≤Электрондық үкіметтің болашағы≥



Дата22.05.2024
өлшемі9.64 Kb.
#501679
түріБағдарламасы
Үй жұмысы


≤Электрондық үкіметтің болашағы≥
ЭССЕ
Қазақстандағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың дамуы кем дегенде соңғы екі пікірдің жүзеге асуына кепілдік бере алады. Дәл осы азаматтар мен мемлекеттің өзара әрекеттестігін ыңғайлы, қарапайым, қолжетімді және түсінікті ету үшін электрондық үкімет тұжырымдамасы әзірленді.
«Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары «электрондық үкіметті» құрудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығы «электрондық үкіметтің» порталын құруға негіз болды.
«Электрондық үкіметтің» порталы 2006 жылдан бастап жұмыс істейді.

Электрондық үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет болды. Бұрындары әрбір мемлекеттік орган өз бетінше «оқшау өмір сүріп», басқаларымен байланысқа түсе қоймайтын, ал азаматтардың алуан түрлі анықтама, растама секілді өзге де қағаздарды жинау үшін толып жатқан инстанциялардан өтуіне тура келетін. Осының барлығы бір ғана қызмет түрін пайдалану үшін толып жатқан мекемелер табалдырығын тоздыруға мәжбүрлейтін. Бүгінде электрондық үкімет жобаларының арқасында ол заман келмеске кетті.



Электрондық үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.
Менің ойымша электронды үкімет елге пайдалы. Оның себебі: Ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған бүгінгі күні электрондық жүйеге көшу аса маңызды болып отыр. Бұл ретте мемлекет пен қарапайым халық арасында байланыс орнатуды жеңілдету үшін электронды үкімет жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, оларды электронды форматқа көшіру жұмыстарын дамыту шаралары жалғасуда. Бүгінге дейін жұртшылыққа ыңғайлы бірқатар жобалар іске асып та үлгерді.
«Электронды үкімет» порталы – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар, онлайн режімде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс. Елімізде электронды үкімет құру идеясын Мемлекет басшысы өзінің республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында білдірген болатын. Сөйтіп, 2004 жылғы 10 қарашада электронды үкіметті енгізу туралы «Қазақстан Республикасында электронды үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Президент Жарлығымен бекітілді. Осыдан кейін электронды үкіметті қалыптастыру және дамытудың төрт негізгі кезеңі бекітілді. Бірінші кезең – ақпараттық кезең. Дәл осы кезеңде электронды үкімет порталы іске қосылып, ақпараттармен толықтырылды. Бұл кезеңде әрбір қазақстандық қажетті бүкіл ақпаратты – қажет құжаттар тізімін, мемлекеттік БАЖдың көлемін, мемлекеттік органның байланыс мәліметтерін портал арқылы алуға қол жеткізді. Екінші кезең – интерактивті кезең, яғни порталда электронды қызметтер көрсетіле бастады. Порталды пайдаланушыларға үйде отырып-ақ мекемелерден анықтамаларды алуға, кез келген мемлекеттік органға сұраныс жасауға және олардың жағдайын бақылауға мүмкіндік туды. Электронды үкімет порталында интерактивті қызметтерді енгізу құжаттар пакетін жинауға кететін уақытты бірнеше есе қысқартты. Электронды үкіметтің дамуының үшінші кезеңі – транзакциялық кезең. Бұл кезеңде азаматтар мемлекеттік салымдар мен төлемдерді, айыппұлдарды, коммуналдық қызметтерді төлеуге мүмкіндік алды. Егер бұрын қызметтерді төлеу үшін банкке бару қажет болса, онда қазір қызметті онлайн алуға және төлеуге болады. Электронды үкіметтің төртінші кезеңі – трансформациялық кезең.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет