Әлем тілдернің классификациясы



Дата13.10.2023
өлшемі70.7 Kb.
#480667
фонетика асемай презентация

Әлем тілдернің классификациясы

Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады. ілдердің туыстастығы, өз ара жақындық дәрежесі әр түрлі болады. Туыстас тілдердің кейбіреулері бір-бірімен өз ара өте жақын да болуы мүмкін. Мысалы, тілдердің индоевропа семьясына көптеген тілдер, соның ішінде орыс, белорус, украин, поляк, чех, болгар, неміс, француз, ағылшын, испан, фарсы, итальян, швед және т.б. тілдер енеді. Бұл тілдердің барлығы да туыстас тілдер. Алайда бұлардың бір-біріне жақындығы, олардың грамматикалық құрылысы мен сөздік құрамының және фонетикалық жүйесінің тұтастық және жақындық дәрежесі біркелкі емес.

  • Нострат тілдері. 1) Үндіевропа тілдеріне қазіргі үнді (хинди, урду, бенгаль, маратхи), иран (иран, тәжік), роман (француз, испан, португал, итальян, румын), славян (орыс, поляк, чех, словак, украин, белорус, серб, хорват), герман (неміс, ағылшын, дат, швед, норвег, галл), балтық (латыш, литван), грек, албан, келть, армян, тіл жанұялары жатады. Сонымен бірге өлі тіл жанұялары анатлия, тохар, иллирия, скиф, кушан т.б. енгізіледі. 2) Афразиат тілдері: семит (араб, иврит), египет, омот, кушит, чад және бербер тілдері. 3) Дравид тілдері Үндістан түбегіне таралған (телугу, тамиль, каннада, малаялам). 4) Орал тілдеріне фин-пермь (фин, эстон, мордва), угор (венгр, ханты, мансы), самодий (ненец, эвен) тіл жанұялары жатады. 5) Алтай тілдеріне түркі (түрік, татар, азербайжан, қазақ, өзбек, ұйғыр, саха, қырғыз, тува, башқұрт), монғол (халха, қалмақ), тунгус-манчур (манчжур, эвен, нанай) және жапон, корей тілдері жатқызылады. 6) Чукот-камчатск тілдеріне чукот және камчат тіл жанұялары жатады. Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері деп атайды. Яғни бұлардың барлығы да бұдан 10-15 мың жыл бұрын өмір сүрген нострат тілдерінен таралған деген болжам бар. Олар Африканың солтүстігінен бастап, Еуразия құрлығына өздерінен бұрын таралған палеоазиат тілдерін біртіндеп ығыстырып, осы аймаққа қоныстанады.
  • Палеоазиат тілдері. Келесі үлкен тіл жанұясы осы палеоазиат тілдері. Оған: 1) Солтүстік кавказ тілдері (абхаз, шешен, авар, ингуш) 2) Син-тибет (қытай, тибет) 3) Енисей (кет, юг) 4) На дене (аляска мен америкада таралған) тілдері жатады
  • Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады.
  • Фонетикалық типология
  • Синтаксистік типология.
  • Морфологиялық типология
      • Алдымен фонетикалық типология жөнінде.
  • Тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты болып бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерді сөздер дыбыстардан құралса, буын құрылысты тілдерде буындардан құралады. Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді. Мысалы, еуропалық тілдер дыбыс құрылысты, Қытай тілі буын құрылысты. Дыбыс құрылысты тілдерде дыбыстар болады да, әріптермен жазады, буын құрылысты тілдерде дыбыстар болмайды, олар иероглифтермен жазады.
  • Монотониялық және политониялық тілдер. Монотониялы тауыс тоны сөз мағынасын ажыратпайды. Политониялы тілдерде сөздің мағынасын ажырататын дауыс тоны. Яғни сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің мағынасын айтылу әуені анықтайды. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды. Мысалы ағылшынғ орыс, қазақ, араб тілдері.
  • Синтаксистік типология бойынша дүние жүзі тілдері үш топқа бөлінеді.
  •  
  • Номинативті тілдер – бұндай тілдерде бастауыш негізгі (атау, исходный) септігінде тұрады да баяндауышпен жақ бойынша қиысады, баяндауыш немесе көмекші етістік соған сәйкес жіктеледі
  • Эргативті тілдерде етістіктің салт немесе сабақты болуына қарай, белгілі бір септіктерді керек етуіне қарай бастауыштың (субъектінің) тұлғасы өзгеріп отырады, ал толықтауыш осы өзгерістерге керісінше басқа тұлғаларға орайласады. Яғни олардың тұрақты тұлғасы болмайды, бұл тұлға етістіктің қажетсінуіне байланысты.
  • Посессив (пассив) тілдерде етістіктер актив және пассив болып күрт қарсы қойылады да. Бастауыштың тұлғасы осыған байланысты болып келеді.
  • Қазіргі номинативті тілдердегі етіс каегориясы осы өзгерістердің модификацияға ұшыраған бір тармағы болуы керек: етістер өзгергенде бастауыштар мен толықтауыштар да өзгеріп кетеді.
  • . Типологиялық классификациялардың ішінде ең жете зерттелгені морфологиялық типология. Онда әлемдегі тілдерді тұлғалық түрлену жүйесі бойынша топтастырады
  • Түбір тілдерде сөз түрлендіруші аффикстер болмайды, сөздер орын тәртібі арқылы байланыса береді (қытай тілі)
  • Агглютинативті тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олар түбірдің үстіне бірінен соң бірі үстемеленіп жалғана береді де сөз ұзара түседі. Әлгі қосымшалар бір мағыналы болады, ал түбір өз тәуелсіздігін сақтайды, өзгермейді (қазақ тілі). (көше-көшелер-көшелерге-көшелерімізге).
  • Флективті тілдерде қосымшалар түбірдің көрінісіне өзгерістер енгізеді және ол қосымшаларда көп мағына болады, сондықтан сөздің көлемі ұзармайды, түбір өз ішінен өзгереді (орыс тілі). (улица-улицы-улицам-улиц)


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет