25
Абай мұрасын жиырма жылдан астам ұзақ жылдар бойы үзiлiссiз зерттеу нәтижесiнде қазақ
әдебиетiнiң күрделi саласы
ретiнде «Абайтану» пәнi қалыптасып өмiрге келдi.
3. «Абайтану» ғылымы ІІІ кезең 1961 ж.- қазіргі уақыты Абай мұрасын зерттеу,
дәріптеу. ХХ ғ. 50-шi жылдардан бастап абайтану саласында М.Әуезов Абайдың әдеби
мұрасының зерттелу жайы туралы күрделi зерттеу тақырыбының жандануына түрткi салып,
ғылыми тұрғыдан пiкiр көтердi. Қазақ әдебиетiнiң зерттелу
жағдайында абайтанушы ғалым
көтерген бұл аталмыш зерттеу нысанасы Абайдың әдеби мұрасының зерттелу жайы деген
тақырыпта зерттеулер жүргiзiлу қажеттiлiгi С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Смайылов,
Ә.Жиреншиндер тарапынан да қолдау таба бастады. М. Әуезов пен Қ. Жұмалиевтiң ұсынуымен
осы
тақырыпта 1965 жылы М.Мырзахметұлы тарапынан «Абай Құнанбаевтың әдеби
мұрасының зерттелу жайы» деп аталатын кандидаттық диссертациясы қорғалды.
Профессор
Тұрсынбек Кәкiшов қазақ әдебиетi сынының тарихын зерттеуге кiрiсiп, онда абайтану тарихын
жалғастыра зерттеудiң нәтижесiнде «Оңаша отау» (1982 ж.) монографиясы басалым көрдi.
Қазақ әдебиетiнiң аса қуатты арнасына айналған абайтанудың ғылыми тұрғыдан зерттелу
кезеңiн үш салаға бөле қараудың қажеттiлiгi туды:
Бiрiншi кезеңi абайтанудың алғашқы дәуiрi ресми түрде баспасөз бетiнде 1889 жылдан
басталып 1934 жылмен аяқталады.
Екiншi кезеңi 1934 жыл мен 1961 жыл аралығындағы абайтанудың М.Әуезов бастаған соны
танымдардың заманымен аяқталады.
Үшiншi кезең 1961 жылдан кейiнгi Абай мұрасын тереңдей
танып зерттеу дәуiрiмен
жалғасады. Яғни ұлы ақын мұрасы жолында абайтану мен абайтанудың тарихы деп аталатын екi
ғылыми арнаның пайда болуын көрсетедi.
Достарыңызбен бөлісу: