Ауыспалы егістік
Топырақ эрозиясы және онымен күрес шаралары. Адамдар өмірінде жер ерекше орын алады. Ол біріншіден, адамдарды асыраушы жер-ана; екіншіден, ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы, үшіншіден, жер халық байлығы. Бүгінгі нарық заманында, жер жекеменшікке берілгенде оны көздің қарашығындай сақтау әрбір адамның, әр маманның алдында тұрған басты міндет
Дақылдар мен сүрі жердің ауыспалы егістің барлық танаптары арқылы өтуі олардың аумақта кезектесуін білдіреді. Дақылды бір танапта ұзақ уақыт өсіруді ауысымсыз, ал шаруашылықтағы негізгі дақылды дара дақыл деп атайды. Ауыспалы егістерде, кейде бір дақылды бірнеше жыл бойы қатарынан егеді, сосын оны басқа дақылмен ауыстырады. Мұндай егістіктерді қайталама егістік деп атайды. Ауыспалы егістің әр танабында әдетте бір дақылды өсіреді, кейде бір танапта биологиясы және өсіру технологиясы ұқсас бірнеше дақылды орналастырады. Ауыспалы егістің мұндай танаптарын құрама деп атайды.
Ауыспалы егістің жақсы алғы егіспен басталып, келесі жақсы алғы егістің алдында аяқталатын бөлігі ауыспалы егістің буыны деп аталады.
Ауыспалы егіс тәсіліне сәйкес, дақылдар мен сүрі жердің кезектесуінің толық циклі өтетін кезеңді айналым (ротация) деп атайды.
Оның ұзақтығы әдетте ауыспалы егістегі танаптар санына тең. Ауыспалы егістің тыс танабы деп дақылдардың кезектесуінен уақытша шығарылып және бірнеше жыл бойы бір дақыл ретінде өсірілетін танапты айтады. Тыс танапта көбінесе көпжылдық шөптер, жүгері өсіріледі.
Алғы дақыл деп осы танапта өткен жылы болған дақылды немесе сүрі жерді атайды, яғни ауыспалы егістегі әрбір дақыл немесе сүрі жер өзінен кейінгі дақыл үшін алғы дақыл болып табылады
Ауыспалы егістердің кестесін құру
Ауыспалы егісте дақылдардың алмасу тәртібін және алғы егістерін ендірістік тәжірибелері мен аймақтың ғылыми мекемелерінің ұсыныстарын пайдаланып анықтайды.
Негізгі талап -әрбір дақылға мүмкіндігінше оңтайлы жағдай жасап, сыртқы ортаның қолайсыз әсерін азайту.
4.Дәнді бұршақ дақылдарын қайталап өсіруге болмайды.
2.Топырақтың құнарлылығына, танаптардың тазалығына және басқа тіршілік жағдайларына жоғары талап қоятын ең құнды дақылдарды жақсы алғы дақылдардан кейін орналастыру дұрыс.
1. Негізгі дақыл-дарға ауданның
үлкен бөлігін бөлген жөн
3.Ауыспалы егісті ең жақсы алғы дақылдан бастау қажет
5 Дәнді бұршақ дақылдарын пардан кейін орналастыруға болмайды.Бұл жағдайда олардың құнды алғы егіс болған артықшылығы басқа дақылдармен пайдаланылмайды.
Ауыспалы егістің кестесін құрастыруға арналған ұстанымдары
Бір дақылды тұрақты немесе ұзақ уақыт бойы бір жерге өсіре берсе, онда арамшөптер, зиянкестер және аурулар қаптап, топырақ тозады да, өнімнің азаюына әкеп соқтырады. Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіру, биологиялық себептердің кері әсерін төмендетеді немесе тіпті мүлдем жояды. Мөселен, күнбағысты түрақты сепкенде ол тоғышар арамшөп сұңғыладан күшті зақымданады; бидайды кезектестірмей сепсе, онда ол тамыр шіріндісі ауруына шалдығады.
Достарыңызбен бөлісу: |