2. Жарнамаларды орналастыру мүмкіндігі бар
аккаунттрады іздеу. Мақсатты аудитория
болуы ықтимал парақшалардан жарнамалық
орын иелену.
3. SMM маманы жетекші, әрі танымал
блоггерлермен байланысқа шығып, оларға өз
сервистерін ұсыну мүмкіндігі де бар. Егер
блоггер олардың ұсынған қызмет түрін
жарнамалап, өз жазылушыларына да
ұсынатын болса, жарнама жүзеге асты
десе де
болады.
4. Әріптестік. Бәсекелестермен қатынас
орнату арқылы пост алмасу
орын алған
жағдайда екі жақтың
жаңа адамдарды тартуға
мүмкіндіктері болады.
5. Кеңейту арқылы тарту. Жазылушылар
қуана-қуана өз парақшаларында бөлісетін кең
ауқымды контент жасау (конкурстар,
ойнатылымдар). Мұндай қадам парақшаға
енушілер
мен қаралымдардың санын
арттыруда көмегін тигізеді.
Төртінші міндеттемелер тобы:
Аудиториямен жұмыс
1. Жазылушылармен тілдесу. Тауарлардың қасиеті, жеткізілуі, қаптамасы,
қосымша қызметтер жөнінде кеңес берілуі тиіс. Пікірге жауап беру,
талқылауларға қатысу аудиториямен жүргізілетін жұмыстың негізі
болып
табылады. Керек болған жағдайда маман сатылым
жөніндегі менеджерді
шақыруына болады.