергінің ХC жиілікке кері пропорционал болатындығына, екіншіден, индуктивті элементтегі ток кернеуден 900 кеш қалатындығына, ал сыйымдылық элементтегі ток кернеуден 900 озатындығына негізделген.
Сүзгілер өткізетін жиіліктік спектрлерлеріне байланысты төменгі жиіліктік, жоғары жиіліктік, , көп алаңдық, бөгеттік сүзгілер бөлінеді. Олар К-типті және М-типті сүзгілер, көпірлік сүзгілер, индукциясыз RC-сүзгілер, кварцтік сүзгілерге бөлінеді.
Төменгі жиіліктік сүзгілер (ТЖС) жиілігі 0-ден ωо дейінгі сигналдарды өткізеді.
Жоғары жиіліктік сүзгілер (ЖЖС) жиілігі ωо-ден ∞ (шексіздік) дейінгі сигналдарды өткізеді.
Алаңдық сүзгілер (АЖС) жиілігі ω1-ден ω2 дейінгі сигналдарды өткізеді.
Көп алаңдық сүзгілер бір мезгілде әр түрлі жиіліктік диапазондағы сигналдарды өткізеді.
Бөгеттік сүзгілер жиілігі 0-ден ω1 және жиілігі ω2-ден ∞ дейінгі сигналдарды өткізеді.
Сүзгілер төртұштық ретінде қарастырлатын болғандықтан олардың қасиеттері мынадай параметрлер арқылы сипатталады:
-сипаттамалық кедергі ZC,
-беріліс тұрақтысы g =а+jb, мұндағы a-өшу коэффициенті, b- фазалық коэффициент.
Идеал сүзгінің өткізу жолағы немесе өткізу облысы деп өшу коэффициенті a нөлге тең болатын жиілік дапазонын,ал өшу облысы деп a≠ 0 болатын жиілік дапазонын айтады.
Өткізу облысында кірістік және шығыстық токтар мен кернеулердің абсолюттік мәндері бірдей болуы керек. Бірақ практикада мұндай жағдайға жету өте қиын. Өйткені ол үшін бүкіл өткізу облысының диапазонында Zж= ZC болуы керек, яғни жүктеме бүкіл өткізу облысының жиілігінде келісімді болуы керек.
Сонымен өткізу облысында кірістік және шығыстық токтар мен кернеулердің абсолюттік мәндерінің теңдігі бір немесе бірнеше жиілікте ғана орындалуы мүмкін, яғни тек осы жиіліктер де ғана Zж= ZC.
Практикада мүмкін болғанынша сүзгі мен жүктеменің келісімді жұмыс жасауын қамтамасыз етуге тырысады.
Сүзгілерді көбінесе симметриялық Т- немесе П- сұлбалары бойынша құрады, яғни мұнда және .
Сүзгі симметриялы төртұштық болғандықтан A=chg=ch(a+jb)=chacosb+jshasinb.
Төртұштықтың Т-тәрізді сұлбасы үшін: A=1+Z1 /Z3.
Төртұштықтың П-тәрізді сұлбасы үшін: A=1+Z4 /Z5
Егер Z1, Z3. Z4 ,Z5 реактивті кедергілер болса, онда олардың қатынасы нақты сан болады, сондықтан А әр уақытта нақты сан. Онда chacosb = A, shasinb=0.
Өткізу облысында a =0 болғандықтан sha=0, cha=1. Онда cosb = A. Бұдан -1≤ cosb = A≥1, A=±1.
Сонымен сүзгінің өшу коэффициенті нөлге тең болу үшін төртұштықтың А коэффициентінің мәні -1 мен +1 аралығында болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет