«Келісілді» «Бекітемін»
ҚЖТС директорының Қалалық жас туристер
орынбасары стансасының директоры
_______Ногаева Б. ___________ Бекбергенова А.
«____»_______2023 ж. «____»________2023
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Киіз басу техникасы»
Өткізген: ҚББП Аймаганбетова Ш.С
2023 жыл
Күні: 08.02.2023 жыл Класы:5,6 № 47 ЖББМ
Ашық сабақтың тақырыбы: Киіз басу техникасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды жүн жұмыс жасау әдістерін қалыптастырып үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық және шығармашылық қабілетін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Қазақ қолөнер үлгілері арқылы әсемдікке, сұлулыққа, ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу, эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: Сарамандық жұмыс
Сабақтың пәнаралық байланысы: Бейнелеу.Тарих
Сабақ көрнекілігі: Слайд, жүн, мата , қазақы нақыштағы ою-өрнектермен бейнеленген заттар, бейнебаян, еңбек құралдары, смайликтер, қима қағаздар. Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сөзі:
– Қане, барлығымыз бері қараймыз! – Сабағымыздың жақсы өтуі үшін балалар қане, бір-бірлеріңе күліп қарап, қолдарыңнан ұстап, іштей жақсы тілек айтыңдар. – Оқушыларды сабаққа даярлау.
– Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.
Топқа бөлу: « Random number generator » әдісі арқылы оқушыларды 2 топқа бөлеміз.
Үй тапсырмасын тексеру
«Wordwall» әдісімен үй тапсырмасын тексеру оқушылардың қолдарына
QR-код беріледі сол арқылы тапсырма орындайды.
Тапсырмалар.
1.Ою дегеніміз не?
2.Мынау ұандай ою?
3.Ою өрнек қанша топқа бөлінеді?
4.Қыз есімімен аталатын ою?
Достарыңызбен бөлісу: |