Еліктеуіш сөзбен жасалған етістікті тіркесті белгілеңіз. A сырт-сырт соғады



Дата09.06.2016
өлшемі149.31 Kb.
#124383
001

Еліктеуіш сөзбен жасалған етістікті тіркесті белгілеңіз.

A)Сырт-сырт соғады.

B)Жалт қарады.

C)Жалт-жұлт етті.

D)Жарқ-жұрқ етті.

E)Жылт-жылт көрінді.

002


Есімше мен зат есімді тіркесті белгілеңіз.

A)Бір адам.

B)Көргенін айтты.

C)Жақсының ісі.

D)Ақырын жүру.

E)Білгеннің сөзі.

003

Есімдік пен зат есімді тіркесті белгілеңіз.



A)Жақсы кісі.

B)Сол сәт.

C)Жаңарған дала.

D)Осыдан кейін.

E)Үйдің жаны.

004


Үстеу мен етістікті тіркесті белгілеңіз.

A)Екі келіп, екі кетті.

B)Тез жүгірді.

C)Жүре сөйледі.

D)Темірден жасалды.

E)Жылт-жылт көрінді.

005

Көсемшелі етістікті тіркесті белгілеңіз.



A)Ойша іздеді.

B)Қабылданған шешім.

C)Өзгерген өңір.

D)Сөйлей кірді.

E)Жақсы сөйледі.

006


Бағыныңқы сыңары барыс жалғаулы сөз бен шылаудан болған тіркесті белгілеңіз.

A)Батысқа барып қайтты.

B)Шығысқа қарай ауысты.

C)Оңтүстікке жүріп кетті.

D)Хатыңды оқыды.

E)Екі рет айтты.

007

Есімше тұлғасындағы сөзбен тіркескен етістікті белгілеңіз.



A)Айтқалы жүр.

B)Оқыған адам.

C)Жүрер жол.

D)Кіріп келді.

E)Айтқаны келер.

008


Есімді сөз тіркесін белгілеңіз.

A)Су жүрек.

B)Ұжымды басқар.

C)Көгілдір көктем.

D)Құлақ асты.

E)Тұра тұр.

009

Көсемше тұлғалы күрделі сөзді белгілеңіз.



A)Келу – мұрат.

B)Келер жол.

C)Келгісі келді.

D)Келген екен.

E)Келе сал.

010


Қабысуды ажыратыңыз.

A)Адамның қабілеті.

B)Қабілет өлшемі.

C)Қабілет туралы ойлану.

D)Қабілетін дамыту.

E)Бәсекелестік қабілет.

011

Қабысуды ажыратыңыз.



A)Томағалау керек.

B)Томағалы бүркіт.

C)Томағасын сыпыру.

D)Томағаның бауы.

E)Томаға жасау.

012


Қабыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.

A)Білу керек.

B)Танымға негізделген.

C)Сөз байлығы.

D)Рухани құндылық.

E)Мұғалім айтты.

013

Зат есім мен көмекші етістік тіркесінен жасалған бастауышты белгілеңіз.



A)Көп оқу – білім алудың негізгі шарты.

B)Менің білмейтінім – жер астында.

C)Біреуі –көк тағысы, біреуі –жер тағысы.

D)Еңбек ету –ардақты іс.

E)Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза.

014


Қосарлы айқындауышты белгілеңіз.

A)–Ұлпанжан, садағаң кетейін, айыбы құрсын, әкеңе байлағаным болсын.

B)«Боз інген», «Боз мұнай»,деген күйлері бар.

C)–Пай-пай-ой! Алтын мүйізді ақ маралдың өзі екен!

D)Сұлтанды күзетуге қойған казак-орыстарымды алып қайтам.

E)Аңшы Мүсіреп аздап сыбызғы да тартады.

015

Қосарлы айқындауышты белгілеңіз.



A)Екі түлкіні қосақтай көтеріп, аңшы Мүсіреп келді.

B)Түйенің үстінде ескі-құсқыға оранып отырған мосқал әйел қыздың шешесі болу керек.

C) –Артеке, садақ-найзаларыңызды әзірлей беріңіз.

D)Маралды мақтаған сөздердің Ұлпанға арналып жатқанын Мүсіреп қолдады.

E)– Қайда әлгі ақ Ұлпаным, ақ патсам!

016


Оңашаланған айқындауышты белгілеңіз.

A)Күнбатыс жақ шетінен Орынбор – Ташкент темір жолы өтеді.

B)Бұл топыр әдетте күзге салым ғана болатын.

C)Жер бетінде көк буалдыр, жалтыр аспанда жарық ай тапжылмай тұрған сияқты.

D)Әжесінің, Зеренің, артын күтетін кезде мұншама көп халықтың болғанын Абай өзі ұнатпаған.

E)Шығанақ бұған сенбесе де, аңқау Зәруді, бала-шағаларын сендіріп қойған.

017

Мекен пысықтауышы бар сөйлемді табыңыз.



A)Жауынгерлер орындарынан көтеріліп, ілгері жүгірді.

B)Ержан Уәлидің сөзіне құлақ асса да, ойы Раушанда отырған.

C)Бүгін Ержанның адал асына ит тигендей болды.

D)– Мұның қалай? – деді Уәли, жылан шағып алғандай.

E)Дедектей басып аға адъютант келе жатыр.

018


Сын-қимыл үстеуінен жасалған амал пысықтауышты белгілеңіз.

A)Әдебиетке шын берілген жан қарапайым әрі адал болатын.

B)Ол қоғамнан әділ мойындауды ғана күтеді.

C)Шетелдіктерге «Ер Тарғын» эпостық жыры бірден ұнады.

D)Өмірде болған оқиғалар таза көркемдік айналымға түсірілген.

E)Қазақ мәдениеті Батысты таңқалдыра алады.

019

Зат есімнен болған мекен пысықтауышты анықтаңыз.



A)Күздігүні бір тайпа ел екі бөлініп көшті.

B)Разъезде ескі үйдің тұсынан екі танкті жарған снаряд үні шықты.

C)Болыс қарамағынан қоныс алған жұрт қатігез аға сұлтаннан зар жылады.

D)Сол күні Ақбілек көп қасқырмен соғысты.

E)Қазынам толы болса, халқыма бөліп бермеймін бе?

020


Қимыл-сын үстеуінен жасалған амал пысықтауышты белгілеңіз.

A)Ол қоғамнан әділеттілікті күтеді.

B)Өмірде болған оқиғалар таза көркемдік айналымға түсірілген.

C)Қазақ мәдениеті Батысты таңқалдыра алады.

D)Маған «Қыз Жібек» лиро-эпостық жыры бірден ұнады.

E)Әдебиетке шын берілген жан қарапайым әрі адал болатын.

021

Пысықтауыштың түрін анықтаңыз.



Анда-санда тарс-тұрс еткен дауыс шығады.

A)Амал.


B)Мезгіл.

C)Себеп.


D)Мөлшер.

E)Мекен.


022

Пысықтауыштың түрін белгілеңіз.



Қасым төре бастаған ауыл адамдары бірталай еңбектенді.

A)Мөлшер.

B)Себеп.

C)Амал.


D)Мекен.

E)Мезгіл.

023

Пысықтауыштың түрін белгілеңіз. Ат құлағында ойнағанелу жігіт түбектегі аға сұлтанның жылқысына емін-еркін тиді.



A)Амал.

B)Себеп.


C)Мөлшер.

D)Мекен.


E)Мезгіл.

024


Баяндауыштың жасалу жолын анықтаңыз.

Олардың жанары қуанғанынан жылтың-жылтың етеді.

A)Жеке қолданылмайтын өлі түбірге айналған сөз.

B)Негізгі түбір еліктеу сөзден жасалған еліктеу сөз.

C)Үстеуден жасалған туынды сөз бен етістік.

D)Зат есімнен жасалған туынды еліктеу сөз.

E)Туынды еліктеу сөз бен көмекші етістік.

025

Сөйлемге тән тыныс белгісінің дұрысын белгілеңіз.



A)Астана халықаралық ынтымақтастықтың – еңселі ордасы.

B)Қазақстан бүгінде әлем мойындаған – қуатты мемлекет.

C)Қазақтың бір байлығы – Алматы.

D)Түркістан, Қызылорда, Шымкент, Әулиеата қазақтың – мәдени ортасы ұйысқан жер.

E)Ұлт – байлығы денсаулық.

026


Сөйлемге тән тыныс белгісінің дұрысын белгілеңіз.

A)«Манкент» шипажайы – Қазақстандағы алғашқы емдеу-сауықтыру орындарының бірі.

B)«Беташар» – әңгімесінің идеясы адам тағдыры.

C)Бүгінгі – өміріміз кешегінің жалғасы.

D)Белгілі ақын Ж. Молдағалиев шоқтығы – биік тұлға.

E)Майлықожа қазақ қоғамының – күнгей, көлеңке беттерін сөзбен кестелеген ақын.

027

Сөйлемге тән тыныс белгісін қойыңыз.



Арманда кеттіңдер-ау қос арысым

A)Көп нүкте, сұрақ белгісі.

B)Нүкте, үтір.

C)Үтір және леп белгісі.

D)Сұрақ және леп белгісі.

E)Үтір, сұрақ белгісі.

028

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуін табыңыз.



Жүреккетас тығылғандай тыныс тарылта ма

A)Жай сөйлем.

B)Лепті сөйлем.

C)Сұраулы сөйлем.

D)Хабарлы сөйлем.

E)Бұйрықты сөйлем.

029

Лепті сөйлемді белгілеңіз.



A)Көңілді дауыстар шықты

B)Қарағым, бүгін күн жұма ма

C)Ақыл – жастан, асыл – тастан

D)Ар-ұжданды бол, қалқам-ау

E)Сол кісіні шақыр

030


Лепті сөйлемге берілген анықтаманы көрсетіңіз.

A)Айтқанда дауыс ырғағы сөйлем соңында сұраулық қалыпта болатын сөйлем.

B)Бір нәрсе жайында білу мақсатында айтылатын сөйлем.

C)Бір нәрсе жайында баяндау мақсатында айтылатын сөйлем.

D)Бір нәрсе жайында суреттеу мақсатымен айтылатын сөйлем.

E)Айтушының түрлі көңілкүйін білдіру мақсатымен айтылатын сөйлем.

031

Леп белгісі не себепті қойылғанын анықтаңыз.



Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау!

A)Одағай қатысқан лепті сөйлем.

B)Одағай қатысқан бұйрықты сөйлем.

C)Демеулік шылау қатысқан лепті сөйлем.

D)Қаратпа сөз қатысқан бұйрықты сөйлем.

E)Өтініш, тілек мағынасындағы бұйрықты сөйлем.

032

Леп белгісі не себепті қойылғанын анықтаңыз.



Ұшарға қанатымның болмағаны-ай!

A)Қаратпа сөз қатысқан лепті сөйлем.

B)Демеулік шылау қатысқан лепті сөйлем.

C)Одағай қатысқан лепті сөйлем.

D)Одағай қатысқан бұйрықты сөйлем.

E)Өтініш, тілек мағынасындағы бұйрықты сөйлем.

033

Сұраулы сөйлемге берілген анықтаманы көрсетіңіз.



A)Бір нәрсе жайында тілек айтуды білдіретін сөйлем.

B)Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем.

C)Бір нәрсе жайында баяндау мақсатында айтылатын сөйлем.

D)Бір нәрсе жайында өтініш айту мақсатында айтылатын сөйлем.

E)Бір нәрсе жайында суреттеу мақсатымен айтылатын сөйлем.

034


Сұрау есімдігінен болған сөйлемді анықтаңыз.

A)Кітапты берген сіз ғой?

B)Болат пышақтың кеспесі бола ма?

C)Барлық роталармен байланысың бар болар?

D)Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

E)Шешендік өнер ме, әлде туа біткен қасиет пе?

035

Сұрау есімдігінен болған сөйлемді анықтаңыз.



A)Барлық роталармен байланысың бар болар?

B)Сөз сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады?

C)Шешендік өнер ме, әлде туа біткен қасиет пе?

D)Кітапты берген сіз ғой?

E)Болат пышақтың кеспесі бола ма?

036


Қалай, қайсы есімдіктерінің қатысуымен жасалатын сөйлемді анықтаңыз.

A)Сұраулы сөйлем.

B)Лепті сөйлем.

C)Бұйрықты сөйлем.

D)Хабарлы сөйлем.

E)Жай сөйлем.

037

Ыңғайлас салалас құрмаласты анықтаңыз.



A)Сөйлесуден тартынбайды, – неге екені белгісіз, қаймығады.

B)Балалар үйде жоқ: олар орман ішіне серуенге кеткен еді.

C)Әлі жауап қатпаған Абайды Асылбектің сөйлеткісі келді.

D)Аспан ашық болса, күн шуақты болады.

E)Үндемей тұрған адамның өнері де білінбейді, кемшілігі де көрінбейді.

038


Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A)Екі сұңқар таласса, бір қарғаға жем түсер.

B)Қазақ халқы дербес ту көтеріп, жақсысы мен жайсаңын түгендеді.

C)Артында аталы, ұлағатты сөзі қалған.

D)Шаруа жазда жазылар, қыста қысылар.

E)Ел-елдің заңы басқа, өзгеше екенін ескеріп қимылдайық.

039

Салалас құрмалас сөйлемболмайтын қатарды табыңыз.



A)Біздің халық суат басын былғамай, бастауларын аршып, құдықтарын тазалап, үйлерінің маңын таза ұстайтын.

B)Музыканы халық тудырады, суреткерлер оны тек музыкалық аспаптармен орындауға бейімдейді.

C)Ән – халық үні, жыр – оның шындығы, оның ойы мен сезімі.

D)Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі.

E)Халқымыз әнді өмір айнасы деп бекер айтпайды, ән – халықтың рухани байлығы.

040


Салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі екенін табыңыз.

Ермек сәлем беріп еді, – ол қырын қарап кетті.

A)Талғаулы салалас.

B)Кезектес салалас.

C)Себеп-салдар салалас.

D)Қарсылықты салалас.

E)Түсіндірмелі салалас.

041

Салаластың түрін анықтаңыз.



Өтірік сөз жарақат сияқты: бәрібір орны қалады.

A)Қарсылықты салалас.

B)Ыңғайлас салалас.

C)Кезектес салалас.

D)Түсіндірмелі салалас.

E)Тaлғаулы салалас.

042

Салаластың түрін анықта.



Біресе басымен үйді нұсқайды, біресе сақалымен шанада жатқан әйелді нұсқайды.

A)Кезектес салалас.

B)Түсіндірмелі салалас.

C)Қарсылықты салалас.

D)Ыңғайлас салалас.

E)Талғаулы салалас.

043

Кезектес салалас сөйлемді табыңыз.



A)Онымен әр кеңескен сайын әр түрлі жаңалықтар естимін.

B)Түнгі кезекте болғандықтан, шаршап та отырмын.

C)Жұмахан не ауылға барарын білмеді, не қаладағы жұмыстарын бітірерін білмеді.

D)Оның жүрегіне кейде жыр шумақтары құйылады, кейде өлең сазы төгілгендей болады.

E)Экологияны сақтайық, соған ат салысайық.

044


Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз.

A)Жүзінде қайғы жоқ,бірақ қорқыныш бар.

B)Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.

C)Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара.

D)Сиырдың тұқымы да жақсы,бабы да жақсы.

E)Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

045

Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз.



A)Осы қан базар қырғын мерекеде Наурызбай мен Байтабынға күресуге, айқасуға тура келген.

B)Қайғы, ашу жүрегіне шаншудай қадалып тұр еді, дегенмен ашуын ақылға билетті.

C)Кезінде қобалжығандай болмашы бір сәуле пайда болды да, кенет жоғалып кетті.

D)Сұлтан сөзінен туған інісін қанша жақсы көрсе де, ел бірлігін одан да жоғары бағалайтыны аңғарылды.

E)Ел бірлігін сақтауды інісі Наурызбайдан артық ұғынған, түсінген Байтабыннан Кенесары іштей кенет сескене қалды.

046


Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз.

A)Сұлтан сөзінен туған інісін қанша жақсы көрсе де, ел бірлігін одан да жоғары бағалайтыны аңғарылды.

B)Кезінде қобалжығандай болмашы бір сәуле пайда болды да, кенет жоғалып кетті.

C)Жауға шапқанда жүзінде ерекше қаһар пайда болады, бірақ жайшылықта Наурызбайдан ақжарқын жан жоқ.

D)Ел бірлігін сақтауды інісі Наурызбайдан артық ұғынған, түсінген Байтабыннан Кенесары іштей кенет сескене қалды.

E)Осы қан базар қырғын мерекеде Наурызбай мен Байтабынға күресуге, айқасуға тура келген.

047

Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз.



A)Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

B)Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара.

C)Сиырдың тұқымы да жақсы,бабы да жақсы.

D)Бас болмақ оңай, – бастамақ қиын.

E)Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.

048


Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A)Қиянатқа көнбе, әділдікке атса да көн.

B)Бұдан әрі екеуі де жақ ашып үндескен, сөйлескен жоқ.

C)Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.

D)Жақсы, үлгілі комбайыншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар?

E)Әйгерім уәде бергенімен, ол күні жиналысқа бара алмады.

049

Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.



A)Бізді, бүкіл ауылды, аман алып қалған – осы ата қоныс.

B)Сөз саптауы, ой тазалығы мен шынайылығы өз алдына.

C)Жә, мырза, мына келе жатқан біздің көшіміз еді.

D)Уа, бәрекелді, балаларым, жарайсыңдар!

E)Жиені, шынында да, бұл ойлағандай ессіз жігіт емес сияқты.

050


Меніңше, сірә, сөйтіп сөздері қай қатарға жататынын табыңыз.

A)Қаратпа сөз.

B)Одағай.

C)Қыстырма сөз.

D)Еліктеу сөз.

E)Шылау.

051

Сонымен, біріншіден, қысқасы сөздері қай қатарға жататынын табыңыз.

A)Қаратпа сөз.

B)Қыстырма сөз.

C)Шылау.

D)Одағай.

E)Еліктеу сөз.

052

Қыстырма сөз қатыспаған қатарды табыңыз.



A)Әлбетте, әр кезеңнің өзіне тән сол дәуірде өмір сүріп жатқандарға жүктер салмағы болмақ.

B)Қазақ ұлтының өзін, ең алдымен, өзіне танытуға, сөйтіп, оның еңсесін көтеруге жан аямай қайрат еткен қайсар жан еді.

C)Том-том кітап шығу, сірә, міндет пе?

Ақындарша жыр жаза алсам, несі бар?!

D)Уа, осынау аппақ жарық дүние,

Сенің пәктік, ақтығыңа күн ие.

E)Түпкі мақсатымыз – халықтың, әсіресе, жастардың санасына қазақы сәуле түсіру.

053


Тыныс белгісі қате қойылған оқшау сөзді белгілеңіз.

A)Көке, бұл кісілерді мен апарып келейін.

B)Менің ойлаған ойымның үстінен түстің, Ботагөз.

C)Барсың ба, қарағым?

D)Япырмау мынау, Ақбөкен емес пе?!

E)Қарағым, жол болсын!

054

Одағай сөзі бар сөйлемдітабыңыз.



A)Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ.

B)Міне, оқушым, менің бар сырым – осы.

C)Жүрегім, ойбай, соқпа енді!

D)Ақын – жел, есер, гулер, жүйрік желдей.

E)Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

055


Қаратпа сөз қатыспаған қатарды ажыратыңыз.

A)Мейірім бер, Мейірім бер...

Саған келдім, қымбаттым!

B)Досым, саған сенемін.Сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

C)Шыдай түс, шыда тағы!

Шыдамдыны мына өмір ұнатады.

D)О, Ақорда, Ақ шатыр,

Ұлысыма бақ шатыр.

E)Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем?

Жансыз өлең жанымды алды кілең.

056


Қаратпа сөз қатыспаған қатарды ажыратыңыз.

A)Сендермен әнім қалсын, ей, бұлбұлдар!

B)Тек, әйтеуір, жер деген жөргектемін.

C)Қалқам-ай, қазір қай маңда жүрсің?

D)Ей, жәдігөй жалған-ай, не айтам саған?

E)Жатырқамай кел, жырым, бейнетіңе төзейін.

057

Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.



A)Менің інім ептеп сотқарлау.

B)Тентегім, сен теріс айтып жатырсың!

C)Теңіз толқыны күшейді.

D)Жұмысты осылай істеу керек, бәрекелді!

E)Керуен басы – Жәнібек!

058


Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.

A)Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді.

B)Сәулетай, мына ағаңмен сөйлесе тұршы.

C)Амал қанша, сен дұрыс айтып тұрған жоқсың.

D)Осының бәрін ол, әрине, жалғыз өзі істей алмады.

E)Жаңылмасам, сіз осы мектептің басшысы боларсыз.

059

Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.



A)– Ә сенбісің Керейдің, балуаны?– деді ол күрілдеп.

B)– Ә сенбісің Керейдің балуаны?– деді ол күрілдеп.

C)– Ә, сенбісің, Керейдің балуаны – деді, ол күрілдеп.

D)– Ә, сенбісің, Керейдің балуаны?– деді ол күрілдеп.

E)–Ә, сенбісің, Керейдің балуаны? деді ол күрілдеп.

060


Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді белгілеңіз.

A)Па, шіркін! Даусы дауыс-ақ екен.

B)Тәңір ие-ау тегі сенде, бар ма аяу?!

C)Міне оқушым, осы менің бар сырым.

D)Бар еді, балам, қандай жұмысың?

E)Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың!

061

Автор сөзінен соң орналасқан төл сөзді табыңыз.



A)Науаи былай деген: «Пайдасыз сөзді көп айтпа, пайдалы сөзді азайтпа!»

B)«Сау ма екен өзі?.. Әрбір аяз, әрбір боран күні, әсіресе, еске алатын шығар-ау!» – деп, Абай Жидебайдағы үйді тегіс есіне алды.

C)Ол Айдарға кішіпейілдігімен амандасып:

– Төрлетіңіз, Айдар жолдас! – деп өзінің кабинетіне беттеді.

D)«Емтихан оңай болмайды!» – деді мұғалім.

E)Қ.Мырзалиев: «Ер елінен, ел ерінен күш алып, дүниені тамсандырған үш алып» – деген.

062

Төл сөзі бар сөйлемді белгілеңіз.



A)Ықпалды қайраткерге айналған азамат.

B)Жаз да жайнап, жарқырап келе жатыр,

Аққу ұшқан аспанға қара, батыр.

C)«Сүйінбай айтқан дүниені Сүйінбай ғана түзетеді», – деді сол кездесуде.

D)Астана– Мәди, Естай, Біржан сал, Иманжүсіп, Ақан серілердің өмір сүрген жері.

E)Ханда қырық кісінің ақылы бар.

063

Төлеу сөзді табыңыз.



A)Абай баласының мұншалық ішкі жасырын күйлерге қалайша қанықты болғанын сүйсініп сұрады.

B)Тырналар көк аспанның мұхитында жүзіп бара жатқандай.

C)«Бозторғай» әнін Кенен он бір жасында шығарған.

D)– Ана қара, қонып жатыр, – деп айқайлады Сұлтанмұрат.

E)Жер жүзі көгеріп, жасыл ала жібекке оранып құлпырады.

064


Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

A)Әлемнің төрт өлшеміне әлеуметтік космоста төрт бастауды сәйкестендіреді.

B)«Шешендік қасиет – екінің бірінен кездесе бермейтін қасиет».

C)«Сөзі әрі көркем, әрі қисынды адамдар жұрт алдында құрметке бөленеді», – дейді.

D)Әл-Фараби «Риторикасы» Аристотель «Риторикасымен» үндес.

E)«Он мың сөздің түйінін он сөзбен шешкендей болдым».

065

Төл сөзді сөйлемді табыңыз.



A)Қасымның «Туған жер» өлеңінен патриоттық үн еседі.

B)«Арыңды жасыңнан сақта», – деді анам.

C)Балалар «Менің елім – Қазақстан» әнін шырқады.

D)Сейіт. Жарайды (Кете береді).

E)Жылгелділер келіп қалды, Ақан аға.

066


Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.

A)Асқар, деді Амантай күлімсіреп, біз де сағындық амандасып, бетінен сүйейік, босат.

B)Асқар деді Амантай – күлімсіреп біз де сағындық амандасып, бетінен сүйейік, босат.

C)«Асқар, – деді Амантай – күлімсіреп, – біз де сағындық, амандасып бетінен сүйейік, босат».

D)«Асқар, – деді Амантай күлімсіреп, – біз де сағындық, амандасып бетінен сүйейік, босат».

E)Асқар – деді Амантай, күлімсіреп біз де сағындық, амандасып бетінен сүйейік босат.

067

Төл сөздіңавтор сөзінен соң орналасқан түрін табыңыз.



A)Сонда Жандос:– Менде тағы бір аквариум бар, соны әкелейін, – деді.

B)Сейтен жанындағы серіктеріне айқайлады:– Менімен бірге кім қалады?

C)– Шөлдедіңдер ғой, су берейін, – деді үлкен кісі.

D)Тіл жөнінде Ғ. Мұстафин: «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой»,– дейді.

E)«Заулап өткен заман-ай құр аттайын. Сырғанаған күндер-ай сынаптайын» –деп,Мұқағали ақын айтқандайөмір өтіп жатыр.

068


Төл сөздің автор сөзінен бұрын орналасып тұрғанын көрсетіңіз.

A)– Жақсы кездестің, – деді Сатан. – Сені іздеп жатыр едік.

B)– Біздің халықта «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді.

C)Мұхтар Абай елінен екендігін айтты.

D)«Сойқан шайқастан соң қалмақ Сарыарқаға басқан жоқ»,– дейді жыр.

E)Абай Ақылбайдан: – Қалада не хабар бар? – деп сұрады.

069

Төл сөздің автор сөзінен соң орналасқан түрін табыңыз.



A)Тіл жөнінде Ғ. Мұстафин: «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой»,– дейді.

B)Гүлзағира оның сөзіне шоршып түсті: – Мен бе қорқақ?

C)«Заулап өткен заман-ай құр аттайын. Сырғанаған күндер-ай сынаптайын» деп, Мұқағали ақын айтқандай, өмір өтіп жатыр.

D)Сонда Жандос:– Менде тағы бір аквариум бар, соны әкелейін, – деді.

E)– Шөлдедіңдер ғой, су берейін, – деді үлкен кісі.

070


Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.

A)Мұхтар Әуезов «Сын шын болсын, шын сын болсын» – дейді.

B)Мұхтар Әуезов: Сын шын болсын, шын сын болсын, дейді.

C)Мұхтар Әуезов: «Сын шын болсын, шын сын болсын», – дейді.

D)Мұхтар Әуезов: – Сын шын болсын, шын сын болсын – дейді.

E)Мұхтар Әуезов – Сын шын болсын, шын сын болсын – дейді.

071

Төл сөздің тыныс белгісін анықтаңыз.



Кеше жолдасы Асанға Алматыда әлі екі-үш күн боламыз деді.

A)Қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша.

B)Қос нүкте, сызықша, леп белгісі.

C)Сызықша, қос нүкте, тырнақша.



D)Қос нүкте, тырнақша, сұрау белгісі.

E)Тырнақша, үтір, сызықша.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет