«Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың орын алғанын, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттілігін негіздейтін материалдарды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелерін ұсыну қағидаларын және тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 890 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану қағидаларының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 890 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 96329 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың орын алғанын, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттілігін негіздейтін материалдарды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелері мен есептерін ұсыну қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың болуын негіздейтін материалдарды ұсыну тәртібі»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өңірлік немесе жаһандық ауқымда әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) және өңірлік немесе жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілгенде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауына тиісті негіздемелері мен есептеулері бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен ақша бөлу туралы өтінішхатты ұсынады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізілген жағдайда ІІМ және/немесе ТЖМ аумақтық органдары бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қарауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органының резервінен ақша бөлу туралы өтінішхаттарды ұсынады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі».
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті (Қ. Н. Оразалин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
генерал-майор Ю. Ильин
Достарыңызбен бөлісу: |