Қазақстан Республикасы
Ғылым және Білім министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
|
|
Министерство Образования и Науки Республики Казахстан
Актюбинский региональный университет имени К.Жубанова
|
Мәнжазба
Тақырыбы: “ Студенттердің оқу-зерттеу іс-әрекетіне сипаттама. ”
Орындаған: Рамазанова А.М.
магистратура 1 курс ПжП
Тексерген: Тоғайбаева А.К.
Ақтөбе қаласы, 2021 ж.
Мазмұны:
Кіріспе
Білім берудің мазмұны мен мазмұнының жалпы сипаттамасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінгі таңда ұрпақ алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып халықтың өсіп-өркендеуі үшін білікті мамандар даярлау мәселесі білім беру қызметкерлерінің алдындағы басты міндет болып табылады.
Қазіргі кезде оқу әрекеті – оқытудың арнаулы формасы ретінде, арнайы ұйымдастырылатын (өзін-өзі ұйымдастыру), басқарылатын (өзін-өзі басқару), бақылынатын (өзін-өзі бақылау) объект түрінде көрінеді.
Жоғарыда айтылғандар «оқу» ұғымының мазмұны тым кең, көп жақты және түрлі ғылымдар тұрғысынан қарастырылатын көрсетеді.
Өзгермелі қоғамдағы технология дамып,ғылымдардың әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми – техникалық прогресс кезіндеміндеттерді жүзеге асыру білім саласының барлық сатысы үшін өзекті мәселеге айналып отыр.
Дарынды білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қоса алады. Қазіргі кездегі білімгерлер бәсекеге қабілетті болуы үшін оқып, сапалы білім алуы шарт (1).
Студенттердің психикалық жағдайы, қасиеті, процесі, іс-әрекетінің пайда болуы қалыптасу ерекшеліктері туралы қарастырғанда, білімгердің оқу, қоғамдық ғылыми іс-әрекеті туралы нақты қарастырамыз.
Студенттердің басты іс-әрекеті – оқу. Оқу іс-әрекеті процесінде маман даярлаудағы негізгі мақсат жүзеге асады. Бұл – студенттердің психикалық қасиетінің, процесінің,интенсивті дамуына, кәсіби білім, іскерлік, дағдыны, меңгеруге тікелей әсер етеді. Оқу іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды және іскерлікті жүйелі түрде меңгеру. Оқу адамға ғана тән іс-әрекет,осының өзінде ол адам өз іс-әрекеттерін саналы мақсатпен реттей алатын болғанкездегі адам психикасының даму сатысында ғана мүмкін.
Студенттердің негізгі еңбегі – оқу,білім алу. Маман мұғалімдерді даярлаудың негізгі шарты – білімгерлердің ынтасын арттыру. Оқу арқылы білімгерге қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге, білімгер оқу рқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін,ғылшы білім жүйелерін меңгереді, өзін практикалық әрекетке дайындайды.
Оқу әрекетінің өзге әрекет түрлерінен басты ерекшелігі білмгерлердің үнемі «жаңа дүниеге енуімен»,әрбір жаңа әрекеттердің игеруімен, әрдайым оның біріншісінен екіншісіне ауысып отыруына байланысты. Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алыуын, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятып,ақыл – ойының дамып жетілуіне түрткі болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары.
Студенттердің танымдық әрекеті білім алу қажеттілігімен ұштасып жатады. Олардың дербестігі белсенділікке байланысты, ал белсенділік дербестікті қажет етеді және білімгердің өздігінен істейтін әрекекті оның белсенділігін арттырады.
Белсенділік адамға тән қасиет ретінде, рухани қажеттілік ретінде субъектіде қанағат сезім тудырады. Ендеше белсенділіктің бағытын анықтайтын мотив болғандықтан, оның мазмұндық жағы баланың қажетіне барып тіріледі.
Л.Аристова танымдық белсенділікті қоршаған орта құбылыстары мен заттарына сәйкес субъектіде жаңару, өзгеру әрекетінің пайда болуы ретінде қарастырады. Ал Б.Есипов, И.Лернер, О.Савченко, Т.Шамова белсенділік ұғымын неғұрлым кең ұғым деп есептейді. Мәселен, И.Лернер белсенділікті ізденімпаздықтың шартына жатқызып, белсенді болмай, ізденімпаз бола алмайсың – деген пікір айтады.
Студент белсенділігі білімгердің ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту үрдісінде білімгердің белсенділігін арттыруды мақсат еткен оқытушы сабақтың барлық кезеңдерінде олардың дербестігін дамытуға тырысады. Білімгер белсенділігі әртүрлі болады.
Оқытудағы белсенділік оқып – үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой – сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау; т.б.), оқып жатқан материалды түсінуімен бейімделінеді.
Сыртқы белсенділік дегеніміз – білімгер әрекетінің сыртқы көріністері. Білімгердің ішкі белсенділігіне оның белсенді оның белсенді түрді ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән және маңызды бір қасиет болып саналады. Ал қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Студенттердің оқу іс-әректі мақсаты, мотив, таным процестері, жаңалықтары қабылдау, қиын шығармашылық процестердің қалыптасуы, әр түрлі эмоциялық құбылыстар т.б. арқылы жүзеге асады. Білімгердің оқу іс-әрекеті – ақыл ой іс-әрекеті болып табылады. Оның интенсивтігі көптеген факторларға байланысты: тапсырманың құрылымы мен күрделілігіне, білім деңгейіне, тұлғаның жалпы психологиялық құрылымы мен мотивінеғ, интеллектуалдық іскерлігі және дағдысы. Оқу іс-әрекетіндегі мотивтер – білімгердің педагогикалық процесс барысындағы психологиялық мақсаттылық қозғалысын, жұмыстың анық, нақты орындалуын талап етеді. ЖОО-дағы оқу сағатының мөлшерін толық меңгеру үшін мотив жеткілікті болуы керек, ешбір қалаусыз, қабілетсіз істелінген жұыс жақсы нәтиже бермейді.
Оқу белсенділігі өте жоғары білімгер, оқу белсенділігі төмен білімгерге қарағанда берілген тапсырманы екі есе белсенді орындайды. Демек, кез-келген іс-әрекет практикалық болсын сөйлеу жүзінде қайсы бір физикалық іс-әрекеттің жиынтығы.Оқу білімгердің түрлі іс-әрекеттер жасауы, қимылдары, жазуы, сөйлеуі т.б.жүзеге асады.
Қазіргі көптеген ЖОО-дары ірі оқу-ғылыми орталықтарына айналды,олар интенсивті ғылыми зерттеу жұмыстары негізінде жоғары дәрежелі мамандар даярлауда. ЖОО-дары әртүрлі екі бастапқы іскерлікке негізделеді. Олар:оқу және ғылыми зерттеу жұмыстары.
Әлемдік білім ғылыми саласындағы ЖОО-ның статусы оның ғылыми-іздену жұмыстарының қалыптасуымен анықталады. Білімгерлер жаңа талапқа сай оқу және ғылыми жұмыстарымен айналыса алады.
Ғылыми жұмыстарымен айналысу білімгерлердің шығармашылық ойлауын, инициативасын, өзіндік қасиетін әртүрлі жаңалықтардан керекті мәліметтерді таңдау іскерлігін дамытады. Қазіргі кездегі әрбір білімгерлердің негізгі міндеті оқу барысында зерттеу жұмысына қажетті дағдыларды меңгеру, олардың әдісін үйрену. Әрине бұл үшін кафедрада ғылыми шғармашылықты дамыту үшін жағдаай жасау қажет.
Студенттердің ғылыми іс-әрекетінің маңызды ерекшеліктері:біріншіден, зерттеу тжұмысының мақсаты оқу мақсатымен сай болуы керек; екіншіден, таным мотивтері негізгі болып табылады; үшіншіден, ол ЖОО-ның ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары басқаруымен жүзеге асады. Білімгерлердің ғылыми жұмыстармен айналысуға тартудағы мақсат олардың кәсіби өзіндік қасиеттерін қалыптастыру, еңбек іс-әрекетіндегі практикалық міндеттерді шешудегі шығармашылық қабілеттерін қалыптастыра отырып дамыту.
Студенттердің ғылыми іс-әрекеті – білімгерлердің тұлғалық қасиетінің өзіндік маңыздылығы, өмірлік өзін танытуға ұмтылушылығы. Мұнда мотив маңызды рөл атқарады. Мотивтің бірінші түрі – танымдық мотивтер, яғни білімге ұмтылу, ғылыми ізденіске қызығушылық, екінші түрі білімгерлердің оқу-ғылыми іс-әрекеті ЖОО-да қоғамдық міндет, қоғамдық еңбек іс-әрекетіне дайындық болып табылады, үшінші түрі – кәсіби – бағалы мотив. Мұнда білімгерлердің ғылыми зерттеу жұмыстары болашақ ғылыми – өндірістік іс-әрекетке дайындық болады, мақсаты - жоғары дәрежелі өндіріс маманы болу.
Ғылыми жұмыстармен айналысу мотивтері білімгерлерде бірінші укрстан бастап қалыптасуы шарт. Бұл мотивтердің қалыптасуына тікелей оқытушы – лектордың, жоғары курс білімгерлері әсер етуі мүмкін. Бұл мотивтер өзіндік жұмыстарды орындау барысында қалыптасады (2).
Білім беру аса күрделі әлеуметтік – эконоимикалық механизм. Жоғары мектепте білімгерлердің білімді игеруге сай іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде игерілетіні белгілі.Іс-әрекеттер негізінен оқытушының белгілі бір дәрежедегі көмегі арқылы орындалады да,білімгерлердің «өз бетінше жұмыс»,ал кей кездері «өзіндік жұмысы» деп аталады. «Өз бетінше жұмыс» ұғымы – білімгерлердің теорияны игеру, оқу, зерттеу немесе тәжірибелік есептерді шығару, түрлі әдебиетті пайдаланып реферат жазу, мәтін аудару және т.б. тәсілдерді қамтитын оқу немесе ғылыми танымдық қызметті ұйымдастыру құралы ретінде қарастырылады.
Жоғары оқу орындарында білім беру барымсында білімгерлерге өзіндік жұмыстар беріледі. Студенттердің өзіндік жұмыстарыныңтаным іс-әрекетінде латын орны ерекше. Өзіндік жұмыстар білімгерлердің маңызды міндеті болып есептеледі. Білімгерлердің өзіндік жұмыстарды орындау барысында білімді игеріп қана қоймайды, сонымен бірге білімді игерудің әртүрлі тәсілдерін меңгереді. Мұндағы оқытушы міндеті білімгерлерді оқытуға үйретіп, нақты белгілі біліммен қаруландыру.
Өзіндік бақылау жұмысының психологиялық – педагогикалық маңыздылығы әрбір студенттің белсенді таным іс-әрекетін қалыптастырумен, білімгердің максимальды, индивидуальдық және психо-физиологиялық ерекшеліктерімен, академиялық үлгерімімен сипатталады. Бұл жердегі маңызды мақсат: тұлғаның максимальды дамуына көмектесу.
Қорыта келгенде, ЖОО-да студенттердің оқу әрекеті оның негізгі қызметі болып табылады. Сонымен қатар, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында да белгілі мөлшерде бастапқы курстардан бастап айналыса бастайды. Студенттердің қызметін ЖОО-да профессор-оқытушылар құрамының дұрыс ұйымдастыра алуына байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |