Ұлыбритания



Дата15.12.2023
өлшемі409.26 Kb.
#486727
Ұлыбритания

ҰЛЫБРИТАНИЯ

Ұлыбритания

  • Ұлыбритания немесе Біріккен Патшалық ,толық ресми аталуы — Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Патшалығы — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет.

Ұлыбританияның 50-60 жылдар аралығындағы экономикалық дамуы

  • 50 жылдардың ортасына қарай Ұлыбританиядағы экономикалық жағдай айтарлықтай жақсарды.Өнеркәсіптік өндірістің өсуі ғылымды қажетсінетін жаңа салаларда-энергетика, авиақозғалтқыш, машина жасау, ядролық, химиялық және әскери салаларда байқалды. Өнеркәсіпте капиталдың шоғырлануы өсті. Сонымен бірге консерваторлар өнеркәсіптік өндірісті дамытудың орнықты көрсеткіштеріне қол жеткізе алмады. Экономикалық дамудың төмендеу қарқыны отаршылдықтың нәтижесі болды. Ағылшын өнеркәсібі кең нарықтағы бәсекелестікті игере алмады, оны одан әрі жетілдіруге ынталандыру болмады және өзінің даму деңгейі бойынша басқа елдерден артта қалды. Ұлыбритания әлем бойынша өнеркәсіп өндірісінен АҚШ-тан кейінгі екінші орынды сақтағанымен, экономиканы мемлекеттік реттеу саласындағы консерваторлардың селқостығынан «тоқырау кезеңі» туындады.

Қазіргі кездегі экономикасы

  • Ұлыбритания — жоғары дамыған өнеркәсіпті ел. Ол халықаралық еңбек бөлінісінде өнеркәсіп өнімдерін шығарады. Қазіргі заманғы Ұлыбританияның экономикадағы рөлі тек өнеркәсіптік қана емес, сондай-ақ банкілік, сақтандыру, кемелерді жалға беру және басқа да іскерлік қызметтермен анықталады. Ұлттық жалпы өнімнің 30%-ға жуығы өңдеуші өнеркәсіп пен 45%-ы көлік пен байланыс, жеке сауда, сақтандыру, банкілер мен басқа да қаражат мекемелерін, денсаулық сақтау мен білім беруді қамтитын қызмет көрсету саласынан түседі. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі бойынша Ұлыбритания дүние жүзінде бесінші орын (АҚШ, Жапония, Германия, Франциядан кейін) алады. Ұлыбритания өнеркәсібі негізінен сырттан әкелінген шикізаттарды пайдаланады. Бір жағынан Ұлыбритания өнеркәсібіне өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың озық технологиясы, ең жаңа құрал-жабдықтар мен басқарудың жетілдірілген әдістері қолданылатын қазіргі заманғы салалардың жылдам дамуы, екінші жағынан, ескі дәстүрлі салалардың артта қалуы тән.

Ең ірі порттары:
  • Лондон,
  • Саутгемптон,
  • Ливерпуль,
  • Гулль,
  • Харидж.

Лондон порты

Лондон қаласы

  • Лондон қаласы — дүниежүзлік қаржы орталығы болып саналады. Ұлыбритания құрлықпен Ла-Манш бұғазының түбіне салынған туннельмен, екі т. ж. (1993 жылдан) паромымен (Дувр-Дюнкерк және Харидж-Остенде) және көптеген теңіздік және жолаушылар паромдарымен байланысқан. Экспортындағы дайын өнімдердің үлесі 80%-ды құрайды (машина жасаудың әр түрлі өнімдері, автоматты станоктар, авиақозғалтқыштар, көлік құралдары, аспаптар, хим. тауарлар, тамақ өнеркәсібінің өнімдері). Сырттан темір кентастарын, түсті және сирек металдар, фосфориттер, мақта, азық-түлік, дайын өнеркәсіп өнімдері мен жартылай дайын өнімдер алады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет