Емтихан кезіндегі стрестен қалай арылуға болады?
Мақсаты: стресс жағдайынан пайда болған үрейді жеңудің негізгі әдістерімен бітірушілерді таныстыру.
«Үрейлі және сабырлы қалып» жаттығуы
Мақсаты: қатысушыларды үрей мен қорқыныш ситуациясын сезініп, өзінің осы ситуацияға байланысты қалпына көңіл бөлуге үйрету.
Қатысушылар көздерін жұмып, үрей мен қорқыныш пайда болған жағдайды еске түсіруі керек.
Оқушылардың барлығы да үрей, қорқыныш сезімін басынан өткереді, бірақ олардың физикалық түрдегі қал-жағдайына көңіл аудару керек. Олар өздеріне еш үрей, толқу жағдайын еске түсірмейтін ситуацияны көз алдарына елестетіп, тағы да физикалық қал-жағдайына көңіл аудару керек.
Жаттығу аяқталғанда қорытындыларға сүйене отырып «үрей портретін» және «сабырлық портретін» құрастыру керек.
Үрей әрқашанда қысымнан, ал сабырлық босаңсу мен сергуден тұратынын білу қажет.
Тақырып презентациясы
Жүргізуші: Мазасыздану –есте сақтау мен зейінді шоғырландырудың маңызды бір кедергісі болып табылады. Кез-келген адам үрей сезімін жеңудің психологиялық әдістерін білуі керек.
Ақпарат
Үрей қалпы әрқашан бұлшықеттердің қысымымен байланысты. Кей кезде сабырлылық қалыпқа келу үшін тек бұлшықеттерді босату, сергітудің өзі жақсы әдіс болып табылады. Оны релаксация деп атайды. Бұлшықет релаксациясы мен тыныс алу релаксациясын өткізуге болады.
Үрейді жеңуге тағы да медитация әуені де көмектеседі. Медитацая қалпы бір обьектке зейін шоғырландырумен байланысты. Бұл қалып жан дүние тепе-теңдігі мен сергуге алып келеді.
«Бұлшықет релаксациясы» жаттығуы
Мақсаты: Бұлшықет қысымынан босаңсу әдісін үйрену.
Нұсқау: Өздеріңе ыңғайлы қалыпта отыруларыңды сұраймын. Қолдарыңды тізелеріңе қойып, көздеріңді жұмыңдар. Барлық зейіндеріңді қолдарыңа шоғырландырыңдар. Сендер өз қолдарыңның жылылығы мен жұмсақтығын сезінесіңдер. Егер қолдарыңда қысым, күштің бар екенін сезіңесіңдер, онда қолдарыңның осы қысымнан арылуына ерік беріңдер.
Толық түрдегі сергуге қолымыз ауырлай бастағанда ғана жетеміз.
Талдау
-
Бұл жаттығу сенде қандай сезімдер туғызады? Сен босаңсып, серги алдың ба?
Сергіту жаттығуларына тыныс алу релаксациясы көмектеседі.
«Тыныс алу релаксациясы» жаттығуы
Мақсаты: үрейді жеңудің әдісін тыныс алу арқылы орындауға үйрету. Жай, қарапайым әдіс-санау арқылы тыныс алу. Балалар көздерін жұмып, ыңғайлы отырып, тыныс алу жаттығуына көңіл бөлуі керек. Төрт рет тыныс алу, төрт рет дем шығару керек.
Талдау
Сіздің қалпыңыздың қалай өзгергенін байқадыңыз ба?
Жаттығуды орындау кезінде кедергілер болды ма?
Белгілі бір затқа зейінді шоғырландыру.
Мақсаты: үрейді медитация көмегімен жеңуді үйрену.
Нұсқау: Әрқайсымыз кез-келген (қалам, сағат) затты алдымызға қойып, 4 минут бар зейінімізді бағыттаймыз. Еш нәрсе бізге кедергі жасамауы керек.
Талдау
Тапсырманы орындай алдыңыз ба?
Жаттығуды орындауда қандай кедергілер болды немесе көмектесті?
Рефлексия
Қатысушыларға кейбір сұрақтарға жауап беру ұсынылады.
Өзіңізді қалай сезінесіз?
Сіз үшін үрейді жеңудің қандай әдісі тиімді?
Сізге не оңай, не қиын болды?
Келесі тренинг сабаққа ұсыныстарыңыз бар?
Достарыңызбен бөлісу: |