Бесқарағай ауылдық округі әкімінің атқарылған 2015 жылғы әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы және 2016 жылға міндеттер бойынша тезисі



Дата23.02.2016
өлшемі27.67 Kb.
#5890
Бесқарағай ауылдық округі әкімінің атқарылған 2015 жылғы әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы және 2016 жылға

міндеттер бойынша

ТЕЗИСІ


Бесқарағай ауылдық округінде 1469 аула, оның ішінде 13 ұлттан тұратың 4569 адам тұрады. Экономикалық белсенді 2960 адам, мектеп оқушылары- 644,зейнеткерлер-922 адам, 35 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.

Пайдалы жердін саны: ауылдық округінің барлық жер аумағы – 35743 га, ауылдық округінің жалпы алаңы – 15261 га, шаруашылық пайдалы жер – 14571 га, егілетің жерлер – 38 га, шөп шабындықтары – 212 га, жайылымдар – 13628 га.

Округте 22 шаруашылық қожалықтары тіркелген, пайдаланатың жерлері 16,3 мын.га, оның ішінде 5 мал шаруашылығымен, 8 егіндікпен, 9 шөп шабындықпен, 3 шаруашылығы аралас жұмыстарымен айналысады .

2015 жылы егіндік жұмыстары 2682,4 га алаңында жүргізілді.

Округте 3298 ІҚМ тіркелген, онын ішінде 1471 сиыр, ҰМ-2283 бас, 416 жылқы, 1191 құстар тіркелген.

Жыл ағымында аудан орталығында «Ауылдық округтер күндері» атты және басқа да мерекелік іс шараларға арналған жәрменкелер өткізілді. 10 ауылдық округтарымен ұсынылған ауылшаруашылық тауарларының бағалары сауда орталығынан қарағанда төмен бағамен сатылды.Округте шағын және орта бизнес дамуда. 2015 жылы жаңа дүкендер ашылды, олар құрылыс дүкені «Радуга+» (ЖК Г.Сапарханова), «Барлығы үй үшін», «Арзан» (ЖК Д.Боянов), азық-түлік тауарлар дүкені «Даманский» (А.Ж.Такенов). 2016 жылғы 1-ші тоқсанында тағы да 2 дүкен ашылу рәсімі жоспарланған. Сонымен қатар, қызмет көрсету саласында «Сән салоны», «Шаштараз» ашылуда.

Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары жұмыс ережесінің күн тәртібіне сәйкес жүргізіледі, оның ішінде жер мәселелері бойынша шешім қабылдау, жеке қосалқа шаруашылығы туралы анықтама беру және мектеп оқушыларын көлікпен тасымалдау анықтамасын беру жұмыстары. Стандартқа сәйкес, 2016 жылы ХҚКО-на арқылы тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету тез арада анықтама, толық мәліметтер алуға жоспарлануда.

Ауыл ішінде 1,08 шм ұзындығымен қоршаулар орнатылды. Барлығы қоршауларға сомасы 1811,4 мың теңге жұмсалды.

«Ауылды дамыту» бағдарламасы бойынша Әуезов көшесінде саябағының құрылысы орнатылды, орталық алаңда сахнаға күрделі жұмыстары жүргізілді. Осы құрылыстарға 7 млн. 875 мың теңге жұмсалды.

2016 жылы осы бағдарлама бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Ауыл округінің теңгеріміне электрондық тақта қабылданды. Орналасқан тақтада аудан аумағындағы бос жұмыс орыны туралы мәліметтер көрсетіледі.

Жыл сайын қоқсықтарды тегістеу жұмыстарына қаражат бөлінеді, ағымды жылғада 530 мын теңге жұмсалып,тазалау жұмыстары жүргізілді.

Ауылдың шетіне 2 мал шарбағы орнатылды, шарбақтарды орнату жұмыстары келесі 2016 жылында жалғасады.

Ағымды жылы «Бесқарағай» атты стелла орнатылды,ауылға кіре берісте қақпа (арка) орнатылды. Жаңа 2016 жылғы мереке қарсаңында орталық алаңда шырша орнатылды және мұз айдыны,төбешік құрылды. Жеке кәсіпкер И.Ю.Власовпен Пушкин көшесінің қиылысында төбешік орналастырды.

Жарықтандыруларды жөндеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді,техникалық жөндеу жұмыстарына Семей қаласының «СИМААК» ЖСК және ЖК «Нуриманов» қатысты. Бұрыңғы (ескі) ағаш бағандарында орнатылған шамдары алынды. Сонымен қатар, 1080 мын теңге жас көшеттерді суаруға, 181 мың теңге гүлдерді егуге қаражат жұмсалды.Жыл ағымында округті аббатандыру жұмыстары жұргізілді, сенбіліктер ұйымдастырылды.

Ветеринарлық қызмет көрсету бөлімі малдарға вакцинация жұмыстарын жүргізді. Осы мекемемен бос жүрген ит және мысықтарды ұстау бойынша келісім шарт құрылды.

Бүгінгі күнде су құбыры әр бір үйдің қоршауына дейін жалғанды. Әрі қарай қоршаудан үй ішіне су құбырын ШҚО Бесқарағай ауданының «Водник» мекемесі айналысады. Ауыл тұрғындарына су құбырын үйлерге тарту мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.Жаңа су құбыры

қосылу мәселесі 2016 жылы жоспарлануда.



2016 жылы атқарылатын көптеген міндеттер бойынша шешім қабылдау қарастылуда, оның ішінде: ауылды аббатандыру, алгоритм бойынша қосымша жұмыс орындар ашу, алты түрлі жергілікті салықты жинақтау, шағын және орта бизнестің дамуына көмек көрсету, мал басының санын көбейту жұмыстары.

Округ әкімі Р.Байгабылов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет