Әлеуметтану дегеніміз не?



Дата06.03.2022
өлшемі15.78 Kb.
#456007
Документ Microsoft Word


  1. Әлеуметтану дегеніміз не?

Әлеуметтану – әлеуметтік топтарды, әлеуметтік өзара әрекеттесуді және қоғамды жүйелі түрде зерттейтін ғылым.

  1. Әлеуметтану қалай пайда болды?

Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Дәстүр мен наным-сенімдерді рационализм мен ғылым ал­мас­тыра бастады.
Қантөгіс болмаса да индустриалдық революция одан да қатты әсер етті. Аз уақыт ішінде дәстүрлі ауыл қоғамы индустриалдық қала қоғамына айналды. Өзгерістердің жылдамдығы мен ауқымдылы­ғы әлеуметтік күйзеліс тудырды, себебі бұрынғы өмір сүру жолдары мен әлеуметтік сенімдер біржола жойылып бара жатты. Осы тұста бұрынғы миллиондаған шаруа мен жұмысшы қарқынды дамып келе жатқан қалаларда өмір сүру үшін күресті.

  1. Әлеуметтанудың дамуына О.Конт қандай үлес қосты?

Әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы Огюст Конт болды (Ритзер, 2003). Ол осы саланың негізін салушы болып саналады. 1839 жылы «әлеуметтану» терминін алғаш енгізген де осы ғалым.
Конттың ғылымға қосқан тағы бір үлесі – қоғамды түсіну үшін әлеуметтік тәртіптің және әлеуметтік өзгерістің көздерін іздеу қажет екенін дәлелдеуі. Әлеуметтік құрылым (тәртіп) және әлеуметтік процесс (өзгерістер) ұғымдарының аясында бұл проблемалар әлеуметтік зерттеулердің басты бағыты болып қала береді.

  1. Г.Спенсер қандай теориялардың негізін қалады?

Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп болды деп санайды. Ол қоғамды алып жаратылысқа ұқсатады: жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні сияқты қоғамның бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді.

  1. К.Маркстың әлеуметтанудағы басты идеялары қандай?

Маркс XIX ғасырға тән кедейлік пен теңсіздікке қарсы шықты. Замандастарының көбінен айырмашылығы – ол кедейлікті табиғи құбылыс немесе Құдайдың жазғаны деп мойындамады. Оның орнына ол кедейлік пен теңсіздікті жекеменшікке бағытталған, бай адамдардың мүдделерін қорғайтын жүйенің адамдарға келтірген зияны ретінде қарастырды. Нәтижесінде, өзінің күш-жігерін сол жүйені түсінуге және жоюға арнады. Маркстың идеяларының басым бөлігі әлеуметтанушыларға қарағанда саясаттанушылар мен экономистерді көбірек қызықтырды. Бірақ оның идеялары экономикалық жүйе, әлеуметтік конфликт және әлеуметтік өзгеріс тәрізді құбылыстардың маңызына әлеуметтанушылардың назар аударуына зор ықпал етті.

  1. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанудағы мұрасы қандай?

Дюркгеймнің басты ойларының бірі – «әлеуметтік тұрақтылық – әлеуметтік тәртіп пен еркіндіктің арасында лайықты теңгерім бол­уын қажет етеді» дедi. «Суицид» деп аталатын зерттеуінде Дюркгейм қатаң тәртіп пен шексіз еркіндік адамдардың өзін-өзі өлтіруіне себепкер болатынын айтады. Жазмыштық (фаталдық) суицид қоғамда еркіндік аз және тәртіп қатал болған жағдайда орын алады: әлеуметтік институттар мінез-құлыққа шектеу қойған кезде адам өзін торға түскендей сезінеді ([1897] 1951, 276). Ал аномиялық суицид еркіндік тым көп, тәртіп тым аз болғанда өршіп кетеді: қоғамның ықпалы жеке адамның ынталылығын ескермейді ([1897] 1951, 258). Мысалы, қазіргі уақытта ата-анасынан, діннен, мектеп пен сыныптастарынан аулақтау жүретін жас америкалықтар арасында өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші жоғары, себебі олар аталмыш тараптардан қандай да бір бақылауды сезінбейді (Maimon & Kuhl, 2008).

  1. М.Вебер қандай теориялардың негізін қалады?

Вебердің ықпалды идеяларының бірі – әлеуметтану белгілі бір құндылыққа тәуелді болмауы керек. Вебер әлеуметтану «қандай болуы керек екенін анықтауға емес, қазіргі мәнін анықтауға мүдделі болуы тиіс» деген пікір білдірді. Вебердің сөзі заманауи әлеуметтанушылар ұсынған стандартты ғылыми көзқарастың негізін қалыптас­тырды. Кедейлік пен нәсілдік теңсіздікті зерттеуге моральдық қорлауға ұшырау да түрткі болуы мүмкін, бірақ объективті фактілерді жан-жақты зерттеу үшін бұл сезімдерді шетке жиыстырып қойған дұрыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет