Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)



бет1/3
Дата28.09.2023
өлшемі439.15 Kb.
#479013
  1   2   3
Презентация 3 тақырып Әлеуметтану


«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
№3 ДӘРІС Әлеуметтанулық зерттеулер
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтік зерттеу: ерекшеліктері, түрлері, ұйымдастырылуы.
2. Ақпарат жинаудың басты әдістері.
Социологиялық зерттеу дегеніміз зерттеліп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы. Нақтылы социологиялық зерттеулердің мақсаты:
- қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сипатын білуге жағдай жасайды;
- әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
- экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі;
- қоғамдық прогресс жолдарын анықтауға жағдай жасайды. Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағы методологиялық тұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтік құбылыстарды немесе процестерді зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады.
Социологиялық зерттеулер біздің қоғамды тану мүмкіндіктерімізді арттыра түсетін, объективті мағлұмат алудың маңызды құралы.
Қолданбалы социологиялық зерттеулер негізінен төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:

1. Дайындық кезеңі . бұл кезеңде әртүрлі жұмыстар, ғылыми және практикалық амалдар атқарылады. Онда тақырып анықталып, теориялық тұжырымдама, бағдарлама жасалады, іріктеу өлшемдері анықталады. Мағлұмат жинауға арналған әдістемелік құжаттар жасалып, зерттеу ауқымы мен құралдары анықталады, зерттеу топтары қалыптасады
2. Жорық кезеңі – (немесе алғашқы әлеуметтік мағлұматтарды жинау кезеңі) мағлұматтарды «алаңнан» (жеке адамдардан, аудиториялардан, сыныптардан, үйден, мекемеден т.б.) жинаумен байланысты. Мағлұматтар зерттеу бағдарламасына сәйкес әртүрлі сұрау жүргізу (анкеталық, сұхбаттық, эксперттік, т.б.) бақылау, құжаттарға талдау жасау, эксперимент сияқты тәсілдер көмегімен жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет