Жұмыс бағдарламасы 2008 жылғы №3 а 22 ақпан фармация мамандығына арналған микробиология бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалды



бет1/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.48 Mb.
#124849
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
БИОХИМИЯ,БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
''БЕКІТЕМІН'' ОӘжТЖ проректоры,

м.ғ.д.,М.У. Анартаева

______________

«_____» _______2013 ж.



Ж Ұ М Ы С Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы




Пән: Микробиология
Пән коды: Мiс 2207
Мамандық: 051103 «Фармация»
Оқу сағатының көлемі (кредит): 90 сағат (2 кредит)
Курсы және оқу семестрі: 2, III

Шымкент 2013 ж.

Жұмыс бағдарламасы 2008 жылғы №3 а 22 ақпан фармация мамандығына арналған микробиология бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалды.

Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедра мәжілісінде талқыланды

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. _____________ Есіркепов М.М.


хаттама №______ «____» ________ 2013ж.

Жұмыс бағдарламасы химия фармацевтикалық пәндер жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды.


Төрағасы, х.ғ.д.,проф._______________ Патсаев А.К.
Хаттама №_______ «_____» __________ 2013 ж

ОҚМФА-ның Әдістемелік Кеңесінде талқыланды


«_______» __________ 2013 ж хаттама №_______


2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

«Фармация» мамандығының бағдарламасы болашақ провизорларды дайындауда ғылымның қазіргі жетістігін, теориялық білімнің негізін қамтамасыз ететін медициналық биология ғылымның маңыздылығын айқындайды.

Микробиология базалық жалпы биологиялық ғылым ретінде қарапайымдылардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың, бактериялардың өмір сүруін және микроорганизмдердің экологиясын зерттейді.

Медициналық микробиология адамдардағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын молекулалы-генетикалық деңгейде және жасушаға таралу механиізмін, патогенділік факторын, биологиялық қасиеттерін зерттейді.

Қазіргі микробиологияның өркендеп дамуының едәуір дәрежеде анықталуы, информатика, биология, химия, физиканың жетістіктеріне негізделеді.

Фармациялық білім беру жүйесінде микробиология негізгі орын алады.



2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерге білім беруде микроорганизмдердің адамдардағы жұқпалы және жұпалы емес аурулардағы орнын, дәрілік заттармен, дәрілік шикізат микрофлорасын, инфекциялық үрдістің алдын алуын және арнайы емдеу ұстанымын, клиникалық диагнозды бекітуде қолданылатын микробиологиялық әдістерге түсінік беру.



2.3 Міндеттері:

  • Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің классификациясына биологиялық қасиетіне түсінік беру;

  • Микроорганизмдердің табиғатта таралуына және оның адам өміріндегі орнына жұқпалы аурулардың туындауына түсініктеме беру;

  • Дәрілік шикізаттардың фитопатогенді микроорганизмдердің зақымдалуын және эпифит флораның орны туралы ақпарат беру;

  • Әртүрлі қоршаған орта объектілеріндегі, медициналық препараттарда, дәріхана мекемелерінде, фармацевтикалық фабрикаларда дәрілік шикізаттар мен дайын дәрі-дәрмектердің микроорганизмдердің шектеулі көрсеткіші жөнінде білім беру;

  • Микроорганизмдердің химиотерапиялық препараттарға сезімталдығы, төзімділігі туралы түсінік беру;

  • Макро- және микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасының молекулалы механизмдеріне түсінік беру;

  • Макроорганизмдердің инфекциялық агентерге қарсы қорғаныс механизмдер негізіне және иммунологиялық реакция типтеріне сипаттама беру;

  • Микроорганизмдер тудырған аурулардың спецификалық профилактикасы мен терапия туралы түсінік беру;

  • Кеңінен таралған инфекциялық және микробтар шақырған инфекциялық емес аурулардың қазіргі заманғы микробиологиялық диагностика әдісітерімен таныстыру;

  • Студенттерді дәрілік шикізаттар мен дайын дәрілік формалардың микробтармен ластануын бағалау әдістерін үйрету, патогенді және шартты-патогенді микроағзалармен болған биологиялық контаминацияны болдырмау шараларын жүргізуін үйрету;

  • Студенттерге гендік инженерия және биотехнология жөнінде түсінік беру;

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі
Cтудент

білуі тиісті:

  • адам организміндегі арнайы және арнайы емес микробқа қарсы қорғаныс факторын;

  • өсімдік дәрілік шикізаттардың эпифитті және фитопатогенді микрофлорасын;

  • инфекциялық және инфекциялық емес микробтық аурулардың қозуындағы микроорганизмдердің этиологиялық маңызын;

  • инфекциялық иммунология мен аллергологияның негіздерін;

  • адамдар арасындағы кең таралған жұқпалы аурулардың зертханалық диагноз қою принциптерін;

  • жұқпалы аурулардың арнайы алдын алуы және ұтымды антибиотикпен емдеудің принциптерін;

  • антисептика, асептика дезинфекцияны, стерилизацияның микробиологиялық негіздерін;

істей білуі тиісті:

  • микробиологиялық зерттеулерге материал алу;

  • өсімдік дәрілік шикізаттар мен дайын дәрілік формаларының, ауа,су,топырақ микрофлорасы туралы зерттеулер қорытындысын тұжырымдау;

  • дәрілік шикізаттың және дайын дәрілердің ластануына микробиологиялық бақылау жүргізу;

  • фармацевтикалық өндірісте және дәріхана жағдайында сыртқы орта мекен жайын дезинфектанттармен залалсыздандыруды;



дағдыларын игеруге тиісті :

  • тексерілетін материалды алу және бактериологиялық зертханаға жеткізу.

2.5 Реквизитке дейінгі: экология және тұрақты даму, бейорганикалық химия, физиология анатомия негіздерімен, молекулалы биология медицина генетикасы негізімен.

2.6 Реквизиттен кейінгі: фармакотерапия, фармацевтикалық гигиена негіздері, дәрілік технологиясы, фармакогнозия.

2.7 Тақырыптық жоспар:

Дәрістердің тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

(сағат)


1

Кіріспе. Микроорганизмдердің жіктелуі.

Жүйелендіру негіздері.



Шолу

1

2

Бактериялар мен вирустардың генетикасы.

Биотехнология негіздері.



Ақпараттық

1

3

Микроорганизмнің экологиясы.

Санитарлық микробиология негіздері.



Ақпараттық

1

4

Дәрілік өсімдік шикізаттың микрофлорасы. Фитопатогенді микроорганизмдер

Мәселелік

1

5

Иммунитет. Иммунитеттің спецификалық факторлары. Антигендердің жалпы сипаттамасы. Антиденелер.

Ақпараттық

1

6

Іріңді жұқпалы аурулардың қоздырғыштары.

Ақпараттық

1

7

Токсинемиялық инфекция қоздырғыштары.

Мәселелік

1

8

Зоонозды инфекциялар қоздырғыштары.

Ақпараттық

1

9

Энтеровирустар.

Мәселелік

1

10

Ретровирустар, адамның иммундытапшылығы вирусы.


Мәселелік

1




Жалпы сағаты:




10


Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

(сағат)






1 кредит







1

Бактерия клеткасының құрылымы. Микроорганизмдердің морфологиясы.

Жұптасып жұмыс істеу

2

2

Бактериялардың және вирустардың физиологиясы. Қоректік орталар. Микроорганизмдердің генетикасы. Модификация. Мутация. Генетикалық рекомбинациялар. Плазмидалар

Жағдайлық есептер

2

3

Химиотерапия. Антибиотиктер. Асептика. Антисептика. Дезинфекция. Стерилизация. Дәрілерге микробиологиялық бақылау

Жұптасып жұмыс істеу

2

4

Микроорганизмдердің экологиясы. Санитарлық микробиология негіздері. Адам денесінің микрофлорасы. Дисбактериоз.

Пікірталас

2

5

Инфекция. Бактериялардың патогенділігі, вируленттілігі, токсигенділігі. Иммунитет. Иммунитет түрлері. Аллергия түрлері. Серологиялық диагностика принциптері. Медициналық, иммунобиологиялық препараттар.

Шағын топтар

2

Жалпы сағаты: 10

2 кредит

1

Патогенді және шартты грам оң коктар. Стафилококтар, стрептококтар. Грам теріс коктар. Менингококтар, гонококтар. Ішек бактерияларына жалпы сипаттама. Патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою, арнайы алдын алу және емдеуі.

Жағдайлық есептер

2

2

Токсинемиялық инфекциялар қоздырғыштары. Патогенді микобактериялар. Жалпы сипаттамасы. Патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою, арнайы алдын алу және емі

Шағын топтар

2

3

Трансмиссивті инфекциялар қоздырғыштары: бореллиялар, риккетсиялар. Зоонозды инфекциялар қоздырғыштары. Жалпы сипаттамасы. Патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою, арнайы алдын- алу және емі.

Презентация

2

4

ЖРВИ. ЖРИ қоздырғыштарының жалпы сипаттамасы. Патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою, арнайы алдын алу және емі. Патогенді және шартты- патогенді саңырауқұлақтар. Дәрілік шикізат пен дайын дәрілердің микологиялық зерттеулері.

Жұптасып жұмыс істеу

2

5

Энтеровирустар. Ретровирустар. ЖИТС вирусы. Арбовирусты инфекция. Жалпы сипаттамасы. Патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою, арнайы алдын алу және емі

Шағын топтар

2

Жалпы сағаты: 10

Барлығы: 20 сағат

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары



Тақырыптары

Тапсыру түрі

Cағат

саны





1 кредит




1

Саңырауқұлақтар мен қарапайымдылардың морфологиясы және физиологиясы. Вирустар және оның табиғаты. Вирустың иесі жасушасымен әсерлесуі. Вирусологиялық зерттеу әдістері. Фагтар.

Рефераттар,

тақырып бойынша, глоссарий, Презентация,

тапсырма бойынша тест дайындау,

жағдайлық есептер,

кроссвордтар,

тақырып бойыншы эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу. Тақырып бойынша көрнекілік құралдар.




4

2

Микроскопия әдістері. Қарапайым, күрделі бояу әдістері. Аэроб және анаэроб бактериялардың ажырату және таза дақылын бөліп алу сатылары. Бактерия ферменттері, идентификациясы.

4

3


Биотехнология туралы түсініктеме. Биотехнологиялық үрдісте қатысатын микроорганизмдер. Генетикалық инженерия әдісімен алынған биологиялық препараттар. Бактериялар мен вирустардың генетикасы. Генетикалық рекомбинациялар.

4

4

Антибиотиктер. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау әдістері. Дәрілік препараттардың микробтарға әсер етуіне анықтама. Микроорганизмдердің полиантибиотик резистентілігінің механизмдері және оларды анықтау әдістері. Антибиотиктер төзімділігіне жол бермеу.


4

5

Фитопатогенді микроорганизмдер. Өсімдік дәрілік шикізаттардың микрофлорасы. Өсімдіктерде ауру тудыратын патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер. Фитопатогенді микроорганизмдер, оларды анықтау әдістері.

4

6

Әртүрлі дайын дәрілердегі микроорганизмдердің мөлшерлі санын шектейтін нормативті құжаттар мен заңдар. Фармацевтикалық өндірістер мен дәріханаларда микробиологиялық бақылау жасау.


4

7

Аралық бақылау


Коллоквиум: ауызша-жазбаша сұрау, тестілеу


4

Жалпы сағаты: 28

2 кредит

1

Грам оң және грам теріс патогенді коктар: стафилококтар, стрептококтар, менингококтар және гонококтар. Бактериялық ішек инфекциялар қоздырғыштары: эшерихиялар, сальмонеллалар, шигеллалар. Патогенді вибриондар.

Рефераттар,

тақырып бойынша, глоссарий, Презентация,

тапсырма бойынша тест дайындау,

жағдайлық есептер,

кроссвордтар,

тақырып бойыншы эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу. Тақырып бойынша көрнекілік құралдар.




4

2

Токсинемиялық инфекциялар қоздырғыштары: клостридиялар, коринебактериялар, бордетеллалар. Патогенді микобактериялар. Зоонозды инфекция қоздырғыштары: оба иерсиниялары, бруцеллалар, туляремия франциселласы, сібір күйдіргісі.

4



3


Патогенді спирохеталар, риккетсиялар және хламидиялар. Трансмиссивті инфекция қоздырғыштары.


4

4

Патогенді және шартты-патогенді саңырауқұлақтар. Дәрілік өсімдік шикізат пен дайын дәрілердің микологиялық зерттеулері. Микоз қоздырғыштары. Микотоксикозға түсініктеме.

4

5

Протозойлы инфекция қоздырғышы.

4

6

Вирустар- грипп және парагрипп қоздырғыштары. Жалпы сипаттамасы.Патогенділік факторы. Энтеровирустар. Гепатит вирустары. Жалпы сипаттамасы. Патогенділік факторы.

4

7

Рабдовирустар, адамның иммунитет тапшылығы вирусы. Жалпы сипаттамасы зертханалық диагностикасы алдын алу және емдеу. Геморрагиялық Қырым – Конго қызбасы. Жалпы сипаттамасы, патогенділік факторы, зертханалық диагностикасы, алдын алу, емдеу.

4

8

Аралық бақылау

Коллоквиум: ауызша-жазбаша сұрау, тестілеу

4

Жалпы сағаты: 32

Барлығы : 60 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет