«Әліппе серігі» бойынша жұмыс жасау әдістемесі Сергіту сәтін ұйымдастыру, маңызы



Дата16.10.2022
өлшемі32.72 Kb.
#462791
Сергіту сәтін ұйымдастыру маңызы


«Әліппе серігі» бойынша жұмыс жасау әдістемесі
Сергіту сәтін ұйымдастыру, маңызы

1.Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал — «Әліппе» және «Әліппе серігі». Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар. Әліппеге қосымша көрнекі құрал — кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді.


Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатынзаттың суреті салынады.
Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады.
Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызылы дауысты дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді.
Бұл айтылғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет-ақ. Мұнда дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түспен, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады.
Сөз құрастыру үшін буындар беріледі. Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы «Жазу үлгісі» ұсынылады. «Жазу үлгісінде» әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі.
Әр мектепте оқушылардың партаға түзу, дұрыс отыруы бейнеленген және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау, отыру үлгілері бейнеленген плакаттар болуға тиіс.
Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материал да бар. Бұлар: сөздердің дыбыстық құрамын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар; кейбір жағдайда олар — клеткалармен берілген заттық картинкалар, екінші бір жағдайды — әріптің жартысы мен қалған жартысының орнына клетка т. б. с. с.
Мұндай үлестіруге арналған дидактикалық материал — оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын схемаға сүйеніп талдауы үшін көмекші құрал болып саналады. Оқушылар сөзді іштерінен айтады да, схеманы толтыруға кіріседі. (Дәптерге түсті бояу қарындашпен,тақтаға дөңгелекшемен,сызықшамен т.б.с. с). Сөздегі дыбыстарды тәртібімен талдап, дауысты, дауыссыздарын анықтап, оқушылар әріптерден сөз құрауға кіріседі. Алдыңғы дидактикалық материал екінші бір жолмен тағы қолданылады: 1) өтілгендыбыстарданқиындау буындар кездесетін сөздер құрастыру үшін; 2) балаларға анағұрлым ауырлық келтіретін дыбыстарды қайталап, бекіте түсу үшін (жоғарыда керсетілген дыбыстар, жіңішкелік, жуандық белгілер т. б.); 3) картинкалармен жұмыс жасау үшін, логикалық жаттығулар орындау үшін; 4) әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеріп, жұмыс ұйымдастыру үшін.
Тіл мен жазудың арасындағы үлкен алшақтық батыс европа халықтарының жазу жүйелерінде көптеген замандар бойы елеулі реформаның жасалмауынан болып отыр. Мысалы, француз жазуында XIII ғасырдан, ағылшын жазуында XIV ғасырдан бері ірі өзгеріс болған емес. Бірінеше ғасыр бұрын қабылданып, елеулі өзгеріске түспеген жазу жүйелері тілдердің жүздеген жылдардың бойындағы дамуын, ондағы өзгерістерді, әрине, көрсете алмайды. Мұның өзі, әсіресе ағылшын тілі мен фран­цуз тілінде дәл осылай болып отыр. Айтылуына орфографиясы жақынырақ келетін тілдердің қатарына неміс, голланд, венгер, швед, норвеж тілдері және жазуында реформа жасалған т. б. кейбір европа тілдері жатады.
Славян әліппесі (азбука) IX ғасырдың екінші жартысында грек алфавитінің негізінде жасалды. Бұл әліппені Кирилл (Кон­стантин) өзінің ағасы Мефодиймен Моравияға сапар шегудің алдында (863 ж.) жасайды. Біздің еліміз 1963 жылы славян әліппесінің 1100 жылдық юбилейін атап өтті. Славян жазуының графикалық екі түрі болған: 1) кириллица (Константин Философтың екінші аты — Кирилл дегеннен алынған), 2) глаголица (көне славян тілінің «сөз» деген мағынаны білдіретін глагол деген сөзінен алынған). Кириллицада 43 әріп болған, оның 24-і византиялық устав жазуынан (византиское уставное письмо) алынған да, қалған 19-ы славян тілінің ерекшеліктерін көрсететін әріптер ретінде жасалған. Бұл 19 әріп грек-византия жа­зуында болмаған. Демек славяндыктар грек-византия жазуын жай ғана қабылдай салмай, оны өз тіліне ыңғайлап, соны (ори­гинальный) алфавит жасаған. Орыс алфавиті осы аталған алфавиттің заңды жалғасы болып саналады. Славян алфавиті сла­вян тілдерінің, соның ішінде орыс тілінің, дыбыстық құрамына сайма-сай келетіндей етіліп жасалған. Бұл алфавиттің ең үлкен жетістігі де осында. Кеңес Одағындағы халықтардың орыс графикасына негізделген жаңа алфавиттерінің жасалып қалыптасуы олардың жазу мәдениетін дамытуда айрықша роль атқарып отыр .
Сонымен, жазудың шығуының және оның біртіндеп дамып, осы күнгі дәрежеге жетуінің ұзақ тарихы бар. Әр түрлі жазу жүйелерінің ішінде әріп жазу жүйесі жеңіл және өте-мөте қолайлы.
Жазулар таңбалардың орналасу бағытына қарай да бір-бірінен ажыратылады. Қытай жазуындағы идеограммалар жоғарыдан төмен қарай орналасады. Орыс, грузин, армян, өзбек, қазақ жазулары т. б. солдан оңға қарай бағытталса, араб жазуы, керісінше, оңнан солға қарай бағытталады.

2.Балаларды біліммен қаруландырумен қатар олардың дені сау, дене бітімінің көз тоярлықтай болып барлық күшін, шығармашылық қабілетін сарқа жұмсауы керек. Бүгін алдымызда отырған кішкентай бүлдіршін-ертең еліміздің экономикалық қуатын, мәдени және рухани байлығын молайтатын еңбекқор. Сондықтан еліміздің азаматтарын жан-жақты тәрбиелеуге тәрбиеші мен мұғалімдердің атқарар еңбегі зор.


Баланың сапалы білім алуына дұрыс ұйымдастырылған сергіту сәттерінің де әсері мол. Сергіту сәті балалардың шаршағандығы байқалған, эмоциялық көңіл-күйлері төмендеген жағдайда олардың белсенділігін арттыру үшін қолданылады. Сергіту жаттығуларының алуан түрлі болуы баланың көңіл-күйін көтеріп ,іс – әрекетке белсенділігін арттырады.
Сергіту сәті – балалардың дене бітімін, ой өрісін, миын тынықтыру,мүсінін қалыптастыру, сымбаттау, шаршағандықты басу т.б, экологиялық адам ағзасына жайсыз әсерінің алу құралы ретінде әр түрлі физиологиялық жаттығулар және ол әсерлердің зардаптарын болдырмау, жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімдеу.
Сергіту сәттері балалардың танымдық және тәжірибелік белсенділігін арттырудың аса маңызды құралы болып табылады. Сергіту сәттері баланың сабаққа қызығушылығын оятады, зейінін тұрақтандырады, есте сақтау, сөйлеу, ойлау процесін дамытады, көңіл-күйін көтереді, тіл байлығының дамуына да зор әсер етеді.
Сергіту сәттерінің маңыздылығы
Сергіту сәттері баланың жұмысқа қабілеттігін арттырып, шаршауды ысырады. Қимыл- қозғалыс арқылы жаттаған тақпақ баланың ойында тез
жатталып, көпке дейін естерінде сақтайды.
Сергіту сәттерінің басты міндеттері:
–дене жаттығуларымен шұғылданудың мәдени-тарихи, физиологиялық негіздері туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру;
– саналы түрде қимыл-қозғалыстар орындауға, оларды дене мүшелеріне нақтылы ықпал ету жолдарын үйрету;
–тыныс жаттығуларды күрделеніп, жаңа жаттығуларды үйрету арқылы қимыл-қозғалыс тәжірибесін жинақтап, қимыл әрекетін дамыту;
–дене жаттығуларын орындау біліктілігін арттыру арқылы дене бітімін қалыптырып, қимыл-қозғалыс мәдениетін, қабілетін жетілдіру.
–дене жаттығулармен өз беттерімен еркін шұғылдандыру жағдай жасап, ұйымдастырушылық біліктілігін қалыптастыру.
Үнемі қимыл қозғалыста болу әсерінен сүйек, сіңір мен тамыр мықты болып, арқанның, қол-аяқтың бұлшық еттері шынығып, табиғи бұлшық ет пайда болады. Сонымен қатар оқу процесінде оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, мәнерлеп оқу, ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу, әр дыбысты толықтай меңгеруге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сергіту жаттығуларының мәні зор.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтысы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибелерінде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтері мен сергітулерді пайдаланудың маңызы өте зор.
Сабақ және сабақтан тыс шаралары бір сарынды, қызықсыз болса, әрі дем алып бойларын жазуға уақыт, қолдарына бір мезгіл тыным берілмесе бала тез шаршап, жаңа материалды тиісінше меңгере алмайды.
Уақытымен бойларын жазып, миларын дем алдырса ғана берілген материал жақсы естерінде қалады.
Сергіту сәттерінде жасалған жаттығулар баланың есте сақтау қабілеттерін және танымдық қызығушылықтарын арта түседі. Сөздік қорлары молайады.
Мұнымен қатар сергіту сәттерін өткізу оқушылардың оқып отырған материалға қызығушылығын арттырады оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуне мүмкіндік туғызады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет