Әлеуметтану негіздері



Pdf көрінісі
Дата13.03.2024
өлшемі162.41 Kb.
#495324
leumettanu-negzder 16 lecture



16-дәріс
ӘЛЕУМЕТТАНУ НЕГІЗДЕРІ
Денсаулық және денсаулық сақтау
1-бөлім
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Әлеуметтану негіздері
16. Денсаулық және денсаулық сақтау. 1-бөлім
2
Дәрістің мақсаты: аурудың атқаратын рөлін, ауру қоздырғыштары және медикализация 
жөніндегі тұжырымдардан құралатын, денсаулық пен ауруды қарастыратын түрлі теориялық 
көзқарастарды қарастыру; алдын алуға болатын өлімдердің көпке белгілі, негізгі себептерін 
және адамдардың денсаулық сақтауға арналған іс-әрекеттерді қабылдауын немесе қабылда-
мауын денсаулыққа арналған сенімдер моделін талдау. 
Негізгі терминдер: денсаулыққа сенім моделі, ауру туындатушылар, медикализация.
Денсаулық және денсаулық сақтау – әлеуметтік мәселе. Ауруға қатысты 
теориялық көзқарастар
Денсаулықты зерттеуге арналған құрылымдық-функциялық теорияның маңызды үлесі 
– науқастың рөлін түсіндіруі. Бұл тұжырымдама аурудың қоғамға деген жағымды әсері мен 
қоғамның сол ағымға кедергі келтірмеуі үшін ауруды қалай азайтатынын түсіндіреді. Конфликт 
теориясы тұрғысынан ауруды туындатушылар тұжырымдамасын қарайық: ауруды тудыратын 
жағдайды қуаттап, одан пайда табатын топтар бар. Конфликт теориясы медикализация 
құралдарынан ауру анықтамасының қалай дамитынын және түрлі ауруларды анықтаудағы 
бәсекелес топтардың мүдделерін түсіндіруге көмектеседі. Символдық интеракционизм 
теориясы – науқастың тәжірибесін және емделушілердің нұсқауды орындамауының себебін 
түсіну үшін пайдалы.
Денсаулық пен аурудың әлеуметтік себептері
Алдын алуға болатын өлімнің жартысынан көбіне мынадай тоғыз фактор себеп: темекі, 
нашар тамақтану, дене қимылының аздығы, алкоголь, бактериялар мен вирустар, лас жұмыс 
орны мен аудандар, автокөліктер, қару-жарақтар, жыныстық қатынасқа шақырған мінез-құлық 
және заңсыз есірткі.
Аурудың рөлі – науқас адамдарға қатысты төрт әлеуметтік нормадан тұрады. Олардың 
қалыпты әлеуметтік рөлін орындамаудың себептері бар және олар ауруға шалдыққаны үшін 
жауапты емес деп есептеледі. Олар ауруды жағымсыз жағдай деп санайды. Сондықтан 
денсаулығын жақсартып, жұмыс істеу үшін дәрігерлердің нұсқауын ұстануы тиіс. Алайда науқас 
рөлінің үлгісі кейбір ауруларға басқалардан гөрі жарасымды келеді. Денсаулыққа байланысты 
сендіру үлгісі. Бұл «егер нақты қауіп төніп тұрғанын білсе, адамдар денсаулығын сақтауға 
тырысады, қиындық туған сәтте осындай алдын алу әрекеті оларға төнетін қауіпті азайтады» 
деп болжайды.
Денсаулыққа сенім моделі – жеке тұлғалар денсаулығына аса қауіпті қатер бар, әдеттерді 
өзгерту ол қауіпті азайтады деп сенсе және ол үшін ешбір кедергілерді елемесе, салауатты 
әдеттер қалыптасады деген пайым.
Ауру туындатушылар – өлімге әкелетін әдеттер мен сондай әлеуметтік жағдайды қолдайтын 
және одан өз пайдасын көретін топтар. 
Медикализация – қандай да бір жағдай немесе іс-әрекет медициналық мәселе ретінде 
анықталып, медициналық шешімді талап ететін процес.
Дербес жұмыстарға арналған тапсырмалар
1. Құрылымдық функционалисшілер мен символдық интеракционистердің денсаулық пен 
ауруға қатысты көзқарастарындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. 
2. Алдын алуға болатын өлімнің себептерін сипаттап, талдаңыз. 
3. Темекі шегетін немесе басқа зиянды әрекетпен айналысатын досыңыз жайлы ойланы-
ңыз. Досыңыздың мінез-құлқын өзгерту үшін не қажет екенін анықтау мақсатында, ден-
саулыққа сенім үлгісін қолданыңыз.


3
Кітап:
Дәріс:
Әлеуметтану негіздері
16. Денсаулық және денсаулық сақтау. 1-бөлім
Бақылау және талқылау сұрақтары
1. «Ерлердің шашының түсіп, таз болуын» ауру ретінде анықтау кімге пайдалы? Қалай? Кім 
шығындалады? Не үшін шығындалады?
2. Фармацевтикалық өндірістің сіздің диагностика мен емделу әрекетіңізге ықпал етуге 
талпынысын қандай белгілер дәлелдейді?
3. Аурудың адамдардың күнделікті өміріне әсері қандай? Созылмалы ауру адамның өзіндік 
бірегейлігіне қалай әсер етеді? 
Қосымша әдебиет және ақпарат көздері
1. Ритцер Дж., Степницки Дж., Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» 
қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.
2. Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С., Әлеуметтану негіздері. 9-басылым. – Алматы: Ұлттық 
аударма бюросы, 2018. – 464 б.
3. Мертон Р., Социальная теория и социальная структура. – М.: ACT: ACT МОСКВА: 
ХРАНИТЕЛЬ, 2006. – 873 с.
4. Weitz R., The Sociology of Health, Illness, and Health Care: A Critical Approach. 6th edition. –
B: Gengage Learning, 2016. – 432 p. 
5. White K., An Introduction to the Sociology of Health and Illness. SAGE, 2016. – 240 p.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет