Әлеуметтанулық қиял



Дата21.02.2024
өлшемі16.45 Kb.
#492603
ОЖСӨЖ4аптаАлеу


  1. "Әлеуметтанулық қиял" түсінігі

  2. Әлеуметтанулық перспектива

  3. Қазіргі қоғамды адамдардың әлеуметтік жағдайы

Әлеуметтану жеке өмірімізде, елде және қоғамда кездесетін шағын ауқымды мәселелерді қарастырады. Шағын көлемде ол қарапайым адамдардың тұрмыс тіршілігін – отбасылы болу (кейде ажырасу), жұмысқа тұру, бала өсіру, көңіл көтеру сияқты жағдаяттарды қарастыруы мүмкін. Ал кең ауқымда әлеуметтану үйсіздік, денсаулық сақтау реформасы, қоршаған ортаның азуы, кедейлік және соғыс сияқты мағызды ұлттық және халықаралық мәселелердің түйінін іздейді.
Әлеуметтанудағы ең негізгі ұғымдардың бірі - әлеуметтік құрылым. Әлеуметтік құрылым - белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым-қатынастардың қайталанып келіп отыратын үлгілері. Ол тек мінез-құлық сияқты жекелеген проблемаларды ғана емес, білім алуды, неке құруды қалай ұйымдастыру керектігі сияқты кеңірек контекстегі проблемаларды да қамтиды. Әлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді, кей әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара түсінуді көрсететін қабілетті айтамыз. Ч. Райт Миллстің пікірінше, әлеуметтік қиял дегеніміз - жеке бастағы қиындықтарды (мысалы, кедейлік, ажырасу немесе сенімнің жоғалуы), аса маңызды қоғамдық проблема, жалпыға ортақ проблема деп түсіну. Миллстің айтуынша, көп нәрсені біз толықтай бақылай алмаймыз, көптеген құбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да, бізден тыс жүзеге асып жатады. Мысалы, Миллс былай деп жазады: 100 мыңға жуық тұрғыны бар қалада тек бір адам ғана жүмыссыз болса, бұл – оның жеке басына қатысты жайт, солай бола тұра көмектесу үшін сол адамның мінез-құлқын, оның дағдыларын және мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бірақ 50 миллион адамнан тұратын елде 15 миллион адам жұмыссыз болса, бұл - ортақ (қоғамдық) проблема, бірақ оны жеке тұлғаның мүмкіндіктері аясында шеше алмаймыз. Мүмкіндіктердің құрылымы бұл жерде іске аспайды. Проблема дұрыс қойылуы үшін және ықтимал шешімдер ауқымды болуы үшін тек жеке басқа қатысты жайттар мен жеке тұлғалардың жағдайын емес, қоғамның экономикалық және саяси институттарын қарастыру талап етіледі.
Әлеуметтанулық перспектива - қоғамның антропоморфизміне негізделген. Адам мен қоғам белгілі бір мағынада гомоморфты болып келедi. Әр уақытта әлеуметтік перспектива, яғни микро және макроәлеуметтік деңгейде, ол, бір жағынан, адамның табиғи тұрақтылығымен, екінші жағынан, оның әлеуметтік тұрақтылығымен, ал үшіншіден, әлеуметтік ортамен, әлеуметтік тұтастықтардың басталуы (пайда болуы) және жоғалып кетуі (өзгеруі) арқылы шектеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет