Теміртау қаласының әкімі Н.Е.Сұлтановтың халық
алдындағы «Теміртау қаласының 2010 жылғы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және
2011 жылға арналған даму келешегі туралы»
ЕСЕБІ
Атқарушы билік органдарының есепті кезеңдегі қызметі Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында алға қойылған міндеттерді шешуге бағытталды. Бұл стратегиялық құжатта жедел индустрияландыру, инновацияны енгізу және еңбек өнімділігін арттырудың ағымдағы жылға негізгі міндеттер болып белгіленгені белгілі.
Бұл міндеттерді біз жүйелік тәсіл негізінде – өз қызметіміздің әр бағыты бойынша даму тұжырымдамасын әзірлеу жолымен шешудеміз және шешетін боламыз.
Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсудің ең жоғарғы қарқынына қол жеткізу - негізгі міндеті болып қалып отыр. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бүгінгі күні тұрақты және қарқынды сипат алып отыр.
2010 жылы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі құндық тұлғада 2009 жылмен салыстырғанда жалпы 23,6 %-ға өсіп, 329,6 млрд. теңгені құрады.
2010 жыл ішінде негізгі капиталға инвестициялар 54,3 млрд. теңге сомасында немесе 2009 жылмен салыстырғанда 39,8%-ға -өсу қарқынымен игерілді.
Шағын және орта бизнес тұрақты түрде дамыды. Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2009 жылмен салыстырғанда 315 бірлікке артты және 5977 бірлікті құрады (2009 жылы – 5662 бірл., 5,6%-ға өсті).
Шағын кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі 2010 жылы 17,4 миллиард теңгені құрады, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 2,2 миллиард теңгеге артық немесе өсім 14,4%.
2010 жылы қала бойынша барлығы 592, оның ішінде нақты секторда 187, шағын бизнесті дамыту есебінен 405 жаңа жұмыс орны ашылды.
Ірі кәсіпорындармен әлеуметтік әріптестік туралы меморандумдарға қол қою тәжірибесі жалғасуда.
Қала әкімі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС арасында жасалған меморандумдарды орындау шеңберінде қалада мешіт пен православие храмының құрылысы аяқталып, олардың ашылуы 2010 жылы өткізілді;
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум бойынша 44 тұрғын үйдің қасбетін жөндеу, 12 үйдің балконын шынылау, 3 үйдің металл шатырын жөндеу, Теміртау қаласының Мұз сарайын жөндеу жұмыстары жүргізілді, қаланы көгалдандыру бойынша көктемгі жұмыстарды жүргізуде 250 шырша отырғызылды, шойын құюдың 50 жылдығына және қаланың 65 жылдығына орай қала мерекелік безендірілді, трамвай жолдарының тіреулері ауыстырылды, Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне бір жолғы материалдық көмек (153 адамға 50 мың теңгеден) көрсетілді.
Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2011 жылдан 2015 жыл аралығында жүзеге асыру жоспарланып отырған 17 жобадан тұратын база құрылды.
Оның ішінде өңірлік Индустрияландыру картасына 1 инвестициялық жоба енгізілді:
- «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат өндіруді жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайта отырып дамыту және жаңарту. Жобаның құны: 294 млрд. теңге.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде Үйлестіру кеңесімен 5 жоба мақұлданды:
1. «Фолти» ЖШС - Полиэтилен үлдір және пакеттер өндірісін кеңейту. Жобаның құны: 217,6 млн. теңге.
2. «ДАТ TS» ЖШС - Автобус паркін жаңарту және жөндеу базасын кеңейту. Жобаның құны: 162,0 млн. теңге.
3. «Ast Etalon Crown» ЖШС - Ақ қаңылтырды литографиялау және лактау өндірісін кеңейту. Жобаның құны: 275,9 млн. теңге.
4. «ЗемДорстрой» ЖШС - жүкті тасымалдауға арналған жылжымалы составты жаңарту. Жобаның құны: 70,0 млн. теңге.
5. «NORD пром НС» ЖШС - Бетон теміржол шпалдарын өндіру үшін жаңа технологиялық желіні іске қосу. Жобаның құны: 1081,0 млн. теңге.
10 жоба әзірлену сатысында.
Бағдарлама қолданыста болған бүкіл кезең ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау, отандық өнер табыстарын жетілдіру, құқықтық қорғауды күшейту және инновациялық әлеуеттің ғылыми, білім берушілік және өндірістік құрамдас бөліктерін ашу, шағын кәсіпкерлікті дамытуды «Даму»қорының ресурстарын тарта отырып қолдау жөніндегі жұмыстар көзделді.
Мұндағы біздің қызметіміздің негізгі бағыттары төмендегілер болып табылады:
- қала кәсіпорындарын жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және жаңаларын ашу бағдарламаларын іске асыру ісінде қолдау;
- ірі кәсіпорындарда тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы Қазақстандық мазмұн үлесін ұлғайту.
Жыл басынан бері қаланың жүйе құрушы кәсіпорындарымен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 12,4 млрд. теңгені құрады, мұндағы қазақстандық мазмұн 87,9% немесе 10,9 млрд. теңге болды.
Ал мемлекеттік сатып алулардағы Қазақстандық мазмұн үлесі 90%-ды немесе жалпы көлемдегі 1,2 млрд. теңгені құрады.
Экономиканың ағымдағы жылы өсуінің негізгі факторы тұтынушылық сұраныстың қалпына келтірілуі болды, бұған бөлшек тауар айналымы көлемінің 28,9%-ға өсу көрсеткіші дәлел (облыста - 18%).
Инфляцияға қарсы саясатты іске асыру және негізгі тамақ өнімдері мен көрсетілетін қызметтер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында:
- рынок жағдайына азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар және қызметтердің негізгі түрлерінің тарифтары бойынша тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады;
- халықтың тұрмысы нашар, аз қамтылған топтары елеулі әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етіледі.
Қала кәсіпорындарының тұрақты жұмысының нәтижесінде 2010 жылы қалалық бюджеттің кіріс бөлігіне 10,6 млрд. теңге немесе жоспарға 102,5% түсім түсті.
Бюджеттің шығыс бөлігінің 2010 жылғы атқарылуы 10,6 млрд. теңгені немесе 100%-ды құрады.
Талданып отырған кезеңде жан басына шаққандағы орташа номиналдық ақшалай кіріс 24,9%-ға, орташа айлық жалақы 21,4%-ға артты (2010 жыл – 88072 теңге, 2009 жыл - 72553 теңге).
Демографиялық жағдай жақсарды. Қала халқының саны 2010 жылдың басымен салыстырғанда 888 адамға артып, 178,6 мың адамды құрады.
Жалпы 2010 жылғы бюджеттің шығыс бөлігі әлеуметтік бағытымен сипатталады.
Әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға 4,6 млрд теңге немесе бюджет шығыстарының жалпы көлемінің 73%-ы жұмсалды.
Әлеуметтік саладағы маңызды міндеттердің бірі – бұл халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Қаланың жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру мәселесі өңірлік жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде шешіледі.
Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстар нәтижесінде 4 мыңнан астам жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, 880 адам жаңа кәсіпке оқып, біліктіліктерін арттырды.
Қоғамдық жұмыстарға 940 жұмыссыз азамат қатысты.
2010 жылы дағдарысқа қарсы «Жол картасы» Үкімет бағдарламасын іске асыру жалғастырылды, бағдарлама бойынша Теміртау қаласына республикалық және облыстық бюджеттерден қаланың 41 нысанын жөндеуге 2 миллиард 359 миллион 310 мың теңге сомасындағы трансферттер бөлінді, бұл 2344, оның ішінде жұмыспен қамту орталығынан тартылғандар үшін 1648 уақытша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 190 адам орналастырылды.
Білім беру ұйымдарының 57 бітірушісі жастар практикасына жұмысқа тұрғызылды.
Жеке ісін ашу үшін 25 жұмыссызға 1,4 млн. теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді.
Әлеуметтік төлемдерді арттыру уақтылы қамтамасыз етіледі. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Елбасының Жолдауына сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің өзгеруіне байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 25%-ға және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері арттырылды, ал 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 30%-ға және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 9%-ға өсті.
Қалалық мәслихат депутаттарының белсенді қолдауымен мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге 74,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде: саны 2450 адам болатын 1,2,3 топ мүгедектері мен туберкулезбен ауыратындарға қалаішілік көлікте жүруі үшін 24,4 млн. теңге сомасына жол жүру билеттері берілді. Азаматтардың 8 тобына 997 адамға жол жүруі үшін 5,5 млн. теңге сомасына ақшалай өтемақы төленді, Ұлы Отан соғысының 150 қатысушысы мен мүгедектеріне пайдалану қызметтері мен газбен жабдықтау қызметтері ақысын төлеуге 1,6 млн. теңге сомасына материалдық көмек көрсетілді, Жеңіс күні қарсаңында ҰОС 5177 қатысушысы мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға 27 млн. теңге сомасына, Қарттар күніне 1,5 млн. теңге сомасына, Мүгедектер күніне 6,5 млн. теңге сомасына бір жолғы материалдық көмек төленді, негізгі тамақ өнімдері бағасының өсуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 3 млн теңге сомасына материалдық көмек көрсетілді.
Халықтың тұрмысы нашар топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында қалалық бюджет қаражаты есебінен қозғалуы қиындық туғызатын мүгедектерді арнайы автокөлікпен тасу ұйымдастырылды, қызметтердің бұл түріне 4,7 млн. теңге сомасына 547 мүгедек және зағип мүгедектерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға 300 мың теңге сомасына 24 адам қамтылды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 3,7 млн.теңгеге 74 отбасы, тұрғын үй көмегіне 3,9 млн. теңгеге 218 отбасы қамтылды, 18 жасқа дейінгі балалары бар 265 отбасына 4,/8 млн. теңге сомасына жәрдемақы төленді, 1,7 млн. теңге сомасына мүгедек балалары бар 75 отбасына материалдық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, республикалық бюджет қаражаты есебінен Жеңіс күніне орай 64,4 млн. теңге сомасына 4991 адамға бір жолғы материалдық көмек көрсетілді.
Мемлекеттік басымдықтар қатарында мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру қалып отыр. Өткен жыл ішінде жеке көмекшілер қызметімен 43,4 млн. теңгеге 288 өтініш жасаған мүгедек, ымдау тілі мамандарымен 2,4 млн. теңгеге 38 адам және арнаулы гигиеналық құралдармен 10,1 млн. теңгеге 242 өтініш жасаған мүгедек қамтамасыз етілді.
Әлеуметтік саясаттың негізгі міндеті мен оның тиімділігінің басты талабы – халық өмірінің сапасы мен стандарттарын арттыру болып табылады. Кедейлік деңгейінен төмен өмір сүретін отбасыларының саны 2010 жылғы 31 желтоқсандағы ахуал бойынша 2009 жылмен салыстырғанда 33,3%-ға төмендеп, 56 отбасын құрады (2010ж.01.01.- 84 отбасы).
Өткен жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтар саны 27%-ға қысқарды, кедейлік деңгейі 0,18%-дан 0,13%-ға төмендеді.
Халықтың мектепке дейінгі білім беруге деген қажеттілігін қанағаттандыруға лайықты көңіл бөлінуде, мектепке дейінгі білім берумен қамтылу мониторингі тұрақты жүргізіледі.
2010 жылдың басынан бастап құрылыс есебінен 320 орындық 1 балабақша пайдалануға берілді, «Жол картасын» іске асыру шеңберінде Жас өспірімдер үйінің ғимаратын босату есебінен 140 орындық 1 балабақша жөнделіп пайдалануға берілді, қаланың 4 мектебінде (№1, 3, 12 ОМ, әйелдер гимназиясы) 325 орындық мектепке дейінгі шағын орталықтар және 8 балабақшада 250 орынға арналған қосымша топтар ашылды. Сонымен қатар, «Престиж» жеке мектебінде 100 орындық және Т.Әубәкіров атындағы жеке гимназияда 50 орындық 2 шағын орталық ашылды.
Бүгінгі таңда қалада барлығы 5072 орынға арналған 20 балабақша мен 6 шағын орталық жұмыс істейді. Балабақшалар желісін қалпына келтіру мектепке дейінгі тәрбиемен қамтудың 2009 жылмен салыстырғанда 56,7%-дан 73,1%-ға дейін артуына, сондай-ақ қосымша 229 жұмыс орнының ашылуына ықпал етті.
2011-2012 жылдарда мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік тетігі бойынша 8, 9 ықшамаудандарда, Отрадное ауылында және ескі қалада 4 балабақша салу жоспарланып отыр, ал қалалық бюджет есебінен осы балабақшаларға инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізу жоспарлануда.
Қаладағы білім беруге арналған барлық шығыстар 3 млрд.279 млн. теңгені құрады, 2009 жымен салыстырғанда 539 млн. теңгеге ұлғайды.
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жалғасын тапты. Респуликалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 16,6 млн. теңге сомасына 3 мультимедиялық кабинет (№4, 7, 12 ОМ), 12,3 млн. теңге сомасына 3 биология кабинеті (№3, 11, 22 ОМ) сатып алынды.
Қалалық бюджет қаражаты есебінен 2010 жылы 8,1 млн. теңге сомасына 4 балабақшаға (№1, 8, 15, 17 б/б) ағымды жөндеу жүргізілді.
«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2010 жылы Политехникалық колледж және № 31 ОМ шатыры жөнделді.
2010 жылы 1-4 сынып оқушыларын және тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан 8033 оқушыны жалпы сомасы 199,9 млн. теңгеге тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жалғастырылды.
Демалыс кезінде 2550 оқушыға мектеп жанындағы және қала сыртындағы жазғы лагерлерде 4,9 млн. теңге сомасына демалыс ұйымдастырылды және 1,8 млн. теңге сомасына сауықтыру лагерлеріне 70 жолдама сатып алынды.
Қазіргі уақытта барлық 30 мектеп жалпақ жолақты Интернетке қосылған, 1 компьютерге 9,3 оқушыдан келіп отыр.
Халық денсаулығы - ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қазіргі заманғы қағидаттары мен стандарттарына көшу мәселесі Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында көрініс тапқан.
Ағымдағы жыл басынан бастап стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесі жағдайында іске кірісті.
Осы маңызды бағыттарды іске асыру биліктің жергілікті органдары мен денсаулық сақтау жүйесі алдына халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын және қолжетімділікті арттыру жөніндегі жеңіл емес міндеттерді қойып отыр.
Бүгінгі таңда медициналық ұйымдардың жабдықтармен жарақталу деңгейі ең төмен нормативтің 62%-ын құрап отыр.
Ағымдағы жылы қалада мемлекеттік- жекеменшіктік әріптестік әдісін қолдануға байланысты гемодиализ орталығы ашылды.
«Жол картасы» шеңберінде Орталық аурухананы жөндеу аяқталды (2009 жылы – 205,9 млн. теңге, 2010 жылы - 199,2 млн. теңге). 2010 жылы тері венереологиялық диспансері (36,5 млн. теңге) мен «Денсаулық» балалар туберкулезге қарсы диспансеріне (65,4 млн. теңге) күрделі жөндеу жүргізілді.
Туберкулезге қарсы күрес бойынша жүргізілген сақтандыру және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені қала халқының туберкулезбен ауыру көрсеткішінің 8,6%-ға төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Мәдениет саласының жұмысы халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға қол жеткізуге бағытталған және онда дамудың оң үрдісі байқалады.
2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 29 млн. теңге сомасына қалалық мәдени және демалыс саябағының аумағын абаттандыру жұмысы жүргізілді және төмендегі жұмыстар аяқталды:
- Қалалық тарихи-өлкетану мұражайын жөндеу (2009ж.-9,1 млн. теңге, 2010ж. - 17,4 млн. теңге);
- Жас көрермендер театрын жөндеу (2009 жыл - 258,8 млн. теңге, 2010 жыл - аумағын абаттандыруға - 12 млн. теңге);
- Қалалық Мәдениет сарайын жөндеу (2009 ж. - 73 млн. теңге, 2010 жыл - 519,6 млн. теңге).
Сонымен қатар, қалалық бюджет қаражаты есебінен 2010 жылы қалалық Мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бөлінді (көрермендер залындағы орындықтарды ауыстыру және сахнаны безендіруге - 47,2 млн. теңге).
Мемлекеттік тіл саясатын дамыту саласындағы жұмыс жалғасуда.
Қалада мемлекеттік тілге оқыту курстары ұйымдастырылған.
Мемлекеттік дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасын іске асыру басым міндеттердің бірі болып табылады.
Есепті кезеңде «Жастар» жүзу бассейні күрделі жөнделді (499,9 млн. теңге), Спорт Мұз сарайын жөндеудің 1-кезеңі жүргізілді (300 млн. теңге, оның 200 млн. теңгесі «АМТ» АҚ -мен жасалған Меморандум бойынша және 100 млн. теңге облыстық бюджет қаражаты есебінен) және Ақтау кентінің Спорт үйі пайдалануға берілді, қаланың 4 мектебіне көпфункциялы корттар орнатылды (№3, 9, 20 және қалалық гимназиялар).
Спорт Мұз сарайында жоғары лига командалары арасында шайбалы хоккейден Чемпионат, ал халықты спортпен шұғылдануға тарту үшін жаппай коньки тебу өткізіледі.
Қала халқын бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту негізгі міндет болып табылады. Қаладағы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 2010 жылы 22063 адамды құрады.
2010 жыл ішінде қалалық деңгейде 69 бұқаралық спорт шаралары өткізілді, оларға 11435 адам қатысты. Қаланың құрама командалары облыстық деңгейдегі 21 жарысқа және республикалық ауқымдағы 5 турнирге қатысты.
Біздің спортшыларымыз облыстық, республикалық, халықаралық маңызы бар жарыстарда жүлделі орындарды жеңіп алуда.
Қалада 20 спорт имараты, оның ішінде 6 мемлекеттік нысан және 14 жеке нысан жұмыс істейді.
Мүмкіндіктерді шектеулі адамдарға оларды дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға тарту бойынша үлкен көңіл бөлінеді, жұмыс жалпы саны 78 адамды құрайтын 6 топта жүргізіледі, олардың 7-еуі пауэрлифтинг бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионатына қатысты.
Келесі жылы халықты бұқаралық дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға одан әрі тарту жөніндегі жұмыс жалғасады.
2010 жылы қаланы абаттандыру және безендіруге үлкен көңіл бөлінді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын ұстау және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 1 млрд. 21 млн. теңге (2009 жыл - 566,1 млн. теңге), оның ішінде Жол картасы бойынша 612,3 млн. теңге жұмсалды.
Қалалық бюджеттің 408,7 млн. теңге сомасындағы қаражаты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын ағымды ұстауға жұмсалды, ал Жол картасы шеңберінде облыстық және республикалық бюджет қаражаттары есебінен келесі жөндеу жұмыстары жүргізілді:
- жалпы сомасы 322,6 млн. теңгеге - қалалық маңызы бар 5 автожолды жөндеу (Металлургтер даңғылы, Панфилов көшесі, Чайковский көшесі, Республика даңғылы мен Мичурин көшелерінің бір бөлігі);
- жалпы сомасы 119,8 млн. теңгеге - Металлургтер (165 баған), Республика даңғылы бойындағы (300 баған), Панфилов көшесіндегі (18 баған) жарықтандыру бағандарын ауыстыру;
- 44,2 млн. теңгеге - Металлургтер Монументінің қаптамасын жөндеу және аумағын абаттандыру;
- 50,9 млн. теңгеге- қаланың 3 көшесін (Металлургтер, Республика даңғылдары, Қаршоссе көшесі) көгалдандыру және жасыл көшеттерді күтіп-баптау;
- 15,1 млн. теңгге - қалалық Мәдениет сарайы маңын көгалдандыру;
- 50,6 млн. теңгеге - Металлургтер даңғылы бойындағы гүлзарды көркейту;
- 9,1 млн. теңгеге - қаланың ескі бөлігінің (Республика даңғылы №183 тұрғын үйден Панфилов көшесіндегі № 14 тұрғын үйге дейін суды үйге кіргізе отрып жөндеу) сумен жабдықтау желілерін жөндеу.
Бұған қоса, Жол картасы шеңберінде жалпы сомасы 77,7 млн. теңгеге ауданаралық маңызы бар 2 жол (Теміртау айналма жолы Ақтау өтпежолынан №3 маршрутының автобус аялдамасына дейін (19,5 млн. теңгеге) және Теміртау – Токаревка автожолы (58,2 млн. теңгеге) жөнделді.
Алғашқы рет, Жеңістің 65 жылдығы және Қала күніне байланысты мерейлі күндерге байланысты, қалалық бюджет есебінен қаланы мерекелік безендіруге 61,2 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.
Абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру бойынша күзгі және көктемгі шараларды жүргізу кезінде бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттар есебінен қала бойынша 10,5 мың жасыл көшеттер отырғызылды.
Көркейту және көгалдандыру жөніндегі жұмыстарға барлық коммуналдық кәсіпорындар, шағын және орта бизнес және пәтерлер меншік иелері кооперативтерінің ресурстары тартылды. Бұл жұмысқа барша жұрт қатысты!
Және бұл жұмысты біз бұдан кейін де жалғастырамыз. Құрылыс ұйымдарымен қала мерейтойына сыйлық ретінде Белгісіз солдат ескерткіші жанындағы және әкімдік алдындағы субұрқақтар жөнделді; Қалалық Мәдениет сарайы мен Металлургтер монументі жанына 2 жаңа субұрқақ орнатылды; Металлургтер даңғылы мен Тәуелсіздік гүлзары көшелеріне қазіргі заманғы балалар алаңдары орнатылды; қала көшелеріне сәндік фигуралар орнатылды.
2011 жылы жалғасын табатын Энергетиктер Мәдениет сарайын қалпына келтіру жұмысы басталды.
Абаттандыру нысандарының сақталуын қамтамасыз ету үшін 2010 жылы қалалық бюджеттен бейне бақылау құралын орнатуға 2,5 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.
Қаланы дамыту және көркейтудің 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді, онда әлеуметтік мақсаттағы нысандарды, жолдарды, қасбеттерді жөндеу және абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру, фонтандарды орнату және бос тұрған тұрғын үйлер мен подъездерді қалпына келтіру және реконструкциялау көзделді.
2010 жылы тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысында 19,6 мың ш.м тұрғын үй енгізілді.
2010 жылы 141 млн. теңге сомасына Теміртау қаласының 9 ықшамауданындағы 40 пәтер сатып алынды.
2011 жылға республикалық және облыстық бюджеттерден 168 млн. теңге сомасында трансферттер, оның ішінде 80 млн. теңге 4 квартал, Колхозная көшесіндегі № 14 бес қабатты тұрғын үйді реконструкциялауға және 88 млн. теңге пәтерлерді сатып алуға бөлінді. Қалалық бюджет есебінен Колхозная көшесіндегі №14 тұрғын үйді инженерлік желілерді салуды ескере отырып, реконструкциялауға 115 млн. теңге сомасында ортақ қаржыландыру көзделді. Сондай-ақ Комсомол даңғылы 20/1 және Республика даңғылы 103 мекенжайлары бойынша 2 бос подъезді жалпы сомасы 119,3 млн. теңгеге қалпына келтіру қаралды.
2010 жылы республикалық бюджет есебінен 116,6 млн. теңгеге 9 ықшамаудандағы қайта салынып жатқан тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу жұмысы жүргізілді, 2011 жылға 31 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.
Сондай-ақ халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы әлеуметтік қаланың және АБВ кварталының сумен жабдықтау желілерін салуға 167,2 млн. теңге сомасында қаражат қаралды, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 135 млн. теңге және қалалық бюджет қаражаты есебінен 31,4 млн. теңге.
Кадр саясаты туралы да айтпай кетуге болмайды, әрине.
2010 жылы республикада орталық, сондай-ақ жергілікті артқарушы органдардың штат саны оңтайландырылды. Қаламызда мемлекеттік қызметшілердің 21 штат бірлігі қысқартылды.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған шаралар жүйесінде кадрларды оқыту, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелері маңызды орын алады.
Маңызды міндеттердің бірі – қалада сенімді құқық қорғауды және қылмысқа қарсы күресті күшейтуді қамтамасыз ету болып табылады.
Осы бағытта қабылданған шаралар өңірде жылдар бойы тұрақты шұғыл әрекет ету жағдайын сақтауға мүмкіндік беріп отыр.
Сақтандыру жұмыстарын жүргізу мәселесіне көп көңіл бөлінеді, мұндағы негізгі күш-жігер атаулы-алдын алу жұмыстарына, учаскелік полиция инспекторлары жұмысының жаңа нысандары мен әдістерін қолдануға жұмсалуда.
Маскүнемдік негіздегі жас өспірімдер қылмысынан, рецидивтік қылмыстан сақтандыру жөнінде қосымша іс-шаралар қатары қабылданды.
Өткен кезеңде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылды.
Қабылданған ұйымдастырушылық-тәжірибелік іс-шаралардың және жол полициясы жұмысының жаңа нысандары мен әдістерін қолдану нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының санын 21,1% төмендетуге қол жетті.
Бүгінгі күні қалада 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, Ақтау кентінде Халыққа қызмет көрсету орталығының 1 өкілдігі ашылды.
Ішкі саясат саласында Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын, Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасын түсіндіруге, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты дамытуға негізгі көңіл бөлініп отыр.
Мемлекеттік емес сектормен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылуда, оның шеңберінде жалпы сомасы 7,2 млн. теңгеге 23 шара жүзеге асырылды. Қалада конфессияаралық келісім, төзімділікті нығайту, діни экстремизм және терроризмнен сақтандыру жөніндегі мақсатты жұмысқа көңіл бөлінуде.
Жұмыстың мен айтып өткен бағыттарын біз келесі жылы да жалғастыратын боламыз.
Өздеріңіз білесіздер, алдымыздағы 2011 жыл – егемен мемлекетіміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы.
Өткен 19 жыл ішінде Қазақстан өзін өзіндік қабілеті бар, қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде таныта білді, дамудың шарықтау сәті таяуда Астана қаласында өткен ЕҚҰЫ Саммиті болды.
Мен Теміртау қаласында осы жылы атқарылатын жұмыстар нәтижесінің республикамыздың мерейтойына лайықты сый боларына сенімдімін.
Достарыңызбен бөлісу: |